
- •Саясаттану пәнінің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі мен маңызын суреттеп түсіндіріңіз
- •2Саясаттану зерттеу объектісіне, субъектісіне және зерттеу пәніне анықтама беріңіз және түсіндіріңіз.
- •3. Антикалық дәуір ойшылдарының саясат және саяси ғылым туралы тұжырымдамаларын түсіндіріңіз.
- •4.Қазақ ғалымдарының, ойшылдарының еңбектеріндегі саяси ойдың басым бағыттарын, ерекшеліктерін түсіндіріңіз. (Әл-Фараби, Жүсіп Баласұғини т.Б)
- •5. Реннесанс дәуірі ойшылдарының саясат және саяси ғылымдар туралы ойларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •6.Саяси ғылымдардың қоғамдық ғылымдар саласында алар орнын және қалыптасу тарихын қысқаша түсіндіріңіз.
- •7. Саяси ғылымдардағы билік ұғымдарының анықтамасын беріңіз, мән мағынасын ашып түсідіріңіз.
- •8. Саясаттың басты субъектілері ретіндегі әлеуметтік топтардың, тұлғалардың және мемлекеттің арасындағы қатынасты сипаттап беріңіз.
- •9. Саясаттанудағы саяси жүйелер ұғымына анықтама беріңіз. Саясаттанудағы саяси жүйелерді түсіндіретін теориялардың негізгі ерекшеліктерін қысқаша жазып түсіндіріңіз.
- •10. Саяси ғылымдардағы «саяси режимдерді» түсіндірудегі негіз теориялық классификацияларды түсіндіріп анықтамасын беріңіз
- •11. Демократия ұғымына анықтама беріңіз, басқа саяси тәртіп түрлеріен ерекшеліктерін түсіндіріңіз
- •Мемлекеттің белгілері
- •Мемлекет түрлері
- •Мемлекет басқаруы бойынша
- •13. «Унитарлы мемлекет» ұғымына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріп, мысал келтіріңіз
- •14. «Федеративті мемлекет» ұғымына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріп, мысал келтіріңіз
- •15. Конфедерация дегеніміз не? Анықтама беріңіз және ерекшеліктерін түсіндіріңіз
- •16. Т. Парсонстың «жүйе және жүйешіктер» ұғымын түсіндіріңіз әрбір жүйешіктің ерекшеліктерін сипаттап беріңіз
- •17. Г.Алмонд бойынша «саяси жүйелер» типологиясын түсіндіріңіз, мазмұнын ашыңыз.
- •18. М.Вебер бойынша «саяси партиялардың даму кезеңдері және олардың ерекшеліктерін» түсіндіріңіз.
- •20. Саяси даму және саяси модернизация ұғымдарына анықтама беріңіз. Дихотомиялық ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •21. Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлеріне анықтама беріңіз, ерекшеліктерін ашып түсіндіріңіз.
- •22. Г.Гегель еңбектеріндегі «мемлекет пен азаматтық қоғам» концепциясының ерекшеліктерін талдап түсіндіріңіз.
- •23. Саясаттанудағы саяси идеологиялардың танымал типтеріне, классификацияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •24. Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: құндылықтары мен принциптерін сипаттап түсіндіріңіз.
- •25. Саяси қақтығыстардың типологиясын түсіндіріңіз, анықтамаларын беріңіз.
- •26. Саяси элита ұғымына анықтама беріңіз. Саяси ғылымдардағы элиталар туралы танымал теорияларға сүйене отырып ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •27. Саясаттанудағы «азаматтық қоғам» тұжырымдамаларымен сипаттап түсіндіріңіз.
- •28. В.Парето мен г.Москаның саяси элиталар концепцияларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •29. Саяси мәдениеттің саясаттанудың ғылыми категориясы ретіндегі ерекшеліктерінің мән мазмұнын ашып түсіндіріп беріңіз.
