
- •Саясаттану пәнінің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі мен маңызын суреттеп түсіндіріңіз
- •2Саясаттану зерттеу объектісіне, субъектісіне және зерттеу пәніне анықтама беріңіз және түсіндіріңіз.
- •3. Антикалық дәуір ойшылдарының саясат және саяси ғылым туралы тұжырымдамаларын түсіндіріңіз.
- •4.Қазақ ғалымдарының, ойшылдарының еңбектеріндегі саяси ойдың басым бағыттарын, ерекшеліктерін түсіндіріңіз. (Әл-Фараби, Жүсіп Баласұғини т.Б)
- •5. Реннесанс дәуірі ойшылдарының саясат және саяси ғылымдар туралы ойларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •6.Саяси ғылымдардың қоғамдық ғылымдар саласында алар орнын және қалыптасу тарихын қысқаша түсіндіріңіз.
- •7. Саяси ғылымдардағы билік ұғымдарының анықтамасын беріңіз, мән мағынасын ашып түсідіріңіз.
- •8. Саясаттың басты субъектілері ретіндегі әлеуметтік топтардың, тұлғалардың және мемлекеттің арасындағы қатынасты сипаттап беріңіз.
- •9. Саясаттанудағы саяси жүйелер ұғымына анықтама беріңіз. Саясаттанудағы саяси жүйелерді түсіндіретін теориялардың негізгі ерекшеліктерін қысқаша жазып түсіндіріңіз.
- •10. Саяси ғылымдардағы «саяси режимдерді» түсіндірудегі негіз теориялық классификацияларды түсіндіріп анықтамасын беріңіз
- •11. Демократия ұғымына анықтама беріңіз, басқа саяси тәртіп түрлеріен ерекшеліктерін түсіндіріңіз
- •Мемлекеттің белгілері
- •Мемлекет түрлері
- •Мемлекет басқаруы бойынша
- •13. «Унитарлы мемлекет» ұғымына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріп, мысал келтіріңіз
- •14. «Федеративті мемлекет» ұғымына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріп, мысал келтіріңіз
- •15. Конфедерация дегеніміз не? Анықтама беріңіз және ерекшеліктерін түсіндіріңіз
- •16. Т. Парсонстың «жүйе және жүйешіктер» ұғымын түсіндіріңіз әрбір жүйешіктің ерекшеліктерін сипаттап беріңіз
- •17. Г.Алмонд бойынша «саяси жүйелер» типологиясын түсіндіріңіз, мазмұнын ашыңыз.
- •18. М.Вебер бойынша «саяси партиялардың даму кезеңдері және олардың ерекшеліктерін» түсіндіріңіз.
- •20. Саяси даму және саяси модернизация ұғымдарына анықтама беріңіз. Дихотомиялық ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •21. Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлеріне анықтама беріңіз, ерекшеліктерін ашып түсіндіріңіз.
- •22. Г.Гегель еңбектеріндегі «мемлекет пен азаматтық қоғам» концепциясының ерекшеліктерін талдап түсіндіріңіз.
- •23. Саясаттанудағы саяси идеологиялардың танымал типтеріне, классификацияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •24. Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: құндылықтары мен принциптерін сипаттап түсіндіріңіз.
- •25. Саяси қақтығыстардың типологиясын түсіндіріңіз, анықтамаларын беріңіз.
- •26. Саяси элита ұғымына анықтама беріңіз. Саяси ғылымдардағы элиталар туралы танымал теорияларға сүйене отырып ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •27. Саясаттанудағы «азаматтық қоғам» тұжырымдамаларымен сипаттап түсіндіріңіз.
- •28. В.Парето мен г.Москаның саяси элиталар концепцияларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •29. Саяси мәдениеттің саясаттанудың ғылыми категориясы ретіндегі ерекшеліктерінің мән мазмұнын ашып түсіндіріп беріңіз.
- •30. Саяси әлеуметтену үрдістеріне анықтама беріңіз. Саяси әлеуметтену үрдістерінің адам өміріндегі маңыздылығын, қажеттілігін дәйектеңіз.
- •31. Саясаттанудың ғылыми категориялық аппаратына сипаттама беріңіз, ерекшеліктерін беріңіз.
- •32. Саяси мәдениет және оның демократиялық мемлекет құрудағы маңыздылығын анықтаңыз, өз ойыңызша демократияландыруды тиімді жетілдіруде саяси мәдениеттің рөлі қандай екенін негіздеңіз.
