Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аквакультура.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
196.1 Кб
Скачать

2 Билет

1 Сұрақ. Балықтар көбеюінің экологиясы, уылдырық шашу экологиясы бойынша балықтардың классификациясы.

1. Көбею – бұл балықтардың тіршілік циклінің басты тізбегі. Әрбір түрлерінің өздеріне тән көбею ерекшеліктері бар. Олар түрлі балық түрінің белгілі бір көбею және даму жағдайына байланысты қалыптасқан.

Балықтардың көбею түсінігіне мыналар жатады: жыныс өнімдерінің дамуы, уылдырық шашу, ұрықтану, эмбрионалды және постэмбрионалды дамуы. Уылдырық шашу орны негізінен балықтардың эмбрионалдық және постэмбрионалдық дамуы үшін көбірек қолайлы жағдайы бар жерлер болып табылады.

Осымен байланысты С.Г. Крыжанский барлық тұщы су балықтарын келесідей экологиялық топтарға бөлді.

Литофилдер – ұрпақтарының тыныс алуы үшін қолайлы жағдайы бар жылдам ағысты өзендермен олиготрофты көлдердің тасты, грабилі су түбінде көбейеді. Бұл топтарға албырт, ақсаха, бекіре және кейбір тұқы тұқымдас балықтар жатады.

Фитофилдер – ағысы жоқ немесе әлсіз ағысты өзен, көл, су қоймаларымен тоғандардағы өсімдік субстраттарында көбейеді. Бұл топқа табан, сазан, көксерке, шортан, алабұға, торта, мөңке т.б. жатады.

Псаммофилдер – құмды су түбі бар өзендермен көлдерде көбейеді. Олар уылдырықтарын су ағыны жуып кеткен өсімдік тамырларына және құмға шашады. Бұған теңге балық жатады.

Пелагофилдер – өзендермен көлдерде көбейеді. Олар уылдырықтарын су қалыңдығына шашады. Балықтардың эмбрионалдық дамуы жүзу жағдайында өтеді. Бұл топқа өтпелі майшабақтар, қылыш балық, ақ амур, ақ және шұбар дөңмаңдай балықтары жатады.

Остракофилдер – уылдырықтарын қос жақтаулы моллюскалардың қуысына салады. Бірақ мұнда ұрпақтың дамуы үшін жағдай қолайсыздау болып келеді.

Сонымен қатар аралық түрлерде бар. Ақбалық уылдырықтарын өсімдіктерге де тасты жерлерге де сала береді, яғни бір уақытта фитофилді және литофилді балықтар сияқты. Бұндай экологиялық топтарды білу жасанды балық өсіру кезінде технологиялық процестерді жүргізуге, сонымен бірге табиғи балық көбеюінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында су қоймаларында мелиоративті шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Жыныс өнімдерінің жетілуі кезінде көптеген балықтарында жыныстық диморфизм пайда болады, бұл аналық, аталық балықтарда әртүрлі көлемде байқалады. Қосымша жыныс белгілерінің пайда болуы әртүрлі балықтарда алуан түрлі. Тұқылы балықтардың аталықтары аналықтарын көлемі жағынан біршама кіші, ал қанаттары керісінше үлкен болып келеді. Бұзаубас балықтарының мысалы: Cotticomephorus аталығынан аналығы едәуір үлкен және ұлғайған кеуде жүзбе қанаттары болады. Аталықтар мен аналық балықтар арасындағы үлкен өзгеріс терең сулы балықтар Ceratiidae тұқысынан байқалады. Бұл балықтардың аталықтары аналық балықтардан едәуір кішкене және олар аналық балықтардың денесіне жабысып, олардың денесіндегі шырымен қоректенеді. Балықтарда пайда болған қосымша жыныс белгілері олардың бүкіл тіршілік бойына сақталып, өзгеріссіз қалады. Көптеген балықтардың қосымша жыныс белгілерінің қатарында уылдырық шашу кезінде пайда болатын неке киімі. Бұл әсіресе албырт балықтарында байқалады. Бұл балықтардың көбеюі кезінде тек дене түстері өзгеріп қана қоймай, сонымен бірге жақсүйектерінің де түсі өзгереді. Тұқы тұқымдастарының кейбірінде денесінде және басында кішкене төмпешіктер пайда болады.

Балықтардың жыныс жетілу ерекшеліктерін білудің практикалық маңызы зор. Өйткені осы арқылы көбею уақытын білуге, және де кейбір жағдайда бөлек балық табындарының қай нәсілге жататынын ажыратуға болады.