Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitay_2009 (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
676.86 Кб
Скачать

67. Миң патшалығының алғашқы жылдарында Қытай экономикасының дамуы

Мин династиясы кезінде Қытайда жалпы экономикалық және өрлеу байқалды.Мин әулетінің билігі тұсында қалалар өсіп өркендеді.Мин дәуірінде жібек тоқу,мақта тоқу, бояу жасау өндірісі, фарфор мен қағаз жасау,кітап басу ісі барынша дамып өркендеген.Жаңа қолөнер орталықтары ретінде Нанькин,Сучжоу,Ханчжоу қалаларының даңқы атты.Қытайдағы аса ірі фарфор өндірісінің орталығы Цзиньдэчжэнь қаласының аты шығып,бұл қалада жасалған қытай фарфорының даңқы Шығыс елдерінде ғана емес, Европаға кеңінен мәлім болды.Саудаға қолдау көрсетіп, ішкі және сыртқы сауданы жүргізуге қолайлы жағдай жасап отырды. Соның нәтежесінде кытай саудагурлері теңіз аркылы да және керуен саудасында дамыта отырып, сырт елдермен байланыс орнатты.

Мин патшалығында салық жүйесi Қытайдағы имперлiк билiктiң соңғы жылдарына дейiн сақталып келдi. Реформаға сай 10 үй цзяға бiрiктiрiлдi, 10 цзя лиге бiрiктiрiлдi.

Чжу Юаньчжанның лицзя жүйесi тек салық жинаудың тиiмдi жолы ғана емес, орталықтанған билiктi ұйымдастыруға үлкен үлесiн тигiздi. Ол мұны өзiнiң “Үлкен сақтану” трактатында атап өтедi. Онда ол император билiгi, шенеунiктер қылмыстары, мемлекеттiк құрылыс жайлы айтады. Трактат мәтiнi әр үйде болуы тиiс едi, болмаған жағдайда жанұя жазаланатын болды. Трактат мазмұнымен әр адам таныс болу керек едi.

Сонымен бiрге, Миндiк бiрiншi император тұсында 50 жасқа толған, өзiнiң тәртiбiмен ерекшеленетiн көсемдер тағайындалды. Олардың мақсаты - лицзя салық жинау үрдiсiн қадағалау, императорлық билiктi жүзеге асыру едi.

Чжу Юаньзцяннiң өлiмiнен кейiн салық жинау амалдары бiршама өзгерiске ұшырайды. Жекелеген ошақтар лиге бiрiктiрiлiп, лилер сянға, ал сян фанға бiрiктiрiлген болатын. Салық жинау мәлiметтерi сары қағазға оралғана соң “сары реестр” деп аталды. Бұл мәлiметтер арнайы органдарға жiберiлiп, провинцияның экономикалық, демографиялық жағдайы туралы мағлұмат жасалынды. Олар көк қағазға оралып, “көк кiтап” деп атала бастады. Мұндай мағлұмат жинау әр 10 жыл сайын жүргiзiлiп отырды.

Мемлекетке салық төлеумен қатар, әрбiр шаруа мемлекетке белгiлi бiр мiндет атқарып отырды. Ол “сары реестрде” айтылып отырды. Мiндет негiзiнен 3 түрге бөлiндi: “тiкелей”, “арнайы” және “аралас”. Тiкелей мiндет бойынша әр адам он жыл сайын лицзя басшысы болуы тиiс едi. Арнайы мiндет белгiлi бiр мамандық иелерiне жүктелдi. Аралас мiндеттер лицзя қызметiн атқармайтын және уақытша қолы бос адамдарға қатысты болды. Аралас мiндет ең көп тараған қызмет түрi болып есептелiндi. Миндiктер кезiнде, сонымен бiрге, көптеген ирригациялық (жер суару) жобалар жасалынды. ХIV ғасырдың басында 11,5 млн үйден 2 млн-ға жуығы ер адамдарды әскери қызметке тапсыруы тиiс едi.

1377 жылы аталған мiндеттерден мемлекет қызметкерлерi босатылған болатын. Бiрақ та жер салығын төлеу барлық адамдарға мiндеттi едi.

Кейiннен 1586 жылдан бастап, шенеунiктер тек өз жерлерiнiң бiр бөлiгi үшiн ғана салық төлей бастады. ХVI ғасырдың алғашқы жылдарында шенеунiктер салық төлеуден бiртiндеп босатылып, бiршама жеңiлдiктерге ие бола бастады. Шенеунiктер iрi жериеленушiлерге айнала бастады. Iрi жерлер – уделдерге (го) айнала бастады. 1402 жылы кiшiгiрiм азамат соғыстарынан кейiн императорды оның ағасы Солтүстiк Қытайдағы уделдiң басшысы Чжу Ди тақтан түсiредi де, таққа Юн Ле (1403-1424) отырады. Ол Мин әулетiнiң екiншi әрi соңғы күштi императоры болды. Оның тұсында Қытайдың егiн шаруашылығы, Вьетнам үлгiсi бойынша жасалынатын ирригациялық әрекеттер жақсы дамыды. Тәттi картофель мен жер жаңғақ сияқты дақылдар өсiрiле бастайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]