- •1.Айтыс – қазақ халқының төл өнері. Хіх ғасырдың і жартысындағы айтыс өнерінің зерттелуі
- •2. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •3.Базар жырау дастандарындағы фольклорлық сипаттар және көркемдік шешім.
- •4.Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы.
- •5.Базар жыраудың халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары (мысал келтіріңіз).
- •6.Базардың дастандары. (4-5 сурактардан карастырасындар)
- •7.Бақтыбай мен Тезек төренің айтысы.
- •8.Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі Отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар.
- •9.Дулат Бабатайұлы – зар заман ағымының ірі өкілі.
- •10.Дулат өлеңдерінің жаңашылдығы.
- •11.Дулат пен Абай арасындағы үндестік.
- •12.Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.
- •13.Дулат шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •14.Дулаттың «Еспембет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері.
- •15.Дулаттың «Шаштараз» дастанының дидактикалық-эстетикалық тағлымы
- •16.Жанрлық дамулар, жазба әдебиетінің қалыптасуы.
- •17.Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас.
- •18.Зар заман» ағымы туралы түсінік.
- •19.Зар заман» толғауына талдау жасау.
- •20.Құлыншақ пен Майлықожаның айтысының тақырыбы
- •21.Майлықожа мысалдарының гуманистік-эстетикалық ұлағаты.
- •22.Майлықожаның айтыстары.
- •23.Майлықожаның арнау өлеңдерінің тақырыбы (мысал келтіріңіз).
- •24.Майлықожаның толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар (мысал келтіріңіз).
- •25.Махамбет өлеңдерінің бейнелілігі (бір өлеңін жатқа оқып, талдау жасаңыз).
- •26.Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі.
- •27.Махамбет Өтемісұлы – ұлт-азаттық көтеріліс жыршысы.
- •28.Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі.
- •29.Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •30.Мәделі қожаның айтыстары, толғау термелерінің тақырыбы. Мәделі шығармашылығының зерттелуі
- •31.Нұрымның шығармашылығы. Маңғыстаудың жыршылық дәстүрі.
- •32.Орынбай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •33.Орыстың отаршыл саясаты. Әлеуметтік-экономикалық жағдай.
- •34.Сүйінбай Аронұлының адамгершілік-тәрбиелік толғау өлеңдері.
- •35.Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі.
- •36.Хіх ғасыр басындағы саяси өзгерістер. Хандық биліктің жойылуы.
- •37.Хіх ғасыр әдебиетіне ислам дінінің әсер-ықпалы.
- •38.Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаттамасы.
- •39.Хіх ғасыр әдебиетінің зерттелуі.
- •40.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •41.Хіх ғасырдың і жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай.
- •42.Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі, жариялануы,
- •43.Шернияз толғау термелерінің философиялық болмысы.
- •44.Шернияз шығармашылығындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер.
- •45.Шернияздың шешендік өнері (өлеңдеріне мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •46.Шортанбай айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары. Шортанбай айтыстарының эстетикалық-поэтикалық өнегесі.
- •47.Шортанбай дастандары. Тақырыбы, көркемдігі.
- •48.Шортанбай шығармаларындағы зар заман сипаты.
- •49.Шортанбай шығармашылығындағы имандылықты уағыздау сарыны (мысал келтіріңіз).
- •50.Шортанбайдың үлгі - өнегелік тәрбиелік мәндегі толғаулары.
- •51.Шөже Қаржаубайұлы шығармаларының зерттелуі.
- •52.Шөже мен Балтаның айтысының көркемдігі.
26.Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі.
