Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ХІХ г І ж.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
110 Кб
Скачать
☆

43.Шернияз толғау термелерінің философиялық болмысы.

Ақынның толғау-термелеріндегі өмірдің қайшылықтары / достық пен қастық, қайырымдылық пен зұлымдық, жомарттық пен сараңдық, ерлік пен ездік, т.б./ туралы философиялық толғаныстар, ақындық бағалаулар «А, Қазы би, Қазы би», «Көл қылып құйдым талай судай ағын», «Сөз сөйлеймін бөлмелеп», «Тостағанды қолға алып», т.б. өлеңдерінен көрінеді. Ел өмірін, халықтұрмысын жақсы біліп, олардың мұң – мұқтажын жете түсінген.

Тостағанды қолға алып,  Айқай салған жиырма бес; Шаншатұғын найзадай

Қылтың еткен жиырма бес;Шабатұғын қылыштай Жылтың еткен жиырма бес.Жиырма бестен өткен соң, Орда бұзған отыз бес.Отыз бестен өткен соң,Қынсыз қылыш қырық бес.Қырық бестен өткен соң,Емен шоқпар елу бес.Елу  бестен өткен соң, Әрмен-бермен  алпыс бес.Жетпіс беске келген соң,Сексен беске жеткен соң,Ұлың жүрер ұялмай, Қызың жүрер тіл алмай,Сол  мезгілде  жүрерсің Белге соққан жыландай. Сексен бестен өткен соң,Тоқсан  беске кеткенсоң,Шөңге болар түсіңіз, Жылап тұрарішіңіз, Бойдан  кетер  күшіңіз.Сол  мезгілде болғай - ау Сыйлайтүғын  кісіңіз.

44.Шернияз шығармашылығындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер.

 Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбетбастаған ұлт-азаттық көтерілісіне (1836 — 37) қатысып, оның жалынды жыршыларының бірі болған. Шернияз жырларында көтеріліс тақырыбы басты орын алады. Ақын көтеріліс жеңіліске ұшырап, оның басшысы Исатай мерт болса да, азаттық, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлады. Сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасаған: “Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас”, “Ақ алмас алтын сапты, қылышым-ай”, “Исатай ел еркесі, ел серкесі”, т.б. жырларын шығарды.  "Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас", "Сағынам ауызға алсам Исатайды", "Исатай - ел  еркесі, ел  серкесі"  деген жолдарының өзінен-ақ өмі-ріндегі ең сүйікті,  ең  ардақты  санаған шын дос, қымбаттысынан айырылған шерлі жыраудың  мұңды зары мен терең сыры байқалғандай болады. Исатай өлмей, ұсталып қайтып келген болса не дер едің дегенде:Бармысың, жауға түскен алтыным-ай! Самалым, саз қонысым, салқыным-ай! Жауыңның қоржынына  түсіп едің, Шықтың ба аман-есен, жарқыным-ай! Ақ алмас, алтын сапты, қылышым-ай Жатпапты асыл пышақ қап түбінде,Шықтың ба қабын жарып, ырысым- ай! - деп, мойнынан құшақтар едім  дейді. Осы үзіндінің  өзінен-ақ Шернияздың Исатайды қандай дәрежеде сүйіп, қандай дәрежеде жақсы көретіндігі айқын көрінеді.

45.Шернияздың шешендік өнері (өлеңдеріне мысал келтіріп, талдау жасаңыз).

Шершешендік өнерін «Шернияздың батасы», «Махамбет батырдың Шернияз шешенге айтқан жұмбағы» атты тундыларынан айқын байқалады.Шернияз ел қыдырып жүріп бір үйге түстеніп отырған Байсақал бидің үстіне кіріп келеді. Асты қызғанған Байсақал:—   Әй, Шернияз, кезбесің-ау! Бұйырғанды да бұйырмағанды да жейсің, — дейді.

Сонда Шернияз ақын отырмастан былай депті: Асқар, асқар, асқар тау, Асқартаудың түбінде болар саясы. Шариғатты білмеген Көкірегіңнің қарасы. Шыр етіп анадан туған соң Шашылған ризықты термеске Пенденің бар ма шарасы?! Байсақал сөзденжеңіліп: «Әншейін сөздің кілтін ашайын деп айтып едім, ақын! Жоғары шық!» — деп төрге шығарыпты. Осы өлеңмен мазмұндас Шернияз айтыпты деген тағы да әңгіме бар. Ауылына ара күндік жер қал-ғанда, кешке бір байдың үйімен сөйлесіпті. Бір жігіт шығып қондырғысы келмей, әр нәрсені сылтауратып сұрай беріпті. Шернияз оның ниетін сезіп, мына сөзді айтыпты: Руымды сұрасаң, Жеті рудың ағасы,

Ақкетенің баласы, Жаз жайлауым сұрасаң, Тайсойған, Бүйрек арасы; Қыс қыстауым сұрасаң, Жем, Сағыздың саласы. Жер шамасын сұрасаң, Ара қонып келеді Жүк салған жолмен қалашы Өзімнің атым - Шернияз. Жарылғас бидің баласы. Тап осылай деп айтпасам, Қондырмаймын деп тұрсың ғой шамасы", - дейді. Шернияздың  Баймағамбетке  айтқан  сөздерінде де шешендіктің үлгісін көреміз.Баймағамбеттің    жауыздығын  әшкерелеу  арқылы  басқа  да  хан,   сұлтандардың халыққа  жасаған  зорлық, зомбылықтарын терең  толғап  суреттейді. Мұндай  жерде  ақын  әрдайым Баймағамбетке  Исатайды  қарама-қарсы қою  әдісін  қолданып,  бірінің  елге деген  достығын, екіншісінің  елге  деген  қастық,  жауыздығын айқындайды. Ар жақта  Арынғазы дүбірлеген, Бай-еке, елің  бар ма  бүлдірмеген? Төре кетіп,  төбеде  төбет   қалып, Туып  тұр  ел  басына бұл  күн  деген. Қазақтың  қара  жұртын  быт-шыт қылған Төре емессің,  төбетсің      дым білмеген,дейді.  Осы  үзіндінің  өзінде  Баймағамбетке  деген  қаншама  өшпенділік  жатқаны  кім-кімге  де мәлім. Сонымен қатар  ақын  көп шындықтың  бетін  ашады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]