
- •Фонетика саласын бекітуге арналған жаттығулар
- •ЛексиКа
- •Лексика саласын бекітуге арналған жаттығулар
- •Морфология
- •Септік жалғаулар
- •Көптік жалғаулар
- •Тәуелдік жалғаулар
- •Жіктік жалғаулар
- •Қосымшаны бекітуге арналған жаттығулар
- •Сөз таптары
- •Зат есім тудыратын жұрнақтар
- •Зат есімнің түрлерін бекітуге арналған жаттығулар
- •Сын есім тудыратын жұрнақтар
- •Сын есімнің шырайлары
- •Сын есімді бекітуге арналған жаттығулар
- •Етістіктің шақтары
- •Өткен шақ
- •Келер шақ
- •Етістіктің түрлері
- •Етістікті бекітуге арналған жаттығулар
- •Үстеуді бекітуге арналған жаттығулар
- •Шылаулар
- •Шылауды бекітуге арналған жаттығулар
- •Еліктеу сӨздер
- •Одағайды бекітуге арналған жаттығулар
- •Синтаксис сөйлем мүшелері
- •Сөйлем мүшелері
- •Сөйлем мүшелерін бекітуге арналған жаттығулар
- •Жай сөйлемді бекітуге арналған жаттығулар
- •Салалас құрмаластың түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлемді бекітуге арналған жаттығулар
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Сабақтас құрмалас сөйлемді бекітуге арналған жаттығулар
- •Пунктуация
- •Тыныс белгілерін бекітуге арналған жаттығулар
- •Стилистика
- •Стиль түрлерін бекітуге арналған жаттығулар
Қосымшаны бекітуге арналған жаттығулар
1-жаттығу. Берілген зат есімдерге көптік жалғауларды жалғап, 3 сөйлем құраңдар
Дос, көз, тас, өзен, көл, гүл, терезе, ұстаз, мектеп, құс, дала, ту, үй, шам, көше, тау, теңіз, аспаз, ай, қыз, ұл,.
2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларды жалғаңдар.
1. Күнпарақ.... ай аттары, күндер, апта атаулары, мерекелер кіреді. 2. Күнпарақ 365 күн... тұрады. 3. Бір жыл... он екі ай бар. 4. Бір апта... жеті күн бар. 5. Сен мектеп... қашан барасың? 6. Мен өз анам... жақсы көремін.7. Анар кітапхана... кірді. 8. Әжем... қолы жұмсақ.
3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауларды жалғаңдар.
1. Біздің ел... – бай әрі қуатты ел. 2. Отан – сенің ата-ана.... 3. Менің дос... адал. 4. Оның көйлег... әдемі. 4. Сендердің ел... тәуелсіз мемлекет. 5. Республика... ұлан-байтақ жерді алып жатыр. 6. Сенің міндет...- табиғатты қорғау. 7. Олардың табиғат... өте бай.
4-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауларды жалғаңдар.
Мен 7-ші сыныптың оқушысы.... 2. Ол- дәрігер.... 3. Сен мектепке келе... 4. Сіз қалаға бара... ба? 5. Біз жоғарғы оқу орынның студент....6. Сендер театрға бара.... ма ? 7. Сіздер асханада аспаз... ма?
5-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті жалағауларды жалғап, түрін ажыратыңдар.
Досым... қас... қара, көзі қарақаттай мөлдір. 2. Дәстүр бойынша қара шаңырақ кіші ұл... қалдырылады. 3. Сол түстік... суық жел соқты. 4. Асқар... мінез... жеңіл. 5. Бала... серуен... шығады. 6. Суық хабар... естіп, оның көңіл... бұзылды.
6-жаттығу. Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударып, тәуелдік жалғауында белгілеңдер.
Мой друг живет в соседнем доме. Наш двор большой и чистый. Твой дом находится далеко от школы. Их квартира находится на пятом этаже. Ваш город очень красивый. Ваши родители -добрые люди.
7-жаттығу. Берілген сөз тіркестерді қазақ тіліне аударып, олармен сөйлем құраңдар.
Мой учитель, 2. а ученик, 3. мамины глаза, 4. платье Амины, 5. наше государство, 6. он-летчик, 7. моему другу, 8. видел картину, 9. в нашей библиотеке, 10. в большом городе.
8-жаттығу. Сөз тіркестерді аударындар.
1. Город Джамбула. 2. Станция Айнабулак. 3. Улица Ерубаева. 4. Библиотечные книги. 5. Кабинет директора. 6. Очки мои. 7. Ручка двери. 8. Кавказкие горы. 9. Учительская комната. 10. Наша земля.
Сөз таптары
СӨЗ ТАБЫ |
СҰРАҚТАРЫ |
ЕРЕЖЕСІ |
ЗАТ ЕСІМ |
кім? не? кімдер? нелер? кімі? несі? |
Заттың атын білдіреді |
СЫН ЕСІМ |
қандай? қай? |
Заттың түрін, түсін, сипатын, көлемін т.б. |
САН ЕСІМ |
қанша? неше? нешінші? |
З-тың санын, ретін білдіреді |
ЕСІМДІК |
кім? не? қай? қайсы? қанша? неше?т.б. |
Затты атамай, көрсетеді |
ЕТІСТІК
|
не істеді? қайтті? не істейді? қайтеді? не істеп жатыр? |
З-тың ісін, қимылын, жағдайын білдіреді |
үстеу |
қайда? қашан? не себепті? қанша? қалай? не мақсатпен? |
Заттың қимылы мен ісінің мезгілін, жай-күйін, мекенін, сынның белгілерін күшейтіп көрсететін сөз табы |
ШЫЛАУ |
– |
Сөздерге жалғану арқылы қосымша мағына үстеп отырады |
ОДАҒАЙ |
– |
Көңіл-күйді білдіреді |
ЕЛІКТЕУ СӨЗ |
– |
Әр түрлі дыбысқа, құбылысқа еліктеу және олырдың бейнесін елестету мәніндегі сөз табы |
Зат есім
құрамына қарай |
дара |
1 сөзден тұрады. М.: балалар, мектеп |
күрделі |
2 немесе одан да көп сөзден тұрады а) біріккен. М.: белбеу; ә) қосарланған. М.: ата-ана; б) тіркескен. М.: бала бақша; в) қысқарған. М.: ҚарМУ |
|
жасалу жолына қарай |
негізгі |
Ешбір жұрнақсыз, түбір сөз. М.: мектепте, үйлер |
туынды |
Басқа сөздерге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім. М.: оқу+шы, таныс+тық |
|
мағынасына қарай |
деректі |
Көзге көрінетін, денеге сезілетін деректі зат.М.:қала, қарындаш, Айгүл |
дерексіз |
Көзге көрінбейтін, денеге сезілмейтін, тек ойша топшылап айтылатын зат. М.: ауа, арман, мінез |
|
жалпы |
Бірыңғай көп заттың жалпылама атын көрсететін зат есім. М.: ауыл, көше |
|
жалқы |
Бірыңғай көп заттың ішінен дараланған жеке нәрсенің арнаулы атын білдіретін сөз. М.: Қарағанды, Абай |
|
жанды |
Кім? кімдер? кімі? сұрақтарына жауап беретін сөздер. М.: аға, таныстар, әжесі |
|
жансыз |
Не? нелер? несі? сұрақтарына жауап беретін сөздер. М.: кітап, жәндіктер |