- •1 Билет
- •1 Сұрақ. Аквакультураның даму тарихы.
- •2 Билет
- •1 Сұрақ. Балықтар көбеюінің экологиясы, уылдырық шашу экологиясы бойынша балықтардың классификациясы.
- •4 Билет
- •1 Сұрақ. Жас балықтардың санының ауытқуы.
- •5 Билет
- •1 Сұрақ. Шаруашылық жұмыстарының табиғи балық қорын қолдан өсіруге әсері.
- •1 Сұрақ. Балық шаруашылығы құрылысы үшін участка таңдау.
- •9 Билет
- •1 Сұрақ. Ақсаха балықтарын қолдан өсіру биотехнологиясы
- •6 Билет
- •14 Билет
- •1 Сұрақ. Уылдырықтарды тасымалдау.
- •15 Билет
- •1 Сұрақ. Өндіргіш балықтарды тасымалдау.
- •16 Билет
- •1 Сұрақ. Тоғандық шаруашылықтағы гибридтеу.
- •18 Билет
- •1 Сұрақ. Шарбақта балық өсіру тәсілдері
- •19 Билет
- •1 Сұрақ. Бассейнде балық өсіру тәсілдері
- •20 Билет
- •1 Сұрақ. Тұйық жүйелі сумен қамтамасыздандырылған қондырғыларда балық өсіру.
- •25 Билет
- •1 Сұрақ. Поликультура және қосымша түрлер.
- •26 Билет
- •1 Сұрақ. Тоғандарды тыңайту тәсілдері
- •27 Билет
- •1 Сұрақ. Балық өсіру шаруашылықтарының типтері мен жүйелері
- •29 Билет
- •1 Сұрақ. Азықтық заттардың балықтарға қажеттілігі.
15 Билет
1 Сұрақ. Өндіргіш балықтарды тасымалдау.
Аталық, аналық балықтарды алыс қашықтыққа тасымалдау үшін сумен оттегі толтырылған ірі полиэтиленді пакеттерді пайдалануға болады. Аталық, аналық балықтарды жалпылама тасымалдау үшін суы және аэрация жүйесі бар бактер орнатылған тірі балықтар тасымалдайтын вагондар қолданады.
Тірі балықтарды тасымалдайтын әрбір вагонға бак: тұқымдастардың аталық, аналық балықтарының 500-600 данасы отырғызылады. 6-80 С су температурасында тасымалдау 4-6 тәулікке созылуы мүмкін. Сазан балықтарының аталық, аналықтарын ерте көктемде немесе күзде су температурасы 50 С жоғары емес кезде тасымалдайды. Оларды тірі балық тасымалдайтын вагондарға 1,5 мың данаға дейін отырғызады (балықтардың орташа салмағы 2 кг). Тасымалдау ұзақтығы 5-6 тәуліктен аспауы керек. Табан балықтарының аталық, аналықтарын су температурасы 80 С жоғары емес, 3300 данаға дейін тиелетін тірі балықтарды тасымалдайтын вагондарға отырғызады. Бұл кездегі тасымалдау ұзақтығы 5-6 тәуліктен аспауы керек. Көксерке балықтарының аналықтарын, аталықтарын осы вагондарға 600 данаға дейін тиеп тасымалдайды. Тасымалдау ұзақтығы 3-50С су температурасында 4-5 тәуліктен аспауы керек.
Балықтарды қысқа қашықтыққа тасымалдау үшін 3 мың литрге дейін су толтырылған автомашиналарға қойылған цистерна немесе бактерді қолданады. Балықтарды автомашиналармен тасымалдау кезінде арнайы механизм көмегімен қолайлы температура және газ режимін ұстау керек. Егер тасымалдау 100 км дейін созылса, онда балық мөлшерімен су мөлшерінің қатынасы 1:2 құрайды. Балықтарды тасымалдау 100 км көп болса онда бұл қатынас 1:3 немесе 1:4 құрайды.
Әртүрлі аурулардың қоздырғыштары болып табылатын организмдердің су қоймасына кездейсоқ кіріп кетуінен сақтану үшін тасымалдауды тек ихтиопатологиялық және ветеринарлық қызметкерлер рұқсатымен жүргізеді.
16 Билет
1 Сұрақ. Тоғандық шаруашылықтағы гибридтеу.
Гибридтеу бұл тауарлық балық өнімдерін алу үшін, сондай-ақ құнды қасиетімен ерекшеленетін жаңа тұқымдарымен гибридті түр алу мақсатында әртүрлі балық түрлерін будандастыру.
Тоған шаруашылықтарында белгілі бір аудан жағдайына бейімделген жақсы тұқымдарды алу мақсатында тұқымаралық, түрішілік, түраралық және туысаралық будандастыруларды жүзеге асырады.
