
- •Фонетика саласын бекітуге арналған жаттығулар
- •ЛексиКа
- •Лексика саласын бекітуге арналған жаттығулар
- •Морфология
- •Септік жалғаулар
- •Көптік жалғаулар
- •Тәуелдік жалғаулар
- •Жіктік жалғаулар
- •Қосымшаны бекітуге арналған жаттығулар
- •Сөз таптары
- •Зат есім тудыратын жұрнақтар
- •Зат есімнің түрлерін бекітуге арналған жаттығулар
- •Сын есім тудыратын жұрнақтар
- •Сын есімнің шырайлары
- •Сын есімді бекітуге арналған жаттығулар
- •Етістіктің шақтары
- •Өткен шақ
- •Келер шақ
- •Етістіктің түрлері
- •Етістікті бекітуге арналған жаттығулар
- •Үстеуді бекітуге арналған жаттығулар
- •Шылаулар
- •Шылауды бекітуге арналған жаттығулар
- •Еліктеу сӨздер
- •Одағайды бекітуге арналған жаттығулар
- •Синтаксис сөйлем мүшелері
- •Сөйлем мүшелері
- •Сөйлем мүшелерін бекітуге арналған жаттығулар
- •Жай сөйлемді бекітуге арналған жаттығулар
- •Салалас құрмаластың түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлемді бекітуге арналған жаттығулар
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Сабақтас құрмалас сөйлемді бекітуге арналған жаттығулар
- •Пунктуация
- •Тыныс белгілерін бекітуге арналған жаттығулар
- •Стилистика
- •Стиль түрлерін бекітуге арналған жаттығулар
Лексика саласын бекітуге арналған жаттығулар
1-жаттығу. Мағыналары бірдей сөздерді теріп жазыңдар.
Сұлу, ашық, терең, әдемі, адам, оқушы, кісі, алыс, шәкірт, мұғалім, құрметті, ұстаз, қадірлі, ұстамды, бет, салмақты, келбет, шалғай.
2-жаттығу. Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді жазыңдар.
Ақ- Ашты- Төмен-
Биік- Тұрды- Алды-
Жуан- Кірді- Іші-
Ұзын- Алды- Алыс-
3-жаттығу. Берілген сөздердің бірнеше мағыналарын табыңдар, аударыңдар.
І-нұсқа. Ат: 3 - нұсқа. Ай: 5 – нұсқа. Жаз:
1. 1. 1.
2. 2. 2.
3. 3. 3.
2 - нұсқа. Қой: 4 – нұсқа. Бас: 6-нұсқа. Ара:
1. 1. 1
2. 2. 2.
3. 3. 3.
4-жаттығу. Берілген сөз тіркестер ішінен ауыспалы мағынада тұрған сөздің астын сызыңдар, сөйлем құрастырындар.
Көгілдір аспан, ашық мінез, өткір көз, тәтті қант, техника тілі, әдепті бала, қолы алтын, терең ой, жасыл шөп, қара іс, адал дос, ақ жүрек.
5-жаттығу. Берілген көп мағыналы сөздермен сөз тіркестерін құраңдар, сөйлем құрастырыңдар.
Үлгі: ашық күн, күн нұры.
Күн, ай, жүз, қара, бас, жаз, мақта, ара, сыр.
6-жаттығу. Көп нүктенің орнына тұрақты сөз тіркесінің мағынасын білдіретін сөздерді қойып жазыңдар.
Үлгі: Жұмған аузын ашпау - үндемеу.
Керекті сөздер: айқалау, күту, тону, келісу, ұйықтамау, қорқу.
1. Көз ілмеу - ... . 2. Төбе шашы тік тұру - ... . 3. Сөзге келмеу - ... . 4. Үйді басына көтеру - ... . 5. Екі көзі төрт болу - ... . 6. Тісі тісіне тимеу - ... .
7-жаттығу. Мағынасы қарама-қарсы сөздерді алмастырыңдар.
Үлкен қысқа
Дұшпан қара
Пайда қиянқы
Ақ дос
Ұзын зиян
Тәртіпті кіші
8-жаттығу. Төмендегі мақал-мәтел ішінен антоним сөздерді теріп жазыңдар.
Көз-қорқақ, қол-батыр. Ащы мен тұщыны татқан білер, жақсы мен жаманды жортқан білер. Кең дүниенің керегі жоқ, аяғындағы киімің тар болса.
