Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_po_NSES_na_kaz.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
635.9 Кб
Скачать

Сурет 9.4 – Өзара әсерлік анықтауыштар

Дәріс 11-12. Байланыс жолдарындағы сыртқы әсерлер

Қарастырылатын сұрақтар:

1 Сыртқы әсерлердің пайда болу көздері

2 кедергі келтіретін және қауіпті әсерлер

3 Сыртқы әсерлердің сипаттамалық ерекшеліктері

4 Атмосфералық электрдің әсерлері

5 Найзаның тиюінен кабельдің бұзылуы

6 Сыртқы әсерлерден байланыс жолдарының қорғалуы

Сыртқы әсерлердің пайда болу көздері мен классификациясы. Байланыс жолдарындағы сыртқы әсерлердің пайда болу көздері электр таратқыш жолдар, электрлендірген темір жолдар, әлуетті радиостанциялар, атмосфералық электр, индустриялық бөгеттер, электрлендірілген қалалық көліктер мен т.б.

Сыртқы әсерлердің сипаттамалары:

-үшінші тізбектің әсерге түсетін әсер етушілердің әр түрлі ұзындықтары;

-әсер етушілердің көзінің кіші өшулері.

Әсерлер қарқындылық деігейіне байланысты қауіпті және кедергі ететін болып бөлінеді.

Қауіпті әсерлер қызмет көрсететін қызметкерлердің өміріне қауіп төндіріп, құралдардың бұзылуына әкелуі мүмкін. кернеу мен ток қауіпті болып табылады.

Кедергі келтіретін әсерлер бөгеттердің, шулардың, бұрмаланулардың пайда болуы мен байланыс құралдарының қалыпты жұмыс істеуінің бұзылуына алып келеді; кедергі келтіретін болып кернеуі , тогы .

Сыртқы әсерлер ұзақ ( с) және қысқа уақыттық ( с) болып бөлінеді.

Сыртқы көздердің әсері тұрақты және де кездейсоқ болуы мүмкін.

Сыртқы әсерлер табиғатына байланысты металлдық кабельдер мен оптикалық кабельдерге әсер етеді.

Атмосфералық электрдің әсері. Атмосфералық электрдің қауіпті әсеріне әуелік және кабельды байланыс жолдары да түседі. Біздің мемлекеттің территориясында найзалар жер-жерде ғана байқалады, белгілі аймақтағы жылына найзалы күндер орташа 25-30 болып табылады.

Кабельдердің найзағайдан бұзылуының ықтималды саны бұзылу тығыздығымен сипатталады – кабельды жолдың жылына трассаның 100км-дегі жалпы байланыстағы жұмыс істемеу саны осы формуламен анықталады:

,

мұндағы Nкабельге найзағайдың түсуінің жалпы саны; KN бұзылулардың пайда болу периоды, жыл; Lтрасса ұзындығы, км.

Найзағайдың кабельге түсуінің бұзылулары келесілер:

- жоғары температура әсерінен қорғасынды қабықшаның еруі;

- изоляцияның, сыртқы метталды емес қабықшалардың күюі;

- кабельдің тарамының еруі;

- найзағайдың тура түсуінің 10м дейін арақашықтығы сыртқы метталды қабықшаның бұзылуы, майысулардың, бүгілулердің пайда болуы;

- кабель изоляциясының тесілуі.

Радиостанциялардың байланыс жолдарына әсері. Радиостанциялар жоғары жиілікті байланыс арналарына кедергілі әсер етеді, егер олардың жұмыс істеу жиілігі ЖЖ жүйенің диапазонымен сәйкес келетін болса.

БЖ-на радиостанцияның ұзын толқынды (30 – 300 кГц) және орташа толқынды (300 – 3000 кГц) диапазондар әсер етеді. Радиостанциялардың ең қуаттысы ұзақ арақашықтықта жұмыс істейтіндер болып табылады.

Радиостанцияға кедергі жасайтын әсерлердің деңгейлері келесі факторларға тәуелді:

- сәулелену радиостанцияның қуаты;

- БЖ мен радиостанцияның өзара орналасуы;

- жердің өткізгіштігі.

Симметриялы кабельдің радиостанциядағы жұмыс істеу аймағы 3,5 – 8 км болып табылады. Оның қабықша материялына тәуелділігіне байланысты коаксиалды кабельде - 3,5 км дейін, оптикалық кабельге радиостанция әсер етпейді.

Электр тарату жолдарының әсері. ЭТЖ тұрақты ток жолдары мен айнымалы ток жолдарына бөлінеді. ЭТЖ тұрақты тогының керенуі: 400; 500; 600; 800; 1000 кВ.

ЭТЖ айнымалы тогының кернеуі: 3,3; 6,6; 11; 35; 220; 500 и 750 кВ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]