Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аквакультура.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
196.1 Кб
Скачать

26 Билет

1 Сұрақ. Тоғандарды тыңайту тәсілдері

Тоғандардағы табиғи балық өнімділігі едәуір мөлшерде балдырлардың дамуымен анықталатын алғашқы өнім деңгейіне байланысты болады. Көп жағдайларда балдырлардың дамуын судағы биогенді заттардың жеткіліксіздігі тежейді. Бәрінен бұрын бұған фосфор және азот тұздары кіреді.

Тоғандардағы судың құрамы оның түпкі төсенішіне байланысты, яғни сумен су түбі төсенішінің арасында үздіксіз еріген заттардың алмасуы жүреді. Бір жағдайларда, фосфорлы және азотты қосылыстар судан су түбі төсенішіне жұтылса, кей жағдайларда, керісінше төсеніштен суға шығады. Қара топырақты жерде орналасқан тоғандарға көп мөлшерде өсімдікті организмдер үшін қажетті азот, фосфор тұздары келіп түседі. Осының арқасында тоғандарда азықтық организмдер болып табылатын көптеген балдырлар дамиды. Осымен байланысты құнарлы топырақты жерде орналасқан тоғандардың табиғи балық өнімділігі жоғары болады. Құнарлылығы төмен топырақты жерде орналасқан тоғандарда балық шамалы өседі, себебі бұл планктонды балдырлардың қоректенуі үшін қажетті тұздардың суда жеткіліксіз болуынан. Бұндай тоғандардың балық өнімділігін көтеру үшін минералды тыңайтқыштарды қолданады. Минералды тыңайтқыштарды енгізудің мақсаты – суды биогенді элементтермен қанықтыра отырып, балықтардың негізгі азығы зоопланктондармен бентостар үшін қорек болатын бактериялармен балдырлар түріндегі алғашқы өнімнің дамуын ұлғайту.

Органикалық тыңайтқыштардың құрамы күрделі болып келеді. Мысалы, қидағы экскременттер биохимиялық және физикалық процестерге әсер ететін күрделі органикалық заттарды ұстайды. әсіресе органикалық тыңайтқыштар топырақта болатын процестер үшін маңызды орын алады.

Олар топырақты қарашірікпен байытады (қарашірік немесе гумус – топырақ микробы арқылы өсімдік және жануар өлекселерінен пайда болатын күрделі органикалық заттар), оның құрылымын және буфферлік қасиетін жақсарта отырып, енгізілген минералдық тыңайтқыштардың тиімділігін көтереді.

Тыңайтқыштардың тиімділігі көптеген факторларға байланысты: су температурасына оның белсенді ортасына, оттегі және газ режиміне, тоған топырағына, оның құрылысына, түпкі тұнбасына, тоғандардың техникалық жағдайына, ауданына, тереңдігіне және жұмсақ және қатты су өсімдіктерінің өсу жағдайына.

Минералдық тыңайтқыштарды қарапайым және күрделі болып екіге бөледі. Минералдық тыңайтқыштарды енгізу су бейтарап немесе әлсіз сілтілі, су түбінің белсенді ортасы бейтарап немесе әлсіз қышқылды (рН 6,0 кем емес), судағы жоғары сатыдағы өсімдіктердің өсуі тоған ауданының 30 пайызынан көп болмаған жағдайда тиімді болмақ.

Фосфорлы тыңайтқыштар тоғанға қаңқаның қалыптасуы үшін қажетті фосфорды жеткізеді (фосфор балық қаңқасының 1/3 құрайды). Фосфор сүйек ұлпасының қалыптасуына қатыса отырып, май тәрізді заттармен көмірсу құрамына кіреді. Олар фитопланктондармен бактериопланктондардың клеткаларының құрылуы үшін қажет. Фосфор әсіресе балықтардың тіршілігінің алғашқы жылында олардың ішкі мүшелері қалыптасатын постэмбрионалдық дамуы кезінде қажет.

Азотты тыңайтқыштар. Азоттың едәуір бөлігі табиғатта бос күйінде кездеседі. Оның нитрат, нитрит және аммоний тұздары күйіндегі қосылыстарын тоғандардағы жасыл өсімдіктермен микроорганизмдер тұтынады.

Азот негізінен ақуыз құрамына кіреді. Бос молекулярлы азот өздеріне азотты жинақтайтын бактериялармен кейбір балдырлар организмінде сіңіріледі. Көптеген өсімдіктер мен микроорганизмдер минералдық қосылыстардың байланысы азотты қажет етеді. Тоғандар тыңайтқыш түріндегі азотты енгізу жолымен маңызды биогенді элементтермен тотығады.

