
- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Семей геологиялық барлау колледжі
- •0704000 – «Пайдалы қазба кенорындарын барлау мен іздеудің геофизикалық әдістері» мамандықтарына арналған
- •Базалық (тірек) конспектілері
- •Семей қ.
- •Мазмұны
- •I бөлім Көне замандағы Қазақстан
- •II бөлім Орта ғасырлардағы Қазақстан
- •3 Бөлім Ресей империясының құрамындағы Қазақстан
- •4 Бөлім Кеңес өкіметі кезіндегі Қазақстан.
- •5 Бөлім Тәуелсіз Қазақстан
- •Орта палеолит (мустье, б.З.Д. 140-40 мың жыл)
- •Жоғары палеолит (б.З.Д. 40-12 мың жыл)
- •Неолит (б.З.Д. 5 мың- 3 мың жыл)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қола ғасыры (б.З.Д. II -I мың.)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Үйсіндер
- •Қангүйлер (Қаңлылар)
- •Ғұндар (Хунну)
- •Бақылау сұрақтары:
- •2 Бөлім. Орта ғасырлардағы Қазақстан
- •Түрік қағанаты (552- 603жж.)
- •Батыс Түрік қағанаты (603-704 жж.)
- •Тюркеш қағанаты (700-756 жж.)
- •Қағанаттардың шаруашылығы
- •Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Оғыз мемлекеті (IX - XI ғғ. Басы)
- •Қимақ қағанаты (IX - XI ғғ. Басы)
- •Қарлұқтардың, оғыздардың, қимақтардың шаруашылығы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қараханидтер мемлекеті (942-1210 жж.)
- •Қыпшақ хандығы (XI ғ. Басы-1219 ж.)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Наймандар мен керейлер мемлекеті (XII ғ.)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Моңғол шапқыншылығы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қазақстан Моңғол империясының құрамында
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда
- •Моғолстан (1346-1514 жж.)
- •Әбілхайыр хандығы (1428-146жж.)
- •Ноғай Ордасы ( XIV-xVl ғғ. Аяғы)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •3 Бөлім. Ресей империясының құрнамындағы Қазақстан.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қозғалыстың Жетісудағы орталығы
- •Қозғалыстың Торғайдағы орталығы
- •Саяси партиялар
- •Бақылау сұрақтары:
- •Кеңестер билігінің Қазақстанда орнауы
- •Бақылау сұрақтары:
- •4 Бөлім. Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстан.
- •Партизан соғысы
- •Соғыс жылдарындағы экономикалық саясат
- •Қазақ акср құрылуы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жаңа экономикалық саясатқа көшу
- •Аштыққа қарсы күрес
- •Жэс қиындықтары мен жетістіктері
- •Қазақ акср құрамында қазақ жерлерінің бірігуі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Қазақстанның индустриализациясына бетбұрыс
- •Индустриализацияны жүзеге асыру
- •Қазақстандағы индустриализацияның ерекшеліктері
- •Индустриализацияны жүзеге асырудағы жұмысшы кластың ролі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тақырып 4.4.: Тоталитарлы жүйенің күшеюі кезеңіндегі Қазақстан.
- •Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру
- •Жаппай ұжымдастыру саясатына шаруалар мен керстьяндардың наразылығы
- •Ересек адамдардың сауатсыздығын жою (ликбез)
- •Халықтық білім беру
- •Кәсіптік білім беру мен Қазақстан зиялыларының қалыптасуы
- •Қазақ кеңес өнерінің қалыптасуы
- •Бақылау сұрақтары:
- •Гитлерлік фашизмнің әскери жоспарлары
- •Қазақстан экономикасын әскери қалыпқа қайта құру
- •Мәскеу үшін шайқастағы қазақстандықтар
- •Ленинград үшін шайқастағы қазақстандықтар
- •Қазақстан – Сталинград майданының ең жақын тылы
- •Соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынастар
- •Республиканың қоғамдық-саяси өмірі
- •Бақылау сұрақтары:
- •Жаппай тың игеру
- •Қазақстан халқының саны мен әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер
- •Қоғамның саяси және рухани өмірі
- •Халық өмірінің деңгейі: қырлары
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •5 Бөлім. Тәуелсіз Қазақстан. Тақырып 5.1.: Мемлекеттік тәуелсіздікке ие болу.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Қосымша:
Бақылау сұрақтары:
Қараханидтер мемлекетінің саяси тарихы мен қызмет етуінің ерекшеліктері қандай.
Дешті-Қыпшақ мемлекетінің саяси тарихы мен қызмет етуінің ерекшеліктері қандай.
Тақырып 2.2.: «X – XIII ғғ Қазақстан территориясындағы мемлекеттер».
Наймандар мен керейлер мемлекеті (XII ғ.)
Наймандар Орхоннан Ертіс ө. дейінгі жерлерді алып жатты, олардан шығысқа қарай керейлер мекендеді. Керейлер туралы жазба көздердегі алғашқы мәліметтер Х ғасырдың басына сәйкес келеді. Солтүстік астанасы Хатун-Балык қаласында, ал оңтүстік астанасы – Хуанхэ ө. орналасты. 1007 ж. керейлер мен наймандар несториандық мағынадағы христиан дінін қабылдады. Керейлердің басшысы Тогрул-хан өзіне қызметке қаңлы ақсүйектерінің өкілдерін тартты. Хан сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері мен көсемдері, соның ішінде Темучин (Шыңғысхан) тәрбиеленді.
