- •1.Айтыс – қазақ халқының төл өнері. Хіх ғасырдың і жартысындағы айтыс өнерінің зерттелуі
- •2. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •3.Базар жырау дастандарындағы фольклорлық сипаттар және көркемдік шешім.
- •4.Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы.
- •5.Базар жыраудың халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары (мысал келтіріңіз).
- •6.Базардың дастандары. (4-5 сурактардан карастырасындар)
- •7.Бақтыбай мен Тезек төренің айтысы.
- •8.Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі Отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар.
- •9.Дулат Бабатайұлы – зар заман ағымының ірі өкілі.
- •10.Дулат өлеңдерінің жаңашылдығы.
- •11.Дулат пен Абай арасындағы үндестік.
- •12.Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.
- •13.Дулат шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •14.Дулаттың «Еспембет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері.
- •15.Дулаттың «Шаштараз» дастанының дидактикалық-эстетикалық тағлымы
- •16.Жанрлық дамулар, жазба әдебиетінің қалыптасуы.
- •17.Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас.
- •18.Зар заман» ағымы туралы түсінік.
- •19.Зар заман» толғауына талдау жасау.
- •20.Құлыншақ пен Майлықожаның айтысының тақырыбы
- •21.Майлықожа мысалдарының гуманистік-эстетикалық ұлағаты.
- •22.Майлықожаның айтыстары.
- •23.Майлықожаның арнау өлеңдерінің тақырыбы (мысал келтіріңіз).
- •24.Майлықожаның толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар (мысал келтіріңіз).
- •25.Махамбет өлеңдерінің бейнелілігі (бір өлеңін жатқа оқып, талдау жасаңыз).
- •26.Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі.
- •27.Махамбет Өтемісұлы – ұлт-азаттық көтеріліс жыршысы.
- •28.Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі.
- •29.Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •30.Мәделі қожаның айтыстары, толғау термелерінің тақырыбы. Мәделі шығармашылығының зерттелуі
- •31.Нұрымның шығармашылығы. Маңғыстаудың жыршылық дәстүрі.
- •32.Орынбай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •33.Орыстың отаршыл саясаты. Әлеуметтік-экономикалық жағдай.
- •34.Сүйінбай Аронұлының адамгершілік-тәрбиелік толғау өлеңдері.
- •35.Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі.
- •36.Хіх ғасыр басындағы саяси өзгерістер. Хандық биліктің жойылуы.
- •37.Хіх ғасыр әдебиетіне ислам дінінің әсер-ықпалы.
- •38.Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаттамасы.
- •39.Хіх ғасыр әдебиетінің зерттелуі.
- •40.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •41.Хіх ғасырдың і жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай.
- •42.Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі, жариялануы,
- •43.Шернияз толғау термелерінің философиялық болмысы.
- •44.Шернияз шығармашылығындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер.
- •45.Шернияздың шешендік өнері (өлеңдеріне мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •46.Шортанбай айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары. Шортанбай айтыстарының эстетикалық-поэтикалық өнегесі.
- •47.Шортанбай дастандары. Тақырыбы, көркемдігі.
- •48.Шортанбай шығармаларындағы зар заман сипаты.
- •49.Шортанбай шығармашылығындағы имандылықты уағыздау сарыны (мысал келтіріңіз).
- •50.Шортанбайдың үлгі - өнегелік тәрбиелік мәндегі толғаулары.
- •51.Шөже Қаржаубайұлы шығармаларының зерттелуі.
- •52.Шөже мен Балтаның айтысының көркемдігі.
42.Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі, жариялануы,
Шернияз Жарылғасүлы (1806 — 1867) — халық ақыны. Кіші жүз қазақтарының Исатай, Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісіне (1836 — 37) қатысып, оның жалынды жыршыларының бірі болған. Шернияз жырларында көтеріліс тақырыбы басты орын алады. Ақын көтеріліс жеңіліске ұшырап, оның басшысы Исатай мерт болса да, азаттық, бостандық тақырыбын асқақ үнмен жырлаған. Сол арқылы Исатайдың батырлық бейнесін жасаған: “Па, шіркін, Исатайдай сабаз тумас”, “Ақ алмас алтын сапты, қылышым-ай”, “Исатай ел еркесі, ел серкесі”, т.б. жырларын шығарды. Шернияздың “Ай, Қазы би, Қазы би”, “Тостағанды қолға алып”, “Ай жігіттер”, “Сөз сөйлеймін бөлмелеп”, “Көл қылып құдайым талай судай ағын”, т.б. өлеңдерінде өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіздігі, өмірдің өзгермелілігі мен оның мән-мағынасы үлкен ой елегінен өткізіле жырланады. Шернияз - өз кезінде де, өзі өлгеннен кейін де, халыққа аты көп жайылған, атақты ақынның бірі. Оның өлеңдерін сүйіп тыңдайды, сүйсініп оқиды. Бұған бір өлең жинаушының мына сөзі толық дәлел:
«Біздің жақта, - дейді жинаушы, - Шернияз сөздерін әңгімеге үйірлігі бар жігіттердің көбі-ақ біледі. Өлеңші, ақындардың білмейтіні жоқ. Әсіресе: «Байеке, сіздің қызда жаман бар ма» деген өлеңі мақалға айналған. Ақын көрсе, «Шерниязды айт» деп көпшілік қолқа қылады. Жалғыз Жетісуда ғана емес, Қазақстанның қай облысы, қай ауданында болсын халықтың Шерниязды қолқалайтыны рас. Халыққа көп тарағандығы жағынан, Шернияз қазақтың қай ақынымен де таласа алады.
