Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оку куралы казак тілі СОШ30.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.11 Mб
Скачать

Сөйлем мүшелерін бекітуге арналған жаттығулар

1-жаттығу. Берілген сөйлемдерде тұрлаулы мұшелерді табыңдар.

Теледидар өнерге, мәдениетке, халыққа қызмет етеді.Оның адам үшін пайдасы көп. Үлкеніміз де, кішіміз де теледидар алдында көп уақытымызды өткіземіз.Өкінішке орай, оның зиян жағы да бар.

2-жаттығу. Сөйлемдерде толықтауышты тауып, ол сөйлемде қандай сөз табы болып келетінін анықтау.

Әжесі немересін шақырды. Немересі әжесіне келді. Әжесі оған кәмпит берді. Немересі рахметін айтты. Олар бірге үйден шықты. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Бестен үш алғанда, екі қалады.Оспан ешкімнен қорықпайды.

3-жаттығу. Анықтауышты тауып, сөйлемде қандай сөз табына жататынын анықтау.

Бұл сөз оған қатты әсер етті.Олар оныншы сыныпта оқиды. Біздің ауыл өзен бойында орналасқан.Тәртіпті бала – ата-ананың қуанышы. Күн ыстық.

4-жаттығу. Пысықтауышты тауып, сөйлемде қандай сөз табына жататынын анықтау.

Кеше күн өте суық болды.Оқушылар емтиханға зор дайындықпен кірісті.Олар Отан үшін қаза тапты.Орта Азияда Қытайдың жібегі жоғары бағаланды.

5-жаттығу. Сөйлем мүшелеріне талдау жасаңдар.

1. Музыкалық аспаптар мұражайында болдым. 2.Мұнда домбыра, қобыз,сазсырнайды көруге болады. 3.Қазақстанда эстрада жұлдыздары көп. 4.Олардың әндерін бәріміз сүйсініп тындаймыз. 5.Қазақ халқының музыкалық мәдиниеті бай.

6-жаттығу.Сөйлемдегі дара бастауышты табыңдар.

1.Астана қаласы күн сайын көркейіп келеді. 2.Жалқаудың ертеңі бітпейді. 3.Біз кешке қарай қонаққа барамыз. 4. Бурабайдың табиғаты тамаша. 5. Қазақ халқы тәуелсіздікке жетті.

7-жаттығу.Сөйлемдегі күрделі бастауышты табыңдар.

1.Оқушылар сабақтан соң жиналысқа қалды. 2.Құрылыс жұмысы тез аяқталды. 3.Әміре Қашаубаев Парижде ән шырқаған 4.Әміре Семейде Абыралы деген жерде туған. 5.Ағаш аяқ жалғыз арша сияқты әндері орындалған.

8-жаттығу. Бес сөйлем құрап,сөйлем мүшелеріне талдау жасаңдар.

I-нұсқа

1. Сөйлемдегі дара бастауышты табыңыз.

А) Балалар тез үйлеріне кетті.

В) Ертең құрылыс жұмысы басталады.

С) Қазақ халқы тәуелсіздікке жетті.

D) Менің айтып отырғаным – ақыл.

Е) Еңбек еткен ер атанар.

2. Баяндауыш қандай сөз табынан

жасалғанын көрсетіңіз.

Нағыз теңіз романтикасы деген осы.

А) Зат есім. В) Одағай

С) Есімдік D) Үстеу.

Е) Етістік.

3. Тұрлаулы мүшелерімен бірге тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем қалай аталады?

А) жайылма В) лепті

С) сұраулы D) жалаң

Е) толымсыз.

4. Сөйлемдердегі бастауыш пен баяндауыштың арасын қойылған сызықшаны табыңыз.

А) Қарқаралы деген округтің әміршісі – Кұнанбай мен осы Майыр.

В) Алыс-берісіміз көп, ағайын адамбыз.

С) Ағаш арасын қаратса – жоқ.

D) Жұрт айтты-көне берді.

Е) Аяғы жоқ,-жүреді, аузы жоқ,-сөйлейді.

5. Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын көрсетіңіз.

Қымыз қандағы гемоглабинді көбейтеді.

А) есімдік В) етістік

С) сан есім D) зат есім

Е) сын есім

6. Сөйлем мүшелері мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

А) 3 В) 4 С) 5 D) 6 Е) 7

7. Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

А) Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсетін ағыналы сөздер және сөз тізбегі.

В) Сөйлем ішінде тиянақты ойды білдіреді.

С) Сөйлем құрауға негіз болатын бастауыш пен баяндауыш.

D) Қимыл-әрекеттің жай-күйін білдіреді.

