
- •1 Билет
- •1 Сұрақ. Аквакультураның даму тарихы.
- •2 Билет
- •1 Сұрақ. Балықтар көбеюінің экологиясы, уылдырық шашу экологиясы бойынша балықтардың классификациясы.
- •4 Билет
- •1 Сұрақ. Жас балықтардың санының ауытқуы.
- •5 Билет
- •1 Сұрақ. Шаруашылық жұмыстарының табиғи балық қорын қолдан өсіруге әсері.
- •6 Билет
- •1 Сұрақ. Балық шаруашылығы құрылысы үшін участка таңдау.
- •9 Билет
- •1 Сұрақ. Ақсаха балықтарын қолдан өсіру биотехнологиясы
- •14 Билет
- •1 Сұрақ. Уылдырықтарды тасымалдау.
- •15 Билет
- •1 Сұрақ. Өндіргіш балықтарды тасымалдау.
- •16 Билет
- •1 Сұрақ. Тоғандық шаруашылықтағы гибридтеу.
- •18 Билет
- •1 Сұрақ. Шарбақта балық өсіру тәсілдері
- •19 Билет
- •1 Сұрақ. Бассейнде балық өсіру тәсілдері
- •20 Билет
- •1 Сұрақ. Тұйық жүйелі сумен қамтамасыздандырылған қондырғыларда балық өсіру.
- •25 Билет
- •1 Сұрақ. Поликультура және қосымша түрлер.
- •26 Билет
- •1 Сұрақ. Тоғандарды тыңайту тәсілдері
- •27 Билет
- •1 Сұрақ. Балық өсіру шаруашылықтарының типтері мен жүйелері
- •29 Билет
- •1 Сұрақ. Азықтық заттардың балықтарға қажеттілігі.
4 Билет
1 Сұрақ. Жас балықтардың санының ауытқуы.
Балықтардың дамуы өтетін су қоймаларында жағдайдың ауытқуы байқалады. Гидрологиялық, гидрохимиялық және гидробиологиялық режимдер әртүрлі жылдарда ғана емес, тіпті жылдың бір маусымында да өзгереді. Бұл балықтардың өсіп-дамуына кедергі келтіреді. Егер орта жағдайы оптималды көрсеткіштен ауытқыса, онда балықтар өлімі пайда болады. Осымен байланысты балықтардың бөлек ұрпақтарының өлімі жыл бойынша өзгеріп отырады. Бұл су қоймаларындағы әрбір балық ұрпақтарының өнімділігінің ауытқуына себепкер болады. Бұл флюктуация деп аталады. Мысалы, треска балықтарының өнімділігі 60-90 есе өзгеруі мүмкін, ал басқа балықтарда мысалы бекірелерде 10 еседен кем емес.
Албырт балықтарының көп мөлшерлі уылдырықтарымен бос эмбриондағы уылдырық шашатын орындардың қатып қалуынан қырылады. Майшабақ, тұқы, алабұға тұқымдастарының көптеген уылдырықтары кеуіп қалу кезінде өледі. Бұның себебі шторм мен көтерме желдерден болады. Шторм және көтерме жел су қалыңдығындағы пелагиалдық уылдырықтарды жағадағы жерге лақтырып тастайды. Фитофильді балықтардың уылдырықтары мен бос эмбриондары қолайсыз оттегі жағдайына душар болса қырылып қалады.
Балықтардың тіршілігіне ортаның биотикалық факторлары да теріс әсерін тигізеді. Жылдың әр мезгілінде дернәсілдердің азықпен қамтылу жағдайы өзгеруінен балықтардың флюктуациясы байқалады. Дернәсілдердің көптеп өлуі олардың жиналған орындарында азық концентрациясының аздығы нәтижесінде болуы мүмкін. Әсіресе бұл дернәсілдердің сары уызбен қоректеніп болып сыртқы қоректенуге ауысуы кезінде айқын байқалады. Уылдырықтар, дернәсілдер және жас балықтар әртүрлі аурулардан да өледі, сонымен бірге олармен көп мөлшерде әртүрлі жәндіктер, бақалар, жыландар, құстар, сүтқоректілермен балықтар да қоректенеді.
Табиғи су қоймаларындағы уылдырықтардың, дернәсілдердің және жас балықтардың өлу проценті өте үлкен. Уылдырық шашылатын орынға шашылған бірнеше мың уылдырықтың жыныс жетілуі кезіне дейін бірнеше балық қалады.
5 Билет
1 Сұрақ. Шаруашылық жұмыстарының табиғи балық қорын қолдан өсіруге әсері.
1. Адамзат шаруашылық үшін өзен, көл және теңіздердің су ресурстарын пайдалана отырып, балық қорының өндірілуіне әсерін тигізеді. Қазіргі кезде ішкі су қоймалары тек балық шаруашылығы үшін ғана емес, сонымен қатар басқа да халық шаруашылық салаларына пайдаланылуда. Яғни, энергетика, су транспорттары және электр энергиясын алу мақсатында өзендерге гидроқұрылыстар салу, алаңдарға су жинау т.б.
