- •1.Айтыс – қазақ халқының төл өнері. Хіх ғасырдың і жартысындағы айтыс өнерінің зерттелуі
- •2. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •3.Базар жырау дастандарындағы фольклорлық сипаттар және көркемдік шешім.
- •4.Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы.
- •5.Базар жыраудың халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары (мысал келтіріңіз).
- •6.Базардың дастандары. (4-5 сурактардан карастырасындар)
- •7.Бақтыбай мен Тезек төренің айтысы.
- •8.Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі Отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар.
- •9.Дулат Бабатайұлы – зар заман ағымының ірі өкілі.
- •10.Дулат өлеңдерінің жаңашылдығы.
- •11.Дулат пен Абай арасындағы үндестік.
- •12.Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.
- •13.Дулат шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •14.Дулаттың «Еспембет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері.
- •15.Дулаттың «Шаштараз» дастанының дидактикалық-эстетикалық тағлымы
- •16.Жанрлық дамулар, жазба әдебиетінің қалыптасуы.
- •17.Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас.
- •18.Зар заман» ағымы туралы түсінік.
- •19.Зар заман» толғауына талдау жасау.
- •20.Құлыншақ пен Майлықожаның айтысының тақырыбы
- •21.Майлықожа мысалдарының гуманистік-эстетикалық ұлағаты.
- •22.Майлықожаның айтыстары.
- •23.Майлықожаның арнау өлеңдерінің тақырыбы (мысал келтіріңіз).
- •24.Майлықожаның толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар (мысал келтіріңіз).
- •25.Махамбет өлеңдерінің бейнелілігі (бір өлеңін жатқа оқып, талдау жасаңыз).
- •26.Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі.
- •27.Махамбет Өтемісұлы – ұлт-азаттық көтеріліс жыршысы.
- •28.Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі.
- •29.Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •30.Мәделі қожаның айтыстары, толғау термелерінің тақырыбы. Мәделі шығармашылығының зерттелуі
- •31.Нұрымның шығармашылығы. Маңғыстаудың жыршылық дәстүрі.
- •32.Орынбай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •33.Орыстың отаршыл саясаты. Әлеуметтік-экономикалық жағдай.
- •34.Сүйінбай Аронұлының адамгершілік-тәрбиелік толғау өлеңдері.
- •35.Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі.
- •36.Хіх ғасыр басындағы саяси өзгерістер. Хандық биліктің жойылуы.
- •37.Хіх ғасыр әдебиетіне ислам дінінің әсер-ықпалы.
- •38.Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаттамасы.
- •39.Хіх ғасыр әдебиетінің зерттелуі.
- •40.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •41.Хіх ғасырдың і жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай.
- •42.Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі, жариялануы,
- •43.Шернияз толғау термелерінің философиялық болмысы.
- •44.Шернияз шығармашылығындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер.
- •45.Шернияздың шешендік өнері (өлеңдеріне мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •46.Шортанбай айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары. Шортанбай айтыстарының эстетикалық-поэтикалық өнегесі.
- •47.Шортанбай дастандары. Тақырыбы, көркемдігі.
- •48.Шортанбай шығармаларындағы зар заман сипаты.
- •49.Шортанбай шығармашылығындағы имандылықты уағыздау сарыны (мысал келтіріңіз).
- •50.Шортанбайдың үлгі - өнегелік тәрбиелік мәндегі толғаулары.
- •51.Шөже Қаржаубайұлы шығармаларының зерттелуі.
- •52.Шөже мен Балтаның айтысының көркемдігі.
8.Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі Отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар.
XIX ғасырдың орта тұсына қарай патша отаршылдары ел ата қонысынан шетке сырған кезде шығарған өлеңдерінде туған жердің ендігі тағдыры үшін қан жылаған ақын жүрегінің күйініші үлкен суреткерлік қуатпен бейнеленген. Дулат өзінің "Аягөз", "О, Сарыарқа, Сарыарқа!", "Ақжайлау мен Сандықтас" деген тамаша жырларында өзі туған өңірді суреттей отырып: "Құт-берекелі көркем қоныс енді кімдікі?" – деген сұрақ қояды. Сол арқылы жұрттың туған жерді сүю, қорғау түйсігін оятып, оның қазіргі мына күйіне күйіндіріп, ашындырмақ болады. Ол "О, Сарыарқа, Сарыарқа!" атты өлеңінде қасиетті қара қоныс Сарыарқаның артықша сипаттарын мұнды әуенмен төгілте жыр етеді. О, Сарыарқа, Сарыарқа! Самалың салқын жон едің... Масаты кілем жайғандай, Қоныстың шұрай жері едің!.. Саған келіп ішіп ек, Тұнықтың мөлдір шынысын. Мұнда мадақтан басқа сөз айтылмаса да, мұңды сарынның қайдан құйылып тұрғанын аңғару қиын емес. Ақын "сондайсың" демейді, "сондай едің" – деп өткен шақта айтады. "Енді бұрынғыдай емессің, бұрынғы толықсып, толып, лықсыған... бейбіт өрісің жоқ" дегенді меңзейді. "Енді бұрынғыдай саған келіп тұнықтың мөлдір шынысын іше алмаймыз" деп мұңаяды. Ақын бұл өлеңінде астарлап жеткізген жайларын "Аягөз" атты өлеңінде ашып айтты. Дулат "шалқып шапқан жүйріктей" Аягөз өзені мен оның шүйгін де жемісті өңірін маржандай таза шұрайлы тілмен бедерлеген құлпырған суреттермен оқырмандарын елітіп келеді де, кенет сөз арнасын кілт бұрып: Айтуға ауыз келе ме, Аягөз кімнің жері еді? –деп, Аягөздің бүгінгі күніне оралтады. "Ақжайлау мен Сандықтас" атты өлеңінде де туып-өскен өңірін "атамның қонған қонысы" деп тебірене, оның келісті көріністерін перзенттік, тіпті сәбилік сүйіспеншілікпен елжірей суреттейді.
9.Дулат Бабатайұлы – зар заман ағымының ірі өкілі.
Д-тың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 — 24 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулаттың уытты, шыншыл сөздерінің кімдерге арналғанын оның: “Халыққа емес сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді, Улы тілмен улаттым”, — деген өлең жолдары көрсетіп тұр. Туған халқының екі жақты езгіге түсіп, көз жасының көл боп ағуы, қайғысы мен мұңы ақынның жан сыры ретінде жыр болып төгілді. Ақын «Тегімді менің сұрасаң», «Ал, қарағай сұлу сындарлы», «О, Сарыарқа, Сарыарқа», «Асқар таудың сәні жоқ» атты өлеңдерінде ел басқару ісіндегі озбырлық, әділетсіздікті, патшаның отаршылдық саясатының әсерінен жер-қонысынан айрылған ел жағдайын сөз етсе, «Сүлейменге», «Кеңесбайға», «Бараққа», «Ел аралаған ишанға», «Еспембет» өлеңдерін жеке кісілерге арнайды. Бұл - Ресей патшалығының қазақ жерін отарлау саясатының барлық салада бел алған кезі. Дулат осыны жыр өзегі етсе, кертартпа феодалдық-хандық дәуірді жоқтағаны емес, тәуелсіздікті, еркіндікті аңсағаны еді.