- •30. Саяси әлеуметтену үрдістеріне анықтама беріңіз. Саяси әлеуметтену үрдістерінің адам өміріндегі маңыздылығын, қажеттілігін дәйектеңіз.
- •31. Саясаттанудың ғылыми категориялық аппаратына сипаттама беріңіз, ерекшеліктерін беріңіз.
- •32. Саяси мәдениет және оның демократиялық мемлекет құрудағы маңыздылығын анықтаңыз, өз ойыңызша демократияландыруды тиімді жетілдіруде саяси мәдениеттің рөлі қандай екенін негіздеңіз.
- •34. Саясаттанудағы "консерватизм"және "либерализм"идеологияларының концепцияларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •35. Саясаттану және геосаясат арақатынастары: "теллурократиялық мемлекет"ұғымына анықтама беріңіз, осы концепцияның мән мазмұнын ашып түсіндіріңіз.
- •36. Саясаттану және геосаясат арақатынастары: "таллосократиялық мемлекет"ұғымына анықтама беріңіз, осы концепцияның мән мазмұнын ашып түсіндіріңіз.
- •37. Саясаттанудағы танымал сайлау технологиялары классификацияларына суреттеме беріңіз. Негізгі ерекшеліктерін талқылаңыз.
- •38.Мажоритарлы сайлау технологияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін суреттеңіз.
- •39.Пропорционалды сайлау технологияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •40.Саясаттанудағы "әлеуметтік мемлекет"концепциясына анықтама беріңіз, басты негіздерін талқылаңыз.
- •42.Қазақстан Республикасын әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлін сипаттап беріңіз.
- •43.Қазақстандықтар үшін Президент н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз?
- •44.Қазақстан Республикасында болып отыратын сайлау үрдістерін демократияландыру тенденцияларының ерекшеліктерін суреттеңіз.
- •45.Тмд кеңістігі көлеміндегі қРдың саяси көшбасшылық рөлін айқындап отырған басым факторларға нені көрсетуге болады?
- •Қазақстанның тмд шеңберіндегі ынтымақтастығ
- •46. Қазақстанның саяси партиялық жүйесіндегі соңғы онжылдықтағы негізгі саяси сипаттамаларға қысқаша талдама беріңіз.
- •47.Елді жаһандық қаржыэкономикалық дағдарыстан алып шығудағы өндіріс пен индустрия саласындағы потенциалды арттырудың рөлін түсіндіріңіз.
- •49.Әлемнің қарқынды дамыған елдері қатарына қосылудағы интеллектуалдық капиталды күшеюту рөлін қалай түсінесіз?
- •50.Егемендік алғаннан бергі Қазақстан Республикасының Заң шығарушы органының жетілу кезеңдерінің қысқаша ретроспективасын түсіндіріп беріңіз.
- •51.ҚРда экономикалық потенциалды арттырудағы ауылшаруашылық секторындағы саяси реформалардың модернизацияларын қандай факторлармен сипаттауға болады?
- •52.Қазақстандағы тұрақтылық пен этносаралық татулықтың жетілуіндегі қазақ ұлтының саяси рөлін түсіндіріңіз?
- •53.ҚРның Ата Заңына 2007 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістердің саясиқұқықтық рөлі мен маңызын айқындаңыз.
- •55.Шығыс пен Батыс әлемін байланыстырудағы қазақ елінің геосаяси әлеуетінің мүмкіндіктерін қандай басым факторлар арқылы сипаттауға болады?
- •56.Қазақстан Республикасының Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліс депутаттарын сайлаудағы соңғы сайлау (2007 жылғы) ерекшеліктері және оның келешегі?
- •57.Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының көпвекторлығының қалыптасуындағы саяси астарларды атап көрсетіңіз?
- •58.ҚРдағы әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын атаңыз және әлеуметтік мемлекеттілік сипаттамаларын көрсетіңіз?
