
- •Саясаттану пәнінің қазіргі таңдағы қоғамдағы рөлі мен маңызын суреттеп түсіндіріңіз
- •2Саясаттану зерттеу объектісіне, субъектісіне және зерттеу пәніне анықтама беріңіз және түсіндіріңіз.
- •3. Антикалық дәуір ойшылдарының саясат және саяси ғылым туралы тұжырымдамаларын түсіндіріңіз.
- •4.Қазақ ғалымдарының, ойшылдарының еңбектеріндегі саяси ойдың басым бағыттарын, ерекшеліктерін түсіндіріңіз. (Әл-Фараби, Жүсіп Баласұғини т.Б)
- •5. Реннесанс дәуірі ойшылдарының саясат және саяси ғылымдар туралы ойларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •6.Саяси ғылымдардың қоғамдық ғылымдар саласында алар орнын және қалыптасу тарихын қысқаша түсіндіріңіз.
- •7. Саяси ғылымдардағы билік ұғымдарының анықтамасын беріңіз, мән мағынасын ашып түсідіріңіз.
- •8. Саясаттың басты субъектілері ретіндегі әлеуметтік топтардың, тұлғалардың және мемлекеттің арасындағы қатынасты сипаттап беріңіз.
- •9. Саясаттанудағы саяси жүйелер ұғымына анықтама беріңіз. Саясаттанудағы саяси жүйелерді түсіндіретін теориялардың негізгі ерекшеліктерін қысқаша жазып түсіндіріңіз.
- •10. Саяси ғылымдардағы «саяси режимдерді» түсіндірудегі негіз теориялық классификацияларды түсіндіріп анықтамасын беріңіз
- •11. Демократия ұғымына анықтама беріңіз, басқа саяси тәртіп түрлеріен ерекшеліктерін түсіндіріңіз
- •Мемлекеттің белгілері
- •Мемлекет түрлері
- •Мемлекет басқаруы бойынша
- •13. «Унитарлы мемлекет» ұғымына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріп, мысал келтіріңіз
- •14. «Федеративті мемлекет» ұғымына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріп, мысал келтіріңіз
- •15. Конфедерация дегеніміз не? Анықтама беріңіз және ерекшеліктерін түсіндіріңіз
- •16. Т. Парсонстың «жүйе және жүйешіктер» ұғымын түсіндіріңіз әрбір жүйешіктің ерекшеліктерін сипаттап беріңіз
- •17. Г.Алмонд бойынша «саяси жүйелер» типологиясын түсіндіріңіз, мазмұнын ашыңыз.
- •18. М.Вебер бойынша «саяси партиялардың даму кезеңдері және олардың ерекшеліктерін» түсіндіріңіз.
- •20. Саяси даму және саяси модернизация ұғымдарына анықтама беріңіз. Дихотомиялық ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •21. Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлеріне анықтама беріңіз, ерекшеліктерін ашып түсіндіріңіз.
- •22. Г.Гегель еңбектеріндегі «мемлекет пен азаматтық қоғам» концепциясының ерекшеліктерін талдап түсіндіріңіз.
- •23. Саясаттанудағы саяси идеологиялардың танымал типтеріне, классификацияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •24. Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: құндылықтары мен принциптерін сипаттап түсіндіріңіз.
- •25. Саяси қақтығыстардың типологиясын түсіндіріңіз, анықтамаларын беріңіз.
- •26. Саяси элита ұғымына анықтама беріңіз. Саяси ғылымдардағы элиталар туралы танымал теорияларға сүйене отырып ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •27. Саясаттанудағы «азаматтық қоғам» тұжырымдамаларымен сипаттап түсіндіріңіз.
- •28. В.Парето мен г.Москаның саяси элиталар концепцияларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •29. Саяси мәдениеттің саясаттанудың ғылыми категориясы ретіндегі ерекшеліктерінің мән мазмұнын ашып түсіндіріп беріңіз.
- •30. Саяси әлеуметтену үрдістеріне анықтама беріңіз. Саяси әлеуметтену үрдістерінің адам өміріндегі маңыздылығын, қажеттілігін дәйектеңіз.
- •31. Саясаттанудың ғылыми категориялық аппаратына сипаттама беріңіз, ерекшеліктерін беріңіз.
- •32. Саяси мәдениет және оның демократиялық мемлекет құрудағы маңыздылығын анықтаңыз, өз ойыңызша демократияландыруды тиімді жетілдіруде саяси мәдениеттің рөлі қандай екенін негіздеңіз.