Е) Баяндауыштағы іс-әрекеттің иесін білдіреді.

8. Сөйлемдегі анықтауыштың жасалу жолын белгілеңіз. Мектепте алты жүз бала оқиды.

А) Сан есім. В) Сын есім. С) Есімдік. D) Етістіктің есімше түрі. Е) Зат есім.

9. Күрделі бастауышы бар сөйлемді табыңыз.

А) Жалқаудың ертеңі бітпейді.

В) Олар тыным таппайды.

С) Ертең құрылыс жұмысы басталады.

D) Менің ауылым алыста.

Е) Біздің ауылдың табиғаты жақсы.

10. Толықтауыштың сұрақтарын көрсетіңіз.

А) кім? не? В) қайда? қашан?

С) қалай? қайдан? D) кімге? неге?

Е) не істеді? не істемек?

11. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін көрсетіңіз.

А) бастауыш, толықтауыш;

В) анықтауыш, баяндауыш;

С) бастауыш, баяндауыш;

D) анықтауыш, пысықтауыш;

Е) анықтауыш, баяндауыш.

12. Анықтауышы бар сөйлемді табыңыз.

А) Бұл өңірде мұнайдың сарқылмас қоры бар.

В) Сынып – тап-таза.

С) Гүлнар кітапты ұқыпты ұстайды.

D) Ол көңілді. Е) Саша мектепке келді.

13. Бірыңғай толықтауышты табыңыз.

А) Өмірді сүйген - өмірден орын табады.

В) Далба тауында атақты Бұқар жырау күмбезі бой көтерді.

С) Бозторғайлар жер бауырлай ұшады.

D) Ақан жастайынан әнге, өлеңге, домбыраға әуес болады.

Е) Тәрбие тілден басталады.

14. Баяндауыш нені білдіреді?

А) қимыл-әрекетті, оқиғаның болған шағын;

В) қимыл-әрекеттің иесін;

С) заттық мағынаны;

D) заттың сынын, сапасын;

Е) қимыл-әрекеттің мезгілін, мекенін.

15. Асты сызылған сөз қай сөйлем мүшесіне жатады? Олар 1991 жылы ғарышқа ұшты.

А) толықтауыш В) пысықтауыш

С) бастауыш D) баяндауыш

Е) анықтауыш

ІІ-нұсқа

1. Мына сөйлемнің баяндауышы қай сөз

табына жатады? Оқушылардың саны - отыз бес.

А) зат есім; В) етістік; С) сын есім;

D) сан есім; Е) үстеу.

2. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді табыңыз.

А) Ата-аналардың жиналысы болды.

В) Біз қызық кино көрдік.

С) Жаңа жыл келді.

D) Ертеңгі күнді ойла!

Е) Қар қалың түсті.

3. Сөйлемде бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын мүше не деп аталады?

А) анықтауыш В) пысықтауыш С) бастауыш

D) баяндауыш Е) толықтауыш

4. Айту – біздің парызымыз.

Мына сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың арасына қандай жағдайда сызықша қойылып тұр?

А) зат есім мен жіктік жалғауынсыз зат есім;

В) сан есім мен сан есім;

С) сын есім мен сын есім;

D) тұйық етістік пен зат есім;

Е) сілтеу есімдігі мен зат есім.

5. Кімнің? Ненің? сұрақтары қай сөйлем мүшесіне жатады?

А) пысықтауыш В) анықтауыш С) бастауыш D) баяндауыш Е) толықтауыш

6. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.

А) бастауыш

В) баяндауыш

С) толықтауыш

D) еліктеуіш

Е) есімше

7. Толықтауыш қызметіндегі есімдік қайсы.

Ол бізбен үнемі ақылдасады, кеңеседі.

А) Ол В) Бізбен С) Үнемі

D) Ақылдасады Е) Кеңеседі

8. Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.

А) Көрмес – түйені де – көрмес.

В) Көрмес түйені де – көрмес.

С) Көрмес түйені - де көрмес.

D) Көрмес түйені - де – көрмес.

Е) Көрмес – түйені де көрмес.

9. Тек тұрлаусыз мүшелерді атаңыз.

А) пысықтауыш, баяндауыш

В) бастауыш, баяндауыш

С) анықтауыш, толықтауыш

D) толықтауыш, бастауыш

Е) баяндауыш, анықтауыш

10. Еліктеу сөзден жасалған зат есім қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгілеңіз.

Оның құлағына гүріл естілді.

А) Баяндауыш.В) Бастауыш.С)Толықтауыш.

D) Пысықтауыш.Е) Анықтауыш.

11. Сызықшаның қойылу себебін белгілеңіз.

