Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оку куралы казак тілі СОШ30.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.11 Mб
Скачать

Мубаракова Г.Ш.

Алтайбаева Т.Қ.

Ибадуллаева Г.С.

Каиргельдинова М.Б.

Қазақ тілі

(орыс тілді мектептердің жоғары сыныптарына арналған)

Әдістемелік құрал

Қарағанды, 2011

Авторлар:

Мубаракова Г.Ш., №30 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Алтайбаева Т.Қ., №30 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Ибадуллаева Г.С., №25 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Каиргельдинова М.Б., №30 жалпы білім беретін орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі

Пікір білдірушілер:

Шакимова Д.Д., МББҚБА және ҚДИ ҚГББО кафедрасының аға оқытушысы;

Жакишева М.К., Қарағанды қалалық білім бөлімінің әдіскері

Қазақ тілі. Оқу құралы.

Оқулықта қазақ тілінің практикалық курсы – фонетика, лексика, грамматика, пунктуация, стилистика тұжырымдалып, толық орта білім деңгейінде беріліп отыр, оған қоса жаттығу түрлері, тест тапсырмалары енгізілген.

Мектеп оқушыларына, студенттерге, мұғалімдерге және қазақ тілін үйренуші көпшілік қауымға арналған.

Түсініктеме хат

Республикамыз егемендік алып, қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болғалы, қазақ тілін үйреніп, білуге жаппай бет алған шақта заман талабына сай оқулықтардың болуы қажет-ақ. Әсіресе, қазақ тілінің фонетикалық жүйесін, лексикалық құрамын, грамматикалық құрылысын практикалық жақтан әрі тұжырымды, әрі нақты түсінікті етіп баяндап, талдап беретін оқулық пен оқу құралдарының қажеттігі күмән тудырмаса керек.

Бұл көмекші құрал «Қазақстан Республикасында жалпы білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының» қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламаларына сүйене отырып дайындалды.

Оқулықта қазақ тіл білімінің барлық саласын қамтитын теориялық мәліметтер кесте түрінде берілген, әр тақырыптардан кейін сол мәліметтерді пысықтау, бекіту мақсатында жаттығу жұмыстары мен тест сұрақтары бар. Тест сұрақтарының дұрыс жауаптарының кілттері оқулықтың соңында орналастырылған. Әрбір қазақ тілін үйренуші сол кілттерге сүйене отырып жауаптарын тексере алады. Бұл көмекші құрал қазақ тілін үйренушілерге жүйелі түрде дайындалуға, бұрын алған білімдерін қайталап, нығайтуларына көмектеседі.

Бұл оқулық мектеп оқушыларына, талапкерлерге, студенттерге, мұғалімдерге, қазақ тілін үйренуші көпшілік қауымға тілді үйрену, игеру барысында қазақ тілінің фонетикалық жүйесінен, лексикалық құрамы мен негізгі стилистикалық сипатынан, грамматикалық (морфологиялық және синтаксистік) құрылысынан, сөзжасам жүйесінен толық орта білім береді деген үміттеміз.

ФОНЕТИКА

ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР

(тілдің қатысына қарай)

Тілдің қатысына қарай

ЖУАН

А, О, Ұ, Ы, И, У

ЖІҢІШКЕ

Ә, Ө, Ү, І, Е, И, У

ДИФТОНГ

Ю, Я (Д-ТЫДАН СОҢ)

Ё (ОРЫС ТІЛІНЕН ЕНГЕН СӨЗДЕРДЕ(Э))

жақтың қатысына қарай

Ашық

А, Ә, О, Ө, Е, У, Ю, Я

Қысаң

Ұ, Ү, Ы, І, И

еріннің қатысына қарай

Еріндік

О, Ө, Ұ, Ү, У, Ю

Езулік

А, Ә, Ы, І, Е, И, Я

ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР

(үн мен салдырдың қатысына қарай)

ҮНДІ

Й, Л, М, Н, Ң, Р, У

ҰЯҢ

Б, В, Г, Ғ, Д, Ж, З, Һ

ҚАТАҢ

П, Ф, К, Қ, Т, Ш, С, Х, Ц, Ч, Щ

(жасалу орнына қарай)

Ерін

б, м, п, (у)

