
- •1.Қытайда алғашкы мемлекеттин калыптасуы
- •2. 1915 Жылы басталған «жаңа мәдени революция» қозгалысынын котерген проблемалары.
- •3. Цин патшалығының Қытайға билік орнатуы
- •4.Қытайда біртұтас абсолютты феодалдық мемлекеттің құрылуы.
- •6. ХХғ соңындағы Қытайда еркін экономикалық аудандардың құрылуы
- •7.Цинь Ши хуандидің саяси идеясы.
- •8. Қытайдың жартылай отар елге айналу процесі
- •9.Қытай Тайваньның әлеуметтік дамуы.
- •10. Хань патшалығының эк-ны қалпына келтіру саясаты.
- •11. Қытайда азаматтық соғыстың орын алу себептері (1946-49)
- •12. Қхр социалистік жүйені қалыптастыруы
- •13. Хань патшалығының құрылуы
- •14. Нурхацидің маньчжур билігін қалыптастыруы
- •17. Апиын соғысы (1840-42) және қытай қоғамының өзгеруі
- •18. Қытайдың әлеуметтік реформалардың кезеңдері (1978 ж кенін)
- •19.Суй патшалығынын курылуы жане онын кошпендилермен катынасы.
- •20. Цинь патш/ң қолданған «жаңа саясаты» (1901ж).
- •21.Қытайдағы 4‑мамыр жастар қозғалысынның тарихи рөлі
- •22. Таң патш/ғы кезінде Қыт өркениетінің дамуы.
- •23. Тайпинь к‑сі, оның Қыт қоғ/на әсері.
- •24. Солт/ке жорық‑ұлттық рев/я (1926-27).
- •26. Іі апиын соғысы
- •27. «Үлкен секіріс» саясаты. (1958-1960ж.Ж.)
- •29. Ихэтуань көтерілісінің себеп-салдары.
- •32. Цинь патшалығының Жоңғар хандығын жойып, қазақтармен байланыс орнатуы.
- •33. Қытай компартиясының құрылуы және оның саяси сипаты.
- •34. Соңғы Хань патшалығының жойылуы (25-220).
- •35.Цин патшалығының (1644-1911) әлеуметтік экономиканы қалпына келтіру саясаты.
- •36. Таң патшалығының Түркі қағанытымен қатынастары
- •37. Қытай-Франция соғыстарының себеп салдары (1884-1885)
- •39. Хубилай және Юань патшалығының құрылуы
- •40. Қытай жапон соғысының себеп-салдары(1894-1895)
- •42 Мин патшалығы кезіндегі Чжэн Хэның теңіз жолымен батысқа баруы
- •43. Синьхай революциясының тарихи маңызы (1911)
- •44. Дэн Сяопиннің реформалық саясатының басты бағыттары.
- •45. Оңтүстік және солтүстік Сунь патшалықтары кезіндегі Қытай қоғамы 420589
- •46. Қкп ның «Бір мемлекет-екі жүйе » саясатының мәні. Ганконг пен Макаоны қайтарып алуы.
- •47. Хань патшалығы кезіндегі Қытайдың дамуы
- •48 .XIX ғ соңғы жартысында реформа жөнінідегі пікірталастар.
- •50. Юань имп/сы кез/гі Қыт/ң қоғ/қ жіктер мен қайшылықтар.
- •55.Тан патшалығы кезиндеги Ань Лоушань көтерілістері
- •56. Қытайдың іі дж соғыстан кейінгі саяси партиялардағы мелекет құру бағдарламалары
- •57. Кхр онеркасип-сауда саласындагы реформалар (1980-2000)
- •58.11Ғасырдағы Вань Аньшидің реформасы жане онын сатсиздикке ушырау себептери
- •59. Сунь Ятсен және оның тарихи рөлі.
- •1924 Жылы Сунь Ятсен үш халықтық қағиданы жаңаша тұжырымдады.
- •Ли Цзычэн котерилисинин сатсиздикке ушырау себептери
- •64. Шанхайгуань шайқасының себеп салдары
- •65. Сунь Ятсен және Гоминдан партиясының і съезінің қабылдаған шешімдері
- •66. Қытайдағы «Ұлы мәдени революциясы» (1966-1976)
- •67. Миң патшалығының алғашқы жылдарында Қытай экономикасының дамуы
- •68. Қытайдың аграрлық реформасы.
- •69. Миң патшалығы тұсындағы қоғамның дамуы
- •70. Таң патшалығы кезінде қала экономикасының дамуы.
- •72.Юань империясының Жапонияға жасаған жорықтары
- •73. Хань империясы кезіндегі Қытай қолөнер кәсібінің дамуы
- •74. Нурхацидің маньчжур жазуын жасаттыруы
- •76.Хіх ғасырдың іі жартысының Қытайдың ұлттық дағдарысының тереңдеуі
- •77. Цин патшалығының Қытайға билік орнатуы
70. Таң патшалығы кезінде қала экономикасының дамуы.
