Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акуш экзамен - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.62 Mб
Скачать

62. Босану қызметінің ауытқуларының жиі кездесетін түрлерінің клиникасы және диагностикасы.

1. Патологиялық прелиминарлық кезең - жатыр мойнының пісіп-жетілуіне әкелмейтін босанар алдындағы жатыр жиырылмауын айтамыз.

-ретсіз тоғақтар күндіз және түнде болады

-ППК ұзақтығы бірнеше тәулік болып, әйел қатты шаршайды

-нәрестенің алғашқы бөлігі кіші жамбас қуысына қондырылмаған

-жатыр мойны көбінесе пісіп жетілмеген

Диагностикасы:

Анамнез, сыртқы және әшкә зерттеу нәтижесі, КТГ, гистерография.

Емі:

-Жатыр мойнының дайынсыздығында оның пісіп жетілуін қамтамасыз ету(эстрогендер, аскорбин қышқылы, витамин В, спазмолитиктер, анальгетиктер, тез арада жатыр мойнын дайындау үшін простогландиндерді қолданады-простенон, дипростон, препидил гель)

-ретсіз тоғақтарды тоқтату

-электроанальгезия, медикаментозды ұйқы

ППК емі 2-3 күннен аспауы керек

2.1.босану әрекетінің біріншілік әлсіздігі-босану барысынан толғақтардың әлсіз,жатыр мойнының ашылуының бәсеңдеуіне әкелетін патологиялық жағдай

-босану уақыты ұзарады

-босанушы әйел шаршап қалады

-жатыр мойнының ашылуы активті фазада 1-1,5 см/сағ болады

-толғақ күші әлсіз,арасы ұзақ, ұзақтығы аз уақытқа созылады

Диагностикасы:

Диагнозды мына көрсеткіштер бойыншы анықтайды: Жатыр қойнауының ашылуының төмендеуі. Ұрық жағдайын бағалау керек босану әдісін анықтау үшін.

Емі:

-босанушы әйел шаршағанда акушерлік ұйқы тағайындайды

-натрий оксибутирит, димедрол, атропин, глюкоза 40%

-әйел ұйқыдан тұрғаннан кейін босануды стимуляциялайды. Тамыр ішілік тамшылап окситоцинді немесе простоглондинді енгізеді

-егер нәтижесіз болса, кесар тілігін жасайды.

2.2.босану әрекетінің екіншілік әлсіздігі-қалыпты босану кезінде, қалыпты толғақтардың әлсіреп, қысқаруын айтамыз

-күшті, ретті, ұзақ толғақтар біртіндеп әлсіреп, арасы ұзақ ұзақтығы аз уақытқа созылады

Диагностикасы:

1-ші, 2-ші кезеңнің соңындағы толғақты бағалайды. Жатыр қойнауының ашылу динамикасынкелген бөлігінің жылжуын қадағалайды.

Емі:

-босанушы әйел шаршағанда акушерлік ұйқы тағайындайды

-натрий оксибутирит, димедрол, атропин, глюкоза 40%

-әйел ұйқыдан тұрғаннан кейін босануды стимуляциялайды. Тамыр ішілік тамшылап окситоцинді немесе простоглондинді енгізеді

-егер нәтижесіз болса, кесар тілігін жасайды.

-Босанудың екінші кезеңінде әлсіздік болса, нәресте гипоксиясы дамыса, онда акушерлік қысқашты, нәрестенің шабынан тартып туғызу, вакуум-экстрактор қолданады.

3.тым күшті босану әрекеті-тым күшті толғақ.

-толғақтар өте ауыршаң, арасы жиі болады

-жатыр мойны тез арады ашылып, әйел жылдам немесе жедел борсанады

емі:

-босанушы әйелді бірден бүйіріне жатқызады

-спазмолитиктерді қолдану

-нәрестенің гипоксиясының алдын алу

-токолитикалық препараттарды қолдану(тым күшті толғақтарды азайту үшін)

-3 жене босанғаннан кейінгі кезеңде қан кетуду алдын алу.

4.дискоординацияланған босану әрекеттері-жатырдағы ритмді жүргізуші жатыр бұрышында орналаспай, басқа жерге ауытқуын немесебірнеше жерде орналасуын айтамыз.

-жатыр б.е. синхронды жиырылмайды. Жиырылу қалыптағыдай жоғарыдан төмен емес, төменнен жоғары болады.

-толғақтар өте ауыршаң, ретсіз болады.

-жатыр мойнының ашылуы тоқтап қалады

емі:

-Седативті және спазмолитикалық препараттар

-Босанушы әйел шаршағанда акушерлік ұйқы

-Эпидуральды анестезия қолданады.

-Нәрестенің гипоксиясының алдын алу

-3 және босанғанан кейінгі кезеңде қан кетудің алдын алу

63. Босану қызметінің ауытқулары кезінде босануды жүргізу тактикасы. Консервативті және оперативті тактиканы таңдау кезінде ұрық жағдайын бағалау және қосымша мүмкіншіліктерін анықтау маңызды орын алады. Ұзаққа созылу қаупі бар және қиындатылған босану кезінде кесар тілігін қолданады. Соңы ана және нәресте үшін жағымсыз болып аяқталуы мүмкін екенін естен шығармау керек. Қауіп факторын еске ала отырып әр босанушыға жеке босану жоспарын құрады. Сусыз уақыт ұзақ болған сайын инфекциялық асқыну қаупі де жоғары болады. Сусыз уақыт 12-14 сағаттан жоғары болмау керек. Босануды жүргізбес бұрын себебін анықтау қажет. Олар: су көптік, Ұрық көпіршігінің толық жетілмеуі, босанушы әйелдің қажуы. Дайындық шараларын жүргізу кешеніне: простогландин Е2 пепараты көмегімен жатыр мойнын дайындау, амниотомия, энергетикалық кешенді қолдану және плацента-жатыр қанайналамын жақсартатын препараттар қолданады.