Тіс пен ерін

в, ф

Тіс

з, с, д, т, ц

Тіл ұшы

л, н, ч

Тіл алды

ж, й, р, ш, щ

Тіл ортасы

г, к

Тіл арты

ғ, қ, х, ң

Көмей

һ

(айтылу, жасалу тәсілдеріне қарай)

шұғыл

б, г, д, й, к, қ, ң, п, т, ц, ч, һ

ызың

в, ф, ғ, ж, з, л, м, н, р, с, х, ш, щ, у

ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ТӘН ДЫБЫСТАР

Ә, Ө, Ү, І, Ұ, Қ, Ғ, Ң, Һ (ы)

БУЫН ТҮРЛЕРІ

ТҮРІ

ҚҰРЫЛЫМЫ

АШЫҚ

ДАУЫСТЫ; ДАУЫССЫЗ+ДАУЫСТЫ

ТҰЙЫҚ

ДАУЫСТЫ+ДАУЫССЫЗ

БІТЕУ

ДАУЫССЫЗ+ДАУЫСТЫ+ДАУЫССЫЗ

1- жаттығу жұмысы №2- жаттығу жұмысы

дыбыстар

жуан

жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік

дыбыстар

ұяң

ұяң

үнді

қатаң

1

Аа

1

п

2

Ұұ

2

ч

3

Ии

3

в

4

Оо

4

г

5

Ыы

5

Ф

6

Өө

6

р

7

Үү

7

т

8

Іі

8

л

9

Ее

9

б

10

Әә

10

к

11

О,ө

11

м

12

Ұ,ү

12

қ

13

И,ы

13

ғ

14

А,о

14

ш

15

Ә,ө

15

и

16

Ү,і

16

с

17

А,ұ

17

з

18

У,ө

18

д

19

Ұ,ы

19

у

20

Ө,ұ

20

ж

21

ы,и,і,е

21

н

22

о,а,ә,е

22

ц

23

а,о,ұ,ы

23

х

24

о,ө,ұ,ү

24

Һ

25

а,ә,е,и

25

г,д

26

ұ,ү,у,о

26

и,л

27

а,о,ә,е

27

к,т,с

28

ә,і,ү,и

28

р,л,ң

29

ө,е,ү,и

29

щ,х,ч

30

ы,і,е,ә

30

ф,ц,ш

3- жаттығу жұмысы

Мысалдар

Ашық буын

Тұйық буын

Бітеу буын

Аралас буын

1

өрт

2

Қант

3

терезе

4

қасық

5

оқушы

6

ант

7

мектеп

8

бірінші

9

тамаша

10

көз

11

мазмұн

12

ору

13

кішкене

14

аласа

15

ай

16

жаз

17

бағбан

18

тарс

19

ет

20

шананы

4- жаттығу жұмысы

мысалдар

Ілгерінді

ықпал

Кейінді ықпал

Тоғыспалы ықпал

Үндестік заңына бағынбайтын қосымша

1

Қыздар

2

Кітабым

3

Терезеде

4

Жанқожа

5

Күрегі

6

қағазбен

7

Тасжол

8

Анардікі

9

Кітаптар

10

Есжан

11

Бағдадта

12

Қашса

13

Мұраттікі

14

Көзқарас

15

көзбе-көз

Фонетика саласын бекітуге арналған жаттығулар

1-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті О, Ө, А әтіптерін қойыңдар.

...лжас, Б...лат, к...з, ...тан, с...з, у...қыт, с...здік, ...н..., ж...тығу, қ...л, ...сімдік, ...спан, Ерб...л, р...қмет, ж...қсы.

2-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптер қойыңдар.

1. Б, Г,Ғ ...алым, ...ала, тең...е, ...атыр, ...үлдер, ...асыр, ...ылым

2. Д, Ж,З ы...ыс, жа..., ...ала, ...аң, ...аңбыр, кө..., ...ос

3.К, Қ, Л ...асық, к...н, а...қа, қыр...үйе..., а...ма, ...онақ

4.М, Н, Ң те...ір, та...ерте..., а...а, ...ысық, ...ереке, тү..., ....ұғалі...

5.П, Р, С мей...ам, әде..., е...ік, қа...ық, мү...ін, ...ышақ, ...ахмет

3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптер қойыңдар.