Таң дәуіріндегі Қытай қалалары мәдениеттің,экономика мен саясаттың ірі орталықтары ретінде дамыды.Қытай қалаларының құрылысы ежелгі заманнан келе жатқан көне дәстүр бойынша салынды.Қаланы тірі организм сияқты деп,оның тірі табиғатпен үйлесімді болуына ерекше мән берілді.Дәстүрлі қытайлық геомантия немесе,фэньшуй заңы бойынша дүниенің төрт бұрышына сәйкес ікбұрыш түрінде жобаланып салынды. Қалалар бау бақшаман көмкерілді.Қала ішінде салынған сәнді император сарайлары,үйлер жасыл желекке бөленіп тұрды.
Таң империясының даңқы мен көркемдігін паш еткен оның үш астанасы Чанъань,Лоян және Тайюань болды. Бұл қалалар өздерінің әдемі де сән салтанаты асқан император сарайларымен,ғибадатханаларымен,парктері мен гүлзарларымен сол заманның адамдарын ертегідегідей таң тамаша қалдыратын. Әсіресе Чанъань қаласы өзінің керемет әдемілігімен жапондықтардың назарын аударып,олар Нара қаласын осыған ұқсатып салған.
Чанъань қаласының шығыс жағында император сарайы, ақсүйектер мен бай адамдардың үйлері орналасты.Мемлекеттік жерлерге салынған қалаларда әкімшілік мекемелер,сот мекемесі, түрмлер,монастрьлар және көңіл көтеретін ойын сауық орындары болды. Бұл жерлерде мемлекет қызметкерлері,әкімдер мен әскери адамдар,саудагерлер мен монахтар өмір сүрді. Астанада Таяу және Орта Шығыстан келген шетелдіктер де тұрды.
Қалаларда қолөнер кеңінен өрістеп дами бастады.VII-Ixғғ маталар,зергерлік әсемдік бұйымдар,айна тағы басқа бұйымдар ерекше көз тартатын. Цзянси қаласында керамикалық және фарфор бұцымдардың орталығы қалыптасса,Янчжоу кеме жасау ісімен даңқы шықты.Жібек өндірісі арқылы даңқы әлемге жайылған Чэнду қаласынан қытай жібегі Ұлы Жібек жолы арқылы Батысқа жетті.
Сауда да бұл дәуірде өркендеп дамыды.Сауда жолдары Янцзы мен Ұлы канал арқылы, өзендер,құрғақтағы керуен жолдары мен теңіз жағалауларындағы жолдар арқылы да жүріп тұрды. Ірі сауда орталығы Чеанъань қаласы болса,ал Янчжоу қаласы маңызды тауар өткізу орны еді.
Қала экономикасының өсуі,ішкі сыртқы сауданың дамуы ауылшаруашылығы өнімдерінің,металл өндірудің,ақша айналымының өсуімен тікелей байланысты болды. Үкімет саудаға қатаң бақылау орнатты. Түрлі алым салықтар,қайтарымсыз салықтар,әскер үшін алынатын салықтар және әкімдердің парақорлығы саудагерлерді титықтататын
Император Сюаньцзуңның билік құрған 713-755 жылдары Таң империясының гүлденген кезеңі саналады.Бұл кезең келер ұрпақтың есінде қытай мәдениетінің шарықтау шегіне жеткен, гүлденген дәуірі ретінде сақталып қалды.
VIIғ елдің экономикасы едәуір табыстарға жетті.Үлестік жер иелену тұрғындардың ұсақ ауылшаруашылығы өндірісімен айналысуына мүмкіндік жасады. Өңделетін егістік жерлердің көлемі барған сайын ұлғайып,егілетін мәдени дақылдар мен астықтың түрлері көбейіп отырды. Елдің оңтүстігінде қант қамысын өсіру кеңінен таралды.
Жаңадан каналдардың және су шығаратын құрылыстардың салынуы бұрын игеруге келмейтін жерлерді егістікке айналдыруға мүмкіндік берді.Бір егістік танаптарында бір жылда шаруалар әруақытта пісіп жетілетін, екі түрлі дән егуге машықтанатын.
VIIғасырда елдің тұрғын халқының саны артты. Ауыл тұрғындарының санының өсуімен қатар қалалар мен қала халқының саны да едәуір деңгейге жетті. Қоғамдық еңбек бөлінісінің өсуіне қарай, қолөнердің түрлі салалары өркендеді және елдің жалпы тұрмыс деңгейі көтерілді. Чанъань,Лоян сияқты қалалар байып,өсті. Әдебиет пен өнер жоғары дәрежеде дамыды.
Мемлекет шаруалардан алынатын үлестік салықтардан басқа, шай,тұз сатудан,күміс,мыс,темір,қалайы сияқты металдарды саудаға салу арқылы да үлкен табысқа ие болып отырды. Тау кен ісі, қолөнер,сауда дамуының нәтижесінде байыған қолөнерші шеберлер,бай саудагерлер өсіп шықты. Мемлекеттің жерге билігінің орнауы және салықтарды реттеп отыруы қазынаның үздіксіз толығып отыруына қол жеткізді. Міне,осыған қарамастан,VII-VIIIғғ Таң империясында экономикалық және саяси дағдарыстың туып келе жатқандығы байқалады. Бұл дағдарыстың мәні мемлекеттік үлестік жүйенің өз мәнән жойып, ірі жер иелерінің жекеменшік шаруашылығының өсе түсуі болды. Қытайда сөйтіп,ірі жер иеленушілік күшейді. Біріқ шаруалардан түсетін үлестік салықтар қазынаның негізгі табыс көзі болып қала берді.Бірақ салыққа тартылатын сарайлардың санының азаюына байланысты салық мөлшері де азайды. Үкімет салықтан түсетін шығынды жою жолдарын іздеді. VIIIғ 5Oжылдарында өнімнен алынатын кәдімгі салықтардан басқа да,мысалы жер салығын енгізді.
