Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
alimbaeva-anlog.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
94.16 Кб
Скачать

1.Аж өмірлік циклдің кезеңдері: талаптарды анықтау, логикалық жобалау, физикалық жобалау и енгiзудi жоспарлау

Ақпараттық жүйе – экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі. АЖ – ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен тұратын күрделі жүйе.

Ақпараттық жүйені жобалау – ұзақ мерзімді және динамикалық үрдіс. Қазіргі уақытта қолданылатын жобалау технологиялары жүйені кезеңдік жасауды ұсынады. АЖӨЦ дегеніміз - ААЖ–ні (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) жасау қажеттілігінен бастап оның келесі сатысына көшу уақытымен бітетін кезең. Мемлекеттік стандарт жасайтын ұйымдардың ұсынысы бойынша ISO 9646, ISO 12119, ANSI | IEEE 100P .

АЖӨЦ (өмірлік цикл) келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Жоба алдындағы кезең;

  2. Жобаны әзірлеу кезең;

  3. Жобаны пайдалануға беру кезеңі;

  4. Жаңа сатыға көшу кезеңі

Кез келген мәлiмет "өмiр уақытына" ие.Ол қысқа мерзiмдi (калькуляторының есептеулер өткізілген процесі жадында) немесе белгілі уақыт ағымында (қандай да бір мәлiмет әзiрлеуде) немесе өте ұзақ (маңызды дербес, коммерциялық, қоғамдық немесе мемлекеттік мәлiметтерді сақтауда) бола алады.Бұл уақыт аралықтары мәлiметтiң өмірлік циклдерiн анықтайды. АЖ тiршiлiк циклы мәлiметтiң тiршiлiк циклдасының туындысы, ақпараттық өнiмдер және қызметтер мен техникалық құралдар болып табылады.

Ақпараттық жүйелердің өмірлік циклы - бағдарламалық өнімді құруға шешім қабылданған уақыттан осы бағдарламаны іске қосып, толық эксплуатации жасау уақыт периоды. Бұл цикл – бағдарламалық өнімді құру және дамыту циклі.

АЖ өмірлік циклінің моделі – қолданбалы программалық қамсыздандыруды жасау, эксплуатациялау және сүйемелдеу үрдісінен, жұмысынан және тапсырмасынан тұратын, жүйе өмірін оған қойылатын талаптардан бастап оның қолданылуы тоқтағанға дейін қамтитын құрылым.

2.Аж өмір циклдың кезеңдерi.

Ақпараттық жүйені жобалау – ұзақ мерзімді және динамикалық үрдіс. Қазіргі уақытта қолданылатын жобалау технологиялары жүйені кезеңдік жасауды ұсынады. АЖӨЦ дегеніміз - ААЖ–ні (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) жасау қажеттілігінен бастап оның келесі сатысына көшу уақытымен бітетін кезең. Мемлекеттік стандарт жасайтын ұйымдардың ұсынысы бойынша ISO 9646, ISO 12119, ANSI | IEEE 100P .

АЖӨЦ (өмірлік цикл) келесі кезеңдерден тұрады:

1.Жоба алдындағы кезең;

2.Жобаны әзірлеу кезең;

3Жобаны пайдалануға беру кезеңі;

4.Жаңа сатыға көшу кезеңі

1.Жоба алдындағы кезеңде екі құжат дайындалады:

а) Техника - экономикалдық тұжырымдама (ТЭТ)

б) Техникалық тапсырма (ТТ)

ТЭТ пәндік аймағының мамандарымен жасалады және де қызмет қағазы ретінде басқарма бөліміне жіберіледі. Бұл құжаттың ішінде АЖ жасау қажеттілігі, оның мақсаты, ол жұмысты жүзеге асыру үшін керекті қаржылар жиынтығы дәлелденеді. ТЭТ бойынша дұрыс шешім қабылданған жағдайда пәндік аймағы мамандарына ТТ құжатын жасауға бұйрық беріледі. Бұл құжаттың ішінде мекеме жұмысының талдауы, оның құрылымы және де керекті ААЖ сипаттамасы беріледі. ТТ рәсімделіп, мамандар мен басқарушы жағынан қол қойылып заңды құжат деп саналады. Бұл құжат ААЖ–ні әзірлеушілерге ұсынылады. Жобаның орындаушысы табылған жағдайда АЖӨЦ-нің екінші кезеңі басталады.

в) Эскиздік жобалау болашақ ААЖ-нің қандай да бір клмпьютерлік үлгісін алу мақсатында мәліметтерді құрылымдауды ұсынады.

2.Жобаны әзірлеу кезеңі екі шағын кезеңнен тұрады:

- Техникалық жобалау;

- Жұмыс жоблауы;

Техникалық жобалау кезеңінде келесі жұмыстар орындалуы тиісті:

  • Ақпараттық қамсыздандыру – дайын өнімдерді жіктеу, нормативті-анықтамалық ақпаратты дайындау;

  • Техникалық қамсыздандыру – бұл кезеңде АЖ-ні жүзеге асыру қандай техникалық құралдар жиынтығы керектігі анықталады, олардың сипаттамасы белгіленеді және де оларды сатып алуға келісім шарттар үлгілері дайындалады.

