Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Khozhin_Lekia.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
793.6 Кб
Скачать

1.5 Қазақстан және тмд энергетикасы

Бұрынғы  СССР одақтастар  аймағында  80 жылдардың  соңында  елдің  тиімді  жұмыс  істейтін,  қуатты  энергетикалық   комплексі құралуға  дайын  болды,  оның  негізгі мақсаты Батыс  Европа мен    Моңғолия   құрамына  біртұтас  СЭВ «Мир» әлем-мүшелері  кіретін,   энергожүйемен  параллелді  жұмыс  жасайтын, біртұтас  энергожүйе - СССР  БЭЖ-сін  құру болатын.

Бұрынғы   СССР  одақтастығының  өзара  бөлінуі  және  жекешелендіруі көптеген  энергообьектілік  қожайындардың,  құралуына  әкеліп  соқты.

ТМД  біртұтас  энергожүйесі  қалыптасып, жұмысын  үйлестіру  үшін ТМД мүшесінің 11 мемлекеті 1992 жылдың  14  ақпанында «Тәуелсіз  Мемлекет-тер  Достастығының  электрэнергетика   аймағында  мемлекет  аралық қатынасының   үйлесіміне » келісім байласты. Бұл  келісім   бойынша   электрэнергетикалық   алқа  пайда  болды  және  оның  тұрақты  жұмысшы  мүшесі - Атқарушы   комитет  болды. 1992 жылдың  желтоқсанында  Ресей энергетика  және электрқамсыздандыру - (РАО) «ЕЭС России»  акционерлік  қоғамы   тіркелді.

Қазақстанда  елеулі  өзгерістер   болды, мұнда  біршама  энергообьектілер шет  ел  компанияларына  өтіп  кетті. Қазақстанда  жоғарғы  кернеу  тораптарындағы  басқару , өндірушілерден  электрэнергияны  сатып  алып,  тұтынушыларға  сату, диспетчеризация  және басқа да бірқатар  сұрақтарды  шешу  Қазақстан   электр  тораптарын  басқару  компаниясына   (KEGOC)  жүктелді.

Қазақстандағы  электрэнергиясын  тұтыну өз  шыңына   жетті,  1990 жылы  ол 105,0 млрд. кВт.с құрады. Келесі басталған экономикалық тоқырау, өндірістің  құлауы, электрэнергияның жыл  сайын 6-8%-ға  кемуіне  әкеліп соқты, ол 2000 жылы 54,0 млрд. кВт. с-қа  жетті. Қазіргі  уақытта  ҚР-ның  экономикасы  өрлей  бастады, ол өз кезегінде өндірістің дамуына  және электрэнергия  тұтыны-сының  артуына  әкелді.

2 - дәріс. Жылу электростанцияларында  электрэнергия  өндірудің  технологиялық   процестері 

Дәрістің  мазмұны: Электр  станцияларының  жіктелуі,  және жылу электрстанциясында  электрэнергия  өндірудің  технологиялық  процесстері.

Дәрістің  мақсаты:  Жылу электрстанциясында  технологиялық  процес-

терді  меңгеру 

2.1 Жалпы мәліметтер және электрстанцияның жіктелуі

Электрстанциясы табиғи  көздердің  энергияға   түрленетін немесе  жылулық  және  электрэнергиясына  түрленетін энергетикалық кәсіпорын-дарды  көрсетеді.

Электрстанциясында  өндірілген  электр энергиясы тұтынушыларға  әуе   желісі арқылы және қосалқы станциялар арқылы беріледі, олар станция  генераторын  және  тұтынушыларды  біртұтас біріктіріп, электр  торабын  түзетін-электрлік  жүйені  көрсетеді.

Электрлік  жүйенің кез келген  уақытындағы  жағдайын  көрсететін процестер жиынтығы режим параметрлерімен  сипатталады,  оған толық активті және реактивті қуаттар, толық  қуат, тоқ, кернеу, жиілік, ығысу бұрышы  жатады. Жүйе параметрлері режим параметрлерімен байланысты,  оған: кедергі, өтімділік, элементтердің  тұрақты уақыттары және  басқалары жатады.

Қолданылатын табиғи энергия көздеріне байланысты өндірілетін  электр энергиясы келесі  станция  типтеріне  жіктеледі:

1.Жылу  станциялары (ЖЭС): бу турбиналық   конденсациялық - КЭС;  бутурбиналы жылуландырулық-ЖЭО; газотурбиналы (ГТ) және бу-газ қондыр-ғылары   (БГҚ); дизельді; атомды - АЭС; геотермалды; күн  сәулелік.

2.Гидравликалық  электростанциялары (ГЭС)

3.Электрэнергиясын  тікелей  өндіру  әдісін  қолданатын   электрстан-циялар және  жел  электрстанциялары. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]