- •59.Саясаттану ғылымы мен сіздің мамандығыңыздың арасындағы ұқсастықтар, байланыстар және ерекшеліктерді қалай түсінесіз?
- •60.Қазақстандағы демократиялық үрдістер, халықтың саяси сауаттылығын арттыру мәселелерінің маңызын талдап түсіндіріп жазыңыз.
44.Қазақстан Республикасында болып отыратын сайлау үрдістерін демократияландыру тенденцияларының ерекшеліктерін суреттеңіз.
Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi. Казакстан Республикасы сайлау жүйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжлiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз. Сайлау жүйесiнiң тепе-тең және мажоритарлы сияқты екi түрi бар. Тепе-тең сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау барысында берiлген дауыс пен жеңiп алынған мандат арасындағы тепе тендiк қағидасына негiзделедi. Тепе-тең сайлау жүй есiнің әрекет етуi үшiн бiрнеше iрi аумақтық округтер және екiден кем емес калыптасқан саяси партиялар болуы қажет.Мажоритарлы сайлау жуйесi артық басымдыды және салыстырмалы басымдылы деген екi түрге бөлiнедi. Артық басыьдылық мажоритарлы жүйе тусында бiрiншi және екiншi қайта дауыс беру кезiнде, сайлаушылар тiзiмiне енгiзiлген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса, сайлау өттi деп, дауыс берушiлердiң 50 пайыздан артык дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледi. Салыстырмалы басымдылы мажоритарлы жүйе тұсында егер кандидат сайлау тiзiмiне енген сайлаушылардың 25 пайызының дауысына ие болса, дауыс берген сайлаушылардың санына қарамастан, сайланды жене сайлау өттi деп есептеледi. Казақстан Республикасында Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау кезiнде, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) елу пайызынан астамының дауысын алған және қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қараған да дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланып, сайлау өттi деп саналады.Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидат тарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады. Жергiлiктi озiн-өзi баскару органдарының мушелерiн сайлау кезiнде басқа кандидатарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.
Қазақстандағы сайлау жүйесі
Атқарушы органдардың қызметін Үкімет басқарды. Ал оның құрылуына Президент тікелей қатысады. Өз қызметінде Үкімет Елбасы алдында жауапты әрі Парламентке есеп беріп отырады. Тікелей және өздері сайлаған өкілдер арқылы халық ел басқару ісіне қатыса алады. Қазақстандағы сайлау республика азаматының өзінің сайлау және сайлану құқыктарын еркін жүзеге асыруга негізделген. Президентті, мәжіліс және мәслихат депутаттарын, жергілікті езін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау дауыс берудің құпиялылығы сақталып, жалпыға бірдей төте сайлау қүқыгы нсгізімдо өткізіледі. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті.Қазақстанда жаңа сайлау жүйесінің еңгізілуі қоғамның саяси жүйесін одан әрі демократияландыруға едәуір ықпалын тигізді. Парламент сайлауы мен оны қалыптастыруда саяси партиялардың белсенділігі арта түсті. Партиялық тізіммен дауыс беруге рұқсат етілген 2000 жылғы соңғы сайлау кезінде бұл анық байқалды. Бұл жағдай өз кезегінде елдің саяси өмірін одан сайын жандандыра түсті. Мұны мынадан көруге болады: 1998 жылдың соңы мен 2000 жылдың басында Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде «Қазақстан азаматтық партиясы», «Қазақстан халықтық республикалық партиясы», «Отан» республикалық саяси партиясы, «Қазақстан аграрлық партиясы» жөне басқа да партиялар тіркеуден өтіп, өмірге жолдама алды.саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дүниеге келуі халықтың қалың көпшілігінің саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, ұлттық-мәдени орталықтар мен діни бірлестіктер қоғамдық сананың түрліше тұстарын қамтыды. Өйткенмен, бұлардың ішінде саяси партиялар ғана қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекерлеуші буын қызметін атқара алады. Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде қалың көпшіліктің мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.