  • Ұйымдастырушылық қамсыздандыру – бұл кезеңде ААЖ жобалау жұмыстары жоспарланып, олардың орындалу мерзімі бекітіледі және де орындаушысы мен басқарушысы тағанйындалады.

  • Персоналды оқыту – бұл кезеңде болашақ ААЖ (жобалау жұмыстары жоспарланып, олардың орындалу мерзімі) пайдаланатын персоналдың квалификациясы және олардың саны анықталады. Техникалық жобалау кезеңінде жасалған жұмысының нәтижесі техникалық жоба деген құжат түрінде көрсетіледі.

Бұл құжатта заңды құжат деп есептеледі және келесі жұмыстардың орындалуын талап етеді:

а) Программа жасау және оны өңдеу;

б) Дайын программаны пайдаланушыға тапсыру және де толық нұсқауларды дайындау;

в) Жобалау кезеңінде тәуекел болжам жасау және де жоспарланбаған шығындарды талдау.

Жұмыс жоспарлау кезеңі «тапсыру-қабылдау акті» құжаты арқылы тәжірибелі қолдануға тапсырылады.

3.Жобаны пайдалануға беру кезеңі, екі шағын кезеңнен тұрады:

  • Тәжірибелік пайдалану;

  • Өндірістік пайдалану;

Орындаушылар өндіріске қажетті прграмманы құрғаннан кейін, тапсырысшы оны тексереді. Тексергеннен кейін тапсырысшыларды толық қанағаттандырса, онда программа өндірістік пайдалану кезеңінде қолданылады. Уақыт өте келе бұл программаның қызмет көрсету функциялары ескіре бастайды, енді пайдаланушылар бұдан жақсы программаны талап етеді. Осы кезден бастап жаңа сатыға өту кезеңі басталады.

4.Жаңа сатыға өту кезеңінде келесі есеп беру формалары дайындалады:

  • Программаның өндірістік пайдалану кезеңіндегі алынған нәтижесінің салыстырмалы талдауы;

  • Программаның архивтік нұсқауы;

  • Жаңа сатыға өтудің қажеттілігін дәлелдейтін техника–экономикалық тұжырымдамасы дайындалады.

3)АЖ жобалаудың құрылымдық әдістемелері: Апараттық жүйелердің жобалаудың құрылымдық әдістемелері – АЖ мемлекеттік стандартпен қарастырылған жобасы, құжаттаманы сипаттаумен жинақтау ережесінің белгілері аясындағы құру процесіндегі түсінігінде, яғни архитектураның құрылатын жүйенің функционалдық құрылымы мен алгоритмінің бір мағыналық түсінігінің сипаттамасы.Осы тұрғыдан бастап жобалау АЖ тіршілік циклдің түрлі кезеңдерінде жобалық шешімдерінің дәйекті нысандалуына алып келеді: техникалық және жұмыстық жобалаудың талаптарын жоспарлау мен талдау, АЖ енгізу және пайдалану. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың құрылымдық әдістері – бұл жобалаудың сәйкес жабдығын қолдану арқылы ақпараттық жүйелерді құру әдістері. Ақпараттық жүйелерді жобалауда тиімді әдістер мен жабдықтарды қолдану сапалы жүйені құруға мүмкіндік береді. Жобалау әдістері 3-ке бөлінеді: 1.Ерекше 2.Типтік 3.Автоматизацияланған.

Ақпараттықт жүйелерді жобалау обьектілері жеке элементтер немесе олардың функционалдық және қамтамасыз ететін бөліктердің кешені болып табылады.Сонымен дәстүрлі декомпозицияға сәйкес міндеттер, міндеттердің кешенімен басқару функциясы функционалдық элементтері болады. АЖ қамтамасыз ету бөлігінің элементтерімен олардың ақпараттық бағдарламалық жүйені техникалық қамтамсыз ету кешендері жобалау обьектісі болады. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар әдетте әзірлеу процестерінде өзгертілетін,іріктеуі болжалды пайдаланушылар тарапынан қойылатын талаптардың негізінде іске асырылатын АЖ-ды жүзеге асыру әдістердің ауқымды жиынтығын білдіреді. АЖ жобасын нақты бағдарламалық-техникалық ортада АЖ-ды құру мен пайдалану жөнінде жобалау шешімдерінің сипаттамасы берілген жобалық-конструкциялық және технологиялық құжаттама деп түсінеміз. Жобалаудың мақсаты болып АЖ-ны тиімді жобалау мен өз мамандық есептерін және орындау мен басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін ЭЕМ- нің нақты эконмикалық обьектісімен комуникация құралдарын дамыту ортасында қолданылатын мамандармен автоматтандырылған ақпараттық технологияларды арасында өзара тығыз қызметті қамтамасыз ету болып табылады. Ақпараттық жүйенің құрылымы– бұл ақпараттық жүйенің элементтері мен ішкі жүйелерінің өзара байланыстарының ішкі кеңістіктегі уақытша тұрақты бір тәртіппен құрылуының арқасында, сол ішкі жүйелердің функционалдық міндетінің анықтала түсуі және олардың сыртқы ортамен байланысы. Ақпараттық жүйелер құрылымы бойынша функционалды және жабдықтаушы бөлімнен тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]