Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
акуш экзамен - копия.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.62 Mб
Скачать

56.Жатыр атониясы кезінде қан кетуді анықтау алгоритмі. Жедел көмек.

этиологиялық процесс

Клиникалық қауіп фактор

Жатырдың шамадан тыс созылуы

Көпсулық, көпұрық, ірі ұрық

Миометридің жиырылу қызметінің «азыуы»

Тез босану, ұзаққа созылған босану, >5 көп босану

Инфекциялық процесс

хориоамнионит, босану кезінде лихоратка

Жатырдың инфекциональды анатомиялық ерекшеліктері

Жатыр миомасы, плацентаның патологиялық орналасуы

Жедел көмек:

  1. Жатырдың сыртқы массажы

  2. Уретониктер:

  • Окситоцин-10ед бастапқы доза

60ед максимальды доза

  • Метилэргометрин-0,2 мг б/е 15 мин сайын бастапқы доза

5 доза(1.0мг) макс. доза

  • Простогландин-2,5мг б/е бастапқы доза

8 доза(20мг) макс доза

  • Миз. простол 800-1000 мг ректальды

  1. Бимануальды жатыр компрессиясы

57.Босанудың 3 кезеңін белсенді түрде жүргізу қағидалары, мақсаты.

Босанудың 3кезеңі-нәресте туылғаннан бастап, плацентаның жатыр қабырғасынан бөлініп сыртқа шығу кезеңі.

-30 мин созылады

-босану әйелдің жалпы жағдайын тексереді

-қуықты зәрден босатады

Босанудың 3 кезеңін белсенді жүргізу:

  1. Нәресте туылғаннан кейін, жатырда тағы нәрестенің болуына байланысты ішті пальпациялау, екінші нәресте болмаған жағдайда-нәресте туылғаннан кейінгі алғашқы минутта жамбас аймағына б/е 10 ед окситоцин енгізу

  2. Кіндікті айналдыру бақылаулары:

Кіндікті аралыққа жақын қысқышпен қысу. Қысылған қіндіктіқысқыштың ұшынан бір қолмен ұстап тұру.

Кіндікті байқап тарту кезінде, жатырды ұстай отырып әйелдің қасаға аймағына екінші қолды қойып, қасағадан қолды жылжытып отырады. Бұл жатырдың айналып кетуінен сақтайды.

Жатырдың қатты жиырылуын күте отырып, кіндікті жәймен тартады (әдетте 2-3 мин сайын). Жатырдың жиырылуын және кіндіктің ұзаруын байқаған байқағанда, бала жолдасы туылу үшін жәймен кіндікті өзіне төмен тарту. Егер бірінші толғақ кезінде бала жолдасы туылмаса, тартуды босатамыз. Жәймен кіндікті ұстап және келесі жатыр жиырылуын күтеді.

Қасаға сүйегіне жоғары қойылған қолды жатырды қарама-қарсы жаққа ығыстырмайынша кіндіктен тартуға болмайды.

Ұрық қабықшасы туылмайынша, бала жолдасын 2 қолмен ақырындап айналдырады. Бала жолдасының бүтіндігін анықтау.

  1. Бала жолдасы туылғаннан кейін жатыр тонусын бағалау және жатыр жиырылғанша әйелдің алдыңғы құрсақ қабырғасы арқылы массаж жасау.

Алғашқы бірінші сағатта жатыр тонусын әр 15 мин сайын бағалау және екінші сағатта әр 30 мин сайын бағалау. Керек жағдайда-жатырға массаж.

58. Тар жамбас. Анықтамасы. Себебі. Классификациясы.

Тар жамбас қуысы - жамбас қуысы сүйектерінің ауытқуы.

Жамбас қуысының тарылуы- оның барлық өлшемдерінің немесе бір ғана өлшемінің, қалыпты өлшемдерімен салыстырғанда екі не одан жоғары сантиметрге қысқаруын айтады.

Себептері:

-Әйелдің сәби және жасөспірім кезінде рахитпен ауыруы

-сүйек-буын туберкулезімен

-жыныс мүшелерінің жетіспеушілігі

-жамбас қуысы сүйектерінің жарақаттануы

Классификациясы:

1.Анатомиялық тар жамбас қуысы

2.Клиникалық тар жамбас қуысы