Жастар – біздің болашағымыз.

А) Бастауыш та, баяндауыш та - сан есім.

В) Бастауыш – есім, баяндауыш - есімдік.

С) Бастауыш, баяндауыш- сын есім.

D) Бастауыш та, баяндауыш та – зат есім.

Е) Бастауыш – есімдік, баяндауыш – сын есім.

12. Қашанғы? Қайдағы? – қай сөйлем мүшесінің сұрақтары?

А) пысықтауыш В) анықтауыш С) бастауыш

D) толықтауыш Е) баяндауыш

13. Сөйлемнің неше тұрлаусыз мүшесі бар

екенін белгілеңіз.

А) 4 В) 1 С) 5 D) 3 Е) 2

14. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді белгіле.

А) Жайылма

В) Атаулы

С) Жақсыз

D) Жалаң

Е) Күрделі

15. Есім сөзден болып тұрған баяндауышты сөйлемді тап.

A) Ауыл әлі ояна қойған жоқ еді

B) Дала тіршілігі енді басталды

C) Ол кеше кешкісін келіп еді

D) Елге баруға мүмкіншілігі жоқ

E) Ердің сыншысы - ел

ІІІ-нұсқа

1. Тек тұрлаусыз мүшелерді ата.

А) пысықтауыш, баяндауыш

В) бастауыш, баяндауыш

С) анықтауыш, толықтауыш

D) толықтауыш, бастауыш

Е) баяндауыш, анықтауыш

2. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған

зат есімді тап.

А) Күш - білімде

В) Әйгерімнің білегінде күміс білезік жарқырайды.

С) Бір досына шахмат сыйлады

D) Аулада гүл жайқалып өсті

Е) Терлемеген терең білмес

3. Үтір не үшін қойылған, дұрысын белгіле.

Құс қалықтайды, ұшады, сайрайды

A) Бірыңғай баяндауыш

B) Құрмалас сөйлем

C) Қаратпа

D) Қыстырма

E) Оқшау сөз

4. Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлем мүшесін көрсет.

А) Толықтауыш

В) Баяндауыш

С) Пысықтауыш

D) Бастауыш

Е) Анықтауыш

5. Пысықтауыштық қатынасты тап.

A) Былтыр тапсырды

B) Гүлденген аймақ

C) Сенің кітабың

D) Допты тебу

E) Әдебиет пәні

6. Дара толықтауышты тап.

A) Ол еңбек жолын енді бастады.

B) Ағам үй ішіндегілерге сәлем берді.

C) Қырық бесті он беске бөл.

D) Бейсен Жомартпен кейін кетті.

E) Олар су қоймасын аралады.

7. Қай сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың арасында дұрыс сызықша қойылғанын тап.

А) Жақсы ісімен – жақсы.

В) Қазақстан – ядросыз мемлекет.

С) Бұл үлкен – табыс.

D) Айту – біздің парызымыз.

Е) Алты жерде алты отыз – алты.

8. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А) Құттықтау қағазын алдым.

В) Әжем ауылға кетті.

С) Оған уақытты өткізу керек.

D) Сәби жылай бастады.

Е) Қоңырау соғылды.

9. Етістіктен болған баяндауышты анықта.

A) Айтпағым-осы

B) Абай кітапқа үңіледі.

C) Заман жастардікі

D) Біз жиырма төртпіз

E) Жүрісте, отырыста Құнанбай әлі тіп-тік

10. Сын-қимыл пысықтауышты тап.

A) Қазан маңында жабдықтар жатыр

B) Балық басынан шіриді.

C) Олар таудағы Торайғыр көліне тартты.

D) Күні бойы Досан үйден шыққан жоқ.

E) Жұрт әнге сүйсініп құлақ түрді.

11. Сын есімнен болып тұрған толықтауышты тап.

A) Жақсылық қасындағы үшеуге кезек – кезек қарады.

B) Бейсен Жомартпен кейін қайтты.

C) Әсетке әлденелерді айтып жатыр.

D) Ескіге жаңа өлшеуіш.

E) Білгенге жол бос.

12. Үстеудің қызметін анықта.

Жата-жастана қонуымызда өтінеді.

A) Толықтауыш

B) Пысықтауыш

C) Баяндауыш

D) Бастауыш

E) Анықтауыш.

13.Бастауыштың қимыл әрекетін білдіріп, онымен қиыса байланысатын сөйлем мүшесін тап.

A) Баяндауыш.

B) Айқындауыш.

C) Толықтауыш.

D) Пысықтауыш.

E) Анықтауыш.

14. Еліктеу сөзден жасалған зат есім қай сөйлем мүшесі болып тұрғанын белгіле.

