
- •Электроэнергетика
- •050718- Электроэнергетика, Электрлік станциялары
- •Мазмұны
- •1.1 Энергетика түсінігі
- •1.2 Энергетиканың үш аспектісі
- •1.3 Жердің энергетикалық ресурстары
- •1.4 Тмд және Қазақстанның және әлемдік энергетиканың даму болашағы және жағдайы
- •1.5 Қазақстан және тмд энергетикасы
- •2.1 Жалпы мәліметтер және электрстанцияның жіктелуі
- •2.2 Жылулық конденсациялық электрстанциялар (кэс)
- •2.1 Сурет – Конденсациялық бу турбиналық электрстанцияның
- •2.3. Жылуды қамтитын электр станциялар (жэс)
- •2.4 Газ турбиналық электростанциялар
- •3.1 Атом электр станциялары
- •3.1 Сурет– Су-сулық реактор сұлбасы.
- •3.2 Сурет - аэс-ның технологиялық сұлбалары
- •3.2 Дизелдік және геотермалды электрстанциялары
- •4.1 Су электрстанциясы
- •4.3 Сурет- Деривациялық суэлектростанциясы
- •4.2 Күн энергиясын қолдану
- •4.3 Энергияның тура түрлену әдісі
- •5.1 Жүктеме графигінің негізгі мәліметтері және олардың жіктелуі
- •5.4 Сурет– Трансформаторлардың жүктемесінің тәуліктік графигін тұрғызу
- •5.6 Сурет– Активті жүктемені ұзақтығы бойынша жылдық графигін тұрғызу.
- •6.1 Электрлік қосылыс сұлбаларының жалпы мәліметі
- •6.1 Сурет– Қосалқы станцияның құрылымдық (а), қысқартылған(упрашенный) (б) сұлбалары және толық бірсызықты (в) сұлбалардың үзіндісі
- •6.2 Электр станциялары және қосалқы станцияларының құрылымдық сұлбалары
- •6.2 Сурет– жэо құрылымдық сұлбалар нұсқаулары
- •6.3 Сурет - кэс, сэс, аэс құрылымдық сұлбалары
- •6.4 Кэс, сэс, аэс-ның трансформаторының қуатын және санын таңдау
- •6.5 Құрылымдық сұлбаларды техника-экономикалық таңдау
- •7.1 Құрылыс элементтері
- •7.2 Сурет
- •7.4 Сурет - аав фирмасының турбогенераторлары
- •7.2 Синхронды генераторларды салқындату
- •8.1 Жалпы мәліметтер, құрылыс элементтері және параметрлер
- •8.1 Сурет - Күштік трансформаторларының негізгі жалғану сұлбалары
- •8.2 Трансформатор элементтерінің құрылысы
- •8.3 Трансформаторларды салқындату
- •8.2 Сурет - дц салқындатқышының принципиалды сұлбасы
- •8.3 Сурет - тдтн – 16000/110 үшфазалық үшорамды трансформаторлар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы энергетика және байланыс институты
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Электр станциялары, тораптары мен жүйелері кафедрасы
Электроэнергетика
050718- Электроэнергетика, Электрлік станциялары
мамандығының студенттеріне арналған дәрістер жинағы
Алматы 2008
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Хожин Г.Х., Кузембаева Р.М., Соколов С.Е.
050718 – Электроэнергетика, Электрлік станциялары мамандығының студенттеріне арналған дәрістер жинағы
Алматы: АЭжБИ, 2008 45 б
«Электроэнергетика» пәні бес бөлімнен тұрады:
Электр станциялары, электр энергетикалық жүйелері және тораптары, электр мен қамтамасыздандыру релелік қорғаныс және автоматика,
дәстүрлі емес және энергия қорының қайта қалпына келуі.
Бұл дәрістер жинағында электр станциялары туралы қысқаша мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар электр энергияны өндірудің негізгі технологиялық процесі және жабдықтары қарастырылған.
Мазмұны
Дәріс 1.Электр энергияның таратылуының, берілуінің және өндіру процестерінің мәселелері мен жағдайы |
4-7 |
Дәріс 2. Жылу электрстанцияларына электр энергия өндірудің технологиялық процестері |
8-12 |
Дәріс 3. Атом, дизелдік және геотермалды станциялар |
13-16 |
Дәріс 4. Су электр станциялары және электр энергия өндірудің дәстүрлі емес әдістері |
17-20 |
Дәріс 5. Электр қондырғылардың жұмыс істеу режимдері |
21-24 |
Дәріс 6. Электр станциялары және қосалқы станциялар сұлбалары |
25-29 |
Дәріс 7. Синхронды генераторлар |
30-34 |
Дәріс 8. Күштік трансформаторлар және автотрансформаторлар |
35-39 |
Дәріс 9. Тарату құрылғыларының қосысылу сұлбалары |
40-43 |
Әдебиеттер тізімі |
44 |
1 - дәріс. Электр энергияның таратылуының, берілуінің және өндіру процестерінің мәселелері мен жағдайы
Дәрістің мазмұны: Энергетика түсінігі және Жердің энергетикалық ресурстары.
