Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Мамандану елінің тарихы БАТЫС.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
682 Кб
Скачать

7 Тақырып. Екінші дүниежүзілік соғыс

Сұрақтар:

  1. 30 жж. екі соғыс ошағының құрылуы.

  2. Батыс Еуропа елдерінің келісімпаз саясаты. Мюнхен.

  3. Риббентроп-Молотов келісімі және оның құпия хаттамасы.

  4. Фашистік Германияның Польшаға шабуылы. «Таңқаларлық соғыс».

  5. Солтүстік және Батыс Европада фашистік агрессияның кеңеюі, күшеюі.

  6. Европада фашистік блоктың құрылуы. Балқан жарты аралындағы соғыс қимылдары.

  7. 1939-1940 жж. Кеңес-герман қарым-қатынастары. Германияның КСРО-ға шабуылы.

  8. Антигитлерлік коалицияның қалыптасуы және қызметінің негізгі кезеңдері

6. Оңтүстік-Шығыс Азияда жєне Тынық мұхитындағы (1937-1944жж.) соғыс қимыдары.

  1. ІІ ДЖС жылдарындағы Атлантика және Арктиканың теңіз коммуникациясы.

  1. Африкандық және Жерорта теңіздік соғыс қимылдарының сахынасы (1939-1943).

  2. ІІ ДЖС-ң күрт бетбұрысының мәселесі.

  3. Европадағы «жаңа тәртіп» Қарсылық көрсету қозғалыстары.

  4. Италияда одақтастардың түсуі және италияндық фашизмнің күйреуі.

  5. Екінші майданның ашылуы және Батыс Европада 1944-1945 жж. соғыс қимылдары.

  6. Фашистік Германияның тізе бүгуі. Потсдам конференциясы.

  7. Императорлық Жапонияны талқандау (1944- ж. аяғы- 1945 ж.)

  8. ІІ ДЖС-тың сипаты мен кезеңдері. Оның нәтижесі мен маңызы.

Тапсырма

1. Соғыстын алғашқы кезеңіндегі қалыптасқан жағдайды анықтау.

2. Герман-КСРО соғыс майданындағы шешуші шайқастарды талқылау және Ұлы Отан соғысына қазақстандықтардың қатысуына көніл бөлу.

3. Екінші майданды ашу жолындағы проблемалармен келіс-сөздер.

Негізгі әдебиет: 1-3,20,21,27,29,131,132,152,154

Қосымша әдебиет: 29,33,53,54,55,61,84,95,154

Әдістемелік нұсқау

1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және одан туған жаңа империалистік қайшылықтар. 1930 жж. халықаралық қатынастарға өзгеше желіс бергенін түсіну керек. 30 жж. басында жаңа соғыс ошақтарының ашылғанына жақтау керек. 1935 ж. бастап фашистік Германияның Версаль шарттарын бұзып, ашық соғыс ошақтарын бастағанын айта келіп, Ұлыбританияның билеуші тобының антикоммунистік тұрғыдан Германияға қарулануға көмек бергенін, Италия, Жапония агрессияларына қарсы дәйекті күрес жүргізгенін, Испаниядағы азамат соғысында “араласпау” сылтауымен фашистік мемлекеттердің Францияға көмектесуіне мүмкіндік бергенін фактілермен толтыра сипаттау керек. 1938 ж. бұл антикоммунистік саясаттың нағыз мәні Австрия және “Мюнхендік келісім” не болмаса латындық деп аталған оқиғаларға жан-жақты тоқтау керек.

1939 ж. соғыс қаупі туған жылы ұжымдық қауіпсіздік идеясын Ұлыбритания мен Франция, сол сияқты КСРО басшылығы да желеу қылып, бір-бірін кінәлап келісімге келе алмағанын айту керек.

КСРО-ның Германиямен Молотов-Рибентроп пактісін жасауы (1939 ж., тамыз) екінші “мюнхен” мәнінде соғысқа жол ашқан оқиға ретінде қаралуға тиісті.

Фашистік Германияның Польшаға шабуыл жасау алдында Германия өзіне қолайлы халықаралық ахуал жасағанына тоқталу керек. Ол үшін Мюнхен бітімін және екінші Мюнхенге айналған «КСРО-Герман» пактісінің құпия шарттарын еске түсіру керек. «Таңқаларлық соғысты» да осы тұрғыдан қарастырған жөн. Германия агрессиясы Батысқа қарай бет алғанда да, сол ахуал өзінің мәнін жоғалтпағанын ұмытпау керек. Мысалға, Франция тез арада тізе бүгуінің себебі, ол мемлекеттің басшылығымен мюнхеншілдер (не болмаса гитлершілдер) болғанын еске алсақ , 1940 ж. Оқиғалар мәні түсінікті болады.

