- •1.Айтыс – қазақ халқының төл өнері. Хіх ғасырдың і жартысындағы айтыс өнерінің зерттелуі
- •2. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •3.Базар жырау дастандарындағы фольклорлық сипаттар және көркемдік шешім.
- •4.Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы.
- •5.Базар жыраудың халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары (мысал келтіріңіз).
- •6.Базардың дастандары. (4-5 сурактардан карастырасындар)
- •7.Бақтыбай мен Тезек төренің айтысы.
- •8.Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі Отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар.
- •9.Дулат Бабатайұлы – зар заман ағымының ірі өкілі.
- •10.Дулат өлеңдерінің жаңашылдығы.
- •11.Дулат пен Абай арасындағы үндестік.
- •12.Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.
- •13.Дулат шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •14.Дулаттың «Еспембет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері.
- •15.Дулаттың «Шаштараз» дастанының дидактикалық-эстетикалық тағлымы
- •16.Жанрлық дамулар, жазба әдебиетінің қалыптасуы.
- •17.Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас.
- •18.Зар заман» ағымы туралы түсінік.
- •19.Зар заман» толғауына талдау жасау.
- •20.Құлыншақ пен Майлықожаның айтысының тақырыбы
- •21.Майлықожа мысалдарының гуманистік-эстетикалық ұлағаты.
- •22.Майлықожаның айтыстары.
- •23.Майлықожаның арнау өлеңдерінің тақырыбы (мысал келтіріңіз).
- •24.Майлықожаның толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар (мысал келтіріңіз).
- •25.Махамбет өлеңдерінің бейнелілігі (бір өлеңін жатқа оқып, талдау жасаңыз).
- •26.Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі.
- •27.Махамбет Өтемісұлы – ұлт-азаттық көтеріліс жыршысы.
- •28.Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі.
- •29.Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •30.Мәделі қожаның айтыстары, толғау термелерінің тақырыбы. Мәделі шығармашылығының зерттелуі
- •31.Нұрымның шығармашылығы. Маңғыстаудың жыршылық дәстүрі.
- •32.Орынбай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •33.Орыстың отаршыл саясаты. Әлеуметтік-экономикалық жағдай.
- •34.Сүйінбай Аронұлының адамгершілік-тәрбиелік толғау өлеңдері.
- •35.Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі.
- •36.Хіх ғасыр басындағы саяси өзгерістер. Хандық биліктің жойылуы.
- •37.Хіх ғасыр әдебиетіне ислам дінінің әсер-ықпалы.
- •38.Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаттамасы.
- •39.Хіх ғасыр әдебиетінің зерттелуі.
- •40.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •41.Хіх ғасырдың і жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай.
- •42.Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі, жариялануы,
- •43.Шернияз толғау термелерінің философиялық болмысы.
- •44.Шернияз шығармашылығындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер.
- •45.Шернияздың шешендік өнері (өлеңдеріне мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •46.Шортанбай айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары. Шортанбай айтыстарының эстетикалық-поэтикалық өнегесі.
- •47.Шортанбай дастандары. Тақырыбы, көркемдігі.
- •48.Шортанбай шығармаларындағы зар заман сипаты.
- •49.Шортанбай шығармашылығындағы имандылықты уағыздау сарыны (мысал келтіріңіз).
- •50.Шортанбайдың үлгі - өнегелік тәрбиелік мәндегі толғаулары.
- •51.Шөже Қаржаубайұлы шығармаларының зерттелуі.
- •52.Шөже мен Балтаның айтысының көркемдігі.
31.Нұрымның шығармашылығы. Маңғыстаудың жыршылық дәстүрі.