9-жаттығу. Синонимдік қатарға кірмейтін сөзді табыңдар.
Ұнамды Қымбат Әдемі Алыс
Сүйкімді Үлкен Көрікті Аласа
Қадірлі Бағалы Құнарлы Қашық
Жағымды Құнды Сұлу Шалғай
10-жаттығу. Мәтіннен омоним сөздерді табыңдар, мағыналарын анықтаңдар.
Түс
Болып қалды түс,
Түсте тамақ іш.
Көрсең түнде түс –
Ол да қызық іс.
Енді арқамнан түс!
Жүгір құстай ұш!
Ақ, сары, көк – түс,
Бәрін қоссақ үш.
Қанша түрлі ұғым,
Біліп ағын інім!
(М. Қуандықов)
11-жаттығу. Төмендегі сөздердің тура немесе ауыспалы мағынада қолданылып тұрғанын ажыратыңдар.
Басың нешеу. Жарық бөлме. Өткір көз. Сары жапырақ. Терең ой. Техника тілі. Сары май. Жылы лебіз. Қара жүрек.
I-нұсқа
1. Антоним сөздерді тап. A) Шабу - ору B) Күлу - жылау C) Үлкею - басу D) Шайтан - пері E) Жанды - жақты 2. Синонимдерге қандай сөздер жататынын көрсет. A) Мағыналары қарама – қарсы сөздер B) Заттың түсін білдіретін сөздер C) Дыбысталуы әр түрлі, мағыналары жақын сөздер D) Адамның көңіл күйін білдіретін сөздер E) Заттың атын білдіретін сөздер 3. Тұрақты сөз тіркесін көрсет. A) Қас пен көздің арасында B) Қою қара сақалды C) Бері жібер D) Қара торы E) Ақ шұбар 4. Ауыспалы мағынаны көрсет. A) Тарамыс мықты болса, тігіс те мықты B) Тарамыс денелі, талдырмаш бала екен. C) Ескі мәсісін тарамыспен тігіп алды. D) Ешкінің кепкен сіңірінен тарамыс шираттым. E) Тарамыс- етік тігетін мықты жіп. 5. Синоним сөздер тізбегін көрсет. A) Төңірек, құрбы, мінез; B) Пысық, үлкен, ынта; C) Арман, асыл, әрең; D) Ескі, көне, ежелгі; E) жайдары, құрғақ, ақырын. 6. Қарама-қарсы мәнді сөзді тап. A) Қарт, қария B) Күндіз, түсте C) Жарық, қараңғы D) Тұлға, сымбат E) Тебіншек, шегіншек 7. Көнерген сөзді көрсет. A) Лашық B) Лашын C) Нарық D) Өрік E) Арық 8. Дефис арқылы жазылатын сөзді көрсет. A) Қызкеліншек B) Қонақжай C) Фотокөрме D) Шаңсорғыш E) Алтыбақан |
9. Тұрақты сөз тіркесін тап. A) Жұмған аузын ашпау B) Көпірден өту C) Қара торы қыз D) Мөлдір су E) Әдемі жазу 10. Антоним сөздерді тап. A) Сертшіл – Уәдешіл. B) Етек – Жеңі. C) Өлең - Ән. D) Ағызу – Тыю. E) Айында – Жылында. 11. Тура мағыналы сөздерді көрсет. A) Жылы жүзді. B) Жылы сөз. C) Жылқы жылы. D) Жылы өң. E) Су жылы. 12. Көнерген сөз қатысқан сөйлемді тап. A) Қымыз қасиетті асқа саналады. B) Қараша үйден ханша шығар. C) Айран, ірімшік, құрт – ұлттық тағамдар. D) Түйе сүтін емдікке пайдаланады. E) Биенің сүтінен қымыз дайындайды. 13. Дәйексөз анықтамасын тап. A) Төлеу сөз . B) Диалог. C) Мәтел. D) Мақал. E) Кез келген мәтіннен алынған үзінді . 14. Антонимдік жұпты көрсет. А) Әдейі – жорта В) Тоқпақ – қол ағаш С) Татуласу – жарасу D) Ащы – тұщы Е) Тынығу – жату 15. «Қазақ тілі - әрі бай, көркем тіл» деген кімнің сөзі, тап. А) К.Аханов В) М.Әуезов С) С.Мұқанов D) А.Құнанбаев Е) Б.Момышұлы
|
II-нұсқа
1. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз. А) Қара сиялы қалам. В) Қисық бұтақ. С) Қоңыр дауыс. D) Білімді оқушы. Е) Қызыл гүл. 2.Тура мағыналы сөзді табыңыз. А) Терезенің көзі. В) Жуан аулы. С) Істің төркіні. D) Адамның басы. Е) Жұмысқа мінез. 3. Эвфемизмді табыңыз. А) Ұрланды В) Табылмады С) Іздеді D) Қолды болды Е) Жоғалды 4. Диалект сөзді табыңыз. А) Алтын. В) Опан. С) Арық. D) Қарық. Е) Атыз. 5. Көнерген сөзді табыңыз. А) Мен Біржан күннен-күнге айқындалған, Көкшетау дуанына даңқым барған. В) Жер-жерге үндеухат жазылды. С) Үйге кеше ағайым келді. D) Басқарма мүшелерінің жиналысы болды. Е) Қарлығаштар әдемі ұя сала бастады. 6. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздердің атауын табыңыз. A) Омоним. B) Көп мағыналы. C) Антоним. D) Синоним. E) Фразеологизм. 7. Мақалдардан антоним сөздерді табыңыз. A) Бірлік, ынтымақ – байлық, бақ. B) Ынтымақ болмай, іс оңбас. C) Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын. D) Ел бірлігі – ел теңдігі. E) Әлін білмеген әлек. 8. Тұрақты тіркесті табыңыз. A) Аузымен орақ орған B) Ер есімі-ел есінде C) Рысжан баяндама жасады D) Еңсесі биік ел E) Кенесары егемендікті армандап еді.
|
9. Көнерген сөздерді табыңыз. A) Емхана, сұлтан. B) ауру, балгер. C) көнек,қауға. D) келбет, көрік. E) Тура жігіт – елге тіреу. 10.«Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі» мақалының түйіні неде, табыңыз. А) Батырлық. В) Ынтымақ. С) Егіншілік. Д) Денсаулық. Е) Ас, тағам. 11. Мақалды аяқтаңыз. «Жаңбыр жаумаса, Жер жетім, Басшы болмаса, …» A) Күн жетім. B) Ел жетім. C) Тау жетім. D) Сөз жетім. E) Жол жетім. 12. Синонимдер қатарын табыңыз. A) Бірінші-алғашқы. B) Белгілі-белгісіз. C) Пікір-саяхат. D) Баянды-сіңірген. E) Түбіне-басына. 13. Антонимді табыңыз. А) Соқтығыс – қақтығыс. В) Мандай алды – бетке ұстар. С) Нәтижелі – жемісті. D) Жомарт – сараң. Е) Жоламау – жуымау. 14. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Көз шырымын алды; В) Мен келдім; С) Мүмкін, келер; Д) Оқыған оқушы; Е) Меніңше, дұрыс. 15. Ауыспалы мағынаны көрсетіңіз. А) Үй тарлығынан қысылып отыр. В) Менің кішкене үйім сіздерге тарлық етер. С) Тарлық тірі жанға не істетпейді? Д) Аяқ киімің тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда? Е) Үйі тар болғандықтан, қонақ та шақыра алмады.
|
III- нұсқа
1. Көнерген сөзді табыңыз. А) Мен Біржан күннен-күнге айқындалған, Көкшетау дуанына даңқым барған. В) Қарлығаштар әдемі ұя сала бастады. С) Жер-жерге үндеухат жазылды; D) Үйге кеше ағайым келді. Е) Басқарма мүшелерінің жиналысы болды. 2. Антоним сөздерді табыңыз. А) Үстем - басым.; В) Ызақор - шақар.; С) Үздік - создық.; D) Жөндеу - бұзу.; Е) Ұялшақ - ұяң. 3. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Тарлан ат В) Аққан жұлдыз С) Тарихи мұражай D) Табанынан таусылу Е) Еңбекақы төлеу. 4. Сөйлемдерден омоним сөздерді табыңыз. А) Театрға жастар көп келді. В) Менің басым ауырады. Бас ауырса, дәрі ішу керек. С) Көктем ерте шықты. Ол көктемде ауылына барады. D) Бүгін кеш ояндық. Бүгін емтихан болады. Е) Кеш көңілді өтті. Қателігімді кеш. 5. Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз. А) Ұлы тау, тіл білімі. В) Өнер кәсіп, арамы адам. С) Баян ауыл, жәрдем беру. D) Бас қосу, қол басшы. Е) Күн бағыс, түйе құс. 6. «Тазалық – саулық негізі, Саулық – байлық негізі» мақалының түйіні неде, табыңыз. А) Батырлық. В) Ынтымақ. С) Егіншілік. Д) Денсаулық. Е) Ас, тағам. 7. Тұрақты тіркесті табыңыз. А) Қала мен ауыл арасы. В) Алты қанат ақ үй. С) Көпке тараған ән. D) Қас пен көз арасында. Е) Ел арасында.