1. Ө,О ...лке, ...мір, ...тын, т...р, с...здік, ...тан, к...мір, ....қушы, к...белек

2. Ұ,Ү т...н, к...міс, ж...ма, қырк...йек, қ....м. д...йсенбі, қ...с

3. А,Ә ...сем, ...на, ...ке, қ...ғаз, ...пке, с...уле, қ...нт, ...дебиет, қ...сық

4-жаттығу. Қазақ тіліне тән дыбыстардың астын сызыңдар.

Әлем, қонақ, өмір, көз, торғай, сөздік, дәптер, жиһаз, күнделік, теңге, ұғым, күміс, ең, қаһарман, мең, ағаш,ілгіш, әңгіме.

5-жаттығу. Сөздерді аударыңдар, буын түрлеріне бөліңдер (ашық буын, тұйық буын, бітеу буын).

Мать, отец, ребенок, город, степь, окно, месяц, день, язык, белый, сахар, земля, песня, соль, мед, ученик, птица, зима, весна, огонь.

6-жаттығу. Жіңішке дауысты дыбыстар және жуан дауысты дыбыстар бар сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар.

Жер, су, ән, жел, қар, бұлт, ана, әке, тіл, дәптер, ғалым, аспан, теңге, дыбыс, сөздік, бұршақ, жаңбыр, көл, шөп, сәрсенбі, тасқын, әдепті, жұлдыз.

7-жаттығу. Сөзерге тиісті жалғауларды жалғаңдар, аудармасын жазыңдар.

Астана (-да,- де,- та, -те), Тараз (-да,- де,- та, -те), Қанат (-да,- де,- та, -те), көктем (-да,- де,- та, -те), төр (-да,- де,- та, -те), институт (-да,- де,- та, -те), көше (-да,- де,- та, -те).

8-жаттығу. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жаса.

әріптес, сандық

9-жаттығу. Берілген сөздерді буынға бөліп, түрлерін ажыратыңдар.

Үлгі: Ға-лым – 2 буын. 1) ға-ашық буын. 2) лым – бітеу буын.

Ғарышкер, ұшқыш, жазушы, бөлме, темір, ойын, рақмет, қуаныш.

10- жаттығу. Берілген сөздердің ішінен кейінді, ілгерінді, тоғыспалы ықпалды тауып, үш бағанға бөліп жазындар.

Үлгі: ілгерінді ықпал кейнді ықпал тоғыспалы ықпал

Қаздар добы Досжан

Көзбен, Жүсіпбек, кітабы, терезелер, Жанқожа, кітаптар, Байқошқар, аңға, Есеналиевке, аяғы, Қазанқап, тарағы

І-нұсқа

1. Қазақ тіліне тән дыбыстарды тап. А) с, т, ш, а, о, қ, һ, м.

В) ұ, л, м, ң, и, с, һ.

С) ә, ө, ү, ұ, і, қ, ғ, ң, һ.

Д) и, к, л, м, н, ө, ң, ғ

Е) т, с, щ, с, к, ф, ұ, қ.

2. Қазіргі қазақ әліпбиі неше әріптен тұрады?

А) 32 В) 42 С) 47 Д) 38 Е) 24

3. Сөйлегенде ауаның дауыс шымылдығына кедергісіз, еркін шығуынан пайда болған дыбыстарды қандай дыбыстар дейміз?

А) дауыссыз

В) ашық

С) дауысты

Д) жуан

Е) жіңішке

4. Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?

А) еріндік, езулік

В) жуан, жіңішке

С) ашық, қысаң

Д) ұяң, үнді Е) қатаң, ашық

5. Қатаң дауыссыз дыбыстарды тап.

А) һ, ч, х, л

В) г, ғ, д, ж.

С) к, қ, т, с

Д) с, р, ч, һ.

Е) р, қ, ч, л

6. Қай сөздің жазылуы қате?

А) алабұға

В) әдет – ғұрып

С) ащы

Д) әзіл қалжың

Е) кептер

7. Ашық буынды тап.

А) өрт

В) қант

С) қала

Д) ұл

Е) сот

8. Ашық әрі езулік дауысты дыбысты тап.

А) а, ә, е

В) а, ә, о.

С) а, ә, ы.

Д) а, ә, і.

Е) а, ә, л

9. Дұрыс жазылған сөзді тап.

А) гүжілдету

В) гүл сабақ

С) гүмбүр гүмбір

Д) гууіл

Е) ащщы

10. Қазақ тіліндегі сөздердің біріңғай жуан не жіңішке буынды болып келуі қалай аталады?

