
- •1 Билет
- •1 Сұрақ. Аквакультураның даму тарихы.
- •2 Билет
- •1 Сұрақ. Балықтар көбеюінің экологиясы, уылдырық шашу экологиясы бойынша балықтардың классификациясы.
- •4 Билет
- •1 Сұрақ. Жас балықтардың санының ауытқуы.
- •5 Билет
- •1 Сұрақ. Шаруашылық жұмыстарының табиғи балық қорын қолдан өсіруге әсері.
- •6 Билет
- •1 Сұрақ. Балық шаруашылығы құрылысы үшін участка таңдау.
- •9 Билет
- •1 Сұрақ. Ақсаха балықтарын қолдан өсіру биотехнологиясы
- •14 Билет
- •1 Сұрақ. Уылдырықтарды тасымалдау.
- •15 Билет
- •1 Сұрақ. Өндіргіш балықтарды тасымалдау.
- •16 Билет
- •1 Сұрақ. Тоғандық шаруашылықтағы гибридтеу.
- •18 Билет
- •1 Сұрақ. Шарбақта балық өсіру тәсілдері
- •19 Билет
- •1 Сұрақ. Бассейнде балық өсіру тәсілдері
- •20 Билет
- •1 Сұрақ. Тұйық жүйелі сумен қамтамасыздандырылған қондырғыларда балық өсіру.
- •25 Билет
- •1 Сұрақ. Поликультура және қосымша түрлер.
- •26 Билет
- •1 Сұрақ. Тоғандарды тыңайту тәсілдері
- •27 Билет
- •1 Сұрақ. Балық өсіру шаруашылықтарының типтері мен жүйелері
- •29 Билет
- •1 Сұрақ. Азықтық заттардың балықтарға қажеттілігі.
14 Билет
1 Сұрақ. Уылдырықтарды тасымалдау.
1. Жерсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде уылдырықтарды, дернәсілдерді, жас және өндіргіш балықтарды тасымалдау кеңінен қолданылады. Тасымалдаудың қысқа және ұзақ түрі болады. Қысқа уақытқа тасымалдау 2-4 сағат, ал ұзақ тасымалдау 2 тәулікке дейін созылады. Алыс қашықтыққа тасымалдау ұшақ және теміржол транспорттары көмегімен, ал қысқа тасымалдау автотранспорттармен жүзеге асырылады.
Уылдырықтарды тасымалдау. Ұрықтанған уылдырық эмбриондардың механикалық әсерлерге сезімталдығы аз кезде, яғни даму сатысының басында немесе соңында тасымалдайды.
Әртүрлі балық түрлерінің шылымсыз және қолдан шылымсыздандырылған уылдырықтарын арнайы ыдыста сусыз және субстратсыз тасымалдайды.
Бұндай уылдырықтарды қысқа уақытқа тасымалдау кезінде алдымен су құйылып, сосын уылдырық толтырылған банкіде тасымалдайды. Уылдырықтарды банкі бетіне дейін толтырып, кейін суды марлі арқылы сүзіп төгеді. Содан кейін уылдырық толтырылған банкіні тасымалдау кезінде қажетті температура сақталатын изотермиялық жәшіктерге орналастырады. Банкі селкілдеп уылдырықтарды зақымдамау үшін қағаз, мақта және т.б. жұмсақ материалдар төсейді. Ұзақ мерзімге тасу кезінде әртүрлі ыдыстарды пайдаланады. Мысалы, бекіре тұқымдас балықтардың уылдырықтарын изотермиялық, дымқыл өткізбейтін пенопласт жәшіктерге салынған ағаш рамкаларда тасымалдайды. Мөлшері 34х28 см болатын рамка ортасынан планкамен бөлініп, синтетикалық материалдан жасалған тормен оралады. Әрбір рамкаға көлемі 70х50 см болатын дымқыл марлі төсеп, 1,5-2 қатар уылдырық салады.
Инкубациялық аппараттан алынған бекіре тұқымдас балықтардың уылдырықтарын судағы рамкіге салынады. Бұл үшін су толтырылған лоток немесе Ющенко инкубациялық аппаратының ваннасын пайдаланады. Рамкіге марлі салфетка төсейді. Рамкіге салынған уылдырықты салфетканың бос ұшымен жабады. 170-300 мың уылдырық салынған 20 рамкіні жәшікке орнатады. Жәшіктің түбіне биіктігі 5 см болатын пенопласт кювет орнатады. Ал жәшіктің жоғарына түбі торлы кювет орнатады. Бұл кюветке мұз салынады. Уылдырықтары бар жәшікті қақпақпен жауып белгіленген жерге тасымалдайды. Уылдырықтарды тасымалдау кезінде мұз біртіндеп ериді. Еріген су рамкі бойымен ағып, уылдырықтарды салқындатып су қабылдағыш болып саналатын төменгі кюветке құйылады.
Албырт балықтарының уылдырықтарын ұзақ мерзімге тасымалдау кезінде синтетикалық материалдан жасалған тормен немесе металл тормен оралған ағаш рамкіде тасымалдайды. Албырт уылдырықтарына арналған рамка көлемі шамамен 50х30 см. Олардың сыйымдылығы- 7 мың уылдырық. Рамкілерді уылдырық салмастан бұрын бір тәуліктей суда ұстайды.