|
8. Антоним сөздерді табыңыз. А) Үрпию - ербию. В) Қарау - көру. С) Тұнжырау - жадырау. D) Шабу - ору. Е) Жанды - жақты. 9. Синоним сөздерді табыңыз. A) Қала, ауыл B) Сабырлы, салмақты C) Жұмыр, жұпар D) Қазы, қазына E) Жақсы, жаман 10. Мақалды аяқтаңыз : Төзім мен еңбек - бәрін де ... А) толтырмақ В) айтпақ С) жеңбек D) үйренбек Е) апармақ 11. Төмендегі тұрақты сөз тіркесінің дұрыс аудармасын табыңыз. Не успеешь оглянуться. А) Көз көргені В) Көзді ашып жұмғанша С) Көзі ашылу D) Бір шоқып, екі қарау Е) Көз тоқтау 12. "Жаңа сөздер" сөзінің дұрыс аудармасын табыңыз. А) Крылатые слова В) Неологизмы С) Устаревшие слова D) Термины Е) Многозначные слова 13. Жазылуы мен айтылуы бірдей, мағыналары түрлі сөздер қалай аталады. А) Антоним В) Синоним С) Омоним D) Полиссимия Е) Фразеологизм 14. Архаизм сөзді табыңыз. A) Саяжай. B) Бетеге. C) Маржан. D) Адырна. E) Шаңырақ. 15. Диалект сөзді табыңыз. А) Алтын. В) Опан. С) Арық. D) Қарық. Е) Атыз. |
IV- нұсқа
1. Антоним сөзі бар мақал-мәтелді табыңыз. A) Ақылың аз, ашуың көп болса - қор боласың. B) Адал достық алтыннан да қымбат. C) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады. D) Ашуың келсе, қолың тарт. E) Татулық - табылмас бақыт. 2. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. A) Жонынан таспа тілу. B) Кішкене тарақ. C) Толықша келіншек. D) Жаңбырлы күн. E) Томағасын сыпыру. 3. «Қазақ тілі - әрі бай, әрі көркем тіл» деген кімнің сөзі, табыңыз. A) К.Аханов. B) М.Әуезов. C) С.Мұқанов. D) А.Құнанбаев. E) Б.Момышұлы. 4. Эвфемизмді табыңыз. A) Ұрланды. B) Табылмады. C) Іздеді. D) Қолды болды. E) Жоғалды. 5. Мақалды табыңыз. A) Құс аяған көкке қарар. B) Алтын алма, алғыс ал. C) Пішуіне қарай тігісі. D) Ит ашуын тырнадан алады. E) Үндемеген ит қабар. 6. Антонимдік жұпты көрсетіңіз. A) Әдейі - жорта. B) Тоқпақ - қол ағаш. C) Татуласу - жарасу. D) Ащы - тұщы. E) Тынығу - жату. 7. Синоним сөздерді жазыңыз. A) Ақылдасу, кеңесу B) Алды, арты C) Жүзік, алқа D) Бала, туыс E) Қой, ешкі 8. Омоним бола алмайтын сөзді табыңыз. A) Өзек. B) От. C) Кітап. D) Қазы. E) Орыс. |
9. Көп мағынаға ие бола алатын сөзді көрсетіңіз. Бәрін қойып, ашық әңгімеге кірісейік. A) Әңгімеге B) Қойып C) Кірісейік D) Ашық E) Бәрін 10. “Көзді ашып-жұмғанша” – тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз. A) Әдемі. B) Жай жүру. C) Лезде. D) Алыс жер. E) Момын. 11. Көнерген сөзді табыңыз. A) Өзі оңбаған ант ұрған. B) Ол жанын шүберекке түйді. C) Отаның мен халқыңа еңбек ет. D) Жақсылық ағаш басында, жамандық аяқ астында. E) Сексен түйе үстінде, Алтын жағлан орнаған. 