- •1.Айтыс – қазақ халқының төл өнері. Хіх ғасырдың і жартысындағы айтыс өнерінің зерттелуі
- •2. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •3.Базар жырау дастандарындағы фольклорлық сипаттар және көркемдік шешім.
- •4.Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы.
- •5.Базар жыраудың халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары (мысал келтіріңіз).
- •6.Базардың дастандары. (4-5 сурактардан карастырасындар)
- •7.Бақтыбай мен Тезек төренің айтысы.
- •8.Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі Отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар.
- •9.Дулат Бабатайұлы – зар заман ағымының ірі өкілі.
- •10.Дулат өлеңдерінің жаңашылдығы.
- •11.Дулат пен Абай арасындағы үндестік.
- •12.Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.
- •13.Дулат шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •14.Дулаттың «Еспембет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері.
- •15.Дулаттың «Шаштараз» дастанының дидактикалық-эстетикалық тағлымы
- •16.Жанрлық дамулар, жазба әдебиетінің қалыптасуы.
- •17.Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас.
- •18.Зар заман» ағымы туралы түсінік.
- •19.Зар заман» толғауына талдау жасау.
- •20.Құлыншақ пен Майлықожаның айтысының тақырыбы
- •21.Майлықожа мысалдарының гуманистік-эстетикалық ұлағаты.
- •22.Майлықожаның айтыстары.
- •23.Майлықожаның арнау өлеңдерінің тақырыбы (мысал келтіріңіз).
- •24.Майлықожаның толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар (мысал келтіріңіз).
- •25.Махамбет өлеңдерінің бейнелілігі (бір өлеңін жатқа оқып, талдау жасаңыз).
- •26.Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі.
- •27.Махамбет Өтемісұлы – ұлт-азаттық көтеріліс жыршысы.
- •28.Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі.
- •29.Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •30.Мәделі қожаның айтыстары, толғау термелерінің тақырыбы. Мәделі шығармашылығының зерттелуі
- •31.Нұрымның шығармашылығы. Маңғыстаудың жыршылық дәстүрі.
- •32.Орынбай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •33.Орыстың отаршыл саясаты. Әлеуметтік-экономикалық жағдай.
- •34.Сүйінбай Аронұлының адамгершілік-тәрбиелік толғау өлеңдері.
- •35.Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі.
- •36.Хіх ғасыр басындағы саяси өзгерістер. Хандық биліктің жойылуы.
- •37.Хіх ғасыр әдебиетіне ислам дінінің әсер-ықпалы.
- •38.Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаттамасы.
- •39.Хіх ғасыр әдебиетінің зерттелуі.
- •40.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •41.Хіх ғасырдың і жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай.
- •42.Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі, жариялануы,
- •43.Шернияз толғау термелерінің философиялық болмысы.
- •44.Шернияз шығармашылығындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер.
- •45.Шернияздың шешендік өнері (өлеңдеріне мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •46.Шортанбай айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары. Шортанбай айтыстарының эстетикалық-поэтикалық өнегесі.
- •47.Шортанбай дастандары. Тақырыбы, көркемдігі.
- •48.Шортанбай шығармаларындағы зар заман сипаты.
- •49.Шортанбай шығармашылығындағы имандылықты уағыздау сарыны (мысал келтіріңіз).
- •50.Шортанбайдың үлгі - өнегелік тәрбиелік мәндегі толғаулары.
- •51.Шөже Қаржаубайұлы шығармаларының зерттелуі.
- •52.Шөже мен Балтаның айтысының көркемдігі.
