Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Мамандану елінің тарихы БАТЫС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
682.5 Кб
Скачать

5 Тақырып. Ақш президенті ф.Рузвельттің

«жаңа бағыты»

Сұрақтар:

  1. 1930 жж. АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері. Президент Г.Гувердің кризиске қарсы саясаты және мемлекеттік-монополистік реттеулер саясатына көшудің алғышарттары.

  2. 1932 ж. Президент сайлау науқаны. Т.Д. Рузвельттің психологиялық-саяси бейнесі.

  3. Т.Д. Рузвельттің алғашқы «жүз күні». Қаржы жүйесін сауықтыру саясаты.

  4. «Жаңа бағыттың» әлеуметтік-экономикалық саясаты.

  5. 1936 ж. Сайлау және Рузвельт әкімшілігінің ішкі саясаты.

  6. Жаңа бағыт саясатының идеологиясы. Американдық қоғам және Рузвельттік прогрессизм.

Тапсырма

  1. 1929-1933 жж. экономикалық дағдарыстың себептерін зерделеу.

  2. Т.Д. Рузвельттің «жаңа бағыт» кезінде шығарған заңдарын оқып талдау.

Негізгі әдебиет: 1-3,20,21,27,29,131,132,152,154

Қосымша әдебиет: 29,33,53,54,55,61,84,95,154

Әдістемелік нұсқау

АҚШ президенті Ф. Рузвельттің «жаңа бағыты» қазіргі капитализм дәуіріндегі үлкен бетбұрыс болған оқиға: шексіз бәсекелестік пен жекешелік, индивидуализмнің мызғымас қамалы болып саналған АҚШ экономикасы бұрын-соңды болмаған дағдарысқа 1929-33 жж. ұшырағанда, сонымен байланысты әлеуметтік революция қатері төнгенде, Ф. Рузвельттің көп мағыналы, бүкіл қоғамдық қатынастарды қамтыған әлеуметтік-либералдық реформалары мен реттеулері капитализмнің негізін сақтай отырып, үлкен бетбұрысқа апарды. «Жаңа бағыттың» принциптері ХХ ғасырдың екінші жартысында бүкіл Батыс өркениетіндегі елдердің ішкі саясатының «барша игілігі» мемлекетінің негізіне айналғаны белгілі.

Мәселені түсіну үшін 1929-1933 жж. АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктеріне, оның неге апаттық сипат алғанын түсіну керек. Ол үшін бұл елдің ішкі өнеркәсіптік дамуындағы үздіксіз өндіріс пен бұқаралық сұраныс арасында үлкен алшақтық болғанын, әлемдік қаржы орталығына айналған АҚШ қаржы жүйесінде алыпсатарлық үрдіс орын алғанын, сыртқы саудада өзімшілдік байқалғанын саралау керек.

1932 жылғы президенттік сайлау науқаны кезіндегі сайыста ірі капиталдың өкілі, бұрынғы президент Г.Гувер көбінесе, мұқтажға ұшыраған халықтың Ф. Рузвельтті қолдағандығынан ұтылып қалған болатын. Байдың баласы болса да Рузвельт еңбекші бұқараның мұң-мұқтажын жақсы түсінетін адам болған болса, жеке өз басына түскен қиыншылықтарды (мүгедектік) жеңген асқан жігер мен қайраттың адамы болғанын жан-жақты суреттеуге болады. Оның аса шешілуі мінезі, мәселенің түп нұсқасын түсіне алатындығы, қажырлылығы оның президенттік қызметінің алғашқы «жүз күн» аталған дағдарыстың тереңдегені байқалды. Ол өндірістік қоғамның кіндіктік тұтқасы болып табылатын қаржы жүйесін тұйықтықтан шығарудан бастайды. Сонымен қатар, студент тап сол 100 күнде 11 ірі реттеу заңдары мен халықты мұқтаждықтан шығару істерін деректер негізінде, әдебиетті қолданып талдауы керек.

Жаңа бағыттың әлеуметтік реформаларының басты заңдары 1935 ж. шыққанын белгілі (зейнетақы тағайындау және әлеуметтік қызметесу-Вагнер заңы ) 1937 ж. Солшыл бетбұрыс, яғни, халықтың еңбек құқығын қорғау шараларын да саралаған мағыналы мәселелер.

Бұл мәселелер аясында өндіріс пен ауылшаруашылықтық басқарудағы, дағдарыстан шығар заңдары (НРА және ААА программалары) қарауға тиісті.

Осылармен байланысты қоғамдық жұмыстар ұйымдастырудың үлкен шаралары да айтылуға тиісті (көгалдандыру алқаптарын құру, Теннеси өзеніннің алқабын жаңарту, үлкен мемлекеттік объектілер салу т.б.)

1936 ж. сайлау асқан бәсекелестік пен талас, президенттің жауларының шабуылы, Рузвельттің халықпен кеңес жүргізіп ақылдасуы, халықтың демографиялық не болмаса, жартылай фашистік ұйымдар президентіне қарсы күрес жүргізген күрделі жағдай да айтылуға тиісті.

Осымен байланысты Рузвельттің жаңа бағытының идеологиялық астарын, оның буржуазиялық реформизмнен асып кеткенін, прогрессизмнің шарықтаған түрі екендігіне ерекше тоқталу керек.