Мысалы, Тапаронов сазанының аналығымен денесінің ұзына бойына қабыршағын тастаған тұқының аталығын шағылыстырған. Тапаронов сазанның уылдырықтарымен шабақтары тұқылардың уылдырықтарымен шабақтарына қарағанда көктемде температураның төмендеуіне төзімдірек. Шағылыстыру нәтижесінде алынған будандар бас жағының формасы тұқыға ұқсас және сазан сияқты қабыршақ жамылғысы бар.
Бұл будандардың артықшылықтары келесідей:
1. Қысқы салқынға төзімділігі және сондай-ақ әртүрлі категориядағы тоғандардан шығынның аз болуы.
2. Солтүстік аудандарда, әсіресе қолайсыз орта жағдайларында жоғары өнім беруі.
3. Еті сапасы жағынан тұқыдан кем емес.
4. Қызылша немесе сапролегния ауруларына үлкен төзімділігі.
Дегенмен бұл жақсы сапалар екінші ұрпақтарда сақталмайды және тұқының аналығымен Тапаронов сазанының аталығын кері шағылыстырудан алынған будандар артықшылықтарға ие болмайды.
Тоғандағы балық өсіруді ілгері дамыту үшін тоған объектісі болып табылатын балықтармен асылдандыру жұмыстарын жүргізу маңызды орын алады. Тоғанда балық өсіру кезіндегі асылдандыру жұмыстарының тәсілдері мал шаруашылығының басқа салаларындағы жұмыстарға ұқсас келеді. Дегенмен тоғанда өсірілетін балықтармен асылдандыру жұмыстарының өзіндік ерекшеліктері бар, яғни бұл балық организмінің биологиялық ерекшелігіне және олардың тіршілік ету жағдайына байланысты.
Тоғанда балық өсіру кезінде жүргізілетін асылдандыру жұмыстарының түсінігіне тоғандық балықтардың тұқым қуалаушылық сапасын жақсарту және өнімділігін көтеруге бағытталған балық шаруашылық шаралар жиынтығы кіреді. Бұндай шаралар қатарына балықтарды дұрыс өсіру және күту, барлық даму сатыларында оларды толық құнды азықтармен қамтамасыз ету, сұрыптау тәсілдерінің дұрыстығын бақылау жатады. Бұл аталған шаралардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысқандықтан, олардың бірін орындамау асылдандыру жұмыстарының тиімділігін төмендетеді.
Жаңа тұқымдарды шығару бойынша жұмыстарды жүргізер алдында қандай шаруашылықтық құнды сапасымен ерекшеленетін тұқым алыну қажет екендігін анықтау қажет. Яғни шығарылатын тұқым қандай географиялық жағдайға белгіленген, оның шаруашылық маңызы қандай, шаруашылықтағы тұқымдардан қандай артықшылықтарымен ерекшеленеді.
Асылдандыру жұмыстарының мақсаты – балық өнімділігінің мөлшерімен сапасын ұлғайтуға мүмкіндік беретін балықтардың жаңа тұқымдарын немесе гибрид түрлерін шығару. Жаңа тұқым немесе гибрид белгілі балық өсіру шаруашылығында әлі де қолданылып жатырған бұрынғы түрлермен салыстырғанда кем дегенде 10 пайыздан артық балық өнімділігін беру қажет.
Өндіргіштермен толықтырғыш балықтарды дұрыс қоректендіру үлкен маңызға ие. Балықтарды дұрыс азықтандырмай асылдандыру жұмыстарын жүргізу ешқандай оң нәтиже бермейді. Толық құнды азықтандыру өндіргіштер организмінің физиологиялық жағдайы үшін басты орын алады. Бұл өз кезегінде жыныс өнімдерінің қалыптасуы кезінде ұрпақтардың сапасына күшті әсер етеді.
Тұқы тоған шаруашылығындағы келесі тұқымдарды өсіреді: қабыршақты тұқы, денесінің ұзына бойына қабыршағын тастаған айна тұқы, бүйір сызығының ұзына бойына сызықты түрде қабыршақ орналасқан айна тұқы, қабыршақсыз тұқы, украиндық рамкалы, украиндық қабыршақты тұқылар. Бұлардың барлығы бір-бірінен сыртқы түрі, тұқым қуалағыштық белгілері және шаруашылық сапасы бойынша ерекшеленеді.
Осы аталған тұқымдар ішінен негізгі өсіру объектілері – қабыршақты тұқы және денесінің ұзына бойына қабыршағын тастаған тұқы, сондай-ақ украиндық рамкалы, украиндық қабыршақты тұқылар.
