
- •1 Билет
- •1 Сұрақ. Аквакультураның даму тарихы.
- •2 Билет
- •1 Сұрақ. Балықтар көбеюінің экологиясы, уылдырық шашу экологиясы бойынша балықтардың классификациясы.
- •4 Билет
- •1 Сұрақ. Жас балықтардың санының ауытқуы.
- •5 Билет
- •1 Сұрақ. Шаруашылық жұмыстарының табиғи балық қорын қолдан өсіруге әсері.
- •6 Билет
- •1 Сұрақ. Балық шаруашылығы құрылысы үшін участка таңдау.
- •9 Билет
- •1 Сұрақ. Ақсаха балықтарын қолдан өсіру биотехнологиясы
- •14 Билет
- •1 Сұрақ. Уылдырықтарды тасымалдау.
- •15 Билет
- •1 Сұрақ. Өндіргіш балықтарды тасымалдау.
- •16 Билет
- •1 Сұрақ. Тоғандық шаруашылықтағы гибридтеу.
- •18 Билет
- •1 Сұрақ. Шарбақта балық өсіру тәсілдері
- •19 Билет
- •1 Сұрақ. Бассейнде балық өсіру тәсілдері
- •20 Билет
- •1 Сұрақ. Тұйық жүйелі сумен қамтамасыздандырылған қондырғыларда балық өсіру.
- •25 Билет
- •1 Сұрақ. Поликультура және қосымша түрлер.
- •26 Билет
- •1 Сұрақ. Тоғандарды тыңайту тәсілдері
- •27 Билет
- •1 Сұрақ. Балық өсіру шаруашылықтарының типтері мен жүйелері
- •29 Билет
- •1 Сұрақ. Азықтық заттардың балықтарға қажеттілігі.
27 Билет
1 Сұрақ. Балық өсіру шаруашылықтарының типтері мен жүйелері
Тоғандық балық өсіру шаруашылықтарын белгіленуіне байланысты 4 топқа бөледі:
1. Су жабдықтаушы (бас, қыздырғыш, тұндырма тоғандары);
2. Өндірістік (уылдырық шашу, шабақтық, өсіру, қыстату, жайылтып-семірту, аналық тоғандары);
3. Санитарлық-алдын алу;
4. Қапасты тоғандар.
Бас тоған - өндірістік тоғандар жүйесіне су беру үшін су жинауға арналған. Бас тоғандардың орналасқан жері барлық өндірістік тоғандардан биікте болуы керек. Бұл тоғандарды сумен қамтамасыз ету өздігінен жүруге мүмкіндік береді. Егерде өзен көп мөлшерде жүзгінді заттар әкелсе, онда бас тоған тұндырма тоған ролін атқарады. Егерде ол тоғандарды сумен жабдықтау қызметін атқармаса, онда жайылым тоғаны ретінде қолданылады. Бұл тоғандардың көлемі өндірістік тоғандардың көлеміне байланысты анықталады.
Шаруашылықта бас тоған жоқ болса, судағы жүзгінді заттарды тұндыру үшін тұндырма тоған құрады. Су осы жерде тұнады және сонымен бірге қыздырылып өндірістік тоғандарға беріледі.
Уылдырық шашу тоғандары. Уылдырық шашу, уылдырықтардың дамуы және дернәсілдерді ұстау үшін қолайлы жағдай тудыратын балықтардың көбеюіне арналған. Бұл тоғандар батпақтанбайтын, жер бедері тегіс, жұмсақ шалғынды өсімдіктермен жабылған топырақты жерде орналасуы керек. Тоғандарда төсеніш болмаған жағдайда оларға шабылған шөптерді себеді және жасанды уылдырық шашу орындарын құрады.
Бұл тоғандардың сумен қамтылуы және су жіберілуі тәуелсіз болуы қажет. Олар судан тез босайтын болуы керек. Сондықтанда тоған түбіне ені 0,4 м және тереңдігі 0,4 м су жібергіш арық құрады.
Уылдырық шашу тоғандарын басқа мақсаттарға пайдалануға болмайды, бұл шалғынды өсімдіктердің жоғалуынан және ауру пайда болуынан сақтайды.
Шабақтық тоғандар – уылдырық шашу тоғандарын және инкубациялық цехтан алынып отырғызылған дернәсілдерді өсіру үшін арналған. Бұл тоғандарда шабақтарды өсіру 15-18, кейде 40 тәулікке дейін созылады. Азықтық организмдер жақсы даму үшін шабақтық тоғандарға органикалық тыңайтқыштар енгізеді.
