
- •Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
- •5В020200 - Халықаралық қатынастар
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттері:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.6 Оқыту нәтижелері (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
- •1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8 Әдебиеттер тізімі
- •1.9 Баға туралы ақпарат:
- •Рейтинг-шкала
- •1.10 Курстың саясаты мен рәсімі
- •2. «Мамандану елдерінің тарихы (Батыс)» пәні бойынша оқу-әдістемелік мәліметтер
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Лекциялық сабақтар тезистері
- •1 Тақырып. Мамандану елдерінің (Батыс) тарихы пәнінің міндеттері мен кезеңдері
- •2 Тақырып. XVI ғасырдағы және XVII ғасырдың басындағы Германия
- •3 Тақырып. XVI ғ. -xvіі ғ. Бірінші жартысындағы Испания
- •4 Тақырып. XVI ғасырдағы және XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Италия
- •5 Тақырып. XVI ғасырдагы және XVII ғасырдың басындағы Англия
- •6 Тақырып. XVI ғасырдағы және XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Франция
- •7 Тақырып. XVII іі-ші жартысындағы XVIII ғғ. Англия
- •8 Тақырып. Хvіі-хviii ғғ. Және хіх ғасыр басындағы Франция
- •9 Тақырып. Хvіі-хviii ғғ. Еуропа континентінің ірі мемлекеттері: Германия, Австрия, Испания, Италия.
- •10 Тақырып. Францияда капитализмінің толық дамуы
- •11 Тақырып. Өнеркәсіп төңкерісі тамамдалған кездегі Англия. Виктория дәуірі
- •12 Тақырып. Рисорджименто дәуіріндегі Италия
- •13 Тақырып. Германия біріктіру дәуірінде
- •14 Тақырып. Ақш: Тәуелсіздік соғыстан азамат соғысына дейін
- •15 Тақырып. Хіх ғ. Соңғы ширегіндегі ақш
- •16 Тақырып. Хіх ғ. Соңғы үштігіндегі Ұлыбритания, Франция.
- •17 Тақырып. Хх ғасырды бірінші жартысындағы ақш
- •18 Тақырып. Хх ғасырды бірінші жартысындағы Ұлыбритания
- •19 Тақырып. Хх ғасырды бірінші жартысындағы Франция
- •20 Тақырып. Хх ғасырды бірінші жартысындағы Германия
- •21 Тақырып. Хх ғасырды бірінші жартысындағы Италия
- •22 Тақырып. Хх ғасырдың екінші жартысы ххі ғасырдың басындағы Солтүстік Америка елдері
- •23 Тақырып. Хх ғасырдың екінші жартысы ххі ғасырдың басындағы Ұлыбритания
- •24 Тақырып. Хх ғасырдың екінші жартысы ххі ғасырдың басындағы Франция
- •25 Тақырып. Хх ғасырдың екінші жартысы ххі ғасырдың басындағы Германия.
- •26 Тақырып. Хх ғасырдың екінші жартысы ххі ғасырдың басындағы Италия
- •2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
- •1 Тақырып. Хvіі ғ. Ағылшын буржуазиялық революциясы (1640-1660 жж.)
- •Әдістемелік нұсқау
- •2 Тақырып. Англияның Солтүстік Америка отарларында тәуелсіздік үшін соғысы және і революция. Ақш тың құрылуы.
- •Әдістемелік нұсқау
- •3 Тақырып. Ұлы Француз буржуазиялық революциясы (1789-1799 жж.)
- •Әдістемелік нұсқау
- •4 Тақырып. Ақш-тағы азамат соғысы
- •Әдістемелік нұсқау
- •5 Тақырып. Ақш президенті ф.Рузвельттің
- •Әдістемелік нұсқау
- •6 Тақырып. Испаниядағы революция және азамат соғысы
- •Әдістемелік нұсқау
- •7 Тақырып. Екінші дүниежүзілік соғыс
- •Әдістемелік нұсқау
- •8 Тақырып. Франция: іv Республикадан V Республикаға ауысу
- •Әдістемелік нұсқау
- •9 Тақырып. 1945-1970 жж. Еуропадағы интеграциялық процесс
- •Әдістемелік нұсқау
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
- •1 Тақырып. Ұлы жағрафиялық жаңалықтар және отарлық жүйенің қалыптасуы
- •2 Тақырып. Швейцариядағы Реформация. Еуропадағы феодалдық реакция және контрреформация
- •3 Тақырып. Еуропадағы абсолютизмнің тарихи мазмұны
- •4 Тақырып. Еуропадағы жаңа заман басталған дәуірдегі ірі әулеттер (патшалық) генеологиялық кестесі
- •5 Тақырып. Испан мұрагерлігі үшін соғыс
- •6 Тақырып. Австрия мұрагерлігі үшін соғыс және жеті жылдық соғыс
- •7 Тақырып. Тәуелсіздік үшін соғыс жылдарындағы халықаралық қатынастар
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •8 Тақырып. Наполеон соғыстары дәуіріндегі халықаралық құжаттар
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •9 Тақырып. Германияның бірігуі
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •10 Тақырып. Италиядағы Риссорджименто
- •11 Тақырып. Германия империясының конституциясы. 1871 жылы 16 ақпан
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •12 Тақырып. Еуропалық интеграцияның қазіргі кезеңі: Ортақ рыноктан Еуроодаққа ауысу
- •13 Тақырып. Германияның бірігуі
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •7 Тақырып. Франциядағы і империя және Наполеон соғыстары
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •8 Тақырып. 1871 жылғы Париж коммунасы
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •9 Тақырып. Герман социал-демократиясының революциялық күрес кезеңінде
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •10 Тақырып. Неоконсерватизм революциясы кезеңіндегі ақш-тағы екіпартиялық жүйе
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •2.6.1 Курс бойынша жазба жұмыстардың тақырыбы
- •2.7. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе.
