Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аквакультура.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
196.1 Кб
Скачать

25 Билет

1 Сұрақ. Поликультура және қосымша түрлер.

1. Поликультура балық шаруашылығын қарқындатудың тиімді тәсілдерінің бірі болып табылады. Су қоймаларының табиғи азық қорын толығымен пайдалану және балық өнімділігін көтеру үшін балық шаруашылығында әр түрдегі және әр жастағы топ балықтарын бірге өсіру қолданылады.

Поликультуралық балық шаруашылығының тиімділігі мен артықшылығы келесідей негізгі жағдайлармен анықталады.

1. Барлық азық түрімен қоректенетін балықтардың өздері де су қоймаларының табиғи азық қорын толығымен пайдалануы мүмкін емес.

2. Азықтану кезінде бір-бірімен толығымен бәсекелес болатын қоректенуі бойынша бірдей балықтар болмайды.

3. Бір азық түрін қарқынды пайдалану балықтар қоректенбейтін азықтардың дамуына жанама әсер етуі мүмкін, соңында бұл пайда азықтық организмдердің өндірілуіне және су қоймасының өнімділігінің төмендеуіне әкеледі.

4. Қоректену спектрі қысқа кейбір түрлерді монокультурада өсіру кезінде су қоймасында сол түрдің тіршілік ортасын төмендететін гидробионттар көптеп дамиды.

5. Поликультура жағдайында балықтар табиғи азықтарды толығымен пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге өздерінің тіршілігі нәтижесінде су қоймасындағы өндірілу процестерін ынталандырады.

Балық шаруашылығын жүргізудің формасы ретінде поликультураның көп жылдық тарихы бар. Қытай және оңтүстік шығыс Азия елдерінің балық өсірушілері жоғары өнім алуға мүмкіндік беретін түрлі құрамды поликультура жасап шығарды. Қытайдағы тауарлық өндіріс қазіргі кезде тұщы сулардан өндірілетін барлық балық өнімінің 70%-ын құрайды.

Біздің елде тұқы балықтарымен басқа түр балықтарын бірге өсіру көптен белгілі. Тұқы балықтарымен бірге жергілікті жыртқыш және бейбіт балықтарды бірге өсіру айтарлықтай жақсы өнім бере алмады. Канал жайыны, буффало, ескектұмсық және өсімдік қоректі жаңа құнды балық түрлерін жерсіндіру балық шаруашылығындағы негізгі қарқындатушы фактордің бірі поликультураны жасап шығарды.

Поликультураға өсімдік қоректі балықтарды пайдалану су қоймаларында түзілетін алғашқы өнімнің едәуір мөлшерін жояды және экожүйемен маңызды биоэнергетикалық және шаруашылық қатынасты түзеді.

Әртүрлі өсімдік қоректі балықтардың поликультурадағы маңызы негізінен олардың азықтану сипатымен анықталады.

Ақ дөңмаңдай – микроскопиялық балдырлармен қоректенетін микрофаг. Бұлар жеткіліксіз болған жағдайда су қоймасындағы детриттермен қоректенеді. Олар детриттермен қоректене отырып су қоймасын тазартады және оның гидрохимиялық режимімен санитарлық жағдайын жақсартады. Ақ дөңмаңдайлар басқа балық түрімен тікелей азықтық бәсекеге түспейді. Сонымен қатар ақ дөңмаңдайларды тұқы балықтарымен бірге өсіру заң бойынша оң әсер етеді: өсу қарқыны жақсарады, өнімділігі жоғарылайды.

Шұбар дөңмаңдай – оның негізгі азығы зоопланктон. Зоопланктондар жеткіліскіз болса фитопланктондармен және детриттермен қоректенеді.

Дөңмаңдайлардың азықтану спектрі сүзу аппараттарының құрылысымен және су қоймасындағы азықтық организмдердің көмегімен сипатталады.

Ақ дөңмаңдайлар фитопланктондардың ұсақ түрлерін сүзуге, ал шұбар дөңмаңдайлар зоопланктондармен ірі балдырларды қабілетті.

Ақ амурлар судағы жоғары сатыдағы өсімдіктер-макрофиттермен қоректенеді. Бұлар биологиялық мелиоратор ретінде табылып су қоймасын өсімдіктер басып кетуден қорғайды.

Поликультура объектісі ретінде қара амурларды да атауға болады. Тоғандарды ұстау кезінде олар моллюскалармен басқа да су түбі организмдерімен қоректенеді. Поликультурада бұл балықтар тек кейбір паразиттердің аралық иесін жоятын биологиялық мелиоратор.

Өсімдік қоректі әр түрдегі балықтардың поликультурадағы маңызы климаттық бай-ры түрліше келеді. Оңтүстік аудандарда ақ дөңмаңдайлар басты орын алады (тауарлық өнімнің 70%), шұбар дөңмаңдайлар 20%-ын, ақ амурлар 10%-ын құрайды.

Орталық ендіктерде орналасқан шаруашылықтарда шұбар дөңмаңдайлардың маңызы үлкен.

Әртүрлі балық шаруашылықтары (тоғандық, пасбищті, индустриалды) қорғану сипаты және орта жағдайына бейімделгіштік қасиеті бойынша ерекшеленетін түрлі балық түрлерін қолдануды қажет етеді.

Поликультура объектілері буффаломен ақ дөңмаңдайларды қызылша ауруы бойынша қолайсыз шаруашылықтарда қолдануға болады.