Өсіру тоғандары – уылдырық шашу және шабақтық тоғандардан алынған дернәсілдерді өсіруге арналған. Шабақтық өсіру тоғандарында вегетациялық кезеңнің соңына дейін ұсталынады. Бұдан кейін жас балықтарды қыстату, кейде жайылым тоғандарына жібереді. Өсіру тоғандарын батпақты жерлерге салуға болмайды, себебі бұндай жердегі табиғи балық өнімділігі төмен болады. Өсіру тоғандарын қолайлы болу үшін қыстату тоғандарына жақын орналастырады.
Қыстату тоғандары – балықтарды қыста ұстауға арналған. Бұл тоғандардың тереңдігі олардың олардың орналасқан аймақтарына байланысты. Оңтүстік аудандарда олардың тереңдігі 1,5 м аспайды. Су берілетін арықтардың қашықтығын қысқарту үшін оларды су жабдықтау көзіне жақын орнатады. Бұл қыстату тоғандарын қалыпты сумен жабдықталуын қамтамасыз етеді.
Қыстату тоғандарына қойылатын негізгі талаптар – отырғызылатын материалдармен ересек жасты балықтардың қыстауы үшін қолайлы жағдай тудыру. Бұл үшін үздіксіз ағыс көмегімен жақсы оттегі режимін қамтамасыз ету қажет. Су жабдықтау көздері оттегі мөлшері жоғары, қышқылдығы төмен, тұрмыстық қалдықтармен ластанбаған болуы керек.
Жайылып-семірту тоғандары - тауарлық балықтарды (асханалық) өсіруге арналған. Бұл категориядағы тоғандар шаруашылықта үлкен көлемге ие. Олардың көлемі жер бедерімен анықталады. Дегенмен пайдалануға ыңғайлы болуы үшін оларды 50-100 га көлемде құрады. Балық өсіру практикасында дәлелденгендей тоғандардың балық өнімділігі көп жағдайда олардың көлеміне байланысты болады. Әртүрлі қарқындату шаралар жиынтығын жүзеге асыруға оңай көлемі шағын тоғандардың аудан бірлігінен көбірек балық өнімін алуға болады. Шағын тоғандардың суы таяз болады, сондықтан оларды азықтық организмдер тобы жақсы дамиды. Тереңдігі үлкен тоғандар балықтардың қоректенуімен өсуіне қолайсыз, себебі, бұндағы су температурасы төмен және су қабаттарындағы оттегі мөлшері аз болып келеді.
Жайылым тоғандарын суды жіберген кезде толық құрғайтындай етіп жоспарлау қажет.
Аналық жаздық және қыстық тоғандар – аналық, аталық және толықтырғыш жас балықтарды жазда және қыста ұстау үшін арналған. Бұл тоғандардың көлемі аналық, аталық балықтардың мөлшеріне байланысты. Бұл категориядағы тоғандарды құру кезінде аналық табындармен толықтырғыш жас балықтар үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлген жөн.
Карантиндік тоғандар – ауру балықтарды немесе басқа шаруашылықтан әкелінген аналық, аталық және толықтырғыш балықтарды уақытша ұстауға арналған. Бұл тоғандарды шаруащылықтың ең соңғы жағына, қалған тоғандардан 20 м қашықтыққа орналастыру керек. Бұл тоғандардан суды тек залалсыздандырғаннан соң жіберу қажет.
Қапас тоғандар – бұларды күзде тірі балықтарды сақтау үшін және көктемде оларды таралымға жібергенге дейін уақытша ұстауға қолданады. Бұларды сондай-ақ көктемде аналық, аталық балықтарды уылдырық шашуға отырғызғанға дейін ұстауға және толықтырғыш материалдарды аналық тоғандарға отырғызғанға дейін ұстауға қолданылады.
Соңғы уақыттарда шаруашылықтар зауыттық тәсілмен өндіруге ауысуына байланысты көлемі 10-15 м2 болатын шағын инъекция жасар алдында ұстайтын тоғандар ұйымдастырады. Оларды гипофизарлық инъекциядан кейін де қолданады. Тоғандар инъекциялық цехқа жақын орналасуы қажет, ағысы жақсы және қажет кезде судан тез босайтын болуы керек.