- •1 Билет
- •1 Сұрақ. Аквакультураның даму тарихы.
- •2 Билет
- •1 Сұрақ. Балықтар көбеюінің экологиясы, уылдырық шашу экологиясы бойынша балықтардың классификациясы.
- •4 Билет
- •1 Сұрақ. Жас балықтардың санының ауытқуы.
- •5 Билет
- •1 Сұрақ. Шаруашылық жұмыстарының табиғи балық қорын қолдан өсіруге әсері.
- •6 Билет
- •1 Сұрақ. Балық шаруашылығы құрылысы үшін участка таңдау.
- •9 Билет
- •1 Сұрақ. Ақсаха балықтарын қолдан өсіру биотехнологиясы
- •14 Билет
- •1 Сұрақ. Уылдырықтарды тасымалдау.
- •15 Билет
- •1 Сұрақ. Өндіргіш балықтарды тасымалдау.
- •16 Билет
- •1 Сұрақ. Тоғандық шаруашылықтағы гибридтеу.
- •18 Билет
- •1 Сұрақ. Шарбақта балық өсіру тәсілдері
- •19 Билет
- •1 Сұрақ. Бассейнде балық өсіру тәсілдері
- •20 Билет
- •1 Сұрақ. Тұйық жүйелі сумен қамтамасыздандырылған қондырғыларда балық өсіру.
- •25 Билет
- •1 Сұрақ. Поликультура және қосымша түрлер.
- •26 Билет
- •1 Сұрақ. Тоғандарды тыңайту тәсілдері
- •27 Билет
- •1 Сұрақ. Балық өсіру шаруашылықтарының типтері мен жүйелері
- •29 Билет
- •1 Сұрақ. Азықтық заттардың балықтарға қажеттілігі.
19 Билет
1 Сұрақ. Бассейнде балық өсіру тәсілдері
Бассейнді шаруашылықтар қарқынды қоректендіру, үлкен су ағыны және тығыз отырғызу жағдайында әртүрлі балық түрлерін өсіретін бассейндер жүйесінен тұрады.
Бассейнді шаруашылықтар жылу, атом, гидроэлектр станцияларының суларын пайдаланатын жылы сулы және табиғи су көздерін пайдаланатын салқын сулы шаруашылықтарға бөлінеді.
Болашағы үлкен жылы сулы бассейндерді шаруашылыққа ЖЭС-дағы зауыттар жатады.
Салқын сулы шаруашылықтар ашық алаңдарда жоспарланып, қызмет етеді.
Бассейнді балық өсіру шаруашылығының қапасты шаруашылықпен салыстырғанда үлкен артықшылығы бар. Бұнда ұстау жағдайын, су алмасу сипатын реттеуге, балық өсіру үшін қолайлы температуралық және гидрохимиялық режим құруға және жыл бойы тауарлық өнімдерді өсіруге болады. Сонымен қатар балық өсіру процестерін толығымен механикалауға және автоматтандыруға мүмкіндік бар, су тазалау және қайтарымды су жабдықтау жүйесін құруға жағдай жасалған.
Бассейндерді құру үшін әртүрлі металлдарды, бетондар мен пластмассаларды пайдалануға болады. Бассейндерді келесідей типтерге бөледі: шеңбер, төртбұрышты, тігінен. Олар ашық алаңдармен жабық мекемелерде орналастырылуы мүмкін. Дегенмен балықтарға қолайлы жағдай жасау үшін оларды жабық мекемелерге орналастырған жөн. Әрбір типтегі бассейндердің сенімділігі мен жетіспеушілігі бар. Шеңбер бассейндердің төртбұрышты бассейндерден артықшылығы алмасу өнімдерімен желінбей қалған азықтар жиналатын нүктесі болмайды. Төртбұрышты бассейндердің артықшылығы аудандарды тиімді пайдаланылуымен қорытындыланады. Тігінен орналасқан бассейндер бірнеше метрге жетуі мүмкін. Олардың формасы цилиндр тәрізді болып келеді. Қалдықтарды шығару және балықтарды аулау түбіндегі түтікше арқылы жүзеге асырылады. Бұл бассейндерді алюминнен, пластмассадан жасауға болады және онда бахтақ, тұқы, өсімдік қоректі балықтар, бекіре тұқымдас балықтар өсіріледі.
Балықтарды бассейндерде өсіру кезінде жоғары отырғызу тығыздығын және қарқынды азықтандыруды қолданады. Балықтардың алмасу қалдықтарымен азық қалдықтары бассейннен су ағынымен шығып қалады. Бассейнде балық өсіру тиімділігі көп жағдайларда су алмасу қарқынымен және су сапасымен анықталады. Су жабдықтау механикалық болғандықтан насосты станция, су айдағыш және су жібергіш арықтар, сондай-ақ балық өсіруге қолданған су тазалауға арналған үлкен құрылғылар қажет. Бұндай шаруашылықтарда қайтарымды су жабдықтау жүйесі болған жақсы. Кейбір балық өсіру шаруашылықтары суды он қайтара қолданады. Яғни су алмасу кезінде келетін барлық судың 10%-ын таза су құрайды.
Бассейндерде балықтарды өте үлкен отырғызу тығыздығында өсіруге болады. Дегенмен бұл кезде су сапасына көңіл бөлу қажет. Жоғары тығыздықта өсіру кезінде су беруін 5-10 минут тоқтатып тастаса, балықтардың үлкен шығынын тудыруы мүмкін.
Балықтардың өсу көлемі, мысалы, бахтақтың өзі жете алатын көлеміне жетуіне бассейн кедергі келтірмейді. Көлемі 2х2х0,5 м бассейнде Дональдсон бахтағына қойылған тәжірибеде көрсеткендей, ол 3 жасында 3,2-4,3 кг салмаққа жеткен. Сондықтанда балық өсіретін кеңістік шектеуші факторға саналмайды.
Бассейнді шаруашылықта жылы суды қолдану кезінде бассейннің 1 м2-нан 6-8 ай өсіру кезеңінде 200 кг тұқы өнімін, 30-50 кг бекіре тұқымдастар және 150 кг канал жайындарын, 500 кг дейін клавиер жайынын, 150 кг тиляпия өнімін алуға болады. Бұл шаруашылықтағы су температурасының қыс кезінде 200С дейін төмендеуі арқасында осы бассейндерден 1 м2/50 кг дейін тауарлық бахтақтарды алуға болады. Табиғи су көзін пайдаланатын бахтақты бассейнді шаруашылықта 7-8 ай ішінде 1 м2/100 кг дейін құбылмалы бахтақ өнімін алуға болады.