Махамбет – жауынгер рухтағы жалынды оптимистік романтикалық бағыттағы, реалистік сипаттағы өлеңдермен қатар, нәзік сезімді лирикалық туындаларымен де қазақ поэзиясын байытқан ақын. Өз халқын, өз Отанын сүйген ұлтжанды ақынның лирикалары жеке бас мұңын, туған жер қасіретін, оның көркем табиғатын халық мұңымен бірлікте ала отырып, оптимистік рухта түйіндейді. Ақынның бұл кезеңдегі туындалары ой тереңдігімен, философиялық түйіндерімен, лирикалық нәзіктігімен, психологиялық тебіреніс, толғамдарымен ерекшеленеді. Өйткені, елін сүю, Отанын қорғау, халқына ұранды, ойлы, ғибратты сөз айту, бір ауыз сөзбен айтқанда, елдік патриотизм бос мақатаннан емес, жанды жеген мұң мен зардан туады. Махамбет «Батыр болмақ ойдан-ды» дейді, яғни, батырлық аяқ астынан өз-өзінен жасалмайды, батырлық Отанды сүюден, жауға өшпенділіктен, ең бастысы, халық мұңының түп себебін терең ұғынудан барып туады деп отыр. Адамзат пен табиғат, билік пен әділет, тектілік пен теңдік, адам ғұмырының мәні сынды философиялық ой-танымдарын поэтикалық өлең өрнегінде кестелеген. Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі: «Орай да борай қар жауса», «Арғымақ сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Жалған дүние», «Еменнің түбі сары бал», «Аспандағы бозторғай», «Пыр-пырлай ұшқан қасқалдақ», «Жалғыздық», «Қарағай шаптым шандоздан». «Толғау» деген өлеңінде де өмірді шоли келіп, өзінің одан түйгендері мен ойын баяндайды. Бірінші шумағында ақын термелеп, тыңдаушыларының назарын ақыл, кеңесіне аударады да, онан кейінгі шумақта ақындық шабыттың шарықтау, ойдың серпуінен туған терең пікірлер айтылады, үшінші шумақта хан-төренің тағдыры халықпен байланысты, оларды жоқ ету халықтың қолында деп, халықтың зор күш екенін еске салады. Оның бақыт пен тағдырдың айнымалы екендігін философиялық түрмен қорытқанын мына өлеңінен де көруге болады: Бұл дүниенің жүзінде, Айдан көркем нәрсе жоқ: Түнде бар да, күндіз жоқ. Күннен көркем нәрсе жоқ: Күндіз бар да, түнде жоқ. Мұсылманшылық кімде жоқ, Тіл де бар да, дінде жоқ. Көшпелі дәулет кімде жоқ, Бірде бар да, бірде жоқ. Азамат ерлер кімде жоқ, Еріккен күні қолда жоқ, Заманым менің тар болды, Тура әділдік биде жоқ, Бәрін айт та, бірін айт, Қаумалаған қарындас, Қазақта бар да, менде жоқ. Бұл тәрізді эпифоралық ұйқас, синтаксистік параллелизмге құрып, образдарына философиялық мән беру, ақынды бұл дәуірде дұрыстық, әділдік жоқ деген қорытындыға әкеп тірейді де, сондықтан ақын жалғыздық көріп, қасіретке ұшырайды.
27.Махамбет Өтемісұлы – ұлт-азаттық көтеріліс жыршысы.
Махамбет Өтемісұлы — ақындық таланты мен батырлығын — отаршылдар мен өз билеушілерінің илеуінде қорлық көрген туған халқының бостандығы мен еркіндігі, әлеуметтік теңдігі жолындағы күреске арнаған даңқты тұлға. Оның өзіне дейінгі де, өзінен кейінгі де атақты ақын-жыраулардан айырмашылығы — бүкіл дерлік өлең толғауларының 1836-1837 жылдары Исатай батыр екеуі бастаған Бөкей ордасы қазақтары көтерілісінің поэтикалық шежіресі, қаһармандық-трагедиялық мазмұндағы тарихи құжаты болуында. Махамбеттің азаматтық, ақындық асқақ тұлғасы—ежелден бостандық пен еркіндік сүйген халқы рухының ерекше көрінісі. Сондықтан да оның поэзиясы арқылы бізге қазақ менталитетіне тән сол еркіндік, ерлік-намысқойлық қаз қалпында жетті және ел оның Ұлт ретінде өзін-өзі тануына, егемен ел болуына дем беріп отырды. Махамбет өлеңдерінің жалпы саны онша көп емес, шығармаларының толық жинағына ("Жыр семсер", "Жазушы", Алматы, 1979 ж.) 70 туындысы енген. Соның барлығы дерлік 1836-1838 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілісіне қатысты болып келеді. Ал уақыт жағынан: 1) көтеріліске дейін, 2) көтеріліс кезінде және 3) көтеріліс жеңілгеннен кейін шығарылған өлең-толғаулар деп бөлуге болады. Олардың идеялық-тақырыптық мазмұнын, негізінен, жастық дәурен, азаматтық қадір-қасиет, достық-қастық, өткінші өмір жайындағы тебіреністері; ел мен жер, ерлік пен азаматтық парыз, көтеріліс көсемдері Исатай мен Махамбеттің өз бейнелері; жеңіліс күйініші мен сынбаған рух қайсарлығы құрайды. Махамбет — халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Ол жыраулық поэзияның көркемдік әлемін байытып, шығармаларында ұлт-азаттық идеяларын көтерді, елдікті сақтап қалуға тарысты, өлеңдері: «Мұнар күн» , «Ереуіл атқа ер салмай», «Ұлы арман», «Жайықтың бойы көк шалғын», «Атадан туған ардақты ер». «Біртіндеп садақ асынбай», «Арғымақ, сені сақтадым», «Арғымақтың баласы», «Азамат ердің баласы», «Қара нар керек біздің бұл іске», «Еменнің түбі - сары бал», «Жалған дүние», «Еріскедей ер болса», т.б.
