- •1 Билет
- •1 Сұрақ. Аквакультураның даму тарихы.
- •2 Билет
- •1 Сұрақ. Балықтар көбеюінің экологиясы, уылдырық шашу экологиясы бойынша балықтардың классификациясы.
- •4 Билет
- •1 Сұрақ. Жас балықтардың санының ауытқуы.
- •5 Билет
- •1 Сұрақ. Шаруашылық жұмыстарының табиғи балық қорын қолдан өсіруге әсері.
- •6 Билет
- •1 Сұрақ. Балық шаруашылығы құрылысы үшін участка таңдау.
- •9 Билет
- •1 Сұрақ. Ақсаха балықтарын қолдан өсіру биотехнологиясы
- •14 Билет
- •1 Сұрақ. Уылдырықтарды тасымалдау.
- •15 Билет
- •1 Сұрақ. Өндіргіш балықтарды тасымалдау.
- •16 Билет
- •1 Сұрақ. Тоғандық шаруашылықтағы гибридтеу.
- •18 Билет
- •1 Сұрақ. Шарбақта балық өсіру тәсілдері
- •19 Билет
- •1 Сұрақ. Бассейнде балық өсіру тәсілдері
- •20 Билет
- •1 Сұрақ. Тұйық жүйелі сумен қамтамасыздандырылған қондырғыларда балық өсіру.
- •25 Билет
- •1 Сұрақ. Поликультура және қосымша түрлер.
- •26 Билет
- •1 Сұрақ. Тоғандарды тыңайту тәсілдері
- •27 Билет
- •1 Сұрақ. Балық өсіру шаруашылықтарының типтері мен жүйелері
- •29 Билет
- •1 Сұрақ. Азықтық заттардың балықтарға қажеттілігі.
6 Билет
1 Сұрақ. Балық шаруашылығы құрылысы үшін участка таңдау.
Тоған шаруашылығының құрылысы кезінде жер учаскесін таңдау үлкен маңызға ие. Бұл фактор тоған құрылысының шығынын және шаруашылықтық экономикалық тиімділігін анықтайды.
Балық шаруашылығының құрылысына участке таңдау кезінде алдымен мұқият зерттеулерден өткізеді. Яғни келесідей жұмыстарды жүргізеді. Тоған құрылысына жарамды енді өзен алқабын таңдайды. Бұдан кейін сырттан берілетін су көзінің көлемін анықтайды.
Сонымен қатар участке таңдау кезінде топырақ құрамының да маңызы үлкен. Бәрінен бұрын барлық тоғандар үшін шалғынды жерлер қолайлы болып келеді. Ал құмды жерлер тоған құрылысы үшін жарамсыз, себебі бұл жерде су тез сіңіп кетеді. Сонымен бірге сортаң жерлерде балық шаруашылығы үшін жарамсыз.
Тоғанға келетін су көзі таза болуы тиіс. Шаруашылыққа қажетті су мөлшері шаруашылықтың түріне, жүйесіне, көлеміне, тоғанның тереңдігіне, қыстық тоғандардағы ағыс мөлшеріне байланысты болады. Жазғы шаруашылықтар үшін тоғандардың 1 га/сик 1 л су қажет. Бахтах шаруашылықтарын құру кезінде судың сапасымен көлеміне қатты көңіл бөлу қажет. Тоғандармен бассейндерді сумен қамтамасыз ету үшін жылға, өзен, көл және су қоймаларын пайдаланады. Сонымен бірге су көзі күшті және сенімді болуы керек. Су шығыны тоғанның көлемімен балықтардың мөлшеріне байланысты. Бассейнде 1м3 50-100 кг балық ұстағанда сағатына 5-10 рет су алмасуы қажет. Бахтақты тоған шаруашылықтарында су алмасу әрбір 30-60 минуттан кейін жүріп тұруы керек. Балық шаруашылығындағы гидротехникалық құрылыстар тоғандарды қажетті сумен қамтамасыз ету және жіберу үшін арналған. Бұндай құрылыстарға бөгеттер, тасқын суларды жіберу, тоған түбіндегі жібергіштер, балық аулағыштар, насосты станциялар т.б. жатады.
9 Билет
1 Сұрақ. Ақсаха балықтарын қолдан өсіру биотехнологиясы
Ақ балықтардың уылдырық шашуға шығуы күз айынан көктемге дейін жалғасады. Осыған байланысты өндіргіштерді күзде немесе ерте көктемде аулап алуға болады. Бұл кезде аналықтардың жыныс безі ІІ-ІІІ жетілу сатысында, аталықтардың жыныс безі ІІ сатыда болады. Аналықтармен аталықтарды 1:1,5 қатынасында дайындайды. Ауланып алынған балықтарды брезент күбіге салып балық тасымалдағыш тіркемеге әкеледі.