29.Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
Ақын өлеңдерінің халық арасына тарауына Ш.Жарылғапұлы, Қуан ақын, кішкене Кобыланды, Лұқпан, Мұрат, Ығылмандар әсер еткен. Алғаш «Мұрат ақынның Тұмар қажы оғлына айтқаны» деген жинақта (Қазан, 1908) Махамбеттің 100 жолдан астам екі толғауы басылды. Ғ.Мүштақ құрастырған «Шайыр яки қазақ ақыңдарының басты шығармалары» жинағында (Орынбор, 1911) Махамбет толғауынан үзінділер берілді. 1939 ж. Қ.Жұмалиев Махамбет өлеңдерінің жинағын шығарды. Ақынның 200 жылдық мерейтойы аталып өтіп (2003), 4 томдық жинағы жарық көрді. Қазіргі оқырманға "Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқаны", "Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі" деген тақырыптармен жақсы таныс бір топ жырлар 1908 жылы Қазанда жарық көрген кітапта басқаша аталады. 1925 жылы Ташкентте жарияланған "Исатай — Махамбет" (Халел Досмұқамбетұлы жинастырған) кітаптары алтын қазық бағдар болды. "Жақия" өлеңін Махамбет өлеңін жинаушы Тайыр Құланғалиев өзінің баласына жаздырып әкеліп Қазақстан Жазушылар одағына тапсырған қолжазбасының соңындағы оқшау түскен өлең. Алғаш "Қазақ әдебиеті" (22.IV. 1956) газетінде жарияланған. Б. Аманшиннің "Махамбеттің екі өлеңі" атты мақаласында "Махамбеттің өлеңі болуы мүмкін" деп, мысал келтірілген. Кейін "Қазақстан мұғалімі" (5.VI. 1958) газетінде, 1974, 1979, 1989 жылдардағы Махамбет жинақтарында "Жақия" деген атпен жарық көрді. "Махамбет" атты зерттеу мақаласында академик М. О. Әуезов Махамбет пен Бұқар жырау мұраларының табиғатын салыстыра қарастырып, бір жағынан Махамбет ақындығының даралық, жаңашылдық бітімін дәйектеп береді. Шығармалары 1939-89 жылдар арасында 8 рет жеке кітап болып шықты, оқулықтар мен жинақтарға енді. Оның өмірі мен шығармашылығы жөнінде Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, З.Қабдолов, Х.Сүйішәлиев, С.Қирабаев, Ә.Дербісәлин, Р.Бердібаев, М.Мағауин, Қ.Сыдиықов, т.б. ғалымдар мен қаламгерлер зерттеулер, мақалалар жазды, пікірлер айтты.
30.Мәделі қожаның айтыстары, толғау термелерінің тақырыбы. Мәделі шығармашылығының зерттелуі
Мәделі Жүсіпқожа ұлы болашақ ақын жігіт жастайынан діни медреселерді оқып, жан-жақты болып өседі. Мәделінің өз заманында діни білімімен молдалық құрған кездері де болған. Мәделі қожа өзінің толғауларын Құран аяттарына сүйене отырып шығарған: Басында қатыра судан болдық пайда, Неше күн шайқатылып жүрдік бойда. Сол судан қан-сөл ғайып пайда болып,Сүйектен етке шаптық үш-төрт айда. Мәделі әдеби мұрасы — толғаулар, айтыстар, арнау өлеңдер. “Батырбек пен Байзаққа”, “Әбділда қожаға”, “Айналайын, Әзірет”, “Аман бол, Қосжарсуат туған жерім!”, “Датқа-еке, мен осында туып едім”, “Қанайға”, “Шәріпке”, “Кетпейді бастан бұлт күн жайланып”, тағыда басқа арнаулары мен толғауларында ерлердің тарихи тұлғалары жырланады. Ақынның айтыстарында (“өлбике мен Мәделі”, “Айым қызбен жұмбақ айтысы”) айтыскер ретіндегі шеберлігі аңғарылады. Ол атақты Майлықожа ақынмен де өнер жарыстырған (“Бес ғасыр жырлайды”, 1-т., 1989). Мәделі шығармалары баспасөз беттерінде (“Түркістан уәлаяты”, 1875, 1878; “Жас Қайрат”, 1924; “Оңтүстік Қазақстан”, 1973), хрестомататиялық-антологиялық жинақтарда (“Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы”, 1967; “Бес ғасыр жырлайды”, 2-том, 1984, 1989, 1991), жоғары оқу орындарына арналған хрестоматиялық оқу құралдарында жарияланған. Ақынның шығармашылығы туралы әдебиеттанушы ғалымдар Х.Сүйіншәлиев, Ә.Оспанұлы, тағыда басқа зерттеген. Негізінен толғау ақыны. «Қанай датқаға», «Майлы ақынға» деген толғаулары бар. «Мәделінің елімен қоштасқаны», «Еш нәрсе бұл дуниеге болмас тұтқа», «Бәйтерек Байзақ едің мақтап жүрген», «Іліп алма»деген өлең-жырларында өз кезінің алуан шындығын көрсеткен. «Арыстанбайға» атты арнау өлеңі «Жасқайрат» журналында (1924, №5) жарияланған. Көптеген өлең-жырлары, толғаулары,айтыстары қолжазба күйінде Ұлттық кітапхана қорында сақтаулы.
