Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_polit (1).docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
212.78 Кб
Скачать

34. Саясаттанудағы "консерватизм"және "либерализм"идеологияларының концепцияларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.

Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне либерализм жатады. Оның негізін Дж.Локк Ш.Л.Монтескье, А.Смит. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазиялық ол кезде экономикалық жағынан белсенділік, іскерлік білдірді, бірақ саяси жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либералдық саяси доктрина арқылы білдірді. Либерализм – ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің мұраттары қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Оның идеялық негізінде көптеген басқа теориялар пайда болды. Либералдық идеологияның негізгі принципі- адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Экономикалық салада классикалық либерализ мына қағидаларға негізделеді:адамның жеке меншікке құқығы, нарықтың, бәкеліктің, кәсіпкерліктің еркіндігі, экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. Саяси либерализм адамның еркіндігін шексіз құндылық деп біледі. Ол тек әділдікті білдіреді және ажырамас адам құқығына қол сұғудан, озбырлықтан қорғайтын заңмен ғана шектеледі. Демократияның либералдық түсінігі – адамдардың теңдігі, олардың өмір сүруге, еркіндікке, меншікке құқықтарының теңдігі. Мемлекет азаматтық қоғамнан ажыратылған. Мемлекет қызметі заңмен шектеледі, билік тармақталады. Кейінірек либералдық саяси көзқарас оны жалпыға бірдей сайлау құқығы, парламентаризм, саяси алуан түрлілік, жергілікті өзін-өзі билеу және т.б идеялармен байытты. Консервативтік(латынның консервативус-қорғаушы дегенінен) идеология Ұлы Француз революциясының саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың, бүліншілік пен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын ХVII ғасырда пайда болған дәстүрлік діни-монархистік қорғаушы ағымынан алады. Ол ағым дәстүрлі монархиялық биліктегі саяси өмір құрылысын, феодалдық тәртіптер мен оның рухани құндылықтарын сақтағысы келеді. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын философы және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк, француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр, немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи жатады. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге және феодалдық-аристократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты. Олардың ойынша, ортағасырлық тәртіп, қауымдастық қатынастар, отбасы, мектеп, шіркеу қоғамды біріктіреді, оның бірлігін және дамудағы сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өмірде әдет-ғұрып дәтүр негізгі рөл атқарады. Сондықтан қоғамдық дамудың негізгі өлшемі әдет-ғұрыпты және халықтың мінезін өзгертуде. Олар ағартушылық пен революцияға, сана мен прогреске қарсы тұрды. Олардың саяси идеологиясының өзекті мәселелері – күшті мемлекет, айқын саяси жіктелу, биліктің төбе топ қолында болуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]