- •1.Айтыс – қазақ халқының төл өнері. Хіх ғасырдың і жартысындағы айтыс өнерінің зерттелуі
- •2. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •3.Базар жырау дастандарындағы фольклорлық сипаттар және көркемдік шешім.
- •4.Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы.
- •5.Базар жыраудың халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары (мысал келтіріңіз).
- •6.Базардың дастандары. (4-5 сурактардан карастырасындар)
- •7.Бақтыбай мен Тезек төренің айтысы.
- •8.Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі Отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар.
- •9.Дулат Бабатайұлы – зар заман ағымының ірі өкілі.
- •10.Дулат өлеңдерінің жаңашылдығы.
- •11.Дулат пен Абай арасындағы үндестік.
- •12.Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.
- •13.Дулат шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •14.Дулаттың «Еспембет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері.
- •15.Дулаттың «Шаштараз» дастанының дидактикалық-эстетикалық тағлымы
- •16.Жанрлық дамулар, жазба әдебиетінің қалыптасуы.
- •17.Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас.
- •18.Зар заман» ағымы туралы түсінік.
- •19.Зар заман» толғауына талдау жасау.
- •20.Құлыншақ пен Майлықожаның айтысының тақырыбы
- •21.Майлықожа мысалдарының гуманистік-эстетикалық ұлағаты.
- •22.Майлықожаның айтыстары.
- •23.Майлықожаның арнау өлеңдерінің тақырыбы (мысал келтіріңіз).
- •24.Майлықожаның толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар (мысал келтіріңіз).
- •25.Махамбет өлеңдерінің бейнелілігі (бір өлеңін жатқа оқып, талдау жасаңыз).
- •26.Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі.
- •27.Махамбет Өтемісұлы – ұлт-азаттық көтеріліс жыршысы.
- •28.Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі.
- •29.Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •30.Мәделі қожаның айтыстары, толғау термелерінің тақырыбы. Мәделі шығармашылығының зерттелуі
- •31.Нұрымның шығармашылығы. Маңғыстаудың жыршылық дәстүрі.
- •32.Орынбай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •33.Орыстың отаршыл саясаты. Әлеуметтік-экономикалық жағдай.
- •34.Сүйінбай Аронұлының адамгершілік-тәрбиелік толғау өлеңдері.
- •35.Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі.
- •36.Хіх ғасыр басындағы саяси өзгерістер. Хандық биліктің жойылуы.
- •37.Хіх ғасыр әдебиетіне ислам дінінің әсер-ықпалы.
- •38.Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаттамасы.
- •39.Хіх ғасыр әдебиетінің зерттелуі.
- •40.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •41.Хіх ғасырдың і жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай.
- •42.Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі, жариялануы,
- •43.Шернияз толғау термелерінің философиялық болмысы.
- •44.Шернияз шығармашылығындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер.
- •45.Шернияздың шешендік өнері (өлеңдеріне мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •46.Шортанбай айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары. Шортанбай айтыстарының эстетикалық-поэтикалық өнегесі.
- •47.Шортанбай дастандары. Тақырыбы, көркемдігі.
- •48.Шортанбай шығармаларындағы зар заман сипаты.
- •49.Шортанбай шығармашылығындағы имандылықты уағыздау сарыны (мысал келтіріңіз).
- •50.Шортанбайдың үлгі - өнегелік тәрбиелік мәндегі толғаулары.
- •51.Шөже Қаржаубайұлы шығармаларының зерттелуі.
- •52.Шөже мен Балтаның айтысының көркемдігі.
4.Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы.
