- •1.Айтыс – қазақ халқының төл өнері. Хіх ғасырдың і жартысындағы айтыс өнерінің зерттелуі
- •2. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •3.Базар жырау дастандарындағы фольклорлық сипаттар және көркемдік шешім.
- •4.Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы.
- •5.Базар жыраудың халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары (мысал келтіріңіз).
- •6.Базардың дастандары. (4-5 сурактардан карастырасындар)
- •7.Бақтыбай мен Тезек төренің айтысы.
- •8.Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі Отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар.
- •9.Дулат Бабатайұлы – зар заман ағымының ірі өкілі.
- •10.Дулат өлеңдерінің жаңашылдығы.
- •11.Дулат пен Абай арасындағы үндестік.
- •12.Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.
- •13.Дулат шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •14.Дулаттың «Еспембет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері.
- •15.Дулаттың «Шаштараз» дастанының дидактикалық-эстетикалық тағлымы
- •16.Жанрлық дамулар, жазба әдебиетінің қалыптасуы.
- •17.Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас.
- •18.Зар заман» ағымы туралы түсінік.
- •19.Зар заман» толғауына талдау жасау.
- •20.Құлыншақ пен Майлықожаның айтысының тақырыбы
- •21.Майлықожа мысалдарының гуманистік-эстетикалық ұлағаты.
- •22.Майлықожаның айтыстары.
- •23.Майлықожаның арнау өлеңдерінің тақырыбы (мысал келтіріңіз).
- •24.Майлықожаның толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар (мысал келтіріңіз).
- •25.Махамбет өлеңдерінің бейнелілігі (бір өлеңін жатқа оқып, талдау жасаңыз).
- •26.Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі.
- •27.Махамбет Өтемісұлы – ұлт-азаттық көтеріліс жыршысы.
- •28.Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі.
- •29.Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •30.Мәделі қожаның айтыстары, толғау термелерінің тақырыбы. Мәделі шығармашылығының зерттелуі
- •31.Нұрымның шығармашылығы. Маңғыстаудың жыршылық дәстүрі.
- •32.Орынбай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •33.Орыстың отаршыл саясаты. Әлеуметтік-экономикалық жағдай.
- •34.Сүйінбай Аронұлының адамгершілік-тәрбиелік толғау өлеңдері.
- •35.Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі.
- •36.Хіх ғасыр басындағы саяси өзгерістер. Хандық биліктің жойылуы.
- •37.Хіх ғасыр әдебиетіне ислам дінінің әсер-ықпалы.
- •38.Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаттамасы.
- •39.Хіх ғасыр әдебиетінің зерттелуі.
- •40.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •41.Хіх ғасырдың і жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай.
- •42.Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі, жариялануы,
- •43.Шернияз толғау термелерінің философиялық болмысы.
- •44.Шернияз шығармашылығындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер.
- •45.Шернияздың шешендік өнері (өлеңдеріне мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •46.Шортанбай айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары. Шортанбай айтыстарының эстетикалық-поэтикалық өнегесі.
- •47.Шортанбай дастандары. Тақырыбы, көркемдігі.
- •48.Шортанбай шығармаларындағы зар заман сипаты.
- •49.Шортанбай шығармашылығындағы имандылықты уағыздау сарыны (мысал келтіріңіз).
- •50.Шортанбайдың үлгі - өнегелік тәрбиелік мәндегі толғаулары.
- •51.Шөже Қаржаубайұлы шығармаларының зерттелуі.
- •52.Шөже мен Балтаның айтысының көркемдігі.
16.Жанрлық дамулар, жазба әдебиетінің қалыптасуы.
