Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
alimbaeva-anlog.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
94.16 Кб
Скачать

6.Аж жобалаудың объект-бағыттылған әдістемелері

АЖ-ді жобалаудың әдісі дегеніміз нақты анықталған нотацияларды қолданып әзірленетін жүйенің әртүрлі аспектілерін сипаттайтын модельдерді жасаудың процестерінің жиынтығы.

Әдіс мынандай құраушылардың жиынтығы ретінде анықталады.

1)Концепциялар және теориялық негіздер.Бұндай негіздер ретінде құрылымды немесе объектіге бағытталған тәсіл қарастырылады;

2)Жобаланатын жүйенің тәртібінің динамикасының және статикалық құрылымының модельдерін тұрғызуда қалданылатын нотациялар; әдетте нотациялар ретінде графиктік диаграммалар қолданылады, себебі олар неғырлым көрнекті және қабылдауға қарапайым.

(Мысалы: мәліметтер орнының диаграммалары, “мән-байланыс” диаграммасы-құрылымдық тәсілде, ал 0-ге бағытталған тәсілде қолдану қолдану нұсқаларының диаграммалары, кластар диаграммасы).

3) Әдістің практикалық қолданысын анықтайтын процедуралар: модельдерді тұрғызу тізбектілігі және ережелері, нәтижелерді бағалауда қолданылатын критерийлер. Жобалаудың әдіснамасы ОЦ-дің процестерңн орындауды қамтамасыз ететін нақты технологиялар және олардың қолданылатын стандартты әдістемесі және аспаптық құралдары арқылы жүзеге асырылады.

АЖ объектілері өндіріс құралдары ,еңбек нәрселері және орындушылар деп аталады.Ірі типтерге топталады объект қасиеттері деп уақыттың кез келген сәтінде объектінің жағдайын мінеждейтін қандайда бір шама.

Объектілер құрылымдағы аналогияны қоюмен байланысты бір кластың объектілері сипатталады.Кез келген бір типке жататын объектілер, осы типке сәйкес келетін қасиеттер қатарын құрайды.Осы принцип қасиеттердің із басарлық мұралануы деп аталады. Уақыт бойынша қызметтік жайылуы объектілердің өзара әрекеттестігі ұғымына сәйкес келеді.Сонымен бірнеше объектілердің уақыт бойынша кеңістікте өтетін қандайда бір процеске қатысу фактісі объектінің өзара әрекеттестігі деп аталады.Өзара әрекеттестіктің қасиеті деп объектілердің бірлескен мінез құлқын сипаттайтын қасиеті,бірақ бұл қасиет жекеленалғанда бір де бі объектіде бола алмайды.

7. Объект-бағыттылған жобалаудағы класстар диаграммаларын өңдеу

Класстар диаграммасы (class diagram) — атрибуттары мен операциялары бар класстар сияқты үлгінің ресми түрдегі немесе статикалық элементтерінің жиынтығы және де оларды байланыстыратын қатынастар ұсынылған UML тілінің диаграммасы.

Класстар диаграммасы жүйе үлгісінің статикалық құрылымын объектлі- бағытталған программалаудың класстар терминологиясында ұсыну үшін арналған. Бұл диаграмма туралы айтқан кезде, жобаланатын жүйенің статикалық құрылымды үлгісін меңзейді, яғни уақытқа тәуелсіз жүйенің логикалық үлгісінің мұндай құрылымдық өзара байланысының графикалық көрінісі.

Класс — бірдей атрибуттары, операциялары және басқа класстардың объектілерімен қатынастары бар көптеген бірыңғай объектілердің абстрактілі сипаттамасы.

Графикалық түрде класс UML тілінің нотациясында бөлімдер немесе секцияларға көлденең сызықтармен қосымша бөлінуі мүмкін тікбұрыш формасында бейнеленеді (1-сур.). Бұл секцияларда класс аты, атрибуттар және класс операциялары нұсқала алады.