Инкубациялық аппараттан алынған уылдырықтарды ұрықшаның көзі пигментациялану сатысында тұндырылған тұнбамен шайқап, өлген және сапролегнияға шалдыққан уылдырықтарды алып тастау қажет. Кейін рамкіге мөлшері рамкі торынан 2 есе үлкен құрғақ марлі салфетка төсейді және оған уылдырықтарды тегіс қабатпен орнатып салфетканың бос ұшымен жабады. 8-12 дана рамкіні пенопласт жәшікке орнатады.
Уылдырықтарды тасымалдау үшін қолайлы ыдыс болып тесікті пластиктен жасалған кювет салынған картон немесе фанерлі жәшік табылады. Кюветтің сыртқы түбі тегіс, ал ішкі түбі түбіне қарай еңіс. Кювет түбінде уылдырық мөлшерінен кіші 7 қатар тесік болады. Кюветке дымқыл марлі салфеткаға 7 қатар қылып орналастырылған 10 мың албырт уылдырықтарын салуға болады. Жәшікке 7 қатар кювет орнатады, оның 5 уылдырық салынған, 1 мұзы бар және 1 уылдырығы бар кюветтен ағатын суды қабылдауға арналған кювет. Бұл жоғарғы кюветтегі мұздан еріп аққан су барлық 5 кюветтен өтіп уылдырықтарды салқындатады. Кюветтен жасалған материалдар жеңілдігімен және жоғарғы оқшаулану қасиетімен ерекшеленеді. Бұл уылдырықтарды тасымалдау кезінде температураны 70С асырмай ұстайды.
Жәшіктерде көптеген балық түрлерінің уылдырықтарын тасымалдайды, ақсаха, күтім және көксерке балықтарының уылдырықтары. Тасымалдау кезінде мұз қолданады.
Егерде уылдырықтарды күзде немесе қыста төменгі температура кезінде транспортпен тасымалдаса, онда ыдысқа мұз салмайды, керісінше уылдырықтар қатып қалмас үшін оларды жылы қылып ұстайды. Бұл үшін кюветтерді қалың қағаздармен орап, шпагатпен байлайды. Қағаздан рамкіге ауа өту үшін бірнеше жерден теседі. Қағазбен буып-түйілген рамкілерді пенопластты изотермиялық жәшіктерге салады.
Әрбір тасымалдаушы жәшікке уылдырық саны, ұрықтандырылған уақыты және инкубациялану температурасы көрсетілген жапсырма конверт салынады.
Тасымалданушы жәшіктер қақпағына «тірі уылдырық» деп жазады. Сыртқы қабырғасына белгіленген мекен-жай жапсырылады.
Тұқы, алабұға тұқымдас және т.б. балықтардың қолдан шылымсыздандырылған, ұрықтандырылған уылдырықтарын сусыз дымқыл ортада тасымалдайды.
Субстратқа бекітілген уылдырықтарды қысқа мерзімге тасымалдау кезінде түбіне полиэтилен пленка қойылып, сулы марлі салфеткамен жабылған картон қорапшаға орнатады. Тасымалдау кезінде субстратқа жабысқан уылдырықтарға қайта-қайта су бүркіп отырады. Ыстық күндері уылдырықтардың қызып және тез кеуіп кетуінен сақтау үшін қорапша түбіне шағын мұз кесегін салады. 30х30х17 см көлемдегі әрбір қорапшаға 500 мың уылдырық салады.
Ал уылдырықтарды ұзақ мерзімге тасымалдау кезінде шылымсыздандырылған уылдырықтарды алысқа тасымалдауға арналған ыдыстарды қолданады. Уылдырықтар жабысқан субстраттарды рамкіге орнатып сулы марлі салфеткамен жабады. Пенопласттан жасалған тасымалдау жәшігіне 6-8 рамкі салады. Салқындау температураны (80С төмен) ұстау үшін жәшік жоғарына мұзы бар кювет, түбіне бос кювет орнатады.
Көктемде, күзде 4-70С температурада және жазда 8-120С температурасы бар дымқыл ортада шылымды және шылымсыздандырылған уылдырықтарды тасымалдау кезінде 24-48 сағат мерзім ішінде шығын 2% аспайды.
Ұрықтандырылған және шылымсыздандырылған бекіре тұқымдас балықтардың уылдырықтарын сумен таза оттегі толтырылған полиэтиленді пакеттермен тасымалдайды. Уылдырықтармен және оттегімен су көлемінің қатынасы 1:1 тең. Уылдырықтарды тасымалдау бөлшектену кезеңінен соң жүзеге асырылады. Уылдырықтарды тасымалдау кезінде қолайлы температура қортпа үшін 10-130С, бекіре үшін 14-170С, шоқыр үшін 18-220С. Тасымалдау шамамен 10 сағаттан аспау керек, одан әрі шығын арта түседі. Пакет көлемі 40 л, тасымалдау ұзақтығы 10 сағат және әрбір түр үшін қолайлы су температурасында пакеттерге уылдырықтарды салу мөлшері келесідей: қортпа- 150-170 мың дана, бекіре- 200-240 мың дана, шоқыр- 370-470 мың дана.