Дәрістің мақсаты: Энергетиканың қазіргі жағдайын және даму болашағын меңгеру.
1.1 Энергетика түсінігі
Қазіргі түсінігімізде энергетика (немесе энергетикалық шаруашылық) – өндіріс, қайта өңдеу, түрлендіру, сақтау, тасымалдау, тарату және барлық энергетикалық ресурстардың түрлерін, сонымен қатар энергияны пайдалану. Қазіргі уақытта алынатын энергияның негізгі формалары жылу және электр энергиясы. Энергетиканың жылу және электр энергиясымен байланысты саласы жылуэнергетикасы және электрэнергетикасы деп бөлінеді. Энергетиканың су энергиясының электр энергиясына айналу процесінің саласы суэнергетикасы деп аталады. Атом ядросын энергияға қолдану бағытының ашылуы – атомдық немесе ядролық энергетика аталмыш саласын ашты.
Энергетикада негізінен бес түрлі қондырғылар қолданылады: өндіретін, түрлендіретін, энергияны жеткізетін, сонымен қатар жинақтауыш (аккумулирующие) және тұтынатын қондырғылар.
1.2 Энергетиканың үш аспектісі
Энергетика адам қоғамының шаруашылығы сияқты және қоршаған ортаның жүйе бөлшегі, сонымен қатар халықшаруашылығының әртүрлі саласы сияқты үлкен жахандық жүйе болып табылады.
Энергетика қазіргі жағдайда және даму болашағында үш түрлі аспектіні қарастыруы керек - техникалық, әлеуметтік-саяси және биосфералық немесе экологиялық.
Энергетиканың техникалық аспектісі, ең алдымен адамзат планетаның энергетикалық потенциялын пайдалана отырып алынатын үлкен қуатпен сипатталады. Қазіргі дүниежүзілік электрстанцияларының қуаты шамамен 2 млрд кВт-ты құрайды. Барлық энергетикалық қондырғы-лардың жалпы қуаты 10 млрд.кВт-тан асады. Бұл қуаттарды қамтамасыз ету үшін адам табиғаттан жыл сайын , шартты түрде салмағы 40-50 млрд. тоннадан кем емес (шартты отын деп, 1кг жанғанда 29,3 МДж жылу бөлінетін отынды айтады) әртүрлі отынды алады. Сонда да табиғаттан алынған энергетикалық ресурстардың ПӘК-ті көп емес, олар 0,2%-дан аспайды. Осыдан энергетиканың негізгі мәселелерінің бірі – энергияның барлық түрлену кезеңіндегі шығынның азаюуы шығады (соңғы қолданысқа дейін энергетикалық ресурстарды алу). Бұл үшін қондырғыларды жақсартып, алынған энергияны дұрыс пайдалану керек, бұл мәселе техникалық сферадан шығып, әлеуметтік аспектіде қарастырылуы керек.
Адамзат қолымен жасалынған, қосынды қуаты үлкен, энергетикалық қондырғылар биосферада болатын табиғи процестерге үлкен әсер етеді. Бұл әсер ету көп жағдайында жағымсыз сипат туғызады, оны энергетиканың биосфералық аспектісін қарастырғанда ескеру керек. Отынды шығындау тек қана техникалық және биосфералық аспектіге ғана емес, көп жағдайда әлеуметтік-саяси аспектіге жатады. Жер шарының 30%-ы жер жүзінде өндірілетін энергияның 90%-ын тұтынады, ал қалған 70%-ы халық үлесіне, сонымен қатар дамушы мемлекеттерге барлық энергияның 10%-дан кем емес бөлігі тиеді. Соның арасында өндіріс деңгейі, тұрмыстық жағдай, мәдениетті дамыту қолданылатын энергия шамасына байланысты болады.
Ортақ техника-экологиялық сұрақ туады: энергетиканың жоғарғы қарқынмен дамуында адамзат жаңа энергия ресурсын тапқанша барлық отын қоры таусылып қалмайды ма?