Микробиологиялық процестер есебінен органикалық заттарға байыған су түбі тұнбасы тоғандағы азоттың негізгі көзі болып табылады, тұнбасы мол тоғандар қосымша азотты тыңайтқыштарды қажет етпейді.

Кальцилі тыңайтқыштар. Кальций барлық флора және фауна өкілдеріне қажет, былайша айтқанда қаңқа түзілуіне қатысады және тоған суымен топырақтағы физикалық, химиялық процестерге әсер етеді.

Негізінен әкті бәрінен бұрын органикалық заттарға бай, сазды топырағы бар, кальций жеткіліксіздігі жіті байқалатын тоғандарға енгізеді. Кальций қоры көп болған кезде тоғандарға әк енгізу суды стерилдей (микроорганизмдерді жою) отырып теріс әсер етеді.

Тоғандарды тыңайту үшін көмірқышқылды кальций (әк), ұнтақталған бор пайдаланылады. Кальцийлі тыңайтқыштар енгізу мөлшері аумаққа, топыраққа және белгілі жағдайларға (тоған суының сапасы, оның қышқылдығы) байланысты.

Батпақты жайылма жерде орналасқан, су рН-ы 5-6 тең тоғандарға әкті жылдық енгізу мөлшері га/5-8 ц құрайды, ал әлсіз батпақты топырақты жерлердегі су рН-ы 6-6,5 тең тоғандарға жылына га/4-5 ц әк енгізеді.

Органикалық тыңайтқыштар. Тоған шаруашылығында қолданылатын органикалық тыңайтқыштарға көң, компост және жасыл тыңайтқыштар жатады (жасыл тыңайтқыштар – бұлар бұршақ, сиыр жоңышқа, яғни бұршақ тұқымдас өсімдіктер) – (компост – шаруашылықтың әртүрлі қалдықтарының микроорганизмдер арқылы шіруінің нәтижесінде пайда болатын тыңайтқыш).

Балық өсіру практикасында органикалық тыңайтқыштар минералдық тыңайтқыштармен салыстырғанда ұзақ уақытқа қолданылады.

Тұнба қабаты шамалы өнімділігі аз құмды, сазды топырақты жерлерге органикалық тыңайтқыштарды енгізу минералды тыңайтқыштармен салыстырғанда үлкен нәтиже береді. Тоғандарға органикалық тыңайтқыштарды артық мөлшерде енгізу тоғандардың ластануына әкеледі, сондықтан оларды енгізу мөлшері мұқият есептелуі қажет.

Көң – органикалық тыңайтқыштардың кеңінен таралған түрі болып табылады. Былайша айтқанда ірі қара малдардың, жылқының, қойлардың шіріген көңдерін қолданады. Көңді тыңайтқыштарды тоғандарға жоғары сатыдағы су өсімдіктері жоқ кезде қолданған тиімді. Яғни тыңайтқыш олардың дамуын ынталандырады. Көңді әдетте тоғандардың таяз сулы жерлеріне енгізеді. Көңді енгізу мөлшері га/5-10 т.

Жасыл тыңайтқыштар – органикалық тыңайтқыштардың ішінен экономикалық тиімді түрі болып табылады. Шөптерді жағалау бойымен 30-50 метрдей ленте түрінде төсейді.

Жасыл тыңайтқыштар ретінде жоғары сатыдағы өсімдіктерді пайдалануға болады.

Өсімдіктерді тоғанның бір жақ жағалауына тастау ұсынылады. Тоғанның екінші жағалауы тыңайтқыштардан бос болады және оттегі режимі нашарлаған жағдайда ауыса алады. Біршама уақыттан кейін үйілген шөптер өздерінің оң әсерін тоқтатады да азықтық организмдердің даму қарқыны нашарлайды. Сондықтанда тыңайтқыш өз әсерін тоқтатпас үшін оған шабылған жас өсімдіктерді үстемелеп отыру керек.

Тоғандарды тыңайту кезінде өсімдіктердің тоғанға теріс әсерін тигізбеуін қадағалау керек. Оттегін тұтынатын бактериялар мөлшерінің көптеп артуымен әртүрлі газдардың бөлінуі соңында, оттегі мөлшерінің төмендеуіне әкеледі. Тыңайтқыш ретінде қолданылатын өсімдіктердің енгізілу мөлшері бір маусымда 3-6 т құрауы тиіс. Өсімдіктерді тыңайтқыш ретінде қолдану азық қорының дамуын қамтамасыз етеді және тоғанның балық өнімділігін екі есе көтереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]