Еуропада фашистік блок құрылып, оған Жапония қосылғанымен, Балқан түбегіндегі шайқастарда блок алғашқы қарсылыққа ұшырағанын (Югославия және Грецияда) баса айту керек.

1939-1940 жж. Кеңес-Германия қатынастарының, әсіресе, 1939 ж. Молотов – Рибберентроп пактісі, Польшаны бөліп-жарып, екі елдің жаулап алуы, Балтық және Шығыс Еуропаны КСРО-ның күшпен басып алуы, «мюнхен» сатқындығынан астам оқиғаға айналғаны, түбі Гитлердің «Барбаросса» жоспарына кірісуіне жол ашқан оқиғалар ретінде қарау керек.

Антигитлерлік коалицияның құрылуы және оның қызметінің кезеңдерінен құжаттардан фактілер келтіре отырып, соғыс оқиғаларының барысымен ұштастырып қарау керек. (1941-1942 жж., 1943,1944-45 жж.)

Екінші дүниежүзілік соғыстың алапаттық сипатын, халықтардың бостандығы мен өміріне төнген қатердің көлемін түсіну үшін, Оңтүстік-Шығыс Азия және Тынық мұхиттағы Жапония агрессиясына қарсы АҚШ және Британдық армия мен флоттың, Солтүстік Атлантика мен Арктика кеңістігінде байланыс тараптарын сақтап қалу және өзара көмек үшін (лендлиз) кескілескен шайқастар болғанын, сол сияқты Африка мен Жерорта теңізіндегі шайқастарды арнайы әдебиетті қолданып, соғыс барысына тигізген ықпалын, жауды жеңудегі үлесіне тоқтау керек. Бұл мәселе соғыс барысындағы түбегейлі бетбұрыс мәселесімен тығыз байланысты. (1942-1943 жж.) Бұл тек кеңес-герман майданындағы шешуші ұрыстар ғана емес, аталған майдандарда болған бетбұрыс оқиғалары деп түсіну ләзім. Бұл оқиғалар соғыстың сардарларының әдебиеттте аталған естеліктерінде нақтылы жазылған (Г.К. Жуков, Ф.Гудериан, В.Кейтель, К.Дениц т.б.)

Еуропадағы құлиеленушілікке ұқсайтын «жаңа тәртіп» және оған қарсы халықтардың қарсыласу қозғалысы соғыстың тағы бір басқыншылар болжамаған тарихи беттері. Егер мүмкін болса, қазақтардың қатысуын қосып баяндалса жақсы болады.

1943 ж. бастап, фашистік блоктың әлсіз буыны-Италияның күйреуі, Еуропада екінші майданның ашылуын және 1944-45 жж. соғыс оқиғаларын арнайы әдебиет материалдарынан хронологиялық кестемен және карта сызып баяндаған жөн. (тапсырманы студенттерге бөліп беру керек.).

Фашистік Германия капитуляциясы және Потсдам конференциясы құжаттарымен көркемделгені жөн.

Императорлық Жапонияның жеңілуі германдықтар үшін ауыр шайқастармен және үлкен зұлымдық іспен-Хиросимо және Нагасаки қалаларын атом бомбаларын тастап күйрету оқиғаларымен ерекшеленді. Студенттер бұл оқиғалардың мәнін, әсіресе себептері мен зардаптарын жақсы түсінуге тиісті.

Соғыстың оқиғаларын дәуірлеу мәселесін қарағанда тек кеңестік (1941-1945 жж.) оқиғалар ғана емес, басқа майдандарды, олардың маңызын ұмытпаған жөн.

Соғыстың сипатын тек империалистік деген анықтамамен шектеліп қана қоймай, тоталитарлық режимдердің қақтығысы, сонымен бірге, «үш әлемге» бөлінген өндірісті елдердің әлемдік билік, үстемдік үшін шайқасы болғанын сараптау керек.

Соғыстың нәтижесін фашизм мен империализмді күйрету тұрғысынан бағалай келіп, оның тарихи маңызын, көбінесе, әлем халықтарының емін-еркін дамуға мүмкіндік алғаны позициясынан бағалаған жөн.