
- •Фонетика саласын бекітуге арналған жаттығулар
- •ЛексиКа
- •Лексика саласын бекітуге арналған жаттығулар
- •Морфология
- •Септік жалғаулар
- •Көптік жалғаулар
- •Тәуелдік жалғаулар
- •Жіктік жалғаулар
- •Қосымшаны бекітуге арналған жаттығулар
- •Сөз таптары
- •Зат есім тудыратын жұрнақтар
- •Зат есімнің түрлерін бекітуге арналған жаттығулар
- •Сын есім тудыратын жұрнақтар
- •Сын есімнің шырайлары
- •Сын есімді бекітуге арналған жаттығулар
- •Етістіктің шақтары
- •Өткен шақ
- •Келер шақ
- •Етістіктің түрлері
- •Етістікті бекітуге арналған жаттығулар
- •Үстеуді бекітуге арналған жаттығулар
- •Шылаулар
- •Шылауды бекітуге арналған жаттығулар
- •Еліктеу сӨздер
- •Одағайды бекітуге арналған жаттығулар
- •Синтаксис сөйлем мүшелері
- •Сөйлем мүшелері
- •Сөйлем мүшелерін бекітуге арналған жаттығулар
- •Жай сөйлемді бекітуге арналған жаттығулар
- •Салалас құрмаластың түрлері
- •Салалас құрмалас сөйлемді бекітуге арналған жаттығулар
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Сабақтас құрмаластың түрлері
- •Сабақтас құрмалас сөйлемді бекітуге арналған жаттығулар
- •Пунктуация
- •Тыныс белгілерін бекітуге арналған жаттығулар
- •Стилистика
- •Стиль түрлерін бекітуге арналған жаттығулар
Одағайды бекітуге арналған жаттығулар
1-жаттығу. Берілген сөздердің ішінен еліктеу сөздерді тауып, түрін ажырытыңдар.
Әттен, тарс, ойпырмай, қисаң-қисаң, алақай, күрт, салдыр-гүлдір, сылқ, шіркін, ыржын-ыржын, жә, пәлі, жыбыр-жыбыр, қап, моһ-моһ, у-шу, мырс-мырс, бәрекелді.
2-жаттығу. Одағайды тауып, түрін ажыратыңдар.
Алақай! Наурыз мейрамы келді! Жә! Жетеді, жылама! «Шөре-шөре», - деген дауыс естілді. Қап, соны күшік кезінде атып тастау керек еді. Әттен, қазір жанымда әкем болғанда ғой. Шіркін, осындай аға менде де болса ғой.
3- жаттығу. Одағай сөздерді тауып, тыныс белгілерін қойыңдар, түрлерін ажыратыңдар.
1. Қап оны кеше алып қалу керек еді. 2. Пай-пай Арғымақ деп осыны айт. 3. Қазақтың даласы шіркін кең байтақ қой. 4. Жә тоқтат! 5. Алақай қандай қуанышты хабар!
4 жаттығу. Көңіл-күй одағайларды табыңдар.
Қап, ой, әттең, моһ-моһ, ах, апырай, апырмау, пай-пай, бәсе, бәрекелді, мә, тек, тіс-тіс, алақай, бәлем, әтеген-ай, шіркін, пәлі
5-жаттығу. Бейнелеуші сөздерді табындар.
Тырс, әттең, салп, қарқ, елең, кә-кә, тасыр-тұсыр, шыңқ, елең-елең, алақай, бәрекелді, апырай, салп-салп, гүрс, апырай, қап.
6-жаттығу. Одағайдың түрлерін мағынасына карай бағанға бөліп, мысал келтіріңдер.
7-жаттығу.Көп нүктенің орнына тиісті одағайларды жазыңдар.
1) ..., тісім ауырып тұр, қабылдай ма?
2) ..., Мына бөрік сізге керемет жарасады
3) ...! Сонда қалай болды?
4) ...! Жарайсын, Тура тигіздің ғой.
5)... Достар түгел жиналыпты.
8-жаттығу.Туынды және негізі одағайларды бағанға бөліп мысал келтіріңдер.
