- •1.Айтыс – қазақ халқының төл өнері. Хіх ғасырдың і жартысындағы айтыс өнерінің зерттелуі
- •2. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •3.Базар жырау дастандарындағы фольклорлық сипаттар және көркемдік шешім.
- •4.Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы.
- •5.Базар жыраудың халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары (мысал келтіріңіз).
- •6.Базардың дастандары. (4-5 сурактардан карастырасындар)
- •7.Бақтыбай мен Тезек төренің айтысы.
- •8.Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі Отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар.
- •9.Дулат Бабатайұлы – зар заман ағымының ірі өкілі.
- •10.Дулат өлеңдерінің жаңашылдығы.
- •11.Дулат пен Абай арасындағы үндестік.
- •12.Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.
- •13.Дулат шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •14.Дулаттың «Еспембет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері.
- •15.Дулаттың «Шаштараз» дастанының дидактикалық-эстетикалық тағлымы
- •16.Жанрлық дамулар, жазба әдебиетінің қалыптасуы.
- •17.Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас.
- •18.Зар заман» ағымы туралы түсінік.
- •19.Зар заман» толғауына талдау жасау.
- •20.Құлыншақ пен Майлықожаның айтысының тақырыбы
- •21.Майлықожа мысалдарының гуманистік-эстетикалық ұлағаты.
- •22.Майлықожаның айтыстары.
- •23.Майлықожаның арнау өлеңдерінің тақырыбы (мысал келтіріңіз).
- •24.Майлықожаның толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар (мысал келтіріңіз).
- •25.Махамбет өлеңдерінің бейнелілігі (бір өлеңін жатқа оқып, талдау жасаңыз).
- •26.Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі.
- •27.Махамбет Өтемісұлы – ұлт-азаттық көтеріліс жыршысы.
- •28.Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі.
- •29.Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •30.Мәделі қожаның айтыстары, толғау термелерінің тақырыбы. Мәделі шығармашылығының зерттелуі
- •31.Нұрымның шығармашылығы. Маңғыстаудың жыршылық дәстүрі.
- •32.Орынбай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •33.Орыстың отаршыл саясаты. Әлеуметтік-экономикалық жағдай.
- •34.Сүйінбай Аронұлының адамгершілік-тәрбиелік толғау өлеңдері.
- •35.Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі.
- •36.Хіх ғасыр басындағы саяси өзгерістер. Хандық биліктің жойылуы.
- •37.Хіх ғасыр әдебиетіне ислам дінінің әсер-ықпалы.
- •38.Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаттамасы.
- •39.Хіх ғасыр әдебиетінің зерттелуі.
- •40.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •41.Хіх ғасырдың і жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай.
- •42.Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі, жариялануы,
- •43.Шернияз толғау термелерінің философиялық болмысы.
- •44.Шернияз шығармашылығындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер.
- •45.Шернияздың шешендік өнері (өлеңдеріне мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •46.Шортанбай айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары. Шортанбай айтыстарының эстетикалық-поэтикалық өнегесі.
- •47.Шортанбай дастандары. Тақырыбы, көркемдігі.
- •48.Шортанбай шығармаларындағы зар заман сипаты.
- •49.Шортанбай шығармашылығындағы имандылықты уағыздау сарыны (мысал келтіріңіз).
- •50.Шортанбайдың үлгі - өнегелік тәрбиелік мәндегі толғаулары.
- •51.Шөже Қаржаубайұлы шығармаларының зерттелуі.
- •52.Шөже мен Балтаның айтысының көркемдігі.
10.Дулат өлеңдерінің жаңашылдығы.