Нұрым Тайсойған жерінде туып-өссе де, жыршы, жыраулардың ежелгі дәстүрімен Хиуа, Маңғыстау, Жайық бойы, Ақтөбе қырын жайлаған елдерді аралап, өнерпаздармен кездеседі, көне жырларды жаңғырта жырлап, терме, толғаулар шығарады, Жаскілең, Берішқызы, Балмырза, Қашаған ақындармен айтысқа түсіп, "Тоғыз ауыл" сияқты ерлік дастандар толғайды. Нұрымның "Әтембетке айтқаны" толғауы Қазан төңкерісіне дейінгі дәуірдің өзінде "Мұрат ақынның Ғұмар Қазыоғлына айтқаны" жинағында жарияланды. "Байбоз – Жанбоз" дастаны "Аламан" антологиясында басылды. Терме, толғаулары мен айтыстары "Ертедегі әдебиет нұсқалары" "Ақберен"', "Өсиет-нама", "Бес ғасыр жырлайды", "XIX ғасырдағы қазақ поэзиясы","Мен –қашанғы жүйрігің, "Жыр-дария" жинақтары мен "Коммунистік еңбек", "Коммунизм жолы", "Жұмысшы", т.б. газеттерде жарық көрді. "Мен қашанғы жүйрігің...", "Ұсынсам, қолым жетер ме", "Әлеумет, келдің қаумалап", т.б. терме, толғауларында Нұрым заман сырына үңіліп, көне жыраулар дәстүрімен адам өмірі, жастық, кәрілік, жақсылық, жамандық туралы толғанады. Термелеріндегі сөз мағынасына үңілсек, "Әр нәрсенің жарастығы – уакытында" деген пайымдауын аңғару қиын емес. Нұрымның ұсынар жолы – дүние қызығына түскен күйкі пендешілік емес, достық, татулық – адамгершілік абзал мұрат. Тұрмыс-салт тақырыбындағы өлендерінің бірі – "Жарлау". Хат-хабары, баспасөзі жоқ көшпелі ел тұрмысында жоқ іздеуші үлкен жиында, тойда, аста жоғалтқан малының түрі-түсін, бейне-белгісін айтып жар салатын. Нұрым дүние даму үстінде екенін сезінеді, заман алалығын уақыттың өзі тезге салады деп үміттенеді ("Бай болсын, мырза болсын бұлаңдаған, жүйріктің жері бар ма сыналмаған"). Ақын пікірінше, туу, өлу хақ, ол заңдылықтан ешкім қашып құтыла алмайды ("Пендеге шыны қаза келген күні дүниеден қосын түзеп кім жөнелмес"). Дәуірінің әлеуметтік ащы шындығын көре, сезіне, өмір заңдылығын ұға білген Нұрым өнерпаздар дағдысынша жыр толғап, ел аралаумен өмір кешкен.
Маңғыстаудың жыршылық дәстүрі Маңғыстау халқы ұлан-ғайыр шексіз де шетсіз даланы кезіп, Жем көшіп, Атырау жағасына қонып, мына шеті Жайық бойлап Орынборға, мына жағы Елекке дейін барып, кейін ойысып, Үстірт арқылы Шалқарға жақындап, Бесқала барып, көші-қонмен жүрген ел. Өзінің жан-дүниесін, өмір таршылығын, арманын, қуаныш пен қорқынышын, қайғысын, ерлік пен батырлығын жыр қылып айта білген, сөзді қадірлеген, аталы сөзге тоқтаған. Жыраулар туралы филология ғылымдарының кандидаты Қабиболла Сыдықов "Ақын-жыраулар" атты кітабында (Алматы, 1974, 9-6.): "Қазақстанның батыс аймағы көптеген батырлар жырының, әсіресе "Қырық батыр" ("Ноғайлының қырық батыры" немесе "Қырымның қырық батыры") сияқты халқымыздың қымбат поэзиялық мұрасы, кемелденген ауыз әдебиетінің ірі өкілдері шыққан орта. Абыл мен Махамбет, Шернияз бен Ақтан, Нұрым мен Сүгір (Мырзалы ұлы), Қашаған мен Жаскелең, Нұрпейіс пен Мұрын, Ығылман мен Аралбайдың ақындық, жыраулық, жыршылық таланты өзгелерге үлгі болған", - дейді. Бұл шындық сөз, олар шын мәніндегі жыршылық дәстүрді бізге жалғастырушылар. Маңғыстау жыраулары да басқа жыраулар сияқты өзіне шәкірт ерткен. Шәкірттері өзұстазының шығармаларын халыққа насихаттаумен қатар басқа көрнекті ақын-жыраулардың шығармаларын, эпостық жырларды, қиссаларды орындаған. Маңғыстауда өз алдына жыраулар мектебі бар дейтініміз де осыдан.