Үлестік жүйеге тән сипат,ол табиғи өнім өндіруге негізделген шаруашылықтың үстемдігі, егіншілікпен қолөнердің бірлесуі еді. Бірақ Қытайдағы қоғамдық еңбек бөлінісі әр уақытта алға қарай дамып отырған. Қауым ішінде мүліктік жіктеліс күшейді. Біреулері байып, екіншісі кедейленді. Бұның бәрі үлестік жүйені ыдыратты. Жерге мемлекеттік меншіктің бәрі үлестік жүйені ыдыратты. Жерге мемлекеттік меншіктің құлдырауы елді орталықтан басқарудың экономикалық негізгі бола отырып, мемлекеттің әлсіреуіне әкелді.
71. ҚХР-ң халық коммунасын құруы (1958)
«Үлкен секіріс» саясатын жүргізуде Мао Цзедунның көздегені – коммунизмге қысқа уақыт ішінде өту. Сондықтан, коммунизм утопиясының басты принципі ретінде өндірісті көтеру ұранын алды. 1957 ж 3-пленумнің 8-шақырылымында оның экономикалық даму жылдамдығын тездету мен қоғамдық өзгерістер енгізу туралы баяндамасын көбісі қолдады. Мао Цзедуннің ойынша, астық жинау мен өнеркәсіпті көтеру үшін барлық халық қатысуы керек. Осы идеяларын жүзеге асыру үшін 1958 ж мамырда 8 съезд 2-ші сессиясында Мао жаңа даму концепциясының қабылдануына қол жеткізді. Бұл жаңа саясат «3 қызыл ту» атты болды: жаңа генеральды бағыт, үлкен секіріс, халықтық коммуналар. «Халық коммунасы» термині Қытай газеттерінде 1958 ж тамызында пайда болды. Коммуналар құрудың арқасында Мао Қытайдың коммунистік моделін орнатуға үміттенді. Сол жылы жазда Компартия басшылары елде инспекциондық тексеріс жүргізуге жолға шығады. Бэйдахе деген жерде Саяси бюроның кеңесі өтеді. Сол кеңесте Мао коммуналық жүйені ауылдық жерлер мен қалаларда орнату керектігін айтты.
Коммуналар негізделетін қағида барлық коммуна мүшелерінің өмірін тотальді түрде біріңғай ету. Ауылдарда аулаға меншік, еңбек өнімділігіне қарай жалақы жүйесі жойылды. Коммуна мүшелері енді бірдей еңбек етіп, тауарды бірдей тұтынып, әскери де іспен бірігіп айналысуы керек болды. Кеңесте сәйкес құжат қабылданған соң, бүкіл ел бойынша халықьық коммуналар құру ісі басталды. Қытайдың кедей шаруаларына бұл жүйе идеалды қоғам деп көрінді.(датун) Коммуналарды құруда, Компартия «үш жыл тер төгіп, 10 жыл бақытты боламыз» деген ұранмен барлық шаруалар қолдауына ие болды. Шаруалардың 100 пайызын коммуналарға кіргізу үшін 3-ақ ай қажет болды. Жыл аяғында бұрын болған 740 мың кооперативтер орнына 26 мың коммуналар құрылды, онда 120 млн шаруалар үйілері болды. Әр коммунаға орташа есеппен 20 мың адам мүше болды.
Коммуналар енді ең төменгі жергілікті әкімшілік звеноға айналды. Бірақ күзде жетістіктер туралы ғана айтылғанмен, мемлекет апаттық экономикалық күйге келді. 1958 ж тапсырма формальды түрде орындалды: болат өндірісі 2 есеге өсті. Партия комитетінің бас хатшылары, әсіресе болат өндірісін қадағалаушылар жай есеп беру үшін кейде өндірісітік болат орнына жергілікті домен пештерінде өндірілген болатты өткізіп отырды. Бұл көмір жетіспеушілігіне алып келді және еңбек ресурсын көп талап етті. Күзде кейбір Солт-Шығыс провинцияларында жеңіл өнеркәсіп орындары жұмысын тоқтап қалды. Электр энергиясы дефициті басталды. Коммуналардың құрылуы щаруалар белсендіоігін төмендетті және қоғамдық асханаларды жиналған қордың көт тұтынылуына алып келді. Демек, елде біртіндеп аштық орнап, дағдарыс кезеңі басталды. Бұл қателікті мойындағысы келмеген Компартия басшылары баспада тек жетістіктерді ғана басып отырды.