Қазақтың жазба поэзиясының алғашқы нышандары Дулат өлеңдерінен көрінеді. Іргетасты қалаған Абай болса, соны қалау кезеңі туғандығын, қалайша қалаудың алғашқы үлгілерін көрсеткен Дулат деп айтуға әбден болады.Поэтик. образдар жасаудың тілдік механизмі, яғни образдың тіл арқылы берілуі де Дулатта дағдыдан тыс, жаңа түрлерімен көрінеді. Айталық, дерексіз (абстракт) ұғым атауы мен деректі (нақты) заттардың немесе адам мен жан-жануарларға тән сын-сипат пен іс-қимыл атаулары бір-біріне жуыспауы керек. Дулат өлеңдерінен әділетке шелдеу, жырмен жуыну («Кеудеме қайғы толған соң, Тұнық жырмен жуынам»), арманды төгу («Күндіз күлкі бермеген. Түнде ұйқы бермеген. Көзінен төкті арманды»), «жетімдіктің белі», «көңілдің құтысы» сияқты тіркестердің сонылығы осылар қатысқан өлең жолдарының экспрессиясын (әсерін) күшейтіп, бұрын айтылмаған тың образдар жасап түр. Қ.Жұмалиев «Абайға дейінгі XIX ғасырда өмір сүрген ақындардың ішінде поэзиямызға жаңа бір түр кіргізген ақын — Дулат» — деп, Дулаттың ақындық алантына аса жоғары баға берген еді. М.Мағауин де: «Ақынның көңіл-күй, табиғат лирикасы да сол дəуірдегі казақ поэзиясы үшін жаңашыл сипатта болды» деп, оны М.Жармұхамедұлы да айтқан болатын. Рабиға Сыздықова Дулат жырының табиғатына ішкерілей кіріп: «Қазақтың жазба поэзиясының алғашқы нышандары Дулат өлеңдерінен көрінеді. Іргетасын қалаған Абай болса, соны қалау кезеңі туғандығын, қалайша қалаудың алғашкы үлгілерін көрсеткен Дулат» деп, Дулат ақынның ұлы Абайға өнеге болар ой қалдырып, оның əлемдік биікке көтерілуіне алтын баспалдақ, рухани іргетас, сондай-ақ ұлылық нəрінің ұлттық қайнар көзі болғандығын дəл басып айтады.
11.Дулат пен Абай арасындағы үндестік.
Отаршылдық қамытын мықтап киген қазақ қоғамының ащы шындығын жырлауға келгенде, Дулат пен Абай көп сәттерде бір-біріне үндес келіп жатады. Дулат суреттеген өз елін, қазақты қорқытатын «ел пысығы», айталық, болыс «майырдың бұйрығын алғанда, борбайына құйрығын қысып, алдына түсіп томпаңдаса», Абай бейнелеген болыс та: «Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап... Әлсіздің сезін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап...» -деп өзі мойындайды. Абай да: «Мәз болады болысың Арқаға ұлық қаққанға. Шелтірейтіп орысың Шенді шекпен жапқанға...» - деп, Дулат айтқан «шен-шекпенге сатылған, батпаққа елін батырған» ұлықтар портретіне ұқсас етіп беріп тұр. Әрине, бұл жерде Абай образды Дулаттан «ұрлап тұрған» жоқ: екеуін де осылайша сөйлетіп қойған - өмір шындығы, олардың сол шындыққа барған суреткерлік талғамдары. Ақындыққа екеуі де қатаң талап қояды. Дулат: «Жыршының аты жыршы ма, Әркімнен өлең жаттаса. Сөз-жібек жіп, жыр-кесте, Айшығы айқын көрінбес, Өрнексіз қылып баттаса...» десе, Абай: Өлең - сездің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы...»деген талап қояды. Бұл - Дулат пен Абайдың ортақ зары, шындық үні. Дулат-Абайға дейінгі қазақ ақындарының ішінде жазба поэзияға бір табан жақын келген, Европа мен орыс мәдениетінде классикалық поэзия деп аталатын өлең сөздің біраз белгілерінің қазақтағы бастауын танытқан ақын. Қазақ поэзиясы Абайға дейін ауызша жаралып, ауызша таралған, бірақ тілі ауыз әдебиеті тілінен өзгеше түсетін, авторлы поэзия болды, қазіргі жоғары үлгідегі жазба поэзияны бастаушы - ұлы Абай десек, Абайдың тақыр жерден өнер таппағанын және білуіміз керек. Қазақтың жазба поэзиясының алғашқы нышандары Дулат өлеңдерінен көрінеді.