Базар Жырау Оңдасұлы (1842, қазіргі Қармақшы ауданы ауыл – 1911, Өзбекстан, Тамды ауданы Жалпақтау деген жерде) – жырау. Руы –Балқы, ел арасында Балқы Базар аталып кеткен. Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып, есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленген. Тоғыз жасында Тәспен би оны өз қолына алады. Тәспен ауылна белгілі жыраулар жиі келіп жатады екен. Бұл Базардың жыраулық жолға түсуіне бірден бір себеп, үлкен мектеп болады. Базар жырау 15–16 жасында бала жырау атанады. 1858 жылы Тәспен би Қызылқұмдағы игі жақсыларды шақырып, ұлан-ғайыр той жасап жыраулық жолына сәт сапар тілейді. Базар осы кезден бастап Ор төңірегін, Ырғыз, Сыр бойы, Қызылқұмды, Үргеніш, Хиуа жағын жырау ретінде аралайды. Хорезм жағында болған кездерінде Орта Азия жұртшылығы арасында кеңінен мәлім дастандарды («Көроғлы», «Жүсіп – Ахмет», т.б.) қазақ тілінде жырлап, Сыр бойына таратады, шығыс аңыздарының ізімен «Әминә қыз», «Айна – тарақ» дейтін шағын дастандар да шығарады. 1907 жылы Базар жырау Қазан қаласынан баспадан шыққан «Айман – Шолпан» жырын қайтадан жаңғырта жырлайды. Кейіннен «Қыз Жібек» жырына да көп өзгеріс енгізіп, қайта жырлап, ел арасына таратады. «Әр кемелге – бір зауал», «Тіршіліктің түрлері», «Керқұлан», «Кермиық», т.б. іргелі толғауларында ол өмірдің мән-мағынасына көз жүгіртеді. Оның жырлары афоризмге толы, жырау ел аузында айтылып жүрген мақалдарды өз елегінен өткізіп, қайтадан түрлендіріп, әрлеп, кейде тіптен басқаша мағына беріп, асқан шеберлікпен қолданады. Лұқпан хакім, Қорқыт бабалардың да өнегелі сөздерін жырға қосып отырады. Базар жырау домбыраны өте жақсы тартқан, Сыр бойында таралып жүрген, көпке ортақ әуендерді өз даусына лайықтап, өлеңінің ырғағына орай өңдеп, өзгертіп қолданған. Оның жырлау сазы өте әсем, қисса мен толғауларды орындағанда неше түрлі құбылып отырады. Жырау қартайған шағында құрдасы әрі туысы Нұрымбеттің Төремұрат деген оқыған баласына ауызша айтып отырып, көп толғау-жырларын, дастандарын хатқа түсірткен. Хатқа түскен 15 мың жолға жуық өлең-жырлары, 5 дастаны сақталған. Базар жыраудың өлеңдері 20 ғ-да ғана баспа бетін көре бастады. 1925 жылы Ташкенттен шыққан «Терме» жинағына, 1931 жылы жарық көрген «Қазақтың әдебиет нұсқалары» атты кітаптарға енді. Ә. Қоңыратбаев: « Базар жазған ақын емес, домбырамен айтатын асқан композитор. Базардың сөзі қандай ойлы, көркем болса, жыраулық мотиві де сондай. Сыр бойында Базардан үйренбеген ақындар сирек. Аумалы – төкпелі кезеңде өмір сүріп, өз ортасының, әділетсіз қоғамның белсенді өкілдерін өлтіре шенеген Базар біраз уақыт Қазалы, Ақмешіт, Үргеніш түрмелерінде қамауда отырғаны жөнінде деректер кездеседі. Өмірінің соңғы жылдарын Бұхар жағында өткізген жырау бірде Ақмешіттегі әкімдердің сұрауымен абақтыға қамалады. Бұл 1908 ж шамасы болу керек. Осы уақытта Бұқардағы « Көкілташ» медресесінде оқып жүрген Тұрмағамбет Шайыр мен тәжік азаматы Садриддин түрмеден қашырып жіберіпті деген де аңыз әңгіме ұшырайды. Ақын 1911 ж Өзбекстан өңіріндегі « Жалпақтау» деген жерде жасы 70 – тен асып дүниеден озады, сүйегі де сол араға жерленген.