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9 «Мамандану елдерінің тарихы (Батыс)» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Қысқартылған журнал аттары
- •Мазмұны
- •«Мамандану елдерінің тарихы (батыс)» пәні бойынша
- •5В020200 - Халықаралық қатынастар
Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Тарих факультеті
Бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы
«МАМАНДАНУ ЕЛДЕРІНІҢ ТАРИХЫ
(БАТЫС)»
пәні бойынша
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
5В020200 - Халықаралық қатынастар
мамандығы үшін
Қарағанды - 2012
Құрастырушы Аймахов Е.Н., аға оқытушы,
тарих магистры.
«Мамандану елдерінің тарихы (Батыс)» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешені 2006 жылғы мемлекеттік стандарт және 2007 жылғы типтік бағдарламаға сәйкес курс бағдарламасының, дәрістер тезисінің, семинар жоспарының және студенттердің өзіндік жұмыстарын жүргізу нысандарының және қажетті әдістемелік ұсыныстар мен әдебиеттер тізімінен құралды. Сондай-ақ өзіндік жұмыстардың тақырыптары, тест сұрақтары және емтихан сұрақтарынан тұрады. 5В020200-Халықаралық қатынастар мамандығы студенттері мен оқытушыларына арналған.
«Мамандану елдерінің тарихы (Батыс) пәні бойынша оқу - әдістемелік кешені. 5В020200-Халықаралық қатынастар мамандығы студенттері үшін. / Құрастырушы Аймахов Е.Н., аға оқытушы. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2012. -112 бет.
© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2012
1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
Аймахов Е.Н., аға оқытушы Бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасы.
1.2 Пән туралы мәліметтер:
«Мамандану елдерінің тарихы (Батыс)»
Барлығы 3 несие
Өткізілетін орны: № 3 корпус
Оқу жоспарынан көшірме:
Курс |
Семестр |
Кредит |
Лекция |
Семинар |
ОСӨЖ |
СӨЖ |
Барлығы |
Бақылау түрі |
3 |
5 |
3 |
30 |
15 |
45 |
45 |
135 |
Емтихан |
1.3 Пререквизиттері:
Таңдау бойынша компонент ретіндегі «Мамандану елдерінің тарихы (Батыс)» пәнін оқу барысында студенттер меңгеруі тиіс:
- маманданатын аймақ елдері тарихының кезеңдерін және хронологиясын менгеруі тиіс;
- аймақ елдерінің тарихы бойынша деректермен және тарихнамасымен танысу;
- басты тарихи оқиғаларды оқу;
- тарихи терминдер мен түсініктерді менгеру;
- маманданатын жекелеген елдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын қарастыру.
1.4 Постреквизиттері:
«Мамандану елдерінің тарихы (Батыс)» пәнін оқу барысында меңгеретін білім, дағды және шеберлік мамандықтың типтік оқу бағдарламасы бойынша негізгі және арнай пәндер мен таңдау бойынша пәндерді игеруге негіз болып табылады:
- Еуропа және Америка елдерінің тарихы;
- Маманданатын елдердің ғылым, білім және мәдениеті;
- Шетелдер тарихының дерекнамасы мен тарихнамасы;
- Азия және Африка елдерінің тарихы;
- Халықаралық қатынастардың жаңа және қазіргі заман тарихы
1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
«Мамандану елдерінің тарихы (Батыс)» пәні курсы басқа да бүкіләлем тарихы курстарымен қатар «Халықаралық қатынастар» мамандығында оқылатын таңдау бойынша пәндердің бірі болып табылады.
«Мамандану елдерінің тарихы (Батыс)» халықаралық қатынастардағы аталған аймақ елдерінің орны мен рөлін айқындайтын ғылыми және саяси зор маңызы бар және ежелгі кезеңнен бастап қазіргі заман кезеңін қамтиды.
Курс бойынша маманданатын елдердің тарихи дамуының негізгі кезеңдерін зерттейді, тарихи дамудың ерекше және жалпы сипаттарын айқындайды, бұл елдердің ежелгі, орта ғасыр, жаңа кезең және қазіргі замандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуын қарастырады.