Жылу мөлшері шамалы аудандарда поликультураның негізгі объектілері ақсаха балықтары болуы мүмкін. Қазіргі кезде пелядь балықтары кеңінен қолданылады. Оларды өсіру үшін ағынсыз тоғандарда жеткілікті. Егерде тоғандар ағынды болса, онда су жібергіш жүйелерге қорғау торлар орнату қажет.

Орталық аудандардағы зоопланктондарға бай су қоймасында тауарлық бір жылдықтарды өсіру кезінде пелядь балықтарының өнімділігі 1 га 150-200 кг құрайды.

Ақсаха тұқымдастардан поликультура объектісі ретінде ряпушка, рипус балықтарын қолдануға болады.

Поликультура балықтарды монокультурамен өсірумен салыстырғанда балық өнімділігін 2-3 есе арттыруға мүмкіндік беретін қарқындатудың күшті факторлары болып табылады.

Аралас отырғызу дегеніміз тоғандарға жастары әртүрлі бір түрдегі балықтарды отырғызу. Бұндай отырғызу тиімді болып келеді, себебі түрлі табиғи азықтармен қоректенетін бір түрдегі, бірақ жастары әртүрлі балықтар тоғандарының табиғи азық қорын толығымен тұтынады.

Жас тұқы балықтары негізінен планктонды және өс-ті формада қоректенеді, ал 2 жылдықтары бентостармен қоректенеді. Сондықтан бір тоғанда тұқының екі түрлік жастық топтарын өсіру азық қорын толығымен пайдалануға мүмкіндік береді.

Әртүрлі жастағы тұқы балықтарын аралас отырғызуды есептеу жайылым тоғанының биологиялық ерекшелігіне және сондай-ақ вегетациялық кезеңнің түрлі мерзіміндегі белгілі жастық топтардың қоректену сипатына байланысты. Сондықтанда аралас отырғызу тығыздығын есептеу кезінде келесі жағдайды ескерген жөн. Вегетациялық кезеңнің аяғында жас тұқы балықтары біртіндеп бентосты қоректенуге ауысады, яғни негізінен су түбі фаунасымен қоректенетін ересек жасты топтарға біршама бәсекелес болады.

Аралас отырғызуды тек табиғи азық қоры есептелген жайылым тоғандарында жүргізеді. Шабақтарды аралас отырғызу мөлшері жайылым тоғандарындағы бір жылдықтарының қалыпты отырғызу қатынасы бойынша 1:10 құрайды. Яғни 1 дана бір жылдық балықтарға 10 шабақтан келеді.

Аралас отырғызуды көп мөлшерде жеткіліксіздер байқалатын отырғызу материалдарын ұлғайту үшін қолдануы мүмкін. Бұндай отырғызуды жайылым, аналық және уылдырық шашу тоғандары бар балық шаруашылығында жүзеге асыруға болады. Яғни жайылып-семірту тоғандарын өсіру тоғандары ретінде қолдануға болады. Бұл жерде аралас отырғызу жолымен бір жылдықтары тауарлық салмаққа дейін және шабақтарды бір жылдықтардың стандартты салмағына дейін өсіреді. Бұл жағдайда бір жаздықтардың қыста ұсталуы қарастырылуы керек.

Күзде аулау кезінде екі жылдықтарды іріктеп алып, тауарлық балық ретінде айналымға жібереді, ал бір жаздықтарды қыстату тоғандарына отырғызады.

В.П. Шорков іріктеуші балық аулағыш құрылымын жасады. Әртүрлі жастағы балықтар (бір жаздықтар және екі жылдықтар) тоған түбіндегі су жібергіш арқылы тоғаннан сумен бірге шығып балық аулағыштың І бөліміне түседі. Су бұл бөлімнен су түсіргіш құрылғы арқылы арыққа кетеді, ал балықтар торда тұрып қалады. Жиналған балықтар көлемі едәуір ұлғайған кезде су ағынын күшейтеді, соның салдарынан балықтар І бөлімнен іріктеуші торға қарай жылжиды. Бір жаздықтар бұл іріктеуіш тордан еркін өтіп екінші бөлімге түседі. Ал екі жылдық балықтар тор бойымен жылжи отырып балық өткізгіш арқылы ІІІ бөлімге түседі. Бұл тәсіл арқылы бір жаздықтар және екі жылдықтар ешбір зақымданусыз әртүрлі балық аулағыш бөлімдерге түседі, бұл жерден оларды оңай аулап алады.

Қытайдағы тауарлық балық аулаудың деңгейімен тиімділігі поликультура әдісін қолданумен түсіндіріледі. Бұл негізінен өсімдік қоректі балықтардан құралған: ақ, шұбар дөңмаңдайлар, ақ амур. Әртүрлі климаттық аймақтарда поликультура құрамы және балықтарды отырғызу тығыздығы әртүрлі болып келеді. Мысалы, Вьетнамда маңызды орын алатын балықтар ақ және қара амурлар, ақ және шұбар дөңмаңдайлар, тұқы, мөңке. Тоғандарға азықтарды тек амур балықтары үшін енгізеді, ал қалған балықтар амур балықтарынан қалған азықтардың қалдықтарының және енгізілген тыңайтқыштардың әсерінен дамитын табиғи азықтар есебінен қоректенеді. Поликультура кезіндегі балық өнімділігінің шығымы монокультурамен салыстырғанда 2-3 есе артық болады. Индияда өсімдік қоректі балықтарды үнділік тұқылармен (катла, роху) бірге өсіреді. Бұл балық өнімділігін 1 га 10 тоннаға дейін көтереді. Израилде тұқы балықтарымен бірге тиляпия, кефаль, ақ дөңмаңдай балықтарын өсіреді. Поликультураның негізінен алынған өнімнің 60 пайызын алатын тұқы балықтары құрайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]