Диаграмманы құрудың бастапқы кезеңдерінде жеке класстар жай тікбұрышпен белгілене алады, онда сәйкес класстың аты (1, а-сур.). Диаграмманың жеке компоненттерін жоспарлау өлшемі бойынша класстарды сипаттау атрибуттармен (1,б-сур.) және операциялармен (1, в-сур.) толықтырылады. Төртінші секция (1, г-сур.) міндетті емес және анықтамалық сипаттағы қосымша ақпаратты орналастыру үшін қызмет етеді, мысалы класстарды алып тастау немесе шектеулер туралы.

Класс атрибуттары: Атрибут (attribute) — осы класстың жеке объектілерін қабылдай алатын мәндер жиынтығын сипаттайтын класстың мазмұндық сипаттамасы.Класс атрибуты осы класстың барлық объектілері үшін ортақ болып табылатын жеке қасиеттер немесе белгілерді көрсету үшін қызмет етеді. Класс атрибуттары класс тікбұрышының екінші секцияның жоғарғы бөлігіне жазылады. Класстың жеке атрибутының жалпы жазу форматы келесідей:

<көріну кванторы> <атрибут аты> [қысқалығы] :

<атрибут типі > = <бастапқы мән> {қасиет-қатары}.

Көріну (visibility) — класс элементін сипаттаудың сапалы мінездемесі, ол үлгінің басқа объектілерінің берілген класстың өзін-өзі ұстауының жеке аспектілеріне ықпал ету сияқты потенциалды мүмкіндігін сипаттайды.

Класс операциялары. Операция (operation) - бұл өзінің клиентінің талабы бойынша әрбір класстың данасына немесе объектісіне берілетін қызмет, ол орнына басқа объектілер, сондай-ақ бұл класстың даналары да қызмет ете алады.

Класс операциясы класс тікбұрышының үшінші секцияның жоғарғы бөлігіне жазылады, оны жиі операция секциясы деп атайды. Операциялар жиынтығы берілген класстың барлық объектілерінің өзін ұстауының функционалды аспектісін сипаттайды. Класс жеке операциясының жалпы форматы келесідей:

<көріну кванторы> <операция аты>(параметрлер тізімі):

<мәнді қайтаратын тип өрнегі> {қасиет-қатары}

Көріну кванторы класс атрибуты жағдайындағыдай, мүмкін болатын төрт мәннің біреуін қабылдай алады және сәйкесінше, арнайы символдың не кілттік сөздің көмегіменбейнеленеді.

"+" символы жалпы қол жетімді (public) типті көріну аймағы бар операция белгіленеді. "#" символы қорғалған (protected) типті көріну аймағы бар операция белгіленеді. "-" символы жабық (private) типті көріну аймағы бар операцияны белгілеу үшін қолданылады. Және ақырында, "~" символы пакеттік (package) типті көріну аймағы бар операцияны белгілеу үшін қолданылады.

Шартты графикалық белгілеулердің орнына сондай-ақ, тиісті кілттік сөзді жазуға болады: public, protected, private, package.

Параметрлер тізімі үтірмен бөлінген формалды параметрлердің тізімі болып табылады, олардың әрқайсысы өз кезегінде, келесідей түрде көрсетіледі:

<параметр бағыты> <параметр аты>:

<тип өрнегі> =<келісім бойынша параметр мәні>.

Параметр (parameter) — өзгеруі, жіберілуі немесе қайтарылуы мүмкін айнымалы операция спецификациясы.Параметр аттан, типтен, бағыттан және келісім бойынша мәннен тұра алады.Мән қайтаратын тип өрнегі содай-ақ, сәйкес операция орындалғаннан кейін объектімен қайтарылатын мәндер туралы мәліметтер типін нұсқайды. Мән қайтаратын типтің екі нүктесі және өрнегі түсірілуі мүмкін, егер операция ешқандай мән қайтармаса. Қайтарылатын бірнеше мәндерді көрсету үшін берілген операция спецификациясының элементі жеке өрнек тізімі түрінде жазыла алады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]