- •34. Саясаттанудағы "консерватизм"және "либерализм"идеологияларының концепцияларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •35. Саясаттану және геосаясат арақатынастары: "теллурократиялық мемлекет"ұғымына анықтама беріңіз, осы концепцияның мән мазмұнын ашып түсіндіріңіз.
- •36. Саясаттану және геосаясат арақатынастары: "таллосократиялық мемлекет"ұғымына анықтама беріңіз, осы концепцияның мән мазмұнын ашып түсіндіріңіз.
- •37. Саясаттанудағы танымал сайлау технологиялары классификацияларына суреттеме беріңіз. Негізгі ерекшеліктерін талқылаңыз.
- •38.Мажоритарлы сайлау технологияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін суреттеңіз.
- •39.Пропорционалды сайлау технологияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
- •40.Саясаттанудағы "әлеуметтік мемлекет"концепциясына анықтама беріңіз, басты негіздерін талқылаңыз.
- •42.Қазақстан Республикасын әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлін сипаттап беріңіз.
- •43.Қазақстандықтар үшін Президент н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз?
- •44.Қазақстан Республикасында болып отыратын сайлау үрдістерін демократияландыру тенденцияларының ерекшеліктерін суреттеңіз.
- •45.Тмд кеңістігі көлеміндегі қРдың саяси көшбасшылық рөлін айқындап отырған басым факторларға нені көрсетуге болады?
- •Қазақстанның тмд шеңберіндегі ынтымақтастығ
- •46. Қазақстанның саяси партиялық жүйесіндегі соңғы онжылдықтағы негізгі саяси сипаттамаларға қысқаша талдама беріңіз.
- •47.Елді жаһандық қаржыэкономикалық дағдарыстан алып шығудағы өндіріс пен индустрия саласындағы потенциалды арттырудың рөлін түсіндіріңіз.
- •49.Әлемнің қарқынды дамыған елдері қатарына қосылудағы интеллектуалдық капиталды күшеюту рөлін қалай түсінесіз?
- •50.Егемендік алғаннан бергі Қазақстан Республикасының Заң шығарушы органының жетілу кезеңдерінің қысқаша ретроспективасын түсіндіріп беріңіз.
- •51.ҚРда экономикалық потенциалды арттырудағы ауылшаруашылық секторындағы саяси реформалардың модернизацияларын қандай факторлармен сипаттауға болады?
- •52.Қазақстандағы тұрақтылық пен этносаралық татулықтың жетілуіндегі қазақ ұлтының саяси рөлін түсіндіріңіз?
- •53.ҚРның Ата Заңына 2007 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістердің саясиқұқықтық рөлі мен маңызын айқындаңыз.
- •55.Шығыс пен Батыс әлемін байланыстырудағы қазақ елінің геосаяси әлеуетінің мүмкіндіктерін қандай басым факторлар арқылы сипаттауға болады?
- •56.Қазақстан Республикасының Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліс депутаттарын сайлаудағы соңғы сайлау (2007 жылғы) ерекшеліктері және оның келешегі?
- •57.Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының көпвекторлығының қалыптасуындағы саяси астарларды атап көрсетіңіз?
- •58.ҚРдағы әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын атаңыз және әлеуметтік мемлекеттілік сипаттамаларын көрсетіңіз?
- •59.Саясаттану ғылымы мен сіздің мамандығыңыздың арасындағы ұқсастықтар, байланыстар және ерекшеліктерді қалай түсінесіз?
- •60.Қазақстандағы демократиялық үрдістер, халықтың саяси сауаттылығын арттыру мәселелерінің маңызын талдап түсіндіріп жазыңыз.
39.Пропорционалды сайлау технологияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Пропорционалдық жүйенің мажортарлықтан айырмасы ол көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың арасындағы пропорционалдықты басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді. Сайлау кезінде қай көп дауыс болса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Бұл жүйеде сайлау округінен бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады. Сайлаушылар партиялық тізімге, нақтырақ айтқанда бағдарламаға дауыс береді. Мұндай сайлау жүйесі Еуропа елдерінде кең дамыған. Сайлаудың пропорционалдық жүйесінің кемшілігі – сайлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.
40.Саясаттанудағы "әлеуметтік мемлекет"концепциясына анықтама беріңіз, басты негіздерін талқылаңыз.
Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы – ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми-технологиялық дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мемлекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты. Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу қажет. Бірінші белгісіне - әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады, екінші - әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады, үшінші – бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші - әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші – қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы - өз азаматтарының әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан.Әлеуметтік мемлекеттің екінші функциясы – білім және денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Бұл екі функция тек әлеуметтік мемлекетке ғана тән еместігін айта кеткен жөн. Адамдардың физикалық және экономикалық өмірінің маңызды алғы шарттары болғандықтан олар кез келген мемлекеттің типіне қарамастан жүзеге асырылады. Ал әлеуметтік мемлекетке келетін болсақ, онда олар адамдардың ажырамас құқығы болып қалыптасады да, сол құқықты қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндетіне (мемлекеттік қаржыландыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйеісн құру) айналады.Әлеуметтік мемлекеттің үшінші функциясы - әлеуметтік қорғау. Оның пайда болуы, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатының деңгейіне мемлекет жауапкершілігінің қалыптасуына байланысты еді. Әлеуметтік мемлекеттің төртінші функциясы - әлеуметтік теңсіздікті бәсеңдету. Оны жүзеге асыру – барлық адамдардың бірдей әлеуметтік қолдау табу атрибутының пайда болғанынан бастап мүмкін болды. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамтамасыз етудің ертеректе қалыптасқан механизмі мен жалпыға бірдей әлеуметтік қолдау принциптерін жүзеге асыру – теңсіздікті толығымен жоюға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік мемлекеттің бесінші функциясы – еңбекпен қамтамасыз ету. Германияда Веймар Республикасы кезінде мемлекеттік функция ретінде пайда болған және Ф. Рузвельттің «Жаңа курс» саясатында маңызды рөл атқарған бұл функция тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, шын мәнінде, мемлекеттің ажырамас қызмет бөлігіне айналған.
41.ҚазақстанРеспубликасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың«Дағдарыстан Жаңару мен Дамуға» атты Ел Халқына Жолдауыныңсаясиәлеуметтік маңызын түсіндіріңіз.
«Дағдарыстан жаңару мен дамуға». Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы
6 наурызда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.Жолдауда қазақстандықтар екі онжылдық бойы жаңа ел құрып келе жатқаны атап өтілді. Мемлекет соңғы бірнеше онжылдықтар ішіндегі ең күрделі әлемдік дағдарыстың экономикаға кері әсерін тигізіп отырған қиын жағдайда батыл шараларды қолға алып, іске асырып келеді.- Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көзі еліміздің ішінде емес, әлемдік экономиканың теңгерімсіздігінің ішінде бүгулі жатыр. Дағдарыстан қашып кұтылу әрі оны алдын ала білу мүмкін болмады, - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.Әлемдік экономикадағы ахуал қиындай түсуде. Бір жылдың ішінде мұнай бағасы 4 есеге жуық, металдарға – 2 есеге жуық құлдырады. Экспорттан түсетін түсім едәуір азайды. Біздің сауда-саттықтағы негізгі әрі жақын көршілеріміз – Ресей мен Украина - өз ұлттық валюталарын девальвациялады. Қазақстанға отандық тауар өндірушілердің мүддесі үшін теңгені девальвациялауға тура келді.Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, қазақстандықтар еліміздің бұл сынақтарға жай дайын болып қана қоймай, сондай-ақ осы дағдарыстан анағұрлым күшті әрі өркендеуші мемлекет және қоғам болып шығатынын білулері тиіс.Өмір сүруге бейімді және икемді экономика құру үшін ел экономикасында құрылымдық реформалар жүргізілді, әртараптандыру бастау алды, қаржы ресурстарын – Ұлттық қорды жинақтаудың тетігі құрылды.Қазақстан дағдарысқа жедел ден қойып, алдын алу шараларын іске асыруға шұғыл кіріскен дүниежүзіндегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Дағдарысқа қарсы жоспарға ұлттық қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау, тұрғын үй құрылысын қолдау мен үлескерлер проблемаларын шешу, шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, инновациялық жобаларды жүзеге асыру сияқты бағыттар енді. Тұтастай алғанда ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда 2,7 триллионнан астам теңге бөлінді.