А) буын үндестігі

В) дыбыс үндестігі

С) ілгерінді ықпал

Д) жуан дауысты дыбыс

Е) кейінді ықпал

11. Ілгерінді ықпал қай дыбыстардың арасында?

А) барсын

В) қолды

С) жүрегі

Д) сенбеді

Е) шалу

12.Түбір мен қосымша немесе сөздер аралығында қатар келген дыбыстардың кейінгісінің алдыңғы дыбысқа ықпал етіп, игеріп үндесуі қандай ықпал деп аталады?

А) ілгерінді ықпал

В) кейінді ықпал

С) тоғыспалы ықпал

Д) буын үндестігі

Е) дыбыс үндестігі

13. Қай сөз тасымалданбайды?

А) ғалым

В) сурет

С) от

Д) сабақ

Е) қиын

14. Қай сөздің жазылуы қате?

А) шауіл

В) шәлі

С) шерулі

Д) шенқұмар

Е) шашым

15. Буын үндестігі заңдылығын сақтамай тұрған сөзді тап.

А) еңбек

В) мұғалім

С) қағаз

Д) бала

Е) ана

ІІ-нұсқа

1. «Ю» әрпінің емлесіне байланысты дұрысын тап.

А) тойу

В) тоюу

С) тою

Д) тойуу

Е) тоиу

2. Ашық дауысты дыбыстарды тап.

А) ә, ы, і, е, и

В) а, ә, о, ө, е

С) а, о, ұ, ы, у

Д) а, ұ, ү, і, у

Е) о, ө, ұ, ү, у

3. Ашық дауысты дыбыстар қалай жасалады?

А) Тілдің қатысына қарай

В) Еріннің қатысына қарай

С) Езудің қатысына қарай

Д) Жақтың қатысына қарай

Е) Үн мен салдырдың қатысына қарай

4. Бітеу буынды сөзді көрсет.

А) көкбауыр, дүлдүл

В) жұлдызша, келсап

С) жүн – жұрқа, діндар

Д) тоңғақ, қаңтар

Е) кәмпит, оңаша

5. Буынға дұрыс бөлініп тұрған сөзді көрсет.

А) бұлт–ты-лық

В) бұл-тты-лық

С) бұ-лт-тыл-ық

Д) бұ-лт-тыл-ық

Е) бұ-лт-тылық

6. Ашық буынды сөзді тап.

А) ал

В) қала

С) қас

Д) ат

Е) етік

7. Тілімізде қанша дауысты дыбыс бар?

А) 19 В) 12 С) 26 Д) 27 Е) 15

8. Тұйық буынды сөзді көрсет.

А) қазаншы В) от

С) орақ Д) пайда Е) қызылша

9. Орфография бойынша дұрыс жазылған сөзді көрсет.

А) ыразы

В) ырза

С) риза

Д) ыриза

Е) ырыза

10. Тек бітеу буыннан тұратын сөз қайсы?

А) көркемде

В) бөлме

С) белгімен

Д) бөрткен

Е) балталы

11. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді тап.

А) Үйге

В) Ағаштікі

С) Талапты

Д) Мектепте

Е) Балалар

12. Тек ашық буынды сөзді көрсет.

А) Арман

В) Баламен

С) Қалаға

Д) Өрт

Е) Дәптер

13. Қазақ тілінде неше әріп бар ?

А) 37

В) 36

С) 41

Д) 42

Е) 25

14. Қазақ тіліндегі дыбыстар саны нешеу?

А) 37

В) 36

С) 41

Д) 42

Е) 25

15. А дыбысы қандай дауысты дыбыс ?

А) Жуан, ашық, езулік

В) Жуан, қысаң, езулік

С) Жіңішке, ашық, езулік

Д) Жуан, ашық, еріндік

Е) Қатаң, дауыссыз

ІІІ-нұсқа

1. Кейінді ықпалды көрсет.

А) Өзеннен өту.

В) Жұмыс шамасы.

С) Апамдікі.

Д) Ұрысқақ адам.

Е) пайдакүнем

2. Соңғы дыбысы үндіге аяқталатын сөзді көрсет.

А) Міндет.

В) Кенесары.

С) Қозы.

Д) Ағаң.

Е) Көрпеш.