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті алдыңғы кезең әдебиетімен салыстырғанда көп өскен, көркейген әдебиет болды. Жаңа өркениетті дамуға бет бұрған кезең әдебиетінде бір жағынан бұрынғы дәстүрлі жыраулық поэзия өзінің шын мәніндегі өмірлік, қоғамдық мәнін, саяси қызметін толық сақтай алмаса да, қалыпты дамуын, шығармашылық дәстүрін одан ары жалғады. Екінші жағынан, қазақ өмірін жырлауда жаңа бағыт ұстанған ақындық поэзия дамыды. Сол секілді қазақ елінің орыс патшалығына бодан болуы, сол елмен түрлі қарым-қатынасқа түсуіне байланысты орыс әдебиетінің де ықпал-әсері аңғарыла бастады. Қазақ әдебиеті өкілдері қатары шығармашылығын орыс әдебиетімен тығыз сабақтастықта өрбіткен қаламгерлермен толықты. Олардың алдыңғы легі ұлы ағартушы ойшылдар Шоқан, Ыбырай, Абай болды. Олардың шығармашылықтары арқылы кезең әдебиеті поэзиялық, прозалық, публицистикалық үлгідегі жаңа жанрлармен, сол жанрлардағы шығармалармен толысты. Бұл ұлы қаламгерлер шоғырын берген орыстың әдебиеті мен өнерінің алтын ғасыры аталған ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетінің шынайы ықпалы еді. Демек, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті іштей түлеу, даму арқылы және өзге елдер әдебиеттерімен байланысқа түсуі арқылы осы кезеңде дамудың жаңа сатысына көтерілді, өсті, өркен жайды. Бұл тек қазақ әдебиетіне ғана тән жағдай емес, әлем халықтары өркениеті мен өнерінің туу, қалыптасу, даму жолына тән, бір-бірімен сабақтастықта, үлгі үйреністе дамып отыратын әлемдік өркениеттік құбылыс. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өзіндік, кезеңдік ерекшелігі мол. Әдебиеттегі өзіндік ерекшелік, әлбетте, кезең әдебиетінің тақырыптық, жанрлық, көркемдік мәселелері тұрғысында өсуі болмақ. Мысалы, зар заман сарынының діни ағартушылыққа ұласуы, айтыс жанрының ауызша дәстүрінің жазбаша үлгімен аралас келе бастауы ақындық поэзияның сазгерлікпен, орындаушылықпен ұштасып жатуы, түрлі жаңа жанрлардың енуі сияқты. Кезең әдебиетіндегі ерекше көрінген жайдың бірі – қисса-дастан жанрының дамуы еді. Бұл жанрдың қазақ әдебиетінде көрініс беруі ежелгі дәуірлерге жол тартып жатуы даусыз. Десек те, оның мол көрініс берген кезеңі – ХІХ ғасыр.
17.Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас.
Ресей құрамына қосу мақсатында жүргiзiлген отарлық саяси iс-шаралар Кеңес империясының одан әрi астарлы түрде жүргiзген езгi саясаты аясында бүркемеленiп ұсталып, патша өкiметiнiң отарлық езгiсiнiң өңi өзгертiлiп айтылды. Ал осы саясаттың шынайы көрiнiсiн бейнелеген «Зар заман» әдебиетi өкiлдерiнiң шығармашылықтары жаңалыққа жатырқай қараған ескiшiл, кертартпа ақындар ретiнде бағаланғаны аян. Ы. Алтынсарин патша өкiметiнiң миссионер-ағартушыларымен тiкелей араласа жүрiп, халқын өнер-бiлiмге шақыруда өзiнiң педагогикалық қызметiне оларды дипломатиялық сыпайы сыйластық қатынаспен пайдаланды. Мысалы, Абайдың «Интернатта оқып жүр» деген өлеңiнде қазақтан алынған салықтар есебiнен ашылған мектеп-интернаттардың түлектерi оязға қызмет етiп, аз бiлгенiмен көп қазаққа епсiнiп, ел арасын бүлдiрер прощение (арыз, шағым) жазуды үйренiп, бар мақсаты тiлмәш, адвокат, военный қызметкер болуға ынталы шәкiрттер боларын айта келiп, осы өлеңнiң жалғасындағы бес дұшпанның отаршылдар енгiзген ел билеу жүйесiнiң кесiрiнен туған кеселдi мiндер екенiн ой бөлген адамға бiрден байқалардай етiп суреттеген. Қазандағы татар баспасынан аз тиражбен болса да Д.Бабатайұлының «Өсиетнама», Ш.Қанайұлының «Бала зары», «Бозжiгiт», «Сейпiл-Мәлiк», «Ақсақ Темiр хан», «Сақып-Жамал» сияқты қисса-дастандар жарыққа шықты. Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, т.б. ұлт мұрасын қастерлеген зиялы қауым өкiлдерiнiң ел iшiнен жазып алған нұсқалары негiзiнде жиналды.
