Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Мамандану елінің тарихы БАТЫС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
682.5 Кб
Скачать

8 Тақырып. Хvіі-хviii ғғ. Және хіх ғасыр басындағы Франция

1. ХVІІ ғ. Францияда феодализмнің дамуы және абсолютистік монархияның орнауы. Людовик ХІV ғасыры.

2. ХVІІІ ғ. Францияда феодализм мен абсолютизмнің құлдырауы.

3. ХVІІІ ғ. Францияда ағартушылық. Революцияға идеологиялық дайындық.

4. Франциядағы консулдық билік және І империя.

Бурбон Генрих ІV (1589-1610) кезеңі. ХІІІ Людовик (1610-1643). Карднал Ришельенің реформалары. Францияның Отыз жылдық соғысқа қатысуы (1618-1648). Ришельенің «саяси мұрасы» - француз мемлекеттік дәстүрлерінің бастамасы. Француз абсолютизмінің шыңы – ХІV Людовиктің дәуірі (1661-1715). Патшаның шексіз билігі. ХІV Людовик. Версальдағы патша резиденциясы. Франциядағы сословиелік құрылысы. Буржуалар, шаруалар, қолөнершілер, жұмысшылар – «үшінші сословиенің» негізгі әлеуметтік топтары.

ХVІІІ ғ. француз абсолютистік монархиясы. ХV Людовик (1715-1774). ХVІІІ ғ. ортасындағы халықаралық қатынастардағы Франция – француз абсолютизмінің сыртқы саяси дағдарысы. Польша мұрасы (1733-1735) және Австрия мұрасы (1740-1748) үшін соғыс – европалық гегемонияға наразылықтың құлдырауы. Жеті жылдық соғыстағы Франция (1756-1763). Жеті жылдық соғыс кезіндегі француз колониалды саясатының дағдарысы.

ХVІ Людовик (1774-1792) және Мария-Антуанетта. Тюрго реформалары және оған наразылық (1774). Неккер реформаларының сәтсіздігі. Наполеон төнкерісінің себептері. Бірінші империя жылдарындағы Фрацияның экономикалық дамуы. Напалеондық соғыстардың және континенттік блокада жүйесінің Францияның экономикалық дамуына ықпалы. Империя жылдарындағы отарлық саясат: жеңістері және сәтсіздіктері. (1799). Жаңа қоғамның экономикалық негіздері. Нотабльдер. «Жаңа дворяндық». Қадірлі легион Орденінің құрылуы. Француз қоғамындағы жаңа өзгерістер және Бірінші империя дәуіріндегі Франциядағы рухани мәдениет. Наполеондық Францияның сыртқы саяси және әскери тарихы. 1799-1802 жж. – «табиғи шекаралар» үшін күрес. Екінші Итальяндық жорық және Амьен бітім. 1804-1810 жж. – «универсалдық империя» идеясының жандануы, әлемдік аренада бонапартизм қағидасының іске асыру әрекеті. Континенттік қоршау – геосаяси аспектілер. Ресейге жорық – империяның аяқталуының басы. Наполеонның бірінші тақтан тайдырылуы. Бурбондардың реставрациясы. «Жүз күн» және Наполеонның екінші тақтан тайдырылуы.

Негізгі әдебиет: 7-9,11,20,57,90,100,121,128,139,141,152

Қосымша әдебиет: 2,18,41,52,57,61,74-77,84,92

9 Тақырып. Хvіі-хviii ғғ. Еуропа континентінің ірі мемлекеттері: Германия, Австрия, Испания, Италия.

1. ХVІІ-ХVIII ғғ. Германияның бытыранқылығы, артта қалуы. Пруссия мемлекетінің қалыптасуы.

2. Австрия империясының құрылуы. ХVIII ғ. зиялы монархияның мемлекеттік реформалары. (Мария-Терезия, Иосиф II)

3. Испания отарлық империя жағдайдан Еуропаның әлсіз мемлекетіне айналуы.

4. Италия ХVІІ-ХVIII ғғ. бытыранқылық. Дін үстемігі. ХVIII ғ. ағартушылық.

Германия

1. ХVІІ-ХVIII ғғ. Германияның бытыранқылығы.

2. Қасиетті Рим империясы, онын конституциясы.

3. Діни жікшілдік және отыз жылдық соғыс, Германияның құлдырауы.

4. Бранденбург-Пруссия княздігінің Пруссия корольдігіне айналуы. Фридрих ІІ.