- •34. Саясаттанудағы "консерватизм"және "либерализм"идеологияларының концепцияларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •35. Саясаттану және геосаясат арақатынастары: "теллурократиялық мемлекет"ұғымына анықтама беріңіз, осы концепцияның мән мазмұнын ашып түсіндіріңіз.
- •36. Саясаттану және геосаясат арақатынастары: "таллосократиялық мемлекет"ұғымына анықтама беріңіз, осы концепцияның мән мазмұнын ашып түсіндіріңіз.
- •37. Саясаттанудағы танымал сайлау технологиялары классификацияларына суреттеме беріңіз. Негізгі ерекшеліктерін талқылаңыз.
- •38.Мажоритарлы сайлау технологияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін суреттеңіз.
- •39.Пропорционалды сайлау технологияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •40.Саясаттанудағы "әлеуметтік мемлекет"концепциясына анықтама беріңіз, басты негіздерін талқылаңыз.
- •42.Қазақстан Республикасын әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлін сипаттап беріңіз.
- •43.Қазақстандықтар үшін Президент н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз?
- •44.Қазақстан Республикасында болып отыратын сайлау үрдістерін демократияландыру тенденцияларының ерекшеліктерін суреттеңіз.
- •45.Тмд кеңістігі көлеміндегі қРдың саяси көшбасшылық рөлін айқындап отырған басым факторларға нені көрсетуге болады?
- •Қазақстанның тмд шеңберіндегі ынтымақтастығ
- •46. Қазақстанның саяси партиялық жүйесіндегі соңғы онжылдықтағы негізгі саяси сипаттамаларға қысқаша талдама беріңіз.
- •47.Елді жаһандық қаржыэкономикалық дағдарыстан алып шығудағы өндіріс пен индустрия саласындағы потенциалды арттырудың рөлін түсіндіріңіз.
- •49.Әлемнің қарқынды дамыған елдері қатарына қосылудағы интеллектуалдық капиталды күшеюту рөлін қалай түсінесіз?
- •50.Егемендік алғаннан бергі Қазақстан Республикасының Заң шығарушы органының жетілу кезеңдерінің қысқаша ретроспективасын түсіндіріп беріңіз.
- •51.ҚРда экономикалық потенциалды арттырудағы ауылшаруашылық секторындағы саяси реформалардың модернизацияларын қандай факторлармен сипаттауға болады?
- •52.Қазақстандағы тұрақтылық пен этносаралық татулықтың жетілуіндегі қазақ ұлтының саяси рөлін түсіндіріңіз?
- •53.ҚРның Ата Заңына 2007 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістердің саясиқұқықтық рөлі мен маңызын айқындаңыз.
- •55.Шығыс пен Батыс әлемін байланыстырудағы қазақ елінің геосаяси әлеуетінің мүмкіндіктерін қандай басым факторлар арқылы сипаттауға болады?
- •56.Қазақстан Республикасының Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліс депутаттарын сайлаудағы соңғы сайлау (2007 жылғы) ерекшеліктері және оның келешегі?
- •57.Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының көпвекторлығының қалыптасуындағы саяси астарларды атап көрсетіңіз?
- •58.ҚРдағы әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын атаңыз және әлеуметтік мемлекеттілік сипаттамаларын көрсетіңіз?
- •59.Саясаттану ғылымы мен сіздің мамандығыңыздың арасындағы ұқсастықтар, байланыстар және ерекшеліктерді қалай түсінесіз?
- •60.Қазақстандағы демократиялық үрдістер, халықтың саяси сауаттылығын арттыру мәселелерінің маңызын талдап түсіндіріп жазыңыз.
6.Саяси ғылымдардың қоғамдық ғылымдар саласында алар орнын және қалыптасу тарихын қысқаша түсіндіріңіз.
Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ –қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім. Саясаттану ең алдымен философиямен тығыз байланысты.Философия-табиғат, қоғам және таныс дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде де жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты философиялық тұрғыдан дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүние-танымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заңдылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси танымы тереңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Сайып келгенде, саясаттану өмірдің жалпы жақтарын қарастырғанда философия тұжырымарына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде философия саясаттануға жүгінеді. Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыда дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеумттік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді. Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған. Саясаттану құқықтануға жалпы теория, оның теориялық-әдістемелік негізі іспеттес. Саяси өкімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтық тұрғыда қалыптаспай саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды. Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі –әлеуметтану. Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның сяаси салаға әсерін зерттейді. Оның айналысатны мәселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде,саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.