Шернияз өлеңдерінің 1925 жылы Мәскеуде басылған Алыш ақынның ңұсқасы, Омарбек, Мәшһүр-Жүсіп жинаған үш түрлі нұсқасы бар («Шернияз ақын өлеңдері “ ,«Шернияз», «Шернияздың Баймағамбетке айтқаны»). Бұлардың аттары әр басқа болғанымен, желісі бір. Өлеңдер Шернияздың Баймағамбетке келуімен басталады, яғни өзінің кім екенін таныстыру, Баймағамбеттің бұйрығы бойынша, оның қызын, әйелін, өзін мақтау, Исатайды мақтау, Мәдебайды (бір нұсқада Марабай делінеді) жеңуімен аяқталады.
Алыш ақынның нұсқасында Шернияз өлеңдерінің аяғы Байғара болыстан зорлық көрген Шернияздың арыз айтуымен тынса, Мәшһүр-Жүсіптің нұсқасында Шернияздың Баймағамбеттің қызының тойын бастауы, Баянасқа айтқан өлеңімен аяқталады. Жоғарыда айтылған үш нұсқадан басқа институт мұрағатында Нұржігітұлының «Шернияз тарихы» және Жәмет жыраудың «Ақкете Шернияз өлеңі» атты қолжазбалары, т.б. бірнеше ұсақ өлеңдері сақталған. Әсіресе құнды материал деп Нұржігітұлының қолжазбасын айтуға болады. Мұнда Шернияздың өмірімен байланысты оның әр жағдайда айтқан ұтымды қысқа-қысқа бір ауыз, екі ауыз өлеңдерімен қатар, бұрынғы жинақтарда болмаған «Шернияздың Қазыбек би мен Әлен төреге айтқан сөзі», «Терме», «Өмір туралы айтқаны» дейтін бірнеше жаңа өлеңдері бар.
«Ақкете Шернияз өлеңі» атты қолжазба Нұртуған ақын арқылы, кейін Нұртуғанның жиені Жәмет жырау арқылы алынды. Бұл да бұрын ешкімге мәлім болмаған шығарма.Бұл жай ғана өлең емес, оқиғаға құрылған қысқаша поэма деуге болады. Кіші жүз Сиықтың шежіресін айта келіп, Исатай мен Наушаның хан, патша әскерімен соғысы, Науша мен Исатайдың өз арасындағы қарым-қатынастары, Исатайдың ерлік өлімі, оның сүйегін Наушаның алып шыққаны баяндалады, Баймағамбет пен Шернияздың кездесуі, Марабай ақынмен айтысып, оны жеңуі жайлы айтылады. Көркемдігі жағынан бұл онша құнды өлең емес. Бірақ оқиғасында тарихи кейбір шындықтардың бетін ашатын жерлері бар (мысалы, Исатайдың сүйегін жаудан кім алып шыққанын айқындау, стихиялық түрде басталған шаруалар көтерілісін басқарушылардың өз араларындағы келісе алмаушылықты көрсету, т.б.).
Жоғарғы үш ақынның аузынан жазылып алынған үш түрлі нұсқаның желісі бір десек те, әрқайсысының өзінше өзгешеліктері бар. Бас-аяғы бүтін, әңгіме желісі дұрыс, адам мен ел аттары тарихқа жақын келетіні - Көкшетаудың Алыш ақыны айтқан нұсқа . Мәшһүр-Жүсіптің нұсқасы Алыш ақынға, негізінен, жақын келеді. Әйтсе де сөздерінде кейбір өзгешеліктері де жоқ емес. «Арқада ту ұстаған Арынғазы» (Мәшһүр) емес, «Ар жақта ту ұстаған Арынғазы» болу керек дейді. Өйткені әңгіме желісі атақты Арынғазы атты хан туралы. Бөкейліктегі ел Жайықтың бергі бетіндегі елді «ар жақ» деп сөйлейді. Оның Арқамен еш байланысы жоқ, сонымен қатар Мәшһүр-Жүсіптің нұсқасының көп жерлері түсіп қалған ,не болмаса сөздері басқаша құралатын жерлері көп.
Шернияз бұдан бір ғасыр бұрын өмір сүрсе де, оның өлеңдерінің біздер үшін мәні зор. Өйткені өз кезіндегі қара халықтың көпшілігі шаруалардың мұңын жырлап, шаруалар көтерілісін басқарған, халыққа қамқоршы болған ер ұлдарды дәріптеді. Сол кез, сол жағдаймен байланысты өзінің басында кейбір қайшылықтары болса да, ол негізінде, езілуші шаруалар табының жыршысы болды. Күлдіргі, сатиралық өлеңдердің шебер ұстазы ретінде тамаша үлгі өлеңдер қалдырды. Сол себептен біз оны зерттейміз, тексереміз. Сондықтан Шернияз әдебиет тарихынан өзіне лайықты орын алады.