ХVІ-ХVІІ ғғ. Герман мемлекеттері. Жаңа заман қарсанындағы Қасиетті Рим империясының саяси картасы. Ішкі және сыртқы сауданың кеңейтілуі. Ганза батысы – солтүстік герман қалалар одағының экономикалық ролі мен саяси ықпалының біртіндеп азаюы. Аусберг және Нюрнберг оңтүстік неміс қалаларының экономикалық дамуы. Отыз жылдық соғыс. Вестфальдық әлем және Германияның жағдайы. Герман княждықтарындағы «абсолютизм ошағының» қалыптасуы. Бранденбург-Пруссиялық патшалықтың нығаюы. «Ұлы курфюрст» І Фридрих-Вильгельм (1640-1688). 1685 ж. Постдамдық эдикт және Пруссияның экономикалық өрлеуі. Юнкерлік жер иелену жүйесінің бекітілуі.

Пруссияның шекаралық кеңейтілуі және халықаралық сахнадағы ықпалының артуы. ІІ Фридрихтың зиялы абсолютизмі (1740-1786).

Австрия

1. Австрияның онтүстік Еуропа елдерін біріктіріп империяға айналуы.

2. Австрия империясындағы ұлт азаттық қозғалыстар. Венгрия, Чехия.

3. Австрияның Түркиямен соғыстары.

4. Австриядағы зиялы монархияның мемлекеттік реформалары.

ХVІ ғ. ортасынан бастап Орталық Еуропадағы Габсбургтердің ықпалының кеңейілуі. Қасиетті Рим империясындағы Габсбургтер әулеті (1438-1740). Габсбургтердің Еуропадағы гегемония үшін күресі және осман қаупі.

ХVІІІ ғ. Габсбургтердің монархиясы. Габсбургтер иеліктерінде әлеуметтік-экономикалық дамудың аймақтық ерекшеліктері. Сыртқы сауданы және колониалды экспансияны кеңейтудің әрекеттері. Мария Терезия (1740-1780) және ІІ Иосифтің (1780-1790) зиялы абсолютизм саясаты. Әкімшілік және әскери реформалар, аграрлық секторды реформалаудағы әрекеттері. Германизация саясаты.

Испания

1. ХVІІ ғ. Испанияның империясының құлдырауы және оның себептері.

2. Габсбург династиясының билеу кезені.

3. Испания мұрагерлігі үшін соғыс және оның нәтижесі.

4. ХVІІ ғ. екінші жартысындағы экономикалық өрлеу және мемлекеттік реформалары. (граф Аранда, Флорида Бланка).

ХVІ-ХVІІ ғғ. Испания католиктік империя. ХVІ ғ. басындағы Испанияның экономикалық және саяси бытыраңқылығы. ХVІ- XVII ғғ. екінші жартысындағы экономикалық жағдайдың нашарлуы. ІІ Карлдың (1665-1700) таққа шығуы және ішкі саяси өмірдегі өзгерістер.

XVIII ғ. басындағы Испаниядағы әулеттік дағдарыс және испандық мұра үшін соғыстың нәтижелері. Испанияда Бурбондар әулетінің орнығуы. Испанияның территориялық шығындары. Экономиканың күйзелісі және ішкі саяси дағдарыстың тереңдеуі. 1766 жылғы Мадридтегі халықтық көтеріліс. ІІІ Карлдың зиялы абсолютизм саясаты. Францияға саяси тәуелділігінің артуы.

Италия

1. Италияндық соғытардың кейінгі бытыранқылығы.

2. Италия тарихындағы Католик дінінің кері тартпалы ролі.

3. ХVІІІ ғ. Италияның экономикалық дамуының жаңдануы және ағартушылық идеялардың тарауы. (Ч.Бэккария)

ХVІІ ғ. Италияның саяси картасы. ХVІІІ ғ. бірінші жартысындағы халықаралық дағдарыстардың Итальян мемлекеттерінің саяси дамуына тигізген әсері. Солтүстік Италиядағы Испан ықпалының азаюы және Австрия позициясының нығаюы. Итальян мемлекеттеріндегі ағартылған абсолютизм саясаты. ХVІІІ ғ. екінші жартысындағы Ломбрадориядағы экономикалық және әлеуметтік-құқықтық реформалар. Тоскандағы патша Петр Леопольдтың (1765-1790) ағартылған абсолютизмі. Мемлекеттіліктің дамуы және «ағартылған абсолютизм» кезіндегі құқықтар. «Ұлы Тоскана герцогтігі үшін жаңа қылмыстық тәртіп (уложение)» (1786) – дәуірдің құқықтық ескерткіші. Чезаре Беккариа (1738-1794) қылмыстық құқық ғылымындағы «классикалық мектептің» негізін салушы. «Қылмыстар мен жазалау туралы». Джамбаттист Виконың (1668-1744) шығармашылығындағы мемлекеттік-құқықтық мәселелер.

Негізгі әдебиет: 29,39,74,121,126,140,157

Қосымша әдебиет:58,84,94