Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitay_2009 (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
676.86 Кб
Скачать

68. Қытайдың аграрлық реформасы.

Біз, аграрлы реформа жайлы айтпастан бұрын, бұл ұғам қандай мағына беретінін анықтап алайық. Аграрлы реформа – жер иелену және жерді пайдалану жүйесін қайта өзгерту.* Сондықтан аграрлы реформа тікелей ауыл шаруашылық жүйесін өзгертумен тікелей байланысты. Қытайдың экономиаклық реформасының ауыл қыстақтарынан басталғанына объективті себептер бар. Бұрынға ауыл шаруашылығындағы жүйе ондағы өндірістік күштердің ұлғаюына және шаруалар өмірінің жақсаруына кедергі жасады. Орталықтанған ауылшаруашылық экономикалық жүйе жағдайында, 1957 ж. Мен 1978 ж. аралығында астықтың орташа адам басына шаққандағы көлемі тек 12% артты, ал мақта өндіру тіптен 11,5% төмендеген. Бұл жағдай ортылқтанған жүйенің ауыл шаруашылық салада тиімсіз екенін көрсетті.

Ауыл шаруашылығындағы реформаның негізгі идеясы – шаруалар жиынтығына өнеркәсіптік тапсырма бекіту. Бұл бекіту алғаш рет Аньхой провинциясында басталды. 1978 ж. күзінде Аньхой провинциясында қатты қурғақшылық болып, күзгі егінді салу мүмкін емес еді. 1-қыркүйекте партияның провинциялдық комитеті мынадай шешімге келді: шаруаларға көкөніс өсіруге 3 фэньнан беру (0,0201 га), ал осы жерге салынған астыққа салық салынбай, мемлекеттік алымдар алынған жоқ. Сонымен қатар, жағалаудағы суды, таулы жерлерді пайдалануға пайдалануға рұқсат беріліп, астық өсірген адам қолында қалатын болды. Шаруаларға осылайша жер бөлу негізінде оларға мемлекеттік тапсырма беру үрдісі де жандана бастады. 1978 ж. ауылдық жауапкершілктерге өндірістік тапсырма 1200 бригадаға бекітілсе, келесі жылы олардың қатары 38000 жетті. 1980ж күзіне қарай мұндай өндірістік бригадалар бүкіл ел аумағында 20%, 1983 ж. көктемінде 95%-дан асты. Кейін өндірістік тапсырмалар бекіту – Қытайдағы ауыл шаруашылықтағы негізгі формаға айналды.

Бұл жүйе ел бойынша тез тарап, 20 жыл болған халықтық коммуналық жүйе бірден құлады. Реформаның нәтижелілігін былайша түсіндіруге болады:

  • Ауыл қыстақтары кедей болды, кез келген өзгеріске дайын тұрды. Халықтық коммуналық жүйе шаруалар өмірнің деңгейін көп уақыт бойы орташадан төмен деңгейде ұстап тұрды;

  • Шаруалардың табысты тікелей өз қолына алуы стимул болды, себебі жаңа жүйе бойынша алынған астықтың бір бөлігі мемлекетке берілді, келесі бөлігі ұжымдық мүлік болып қала берді, қалғанын шаруалар өздеріне қалдыра алды. Сондықтан, өндірісті ұлғайту шаруаларға тиімді болды;

  • Реформаның табыстылығы икемді идеологиямен түсіндіріледі. Бұрынғы идеологияны жою ұранының арқасында, шаруалар арасында жаңаша көзқарас пен партияның жаңа саясатын қолдауына қол жеткізілді, шаруалар әрқашан Қытай қоғамының негізгі бөлігі болып саналды;

  • Жергілікті билік органдары енді орталыққа әсер ете алды. 1980 ж. партияның Орталық Комитеті конференцияға барлық провинциялардың бірінші хатшыларын аграрлық реформаны талқылауға шақырды. Конференцияда әр провинция өкілі өз тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік алды, соның арқасында реформа бүкіл елде заңды болды.

Ауылдық жауапкершіліктер жүйесі орнағаннан кейін, шаруалардың экономикалық мәртебесі түбегейлі өзгерді. Егер бұрын халықтық коммуналар кезінде шаруалар өзін-өзі басқару құқығынан айрылған жұмыс күші болса, 1980 ж. кейін олар өзін-өзі ақтай алатын өндірісті басқара алатын өндірісшілерге айналды. Соның арқасында, ауыл шаруашылығының өндірістік көрсеткіші тез жоғарылады, негізгі ауыл шаруашылық өнімдерінің жеткіліксіздігі жойылды. «1984 ж. адам басына щаққандағы астық өнімінің орташа көлемі әлемдік орташа деңгейге жетті. Ұзақ уақыт шаруаларды толғандырған азық-түлік пен киім мәселесі негізінен шешілді», - деп айтуға болады.

Қытайда ауыл шаруашылық реформасы мынадай алты кезеңді өткен деп санайды:

Біріңші кезең – 1978 – 1984 жж. Бұл кезеңде ауыл қыстақтарындағы жер иелену мен басқару жүйелері реформацияланды, отбасылық жауапкершілік орнатылды. Шаруалардың творчестволық күші мен белсенділігі мобилизацияланды, өндірістік күштер дами бастады.

Екінші кезең – 1985 – 1988 жж. Ауылшаруашылық өнімдерді тапсыру мәселесіне көп көңіл бөлініп, қала реформасымен жанама түрде жүрді. Шаруашылық жүргізудің басқа да түрлері дами отыра, астық өндірісінде қайта қиынщылықтар туындады.

Үшінші кезең – 1988 ж. қысы – 1991 ж. қысы. Осы кезде мемлекет ауыл шаруашылығына көп қолдау көрсетіп, 1990 ж. қайта көп астық алынды. Бірақ, мемлекеттің ауыл шаруашылық кәсіпорындарының басқару жүйесіне белсенді араласуы шаруалардың табысының төмендеуіне алып келді.

Төртінші кезең – 1992 – 1996 жж. Дэн Сяопиннің Оңтүстіктегі баяндамаларынан кейін экономиканың барлық салаларында ілгерілеу басталды, бүкіл ел бойынша инвестициялық серпіліс белең алды. Бірақ, ауыл шаруашылығындағы кейбір факторлардың өзгертілуі нәтижесінде, дәнді-дақыл өнімдерінің көлемі азайды, сондықтан мемлекет бірнеше шаралар қолданды. 1995 ж. дәнді-дақылдар өндірісі өсіп, 1996 жылы ең бай астық

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]