Ақ балықтарды көктемде немесе күзде аулау кезінде өзен суының температурасы 0,8-20С, аралығында ауытқиды, ал судағы оттегі мөлшері 1 л/14-15 мг құрайды. Балықтарды тіркемеде ұстау екі тәуліктен аспауы керек. Тасымалдау кезіндегі өндіргіштер шығыны 3% шамасында болады.
Балық өсіру зауытына әкелінген өндіргіштерді бассейндерге орналастырылады. Әрбір бассейнге 90-125 дейін ақ балық өндіргіштерін отырғызады. Цехта бұндай бассейндердің саны 3-5 болады. Бассейндер темір бетондардан жасалады. Бассейндердің ұзындығы 20 м, түпкі жағының ені – 4 м, жоғары жағының ені – 5 м құрайды. Тереңдігі 1 м болады. Бассейнде үнемі су алмасуы жүруі қажет. Цехта ауа компрессорлары болады. Осы арқылы бассейндегі суды аэрациялап отырады. Осы компрессорлардың арқасында өндіргіштерді ұстау кезінде судағы оттегінің еруі литріне /9 мг кем болмайды. Күзде және көктемде бассейндегі судың температурасы өзен суымен бірдей болады. Ал жазда бассейндегі су температурасы 15-160С шамасында болады. Алғашқыда аналықтармен аталықтарды бассейндерге бірге орналастырғанымен, соңынан жыныс бездері дамып, су температурасы уылдырық шашу деңгейіне жақындағанда, сол бассейннің ішіндегі торлар арқылы оларды бөліп ұстайды. Бұл әдетте күзде қазан-қараша айларында, су температурасы 90С шамасында өтеді. Осы кезден бастап жыныс өнімдерінің даму жағдайына бақылау жүргізеді. Алғашқы жынысы жетілген аналық, аталықтарды бассейндерден аулағанда, жыныс өнімдерін алып, қолдан ұрықтандырады. Өндіргіштердің жалпылама жетілуі қараша айының екінші жартысында бассейндегі су температурасы 5-60С төмендеген кезде басталады. Аналық балықтарды бассейндерде ұстау кезіндегі шығын 10-20%-ды құрайды.
Сәуір айының орта шамасында дернәсілдерді Вейс инкубациялық аппаратынан алып, өндіргіштерді ұстауға арналған бассейндердің біріне қойылған торлы қапасқа орнатады. Егер зауытта уылдырықтарды бөлек орындарда инкубацияласа, онда дернәсілалдын инкубациялық цехтың маңайына орнатылған ағынды бассейндерге салынған торлы қапастарда ұстайды. Бұл бассейндер тікелей түсетін күн сәулесінен қорғалған болуы керек. Оларды қапаста 150-200 мың дана есебінен ұстайды. 3-4 тәуліктен кейін дернәсілалды аралас қоректенуге көшетін дернәсілдерге айналады. Қапастардағы дернәсілдердің аман қалуы барлық отырғызылған дернәсіл алды санынан алғанда 85% кем болмайды.
Аралас қоректенуге көшкен дернәсілдерді жас балықтар ұстайтын тоғандарға отырғызады. Әрбір өсіру тоғанының ауданы – 2 га, тереңдігі – 1,5-1,8 м. Дернәсілдерді тоғандарға отырғызу тығыздығы га/70 мың дананы құрайды. Дернәсілдер алғашында коловраткалармен және кладоцерлермен қоректенеді. Ал кейіннен шаянтәрізділердің ересек формаларымен хирономид дернәсілдерімен қоректенуге ауысады.
Азықтық организмдердің санын көбейту үшін тоғандарға органикалық және минералдық тыңайтқыштарды енгізеді. Органикалық тыңайтқыштардан шабылған өсімдіктермен көң қолданылады, ал минералдық тыңайтқыштардан суперфосфат, аммоний сульфаты. Бұл үшін тоғандарды сумен толтырған соң екінші күні тоғандардың жағалау аймақтарын көңмен, өсімдіктермен тыңайтады. Ал минералдық тыңайтқыштарды тоғандарға жас балықтарды өсіру кезеңінде екі рет енгізеді.
Жас балықтарды өсіру кезеңінің басында су температурасы әдетте 6,5-80С құрайды, өсірудің соңында су температурасы 20-220С көтеріледі.
Мамыр айының екінші жартысында ұзындығы 30 мм, салмағы 1,5 г болатын жас балықтарды өзенге жібереді. Жас балықтарды тоғандарда бұдан әрі ұстау тиімділігін жоғалтады, себебі жас балықтар жыртқыштық қоректенуге ауысады. Өсіру кезеңіндегі жас балықтардың шығыны 40% аспайды.
