Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_polit (1).docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
212.78 Кб
Скачать

37. Саясаттанудағы танымал сайлау технологиялары классификацияларына суреттеме беріңіз. Негізгі ерекшеліктерін талқылаңыз.

Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке келтірілген нормалар, ережелер жиынтығын айтады. Сайлау жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда анықталады және арнайы заңда нақтыланады. Мұндай құқықтық нормалардың жиынтығын сайлау құқығы дейді. Оның 2 түрі бар: 1)белсенді түрі, 2) бәсең түрі. Берілген дауысты есептеу тәсілі мен соның нәтижесінде орындарды бөлу принципіне сайлау жүйелері мажоритарлық, пропорционалдық және аралас түрі болып бөлінеді. Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары билік органдарына кіре алмайды. Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті және салыстырмалы.абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты алған талапкер саналады. Мұнша дауысты үміткердің көбі бірінші кезекте ала бермейді. Сондықтан сайлаудың екінші туры өткізіледі. Мұнда бірінші турда көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып есептеледі. Мажоритарлық жүйенің салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50пайыздан артық дауыс алу шарт емес. Мажоритарлық жүйенің абсолютті және салыстырмалы түрлерінде сайлау округтері бір мандаттары келеді, яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады. Мәселен, мұндай мажоритарлық жүйе АҚШ, Англия, Франция, Жапонияда дамыған. Пропорционалдық жүйенің мажортарлықтан айырмасы ол көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың арасындағы пропорционалдықты басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді. Сайлау кезінде қай көп дауыс болса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Бұл жүйеде сайлау округінен бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады. Сайлаушылар партиялық тізімге, нақтырақ айтқанда бағдарламаға дауыс береді. Мұндай сайлау жүйесі Еуропа елдерінде кең дамыған.

38.Мажоритарлы сайлау технологияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін суреттеңіз.

Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары билік органдарына кіре алмайды. Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті және салыстырмалы.абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты алған талапкер саналады. Мұнша дауысты үміткердің көбі бірінші кезекте ала бермейді. Сондықтан сайлаудың екінші туры өткізіледі. Мұнда бірінші турда көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып есептеледі. Мажоритарлық жүйенің салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50пайыздан артық дауыс алу шарт емес. Мажоритарлық жүйенің абсолютті және салыстырмалы түрлерінде сайлау округтері бір мандаттары келеді, яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады. Мәселен, мұндай мажоритарлық жүйе АҚШ, Англия, Франция, Жапонияда дамыған. Сайлаудың мажоритарлық жүйесі қарапайым және оңай сияқты көрінеді. Оның үстіне парламентте көш бастаушы партия тұрақты үкіет қалыптастыра алады. Сондықтан ол жүйе кеңірек тараған. Алайда оның кемшіліктеріде бар. Оның ең бастысы –сайлаушылардың 49 пайызының еркі ескерілмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]