Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitay_2009 (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
676.86 Кб
Скачать

8. Қытайдың жартылай отар елге айналу процесі

XIXғ.ортасы Қытай тарихында бетбұрыс периодына айналды.Ол ең алдымен қытай қоғамының әлемдік өркениетке күштеп қосуына б/ты.Бұл кезде қытай дәстүрі капиталистік елдерден ерекше өмір сүріп жатты.Кезекті династиялық кризисті басынан өткізіп жатқан империя әлі де болса,оларды қалыптасқан дәстүрлі әдістермен шешуге қабілетті б/ды.Алайда еуропалықтар ойы б/ша бұл өсу еш дамусыз б/ды.Қытайлық қоғам еуропалық өркениеттің экон/қ н/е діни құндылықтарын қажетсінбеді,олар оған тек күштеу а/лы енгізілуі мүмкін еді.Этикалық жағынан қарағанда бұл қытайлық драма.XVIII-XIXғғ.тоғысында батыс державалар,ең алдымен Англия қытай рыногына ену үшін талпыныстар жасайды,ал бұл кезде қытай рыногы шетел саудасына шектелген түрде ашылған болатын:

  • XVIIIғ.екінші жартысынан Қытайдың сыртқы саудасы тек Гуанчжоу ар/лы жүзеге асты(тек Ресеймен ғана сауда Кяхта а/лы жүзеге асты);

  • Шетелдіктермен кез келген сыртқы қатынас түріне қатаң тиім салынды,оны үкімет басшылары өз бақылауында ұстады;

  • Гурхан корпорациясын құрған он үш сауда фирмасы ғана шетелдіктермен қатынастарды жүзеге асыруға құқықтары б/ды.Олардың үстінен Пекиннен жіберілген шенеунік бақылау жүргізді;

  • Шетел саудагерлеріне тек шағын концессия шеңберінде тұрақтауға рұқсат берілді ;

  • Шетелдіктерге мұндай концессияларда тек бірнеше айлар бойы көктем мен жазда тұрақтауға рұқсат берілді;

  • Қытай т/лы мәліметтерді таратуға жол берілмеді;

  • Шетелдіктерге қытай тілін үйретуге қатаң тиім салынды;

  • Импорттық баж салығы өте жоғары б/ды.

Қытайда экспорт импорттан артық б/ды.Еуропада Қытайдан әкелінген жібек,шай,фарфор үлкен сұранысқа ие б/ды.Ағылшындықтар бұл тауарларға күміспен тқлеп отырды,елден күміс ағылып Қытайға өтті.Ағылшын билеушілерінің алдында бір ауыр мәселе тұрды:

  • Қытайлық императорды елді шетел саудасы үшін ашуға мәжбүр ету;

  • Осыған құқықтық келісімдік негіз жасау;

  • Қытайлық рынокта үлкен сұранысқа ие болатын тауар табу.

Ағылшын/ң дип/қ әрекеттері табысқа ұласпады(Джодж Маккартни,лорд Амхерст миссия/ы мысал бола алады).Бірақ ағылшындықтар антиморальді қадамға барады:Қ/ды ашуды жүзеге асыратын тауар болып апиын тандалады.Апиын шегу қытай қоғамының ауруына айналады.Контрабанда жолымен елге апиын ағылып келіп жатты.Көп кешікпей бұл екі ел ара/да соғыстың туындауына алып келеді.1840-1842жж.бірінші апиын соғысы, 1842ж. тамыздағы Нанкин келісім шарты Қ/ды отар елге айналдыру процесінің бірінші сатысы болды.Тең емес келісім шарт негізінде Қытай ауыр талаптарды орындауға міндеттелді.Тайпин көтерілісі Цин империясын әлсіретті.Бұл жағдайда шетел державалар өз мүдделерінде пайдалануға асықты.Олар:

  • Қытаймен жаңа тең емес келісім шарттар жасауға;

  • Апиын соғысы жылдарындағы қол жеткізген табыстарын бекітуге;

  • Циндік үкіметтен жаңа жеңілдіктер алуды

өздеріне мақсат қойды.1856-1860жж.екінші апиын соғысы орын алды.Мұндағы ерекшелік Англиямен қатар басқа да еуропалық мем/р Қытаймен тең емес келісім шарттар жасауға қатысады:Франция,Ресей,АҚШ.1858ж.мамыр маусымда Тяньцзиндік келісім шарттар жасалады:қытай жағы ұлы державалардың барлық талаптарын орындауға мәжбүр б/ды. 1860ж.Пекиндік келісім шарттар Қ/ды барынша қанады.Н/де Қытай жартылай отар елге айналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]