Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_polit (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
212.78 Кб
Скачать

58.ҚРдағы әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын атаңыз және әлеуметтік мемлекеттілік сипаттамаларын көрсетіңіз?

Әлеуметтік саясат (ағылш. social politicy; лат. socialis - общеатен; адамдар өмірімен байланысты)- халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік саясат бөлігі. Қамтитын аумағы: табысты реттеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саясаты; білім беру және денсаулык сақтау аяларындағы саясат; тұрғын үй саясаты, т. б. Әлеуметтік саясат адамға, оның халықаралық және ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға бағдарланған. Әлеуметтік саясаттың мақсаты — кез келген коғамның жоғары құндылығы ретіндегі адамды қолдау және дамыту. Әлеуметтік саясат үлгісінің нақты іске асырылуы саяси құрылысқа, экономилық даму деңгейіне, меншік қатынастарына, басқару құрылымына, мәдениетке, тарих пен дәстүрлердің ерекшеліктеріне байланысты. Әлеуметтік саясат өндірістік қоғамдық өнімді бөлуге негізделеді. Қазақстанда бүгінгі таңда әлеуметтік- экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық.  Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.Әлеуметтік-саяси шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік принципінің әлеуметтік өтеу принципімен  және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз  етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты сол елдің бастан кешіріп отырған экономикалық даму кезеңінен, сол мемлекеттің ұстанып отырған экономикалық саясатынан және тағы да басқа факторлардан тәуелді болады.Еліміз әлеуметтік саясаттың қалыптасуы мен дамуында, әлеуметтік саясаттың заңнамалық негізін, негізгі бағыттарын жасап алды. Негізгі білім, денсаулық, демографиялық жағдай, халықты әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруға, зейнетақы төлеу, халықты жұмыспен қамту саясаты болып келеді. Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды.  

Барлық аймақтардың әкімдерімен өткізген кеңесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 айдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын жасады.Өткен кеңестің негізгі арқауы-             « еліміздің экономикасы өсудің жақсы қарқынын көрсетуде».Сонымен қатар мемлекеттік саясаттың басты басымдылығыболып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесі қала береді.Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет үлескерлердің түйінді мәселелерін және басқа да әлеуметтік мәселелерді шешті: жыл басынан зейнетақы,шәкіртақы,бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы өсті.Одан басқа,биылғы жылы 37 мектеп салынып,10 ірі медицина мекемесі ашылды.Бір жылдан аз уақыт ішінде 457 жаңа балабақша мен шағын- орталықтар құрылды.Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, «мұның бәріне бірлік пен тұрақтылықтың арқасында қолымыз жетіп, халық үшін қарапайым азаматтар жасалып жатыр».Экономика әлі де ғаламдық экономикалық дағдарыстың келеңсіз зардап-тардан бұрынғы қалпына келтіріліп жатқанына қарамастан, биылғы жылы Қазақстанда  әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға мемлекеттік бюджеттің шығындары көбейтілді- олар былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қаңтар-қыркүйек айларында 20,5% өсті.2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталықтың зейнетақы көлемі 25 %, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының көлемі орташа алғанда  9%-ға көтерілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]