- •1.Айтыс – қазақ халқының төл өнері. Хіх ғасырдың і жартысындағы айтыс өнерінің зерттелуі
- •2. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •3.Базар жырау дастандарындағы фольклорлық сипаттар және көркемдік шешім.
- •4.Базар жыраудың өмірі мен шығармашылығы.
- •5.Базар жыраудың халық тағдырына арналған азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары (мысал келтіріңіз).
- •6.Базардың дастандары. (4-5 сурактардан карастырасындар)
- •7.Бақтыбай мен Тезек төренің айтысы.
- •8.Д.Бабатайұлы өлеңдеріндегі Отаншылдық, шынайы патриоттық-ұлтшылдық көзқарастар.
- •9.Дулат Бабатайұлы – зар заман ағымының ірі өкілі.
- •10.Дулат өлеңдерінің жаңашылдығы.
- •11.Дулат пен Абай арасындағы үндестік.
- •12.Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.
- •13.Дулат шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •14.Дулаттың «Еспембет» дастаны: тарихи-этнографиялық және поэтикалық ерекшеліктері.
- •15.Дулаттың «Шаштараз» дастанының дидактикалық-эстетикалық тағлымы
- •16.Жанрлық дамулар, жазба әдебиетінің қалыптасуы.
- •17.Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас.
- •18.Зар заман» ағымы туралы түсінік.
- •19.Зар заман» толғауына талдау жасау.
- •20.Құлыншақ пен Майлықожаның айтысының тақырыбы
- •21.Майлықожа мысалдарының гуманистік-эстетикалық ұлағаты.
- •22.Майлықожаның айтыстары.
- •23.Майлықожаның арнау өлеңдерінің тақырыбы (мысал келтіріңіз).
- •24.Майлықожаның толғау-термелеріндегі философиялық ғибратты ойлар (мысал келтіріңіз).
- •25.Махамбет өлеңдерінің бейнелілігі (бір өлеңін жатқа оқып, талдау жасаңыз).
- •26.Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі.
- •27.Махамбет Өтемісұлы – ұлт-азаттық көтеріліс жыршысы.
- •28.Махамбет поэзиясындағы Исатай бейнесі.
- •29.Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •30.Мәделі қожаның айтыстары, толғау термелерінің тақырыбы. Мәделі шығармашылығының зерттелуі
- •31.Нұрымның шығармашылығы. Маңғыстаудың жыршылық дәстүрі.
- •32.Орынбай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •33.Орыстың отаршыл саясаты. Әлеуметтік-экономикалық жағдай.
- •34.Сүйінбай Аронұлының адамгершілік-тәрбиелік толғау өлеңдері.
- •35.Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі.
- •36.Хіх ғасыр басындағы саяси өзгерістер. Хандық биліктің жойылуы.
- •37.Хіх ғасыр әдебиетіне ислам дінінің әсер-ықпалы.
- •38.Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаттамасы.
- •39.Хіх ғасыр әдебиетінің зерттелуі.
- •40.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •41.Хіх ғасырдың і жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдай.
- •42.Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі, жариялануы,
- •43.Шернияз толғау термелерінің философиялық болмысы.
- •44.Шернияз шығармашылығындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты өлеңдер.
- •45.Шернияздың шешендік өнері (өлеңдеріне мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •46.Шортанбай айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары. Шортанбай айтыстарының эстетикалық-поэтикалық өнегесі.
- •47.Шортанбай дастандары. Тақырыбы, көркемдігі.
- •48.Шортанбай шығармаларындағы зар заман сипаты.
- •49.Шортанбай шығармашылығындағы имандылықты уағыздау сарыны (мысал келтіріңіз).
- •50.Шортанбайдың үлгі - өнегелік тәрбиелік мәндегі толғаулары.
- •51.Шөже Қаржаубайұлы шығармаларының зерттелуі.
- •52.Шөже мен Балтаның айтысының көркемдігі.
21.Майлықожа мысалдарының гуманистік-эстетикалық ұлағаты.
Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары қатарында «Кәлилә мен Димнәның» мотивіне құрылған «Бұлбұл», «Қасқыр», «Тотынама», «Момын», «Аңқау мен қу» секілді бірнеше мысалдары бар. Бұлбұл мысалында Ақын бұлбұл тағдырын адам тағдырымен сабақтастықта қарастырады: ертеңін ойламаған әнші бұлбұл тағдырын жырлайды. Ілгері ән боп еді сайрағаны,Жаз өтер деп қыс қамын ойламады. Ахуалы адамзаттың сол секілді, Әр адам пікір қылса ойланады. Тұрмыстың азды-көпті толқынында, Бұлбұлдай қапаста тұр көңіл ділгір, - деп жалпы адам өмірін, тұрмысын өз көңіл-күйімен байланыстырады. «Момын» атты мысал дастаны да бір тақуаның бастан кешкен бірнеше оқиғасы өз желісін сақтай отырып жырланады. Шағын материалдан сегіз-тоғыз бет көлемдегі туынды жасаған. Туынды іштей жіктелген алты бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім ақынның оқырманға арнаған арнау өлеңі, арнау өлең діни, кітаби ақындар дәстүрінде айтылған насихат сөздерден тұрады. Алдымен бұ дүниенің өтпелілігі жөнінде толғанады. Жақсылықпен, жақсы ниетпен өмір сүруді ұсынады. Жамандық жасаған адам алдымен құдайдың қаһарына ұшырайды. Жасалған жақсылық та, жамандық та әр кез иесін табады. Оқырманға арнап айтқан насихат өлеңін: қысқа ғұмырда тек жақсы іс қалдыруға, жақсылық істеуге өткінші жалған дүниеде жақсылықпен, жақсы ниетті болып өмір сүрсең, өмірің мәнді де, мазмұнды болады деген ой айтады. Сондай-ақ, келесі дүние-ақырет үшін де маңызды деген әрі діни мазмұнды, әрі адами өмір фәлсафасы тұрғысынан да толғайды. Шығарма жүрегіне ар, иман ұялаған, құдай деген момын адамды суреттеген, діни фәлсафасы бар, сонымен бірге, қатты қазақыланған, қазақы ой-түсінікпен жырланған. Әр тарауда осылайша момын куә болған бір оқиға жырланады. Оқиға соңы зұлымдық жасаушының өзіне таяқ болып тиіп жатады. Зұлым ойының тақсіретін тартады не опат болады. шығарма оқиғасын аяқтаған ақын оқырманға арнап: Жақсылық отқа күймес, суға батпас,Гауһар тас жарық қылмай жерде жатпас.Қолдан келсе етіңіз жақсылықты,Жақсылықты еткендер жаман таппас, — деп жақсылықты, тазалықты, адал өмірді уағыздайды. Майлықожаны қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының қалыптасуы мен дамуына мол үлес қосқан ақын деп айта аламыз.Майлықожа мысалдары тәрбиеләк мәні зор шығармалар. Оқи отырып адамгершілік, ізгілікке, адамшылыққа тәрбиелейді. Мысал өлеңдерінде аллегория бернелеу арқылы адамзат өмірінің қайшылықты сырларын бейнелеуі: «Тотықұс», «Қасқыр», «Үш жігіт», «Бұлбұл».
22.Майлықожаның айтыстары.
Майлықожа өзбек елінен келгеннен кейін бірыңғай ақындыққа бет бұрды, ел аралап жыр жырлайды, көптеген ақындармен айтысқа түседі. Онымен айтысып сөз сынасқан ақындар арасынан нағашысы Мәделіқожа Жүсіпқожаұлын, белгілі Құлыншақ Кемелұлын, қырғыз еліндегі Жаныс ақынды, Айман мен Гүлімханым есімді қыздарды, басқа да талай талант иелерін кездестіреміз. Олардың ішінен бізге жеткен ең көркем де, әсерлісі Құлыншақпен айтысы. (Құлыншақпен айтысын айта кетесиндер)
23.Майлықожаның арнау өлеңдерінің тақырыбы (мысал келтіріңіз).
Арнау өлеңдеріндегі адалдықты уағыздау, озбырлықты әшкерелеу: «Ескі мырза, манаптар бегі, салы», «Алдабарген байға», т.б. адамзатты биіктікке, парасатшылыққа үндеу: «Райымқұлға», «Ноғай мырзаға»; Майлықожаның бұл өлеңдерінде бай-болыстарды әжуа ету, мысқылдау сарыны айқын. Мықтылардың елді зарлатып, сүлікше сорып, түлкіше алдап, зұлымдық істеп жүргені әшкереленеді. Болыс болу үшін таласып, әуре-сарсаңға түсіп, өз бауырында сол жолда қазаға қиятын кейбір Райымқұлдай мансапқорларды қатты сынайды. «Райымқұлға» депа аталатын ғибратты арнауында ақын Райымқұл деген біреудің осындай ұнамсыз қылығын, оның дүние қуып, сол дүние үшін өз ағайыны Ақмоланы өлтірмек болғандығын айыптайды. Майлықожаның «Ноғай мырзаға» деген ұзақ толғауында оны адал азамат болуға, адамгершілікке шақырады. Толғау былай басталады: ботпай деген туғаным, Мүбәрәк болсын дұшпанға. Атқа мінген жау болса, Соңынан іздеп қуғаның... киік атар сұр мерген, Дүние өтпес кімдер деп. Өкініш қалар пенде деп, Өтіп бір кеткен күндерден... «Алдаберген байға» арнауында жасы жетпістен асқан шалдың жеке басының қызығы мен малын бағатын жалшы керек болғандықтан жас тоқал алып, әйелді қорлайтындарын айтып, ондайларды мазақ етеді. Жетпісіңде қыз алып болдың жігіт, Тоқалға – сор, жұртқа ерсі, саған – қызық. Қатын үсті қаңсыған шалға тиіп, Тоқал сорлы қылады неден үміт?! Ол өзінің «Ескі мырза, манаптар, бегі салы» атты арнау өлеңінде үстем тап өкілдерін өлтіре сынайды. Олардың ұрылар жұмсап, арамнан жеп, халықты аяусыз тонап жатқанын әшкерілейді. ел билерінің осындай жұғымсыз қылықтарын, пасықтығын шындық тұрғыдан таныта келіп, ақын адамгершілікке, әділеттілікке үндейді, адамға ең қажет нәрсе еңбек етіп адал өмір сүру деп ұғады. «Тұрлыбекке» деген арнауы да осылармен сарындас. Би Тұрлыбектің бұзықтық істерін батыл бетіне басып, оның қасқыр мінезді образын жасайды. Соған қоса оның тұлға бітімі, жүріс-тұрысы, бет әлібі бірге суреттеліп, жұғымсыз портреті жасалады.
