Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аквакультура.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
196.1 Кб
Скачать

18 Билет

1 Сұрақ. Шарбақта балық өсіру тәсілдері

Қапасты әдісті кез-келген су қоймаларында балық өсіру үшін қолданады. Қапасты шаруашылықтың тоған шаруашылығынан артықшылығы қаражаттың аз кетуі және механикалық су беру жүйесінің жоқтығы болып табылады. Жылу, гидро және атом электр станцияларының арықтарына және салқындатқыш су қоймаларына орнатылған қапастарда балық өсіру кеңінен қолданылады. Салқындатқыш су қапастарына орнатылған қапасты шаруашылықтар стационарлық және қалқымалы деп бөлінеді. Балықтарды қапастарда өсіру үшін қалқымалы қондырғылар кеңінен қолданылады. Бұл әдістің артықшылығы олардың өндірістік дайындалуымен су қоймаларына топтап қойылуымен түсіндіріледі. Бұл қапасты пайдалану кезінде су қоймасының қолайсыз жерінен өсіріліп жатырған балықтардың физиологиялық қажеттілігіне сәйкес келетін температуралық және газ режимі бойынша қолайлы жерге ауыстыру мүмкіндігі бар.

Стационарлық қапастар су қоймасының жағалауына мықтап бекітіледі. Бұндай қапастар жылу немесе атом электр станциясынан түсірілген судың температуралық көрсеткіштерінің өзгерісі кезінде тиімсіздеу болып келеді.

Қалқымалы әрі қозғалмалы қапас тізбесі қапастар жиынтығынан тұрады. Қапастардың қалқымалылығы металл немесе пластик күбілерден, пенопласттардан жасалған, жүзгіш заттармен, сондай-ақ диаметрі жұқа қабырғалы түтікшелер көмегімен жүзеге асырылады.

Қалқымалы тізбекті 3 типке бөледі: жеңіл, орташа және ауыр.

Жеңіл тізбектер қапастардың қалқымалылығын қамтамасыз етеді, дегенмен азықтандыру, балықтандыру, аулау сияқты жұмыстар қайық немесе жүзгіш құрылғы көмегімен жүзеге асырылады.

Орташа тізбектің қызмет көрсетуге арналған жеткілікті қалқымалы қоры бар.

Ауыр тізбекті қапастардың аралығында автомобильдер, тракторлар өтетін жол болады.

Қапастарды дайындау кезінде кеңінен қолданылатын материалдарға келесілер жатады: капрон, дедерон, силон, перлон және т.б. синтетикалық жіптер, сондай-ақ тозбайтын сымдар. Тор көздерінің көлемі өсірілетін балық мөлшеріне байланысты болады. Қапастың көлемі 6-200 м3 аралығында ауытқиды. Ең кең таралған қапастардың ұзындығы 3,5 м, ені 1,6 м, биіктігі 2 м, тереңдігі 1,5 м. Қапастың газдық және санитарлық режимін ұстау үшін оларды көлденең бағытта орнатады.

Қапастардағы су алмасу ағыс және судың желмен қозғалуы, сондай-ақ балықтардың қапас ішінде белсенді қозғалуы есебінен жүреді. Ұсақ тор көзді қапастар қолданылмайды, себебі бұнда өсімдіктер басуы нәтижесінде су алмасуы бұзылады және гидрохимиялық режимі нашарлайды. Қапастарда жақсы су алмасуын қамтамасыз ету үшін, су қоймасының шағын ағысы бар бөліктеріне орнатады. Қапас орнатылған бөліктегі судың тереңдігі 2,5 м кем болмау керек.

Салқындатқыш су қоймаларында орналасқан қапасты шаруашылықта күшті су қоймаларында орналасқан қапасты шаруашылықта күшті су толқыны жиі байқалады. Нәтижесінде қапастар тізбегі құрылымнан бөлініп кетеді, қабырға материалдары жыртылып балықтар шығып кетеді. Сондықтан да қапастарды қорғау жүйесі болуы керек. Қапастарды толқын бағытымен қозғалуына мүмкіндік беретін якорларға бекітуге болады. Қапастық шаруашылықтың тиімділігі көп жағдайларда су қоймаларының гидрологиялық режимімен және де бірінші кезекте су температурасымен анықталады.

Қапасты шаруашылықтарда тұқы, өсімдік қоректі балықтар, канал жайыны, тиляпия, бестер, орыс бекіресі, сүйрік және бахтақ балықтары өсіріледі. Жылдың жылы мерзімдерінде 23-290С температура кезінде 6-8 ай жылы сүйгіш балықтарды өсіреді. Ал қыста су температурасы 200С дейін төмендеген кезде қапастарды балық қыстату үшін немесе бахтақ және т.б. суық сүйгіш балықтарды өсіруге пайдаланады.

Қапастың 1 м2 алынатын жылы сүйгіш балықтар өнімі 150-250 кг және суық сүйгіш балықтар өнімі 25-50 кг құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]