12. «Рецензия» сөзінің анықтамасын табыңыз. A) Сынау. B) Мазмұндау. C) Ой түйіні. D) Шолу. E) Бағалау. 13. Тілімізде бар сөздерді біріктіру арқылы жасалған жаңа термин сөзді көрсетіңіз. A) Екібастұз. B) Сөйтіп. C) Бап. D) Атауыз. E) Әуежай. 14. Мақалды көрсетіңіз. A) Көптің құрығы ұзын. B) Ат тұяғын тай басар. C) Ақылы асқанды аға тұт. D) Құрғақ қасық ауыз жыртар. E) Ақ түйенің қарны жарылды. 15. Диалект сөздерді көрсетіңіз. A) Әдемі, көркем, сұлу. B) Шәугім, шаппа, меш. C) Өнеркәсіп, сым, леген. D) Айыр, күрек, тырма. E) Табан, бекіре, шортан. |
V -нұсқа
1. Мақалдың тақырыбын анықтаңыз. Білімді өлмес – қағазда аты қалар, Ұста өлмес – істеген заты қалар. A) Ерлік. B) Достық. C) Адамгершілік. D) Денсаулық. E) Өнер-білім. 2. Шешенге ең қажетті қасиетті табыңыз. A) Келісімпаз болу. B) Көп тіл білу. C) Сөзге тапқырлық. D) Көп сөйлеу. E) Өзін көрсету. 3. Синонимдік қатарды табыңыз. A) Біреу, кейбіреу, әркім. B) Келесі, ендігі, бұрынғы. C) Кенет, тосын, мүлде. D) Жақсы, тәуір, оңды. E) Көкшіл, көгілдір, жасыл. 4. Араб тілінен енген сөзді табыңыз. A) Бос, бер, жұлдыз. B) Бала, берік, жақсы. C) Әдемі, көркем, жаман. D) Ине, ер, сұлу. E) Емтихан, кітап, мұғалім. 5. Синоним сөздерді көрсетіңіз. A) Сынау, зерттеу. B) Таңдау, таныс. C) Несібелі, ырысты. D) Әңгіме, ертегі. E) Таңертең, түсте. 6. Антонимдік жұп қайсысы, табыңыз. А) Құмырсқа бел - жіңішке бел; В) Сәлем – сауқат; С) Бажа – абысын; Д) Аш – тоқ; Е) Аралас – құралас. 7. Біріккен сөзді көрсетіңіз. A) Жүз шақты. B) Өнерпаз. C) Анда - санда. D) Оқыған адам. E) Әнұран. 8. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз. А) Жонынан таспа тілу. В) Кішкене тарақ С) Толықша келіншек D) Жаңбырлы күн Е) Томағасын сыпыру |
9."Қуану" деген мағынаны білдіретін фразеологизмді көрсетіңіз. А) Жұмған ауызын ашпау В) Тас жүрек С) Бетінен от шығу Д) Жүрегі жарылу Е) Көз ілмеу 10. Мақалды аяқтаңыз. Ер қанаты - .... A) табандылық. B) ат. C) серігі. D) жылқы. E) қару. 11. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз. А) Қара сиялы қалам. В) Қисық бұтақ. С) Қоңыр дауыс. D) Білімді оқушы. Е) Қызыл гүл. 12. Тура мағыналы сөзді табыңыз. А) Терезенің көзі. В) Жуан аулы. С) Істің төркіні. D) Адамның басы. Е) Жұмысқа мінез. 13. Диалект сөзді табыңыз. А) Алтын. В) Опан. С) Арық. D) Қарық. Е) Атыз. 14. "Жаңа сөздер" сөзінің дұрыс аудармасын табыңыз. А) Крылатые слова В) Неологизмы С) Устаревшие слова Д) Термины Е) Многозначные слова 15. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз. A) Баласы өсті. B) Бұл ойды мен өсірген емеспін. C) Өсу жолы - бұл емес. D) Халық саны өсуде. E) Сен өсіріп сөйлеме.
|