I-нұсқа
1. Көңіл-күй одағайын тап. А) Қап! В) ал С) құрау- құрау D) шөре-шөре Е) ойлан 2. Еліктеу сөзді тап. А) Құрау-құрау В) Гүр-гүр С) Әттең D) Жә Е) Қап 3.Шақыру одағайын тап. А) шөре-шөре В) әкел С) апар D) қап Е) алақай 4. Бейнелеуіш сөзді тап. А) Тарс В) Бәрекелді С) Жалт-жұлт D) Алақай Е) Шіркін 5. Көңіл-күй одағайын тап. A) Айт. B) Арман. C) Моһ-моһ. D) Алақай. E) Сөйтіп. 6. Әр түрлі мағынаға ие бола алатын одағайды көрсет. A) Әттеген-ай B) Тәйт C) Бәрекелді D) Паһ-паһ E) Алақай 7. Негізгі еліктеу сөзді тап. А) Қисаң-қисаң В) Жалт С) Күбірле D) Жымың-жымың Е) Елпең-елпең 8. Одағай сөзді тап. А) Ахмет, Ержанды шақыршы. В) Күлкінің иесі ақ сары қыз екен. С) Жарайды, тазалығыңа сендім. D) Мен саған мұны ақыл ретінде айтамын. Е) Шәге ғой, түйем, шөк-шөк. |
9. Еліктеу сөзді тіркесті көрсет. А) Сылқ-сылқ күлді В) Емін-еркін отырды. С) Мыңға жуық D) Әттең естімедім-ау Е) Ақырындап аттады 10. Шақыру одағайын көрсет. A) Цып – цып. B) Алақай. C) Қап. D) Бәрекелді. E) Тәйт 11. Әр түрлі мағынаға ие бола алатын одағайды көрсет. A) Әттеген-ай B) Тәйт C) Бәрекелді D) Паһ-паһ E) Алақай 12. Одағай сөзді тап. A) Бір топ адам, басы Жомарт болып, атқа қонды B) Ақсақал, тоқтаңыз C) Ол – ол ма, әңгіме одан да ұлғая түсті D) Жә, тоқтат, ақсақал E) Қысқасы, ақсақал, тоқтатыңыз 13. Бейнелеуіш сөзді тап. А) Тым-тырыс В) Апыл-ғұпыл С) Сылдыр-гүлдір D) Мырс-мырс Е) Тасыр-тұсыр 14. Тұлғасына қарай одағай түрін анықта. Қап, бәлем A) Тіркесті сөз B) Негізгі түбір C) Біріккен сөз D) Туынды түбір E) Қос сөз 15. Шақыру одағай қатысқан сөйлемді көрсет. А) Шынында, ол ауырды. В) Әжем сиырды «аухау- аухау» деп шақырды. С) Алақай, ағам келді. Д) Шіркін, мен ұшқыш болсам. Е) Ой! Сонда, қалай болды?
|
II- нұсқа
1. Көңіл-күй одағайын тап. A) Құру-құру. B) Тек. C) Жә. D) Әттең. E) Тәйт. 2. Бейнелеуіш сөз қандай сөздер қатарына жатады? А) Оқшау сөз В) Шылау сөз С) Омоним сөз D) Еліктеу сөз Е) Көп мағыналы сөз 3. Одағай сөзді тап. A) Шөге ғой, түйем, шөк-шөк. B) Күлкінің иесі ақ сары қыз екен. C) Мен саған мұны ақыл ретінде айтамын. D) Ахмет, Ержанды шақыршы. E) Жарайды, тазалығыңа сендім. 4. Жекіру одағайын тап. А) Паһ-паһ, неткен дауыс. В) Жә, жетеді енді. С) Зу-зу етіп өте шықты. D) «Шөре-шөре», - деген дауыс естілді. Е) Әттең, келшігіп қалды- ау. 5. Еліктеуіш сөзді тап. А) Қисаң-қисаң В) Тәйт С) Сарт-сұрт D) Қап Е) Ойпырмай 6. Дара одағайды табыңыз. А) Мәссаған В) Шөре-шөре С) Бәрекелді D) Жаракімалла Е) Беу 7. Дара еліктеу сөзді табыңыз. А) Ыржың-ыржың В) Жымың С) Зу-зу D) Жарқ-жұрқ Е) Шөре-шөре 8. Одағай қандай сөздер қатарына жатады? А) Еліктеу сөз В) Шылау сөз С) Мағыналы сөз D) Омоним сөз Е) Оқшау сөз
|
9. Туынды еліктеу сөз жасайтын жұрнақтарды тап. А) -аң, -ең, -ың, -ің, -ң В) -ғы, -гі, -қы, -кі, -к С) -ыс, -іс, -с, -ым, -ім, -м D) -ыра, -іре, -ғыр, -гір Е) -ың, -ің, -ң, -ыл, -іл 10. Өкіну мәнін білдіретін одағай қайсысы? А) Уау В) Әттең С) Тек D) Моһ-моһ Е) Қане 11. Қуану мәнін білдіретін одағай қайсы? А) Тарс-тұрс В) Жалт-жұлт С) Алақай D) Жә Е) Құрау-құрау 12. Одағай қатысқан сөйлемді тап. А) Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. В) Үй ішінде де майда самал ескендей. С) Көрсетпе! Тый көзіннің жасын! D) Япырау, қайда сол күндер? Е) Үлкен, өткір көзі жалт-жұлт етеді. 13. Дара одағайды тап. А) Шыр-шыр В) Шіркін С) Елпең-елпең D) Шөре-шөре Е) Ыс-ыс 14. Бейнелеуіш сөзді тап. А) Тым-тырыс В) Сарт-сұрт С) Салдыр-гүлдір D) Мырс-мырс Е) Желп-желп 15. Жекіру одағайын табыңыз. А) Қорс-қорс В) Әттең С) Қап D) Тек Е) Пәлі
|