Балық шаруашылығының дамуы жайында ойламай есепсіз су ресурстарын шаруашылық мақсатында пайдалану теңіз, өзен және көлдердегі балық қорының өндірілуіне теріс әсерін тигізеді. Бөгеттер өтпелі және жартылай өтпелі балықтардың уылдырық шашуға баратын жолдарын бітейді. Сондықтан балықтарды жоғары жаққа жіберу үшін бөгетке балық жіберетін құрылым орнатады. Дегенмен көбінесе бұндай жағдайлар тиімсіз болады. Себебі уылдырық шашатын орындар бұрынғы маңыздылығынан айырылады. Яғни су ағыны жайлап, өзен түбі батпақтанып, газ алмасуы нашарлап, су түбі температурасы төмендеп кетеді. Осындай өзгерістің салдарынан бұл су бөліктері балықтардың көбеюі үшін жарамсыз. Тек жоғарырақта орналасқан кейбір уылдырық шашатын орындар балықтардың көбеюі үшін бұрынғы маңыздылығын жоғалтпаған. Дегенмен бұл жерлердің гидрологиялық режимінің өзгеруінен балықтар үнемі уылдырық шашатын орындар таба бермейді. Сондықтан шашылмаған жыныс өнімдерімен төмен қарай кетеді. Егерде балықтар уылдырық шашатын орын тауып көбейгеннің өзінде де бұл кезде тиімділік төмен болады, яғни жас балықтар қорегі аз шағын өзен бөліктерінде қалып қояды және нашар өсіп-дамиды.
Бөгеттен төмен жерлерде көбейетін балықтарда гидроқұрылыстардың әсеріне ұшырайды, бұл жерде су тасқынын реттеу салдарынан өзеннің көктемгі ағысы нашарлайды, биіктігі және су тасқынының ұзақтығы төмендейді. Уылдырық шашатын орындарға судың келуінің қысқаруынан балық қорының өндірісіне теріс әсерін тигізеді. Сонымен қатар көктем кезінде гидроэлектростанцияның ретсіз жұмысы салдарынан өзен суының деңгейі тәуліктеп немесе апталап өзгереді. Су қоймасынан судың әртүрлі деңгейде түсуі де балық көбеюіне де жағымсыз әсер етеді. Су қоймасынан суды суды көп мөлшерде жібергендіктен уылдырық шашу үшін қосымша алаңдар пайда болып, балықтар сонда уылдырықтарын салады. Ал су қоймасынан жіберілетін су төмендеген кезде осы уылдырық шашқан жерлер кеуіп қалып, шашылған уылдырықтар қырылып қалады.
Қорытындысында мынаны айтуға болады, әртүрлі шаруашылық салаларына пайдалану үшін өзендерге бөгеттер салу және су қоймаларын құру өтпелі және жартылай өтпелі балықтарға теріс әсерін тигізеді. Дегенмен жылдан жылға балық шаруашылығы ілгері дамып келеді.
Әлемдік су айналымында тұщы су көздерінің үлесі аз. Сондықтан оның қорын сақтау және тиімді пайдалану мәселесі үлкен аумақты қамтиды.
Әртүрлі өндірістік кәсіпорындардың қалдықтары және ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін қолданылатын пестицидтермен басқа да улы химикаттар бейорганикалық және органикалық күйдегі улы заттар ұстайды.
Қалдық сулардың қышқылдарымен сілтілері балықтар үшін рН мөлшерін леталды деңгейге дейін өзгертіп қана қоймай, сонымен қатар балықтардың өлімін тудыратын мүшелердің патоморфологиялық өзгерісіне әкеледі. Күкіртқышқылының леталды мөлшері 1 л суда 134 мг асқанда пайда болады. Бор қышқылының 1 л суда 62-500 мг концентрациясы шоқыр балықтарының дернәсілдерінің өсуін тежейді, ал 500-2600 мг концентрациясы олардың өлімін тудырады.
Тоғандарға тыңайтқыштарды бақылаусыз енгізу суда минералдық заттардың артықшылығын тудырады. Су қоймасына аммоний-аммиакты тыңайтқыштарды көптеп енгізу улы әсер етеді. Мысалы, сондықтан аммиактың аздаған мөлшері балықтардың жіті улануына әкеледі. Тұрпан балығына 1 л/1-1,2 мг, ал бахтах балығына 1 л/0,3-0,4 мг мөлшерде.
Органикалық заттар арасынан синтетикалық жуу препараттары көбірек қауіпті – фенол, крезол, олардың өлтіру концентрациясы 1 л/10-100 мг. Хлорланған көмірсутек биологиялық жолмен ерімейді және көп жылдар бойына улылығын сақтайды. Балық желбезегіне түскен ұнтақ олардың сумен қатынасын бұзады. Қанға оттегінің жетуі нашарлап балықтар тұншығады. Түтін және жылу бөлетін ТЭЦ, химиялық зауыттар, автотранспорттардан бөлінетін атмосферада химиялық активті заттар негізінде түзілетін қышқыл жаңбырлар мен қарларды су қоймаларына біраз зиян тигізеді.
Сонымен қатар су организмдері үшін ағаш ағызу және ағаш өндіру қалдықтары да өте зиян. Су қоймаларында жүзгінді және ерігіш органикалық заттар көлемі артып, су түбінде ағаш сынықтары көбейеді, судағы еріген оттегі мөлшері төмендейді. Уылдырық шашуға шыққан ересек балықтарды және жас балықтарды жүзгінді ағаш қалдықтары жаралайды, өзен өзінің балық шаруашылық маңызынан айырылады.