3. Буынға дұрыс бөлініп тұрған сөзді тап.

А) Ба-сп-а-сөзд-ен.

В) А-лыс-тан.

С) Ша-ппа-шот.

Д) Нег-а-т-ив.

Е) Ал-ыс-тан.

4. Бірыңғай қатаң дауыссыз қатысқан сөзді көрсет.

А) Өп-өтірік.

В) Қос тігу.

С) Хош иісті

Д) Қолы ашық.

Е) Өсек-аяң.

5. А дыбысы қандай дауысты дыбыс ?

А) Жуан, ашық, езулік

В) Жуан, қысаң, езулік

С) Жіңішке, ашық, езулік

Д) Жуан, ашық, еріндік

Е) Қатаң, дауыссыз

6. Бітеу буынды сөзді көрсет.

А) Құстарға.

В) Дүйсенғали.

С) Келгенде.

Д) Дастарқан.

Е) Ана

7. Буын үндестігіне бағынбай тұрған қосымшалы сөзді көрсет.

А) Астананың.

В) Жігері.

С) Өсімтал.

Д) Жүрекке.

Е) Берекелі.

8. Ашық дауыстылы біріккен сөзді көрсет.

А) Жазғытұрым.

В) Жолбарыс.

С) Тасболат.

Д) Амангелді.

Е) Әділбек.

9. Буын түрлерінің саны.

А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5

10. Жуан дауыстылар.

А) о, т, ұ, е.

В) а, о, ы, у.

С) и, у, ұ

Д) ұ, ы, е, о.

Е) ұ, ү, у, з.

11. Қате жазылған сөз.

А) Класқа.

В) Донбасқа.

С) Грамы.

Д) Миллиграмдап.

Е) Металға.

12. Қай қосымша буын үндестігіне бағынбайды?

А) –ға, -ге, -қа, -ке.

В) –ды, -ді, -ты, -ті.

С) –мен, -бен, -пен.

Д) –лар, -лер.

Е) –дан, -ден, -тан.

13. Бірыңғай ашық дауысты дыбыстан тұрған сөзді көрсет.

А) Нілжан, Қанат.

В) Ләззат, Үміт.

С) Кәрім, Сәбира.

Д) Зәуре, Шолпан.

Е) Рәшит, Есет.

14. Бітеу буыннан құралған сөйлемді көрсет.

А) Ауылдағы жағдай қалай?

В) Қызмет, мансап көп жұрттан қалған.

С) Сатушы мен сатып алушы бәсекелес.

Д) Тексеріс әлі жүріп жатыр.

Е) Ықылас жасынан білімге бейім өсті.

15. Тек салдырдан жасалатын дыбыстардың атауы.

А) Үнді.

В) Ашық.

С) Қысаң.

Д) Қатаң.

Е) Жуан.

ІV-нұсқа

1. Ашық буынды сөзді көрсет.

А) Ор, өз.

В) Босаға, баға.

С) Зор, көл.

Д) Ық, ін.

Е) Бел, тау.

2. «Ұ» дыбысы қай сөзге жазылады?

А) Құтт...қт...у.

В) Жүйтк....

С) Б...ркіт.

Д) Т...нық.

Е) ...лкен.

3. Айтылуы бойынша жазылған сөзді көрсет.

А) Тұрсынкүл.

В) Жұмысшы.

С) Қара ат.

Д) Жаздыгүні.

Е) Сары ала.

4. Буын үндестігіне тән сөз.

А) Ізденімпаз.

В) Ғарышкер.

С) Балалық.

Д) Телефонмен.

Е) Дәріхана.

5. Қатесі бар сөз.

А) Қияқ.

В) Айуанат.

С) Тұйақ.

Д) Айуан.

Е) Қоян.

6. Қай дауысты дыбыс жіңішке, ашық, езулікке жатады?

А) Ұ В) Ә С) А Д) І Е) У

7. Тасымалдауға келмейтін қатар.

А) Ардақ

В) Жеңіс

С) 10 см.

Д) Қарағанды

Е) Семей

8. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөзді көрсет.

А) Оралқан .

В) Ақнұр.

С) Кіріптар.

Д) Дәурен.

Е) Фартук.

9. «Б», «ғ» дауыссыздардың жұп қатары.

А) ж, т.

В) қ, г.

С) с, з.

Д) п, қ.

Е) қ, б.