Оның құлағына гүріл естілді.

A) Пысықтауыш.

B) Баяндауыш.

C) Анықтауыш.

D) Бастауыш.

E) Толықтауыш.

15. Есім сөзден болып тұрған баяндауышты сөйлемді тап.

A) Ауыл әлі ояна қойған жоқ еді

B) Дала тіршілігі енді басталды

C) Ол кеше кешкісін келіп еді

D) Елге баруға мүмкіншілігі жоқ

E) Ердің сыншысы - ел

СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ

СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ

ЖАЙ СӨЙЛЕМДЕР

ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМДЕР

ХАБАРЛЫ

СҰРАУЛЫ

ЛЕПТІ

БҰЙРЫҚТЫ

ТОЛЫМДЫ

ТОЛЫМСЫЗ

ЖАҚТЫ

ЖАҚСЫЗ

ЖАЛАҢ

ЖАЙЫЛМА

АТАУЛЫ

САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС

САБАҚТАС ҚҰРМАЛАС

АРАЛАС ҚҰРМАЛАС

Айтылу мақсатына қарай

Құрамына қарай

Құрамындағы жай сөйлемдердің байланысына қарай

ЖАЙ СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ

ТҮРІ

ЕРЕЖЕСІ

ХАБАРЛЫ

ХАБАРДЫ БІЛДІРЕДІ

СҰРАУЛЫ

СҰРАҚТЫ БІЛДІРЕДІ

ЛЕПТІ

КӨҢІЛ-КҮЙДІ БІЛДІРЕДІ

ЖАЛАҢ

ТЕК ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРДЕН ТҰРАДЫ

ЖАЙЫЛМА

ТҰРЛАУЛЫ, ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРІ БАР

ТОЛЫМДЫ

БАРЛЫҚ СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ БАР

ТОЛЫМСЫЗ

СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІНІҢ БІРІ ЖОҚ

ЖАҚТЫ

БАСТАУЫШЫ БАР; ЖОҚ БОЛСА, БАЯНДАУЫШЫ АРҚЫЛЫ ТАБУҒА БОЛАДЫ

ЖАҚСЫЗ

БАСТАУЫШЫ ЖОҚ, ТАБУҒА БОЛМАЙДЫ

АТАУЛЫ

ТЕК БАСТАУЫШТАН ТҰРАДЫ

18- жаттығу жұмысы

Мысалдар

Хабарлы сөйлем

Сұраулы сөйлем

Лепті

сөйлем

Бұйрықты сөйлем

1

Гүлдей бер, туған жерім

2

Тудың көгілдір түсі ненің белгісі

3

Допты хоккей мұз айдынында өткізіледі

4

Бар Шап Жиып кел тегіс

5

Геральдика дегніміз не

6

Ақша - асыл қазына, халық байлығы

7

Еліміздің рәміздерін құрметтеңдер

8

Жә тоқтат

9

Біздің туымызда не бейнеленген

10

Тілге құрмет – елге құрмет

11

Ел басының бағдарламасын қолдаймыз

12

Еліміздің бірлігі, ынтымағы нығая берсін

13

Астана – болашағы үлкен қала

14

Астана қаласында болдың ба

15

Мақсаттарыңды жүзеге асыра біл

16

Төбемізде желбірей бер, туымыз

17

Қазақ жері кенге бай

18

Уақытын мен күш-қуатыңды дұрыс жұмсай біл

19

Мемлекеттік тілді білуіміз керек

20

Кең далам Отаным

19- жаттығу жұмысы

түрлері

мысалдар

Жақты

сөйлем

Жақсыз сөйлем

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем

Толымды сөйлем

Толымсыз сөйлем

Атаулы сөйлем

1

Бұл жерге суға түсуге болмайды

2

Мен ауылға бардым.

3

Жаз. Қайнаған күн.

4

Жаңбыр қатты жауып тұр.

5

Қыста бұл жердің ауа райы өте суық болады.

6

Қыс. Аппақ қар.

7

Оның арманы орындалды.

8

Сабақ аяқталды.

9

Енді бізге оқымасқа болмайды.

10

Бүгінгі Түркістан – үлкен, әсем қала,

11

Той-думан болып тұрады.

12

Ертең қашан келесің?

13

Қабырғада сағат ілулі тұр.

14

Сабақ аяқталды.

15

Көк аспан.

16

Анасын баладан айыруға болмайды

17

Қорықта көптеген орман-тоғайлар бар.

18

Әр халықтың тарихында ерекше қадірлі жерлер бар.

19

Көкшетау маны.

20

Өзеннің жағасында көк ала қамыс.