Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аквакультура.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
196.1 Кб
Скачать

1 Билет

1 Сұрақ. Аквакультураның даму тарихы.

1. Тұрғындарды құнды қоректік азықтармен қамтамасыз ету бойынша тапсырманы шешу кезінде балық етінің де маңызы зор. Осымен байланысты тұрғындарды тірі және балауса балықтармен қамтамасыз етуге қабілетті ішкі су қоймаларының ролі арта түсті. Балық қорын көбейту бойынша жұмыстар 2 бағытта дамуы қажет: 1. Балықтардың табиғи көбеюін жақсарту. 2. Балық өсіру кәсіпорындарында жасанды көбейту. Адамзаттың су қоймаларына әсерінің көбеюі нәтижесінде (өзен ағынын реттеу, өндірістің дамуы, т.б.) балық қорының табиғи өндірілуі қысқарды.

Табиғи су қоймаларындағы балық қорының өндірілуіне тиімді әсер беретін жинақты заттар келесілер: мелиорация, жаңа уылдырық шашатын орындар құру, өндірісті реттеу, балық өсіру кәсіпорындарында жас балықтарды өсіріп, оларды табиғи су қоймаларына босату, балық және азықтық организмдерді жерсіндіру, балық қорғау және т.б. шаралар. Ресейдегі жасанды жолмен балықтарды көбейтудің негізін қалаушы Владимир Павлович Врасский. Ол бахтах уылдырығын жасанды ұрықтандыру бойынша алғаш болып сынама өткізді. Оның ұсынысын одан әрі жасанды балық өсіру практикасында Малышев, Овсянников, Гримм, Арнольд, Солдатов, Державин, Казанский т.б. дамытып жалғастырды.

Қазіргі уақытта балық зауыттарында, балық питомниктерінде адамдардың бақылауымен және реттеуімен өндіргіш балықтарды ұстау, жыныс өнімдерін алу, уылдырықтарды ұрықтандыру, инкубациялау, дернәсіл және жас балықтарды өсіру жүзеге асырылады.

Балық өсіру шаруашылықтары өсіріп қана қоймай, олардың жайылып семіруіне көбірек қолайлы жағдаймен қамтамасыз ету үшін су бөліктеріне тиімді орналастырумен де айналысады.

Балық қорын өндіру бойынша ғылыми жұмыстарды жүргізумен балық зерттеу салаларының мамандары, академиялық және оқу орталықтары айналысады. Олардың алдындағы маңызды тапсырмалар: балық қорын өндіру бойынша жұмыстардың деңгейін көтеру; балық шаруашылық тиімділігін көтеруге мүмкіндік беретін үлкен зерттеу бағдарламаларын жүзеге асыру. Ендігі жерде балық қорын жасанды өндірудің негізгі тапсырмасы өзен, көл, су қоймалары, теңіздермен мұхиттарда балық қорын көбейту болып табылады.

Әлемдік балық шаруашылық дамуында соңғы 10 жылда аквакультура үлкен маңызға ие. Аквакультураның тарихы өте үлкен. Бірнеше ғасырлар бұрын Қытай шаруашылықтары суға толы күрішті алқаптарда балық өсірген, бұл кейіннен арнайы тоған шаруашылықтарын ұйымдастыруға әкелді. Балық көбейту және өсіру тәсілдері жайында айтатын аквакультура бойынша алғашқы кітапты 2,5 мың жыл бұрын Қытай балық шаруашылығының негізін қалаушы Фан Ли құрастырды.

Қазіргі аквакультураның дамуы соңғы 3 он жылдық ішінде көтерілді. Теңіздермен, мұхиттардың ресурстары шектеулі екені белгілі болды. Әлемдік мұхиттағы аулау объектілерін пайдаланудың өндірістік қарқыны 1970 ж. шегіне жетті.

Әлемдік мұхиттардың балық өндірістік аймақтарының негізгі шегі 45 млн. т. астам ауланған жер болып есептелінеді.

Аквакультура қазіргі кезде әлемдегі дамыған индустрия болып табылады. Соңғы кезде аквакультураның нәтижелілігі көптеген елдерді бірнеше есе өсті.

Қазіргі тауарлық балық шаруашылығы үш бағытта құрылып дамиды: тоғандық, индустриалдық және пасбищті. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері бар.

Үлкен аумақты ішкі тұщы сулардағы пасбищті аквакультураның мүмкіндігі өте үлкен. Шаруашылық екі типте құралған.

Біріншісі – бұл ірі көлдермен су қоймалары, екіншісі – аумағы бойынша шағын көлдермен су қоймалары; бұлардың мүмкіндігі жылына 1 млн. т. балықтан кем емес. Пасбищті аквакультураның сәтті дамуы көп жағдайда құнды балық түрлерінің отырғызу материалдарын өндіру мәселесін шешумен байланысты. Маңызды мәселелердің бірі ішкі су қоймаларын адамдардың әсер етуі есебінен ластануы болып отыр.

Индустриалды балық шаруашылығы аквакультураның жас бағыты болып табылады. Алғашқы қапасты және бассейнді жылы сулардағы шаруашылық 60 ж. төмен және 70 ж. жоғары құрылды. Қазіргі кезде энергетикалық және өндірістік объектілердегі жылы суларда 50 астам балық өсіру кәсіпорындары мен цехтары жұмыс жасауда. Олар құнды балық түрлерін, соның ішінде бекірелі балықтарды өсірумен айналысады.

Тоғандық шаруашылық тауарлық балық өндіру көлемі бойынша басқа бағыттар арасынан алдыңғы орында. Тоғандық шаруашылықтардың тауарлық балық өндіру көлемі 60%-дан асады.

Балық өндіру технологиясы балықтардың өсіп-дамуына жағдай жасалған арнайы тоғандарда жасалады: тиімді балық шаруашылығын жүргізу қысқа мерзім ішінде жоғары сапалы өнім беретін балық түрлерін көбейту негізінде құрылған. Тоғандық және индустриалдық балық шаруашылықтарын өндіріс орталықтарымен жергілікті пункттерге жақын орналастыру өнімді алыс қашықтыққа тасымалдауға және жергілікті тұрғындарды тірі және балауса балықтармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]