10. Езулік дауыстылардан жасалған сөзді көрсет.

А) Құлақ.

В) Күндізгі.

С) Әсемпаз.

Д) Орынбасар.

Е) Үндемейтін.

11. Ілгерінді ықпалды көрсет.

А) Құндыз.

В) Жай қалмау.

С) Өлке.

Д) Бүгін.

Е) Күлдіргі.

12. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшаны көрсет.

А) Көңілсіз.

В) Дүниеқор.

С) Талапты.

Д) Тағала.

Е) Ғажайып.

13. Бірыңғай бітеу буынды сөзді көрсет.

А) Ауру, емдеу.

В) Сырқат, арзан.

С) Әрқашан, кем.

Д) Дерт, сау.

Е) Бұрын, шапшаң.

14. Көп нүктенің орнына керекті дыбысты белгіле.

Құнд...з

А) и

В) ы

С) і

Д) а

Е) о

15. Үндестік заңына бағынбайтын сөзді көрсет.

А) Жартас.

В) Әпербақан.

С) Қоғамтану.

Д) Ұлбосын.

Е) Өнеркәсіп.

V-нұсқа

1. Көп нүктенің орнына қажетті әріпті қой.

...үрбі

А) г В) з С) п Д) с Е) д

2. Ашық буынды сөздерді тап.

А) Көзіме басылды.

В) кітап оқу.

С) Намысы күшті.

Д) Үйі жылы.

Е) Кәсіпкер болу.

3. Қай сөздің жазылуы қате?

А) шауіл

В) шәлі

С) шерулі

Д) шенқұмар

Е) шашым

4. «Қ» дыбысы қай буында, қандай буында тұрғанын анықта.

Байқа

А) 2-буын, тұйық

В) 1-буын, ашық

С) 2-буын, ашық

Д) 2-буын, бітеу

Е) 1-буын, тұйық

5. Дыбыс саны мен әріп санында айырмашылығы бар сөзді белгіле.

А) Кузбасс

В) Астана

С) Донбасс

Д) Тараз

Е) Съезд

6. Дұрыс тасымалданбаған сөзді көрсет.

А) Жү-рек.

В) А-тау.

С) Бау-ыр.

Д) Өз-ара.

Е) Жүде-у.

7. Сөз соңында кездесетін Б, В, Г, Д әріптеріне бітетін сөздерге қосымшаның жалғану тәртібі.

А) ұяң дыбыстар

В) үнді дыбыстар

С) қатаң дыбыстар

Д) жіңішке түрде

Е) түбір күйінде болады

8. Бітеу буыннан құралған сөйлемді көрсет.

А) Ауылдағы жағдай қалай?

В) Қызмет, мансап, көп жұрттан қалған?

С) Сатушы мен сатып алушы бәсекелес.

Д) Тексеріс әлі жүріп жатыр.

Е) Ықылас жасынан білімге бейім өсті.

9. Тек салдырдан жасалатын дыбыстардың атауы.

А) Үнді.

В) Ашық.

С) Қысаң.

Д) Қатаң.

Е) Жуан.

10. Тасымалданбайтын сөзі бар сөйлемді көрсет.

А) Мұқанның жасы қырық бестерге келген.

В) Осы адам үш жүз түрлі шөп жинады.

С) Дүниеде түрлі-түрлі адамдар кездеседі.

Д) Жасыңа, кәріңе саулық берсін.

Е) Қалаға барып, ескі достарына жолықты.

11. Орфоэпиясы бойынша берілген сөзді көрсет.

А) Құлын

В) Бұйрық

С) Төмен

Д) Күлдүргі

Е) Қамысбай

12. Тасымалдауға келмейтін қатарды көрсет.

А) жаңа

В) дәулет

С) жастық

Д) ара

Е) бағала

13. Тұйық буынды көрсет.

А) Сағат.

В) Нәзипа.

С) Түн.

Д) Ар.

Е) Белбеу.

14. Кейінді ықпалды көрсет.

А) Өзеннен өту.

В) Жұмыс шамасы.

С) Апамдікі.

Д) Ұрысқақ адам.

Е) Пайдакүнем.

15. Бірыңғай үнді дауыссыз дыбыс қатысқан сөзді тап.

А) Рақымды.

В) Жүздеген.

С) Дауылпаз.

Д) Емен.

Е) Қанағат.