Керейлер мен наймандардың мемлекеттік түзілімдерін ұлыстар құрады. Ұлыстарды хандар басқарды. Оларда мемлекеттік аппарат болды, қарапайым құқық әрекет етті. Халық көшпелі малшылықпен, аңшылықпен және балық аулаумен айналысты. Үй кәсіптері дамыды. 1203 ж. Шыңғысхан керейлер кнызьдығын, бір жылдан соң наймандар князьдығын құлдыратты. Наймандардың ойсыраған тайпалары Кучлук-ханмен жетекшілікте Алтайға және Қара Ертіс бассейніне ауды, мұнда бұрын қоныстанған наймандар мен керейлердің ірі топтарымен қосылды. Кучлук-хан 1211 ж. Жетісуда жоғарғы билікке жетті. 1218 ж. ол моңғолдардан қайта жеңіліс тауып, Бадахшанға қашты, бірақ көп ұзамай Сарыкөлде өлтірілді. Осылайша енді Шыңғысхан атымен белгілі, Темучин басқарған, моңғолдардың жаулаушы жорықтары үшін алғышарттар жасалды.
Бақылау сұрақтары:
Наймандар мен керейлер мемлекетінің тарихын ашыңыз.
Түркі дәуірінің материалдық және рухани мәдениетіне сипаттама беріңіз.
Тақырып 2.3.: «Моңғол шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақстан»
Моңғол шапқыншылығы
Моңғол тайпалары ХII ғ. кейіннен Байкалдан, Енисей мен Ертістің жоғары сағаларынан Гоби шөліне дейінгі территорияны алып жатты. Көсемдер (нойондар), жауынгерлерге (нукерлерге) сүйене отырып, қауымдық жерлерді жаулап алды, егіншіліктерді жаулау, әскери олжа және құлдар жаулау мақсатында көршілеріне шапқыншылық жасады.
XIII ғ. басында Шыңғысхан басқарған Моңғол мемлекеті құрылды. Туған кезде (1155 ғ.) оған Темучин деген ат берді. 1206 ж. моңғол ақсүйектерінің хуралында (съезінде) Темучин жоғары билеуші – Шыңғысхан деп жарияланды. Көшпелі ақсүйектердің талаптарын қанағаттандыру, ішкі ұрыс-керіс пен өзара соғыстарды тоқтату үшін, Шыңғысхан соғыс жолына тұрды. Моңғолдар XIII ғ. Азиядағы, Шығыс және Орталық Еуропадағы ірі территорияны жаулап алды.
Моңғол мемлекеті әскери-әкімшілік ұйымдастырылу қағидаларына негізделді. Территория және халық үш әскери-әкімшілік аймаққа бөлінді: оң қанаты (барнгар), сол қанаты (джунгар) және орталық (кул).
Қытайға басып кіргеннен кейін (1211-1215 жж.) енисей қырғыздарының, буряттардың, ұйғырлардың жерлері жаулап алынды. Жетісуды моңғолдар қарсылықсыз басып алды. Мұсылмандарды Кучлуктың қудалауынан кейін, діни шыдамдылық білдірген моңғолдарды құтқарушылар ретінде қабылдады. 1218 ж. моңғолдарға күрессіз Баласағұн қаласы берілді. Жетісу халқын өз жағына тарту үшін, Шыңғысхан бұл аймақта тонау мен өлтіруге тыйым салды.
Орта Азияға Оңтүстік Қазақстан арқылы басып кіруге «Отырар опаты» – 1218ж. жазында Отырарда Шыңғысхан жіберген сауда керуенінің опат болуы себеп болды.
1219 ж. қыркүйегінде 150 мың жауынгерге жететін Шыңғысхан әскерінің жорығы басталды. Моңғолдар тұтас аймақтарды тонады, Отырар, Сығанақ, Ашнас қалаларын қиратты. Отырардың билеушісі Қайырхан 80-мыңдық әскерімен алты ай бойы қала қорғанысын ұстап тұрды. Дженд, Барчынлыгкент, Узгенд қалалары тоналды. 1221 ж. көктеміне қарай моңғолдардың Орта Азияны жаулауы аяқталды. Моңғол қолбасшыларының корпусы Джэбе және Субэдэя, аландарды, қыпшақтар мен орыстарды Калка ө. талқандап және орыс жерлерінің оңтүстік шеттерін ойсыратыпь, Қазақстан жерлері арқылы 1224 ж. Ертістегі Шыңғысханның ордасына оралды. Осылайша, 1219 - 1224 жж. моңғол шапқыншылықтарының нәтижесінде Қазақстан Шыңғысхан империясының құрамына кірді. Қыпшақтар мен өзге түркі тайпалары Бату (Батый) басшылығымен 1237 ж. Шығыс Еуропаны бағындыруға аттанған, моңғол әскерінің маңызды бөлігін құрады.