- Иә, бүгін қиыншылықтар бар, ертең де жеңіл болады деп уәде бере алмаймын. Бірақ бетбұрысты кезеңдер алыс емес. Ол күнге біз батыл іс-әрекет жасап, өзіміздің экономикалық және қаржы ресурстарымызды тиімді пайдаланатын болсақ тезірек жетеміз. Біз туындаған проблемаларды шешуге қоғамды жұмылдыратын болсақ, қиындықтарды жылдам еңсереміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.Жолдауда Үкімет мемлекеттің әлеуметтік төлемдерді, зейнетақыларды, сондай-ақ бюджет қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту жөніндегі барлық міндеттемесіне кепілдік беруі тиіс екендігі айтылды.Сонымен бірге дағдарысқа төтеп беріп қана қоймай, алдағы экономикалық өсуге дайын болу қажет.- Біз дағдарыстан кейінгі дамуды қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі жаңғыртудың жаңа жоспарын іске асыруымыз керек, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.Алдағы екі жылда экономиканы жаңғыртудың жаңа жоспарын жүзеге асыру үшін 600 миллиардтан астам теңге жұмсалады. Бұл Ұлттық қордан бекітіліп қойған трансферттерден тыс қосымша қаржы.Осы мақсатта, Ұлттық қорға әдетте шикізат секторынан түсетін кіріс 2009-2010 жылдары республикалық бюджеттің мұқтаждықтарына жұмсалатын болады. Бұл орайда елдің қазіргі бар жалпы резервтерінің сол көлемі сақталады. Қаражаттың басқа бір көзі – бұл бюджеттің барлық шығыс баптары бойынша қатал үнемдеу мен қатаң қаржылық тәртіп.- Қаржылық тәртіпті бұзушылардан дағдарыс кезеңінің заңдары бойынша қатаң сұрау болуы тиіс. Басым емес шығыстардың барлығы - әкімшілік, инвестициялық және басқалары нөлге теңестірілуге тиіс, - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті.Мемлекет басшысы Үкімет пен мемлекеттік органдардың алдына бірқатар міндеттер қойды.Қазақстандықтарды жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру қажет. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 140 миллиардтан астам теңге бөлінеді. Жұмыспен қамту стратегиясын қоса қаржыландыру сондай-ақ жергілікті бюджеттерден де бөлінеді. Осының арқасында кемінде 350 мың қазақстандық жұмыспен қамтамасыз етіледі.Ең алдымен, коммуналдық желілерді – сумен, жылумен қамту, энергетика және кәріздер нысандары мен желілерін қайта жаңғырту және жаңарту қажет. Автомобиль жолдарын реконструкциялау мен жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңалау, қалалар мен елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыру керек. Бұл мақсатқа нысаналы трансферттер бөлінуге тиіс. Аудандық мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару органдары ретінде бұл қаражатты қайда жұмсайтынын өздері шешуі тиіс. Осы орайда қазақстандық өндірушілердің әлеуетін барынша пайдалану қажет.Әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру керек. 2008 жылы 13 мыңнан астам адам осы бағдарламалар бойынша өз мүмкіндіктерін іске асырды. Мемлекет басшысы осы мақсатқа қосымша 8,6 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Бұл бағдарламалар бойынша 96 мың адам жұмыспен қамтылатын болады.Жұмыссыздарды қолдау мақсатында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу кезеңінің ұзақтығын 4 айдан 6 айға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.- Дағдарыстан кейінгі дамудың жаңа жоспары аясында біз қазіргі перспективалық инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен іске асыруды жалғастырамыз, - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.Маңызды жобалар қатарында Атырау мұнай-химия кешенінің, Мойнақ су электр станциясының, Екібастұз 1-ГРЭС-ін, Екібастұз 2-ГРЭС-інің үшінші энергиялық блогын, Балқаш жылу электр станциясының құрылысын салу, кеңейту мен жаңғырту, сондай-ақ «Бейнеу – Бозой - Ақбұлақ» газ құбырын, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транзиттік дәлізін қайта жаңғырту бар. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ел үшін маңызды екі міндетті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экспортты әртараптандыру міндеттерін шешуге бағытталады.Экспортқа мамандану болашақта 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруды және таяудағы бес жылда ішкі жалпы өнімді 8 пайыз шамасында қосымша өніммен қамтамасыз етеді.- Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруы біздің мемлекетіміз үшін аса маңызды үш бірдей міндет болып қала береді. Мен осы міндетті шешуге бел будым. Құрметті отандастарым, оны өздеріңізбен бірге шешуге алдарыңызда жауаптымын, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.Қазақстан Президенті Парламент депутаттарын, «Нұр Отан» партиясын, Қазақстан халқы Ассамблеясын, барша саяси күштерді, мемлекеттік қызметкерлерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, бұқаралық ақпарат құралдарын жаһандағы ең қатал дағдарысты жеңу жолында тізе қосуға үндеді.- Біздің барлық қиындықтарды еңсеріп, Қазақстанды күшті, өсіп-өркендеген және әлем мойындаған мемлекетке айналдыратынымызға сенімдімін! – деді Мемлекет басшысы.