Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitay_2009 (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
676.86 Кб
Скачать

66. Қытайдағы «Ұлы мәдени революциясы» (1966-1976)

60-жылдары «прагматиктер» күштерінің арқасында «үлкен секірістің» нәтижелері елдің экономикасынан өткен еді. Қытай 1957 жылғы шар. ж\е өндірісте жеткен көрсеткіштерді көрсеткен болатын. 1963-1964 жж. Қытай жоғарғы көрсеткіштерге ие болған еді. А. шар. Жыл сайын 10% өсіп отырды, ал өнеркәсіп өндірісі жыл сайын 20% өсіп тұрды. Мао Цзэдунның партия құрылымындағы партия мүшелерін қысқартуы «мәдени революцияны» өршіте түсті. Бұған ең алдымен бұрын саяси лауазыммен айналыспаған оның әйелі Цзян Циннің оның істеріне араласуы ықпал еткен. Ол өз әйелін өзінің қарсы жауларына бағыттаған болатын. 1966 жылдың жазында «мәдени революция» кең етек жайған болатын. Оқу орындарында соттық істер жүргізіліп жатты, профессорлар сынға алынып, оларды күлкіге айналдырып, ұрып-соғу да басталды. Хунвэйбинь қозғалысы басынан бастап-ақ әскери құрылымның мінезі тән болған еді. Хунвэйбиньдерді қабылдаудың арнайы пунктерінің, транспорттық, типографиялық құралдарымен ж\е қаржымен қамтамасыздандырылған байланыс орталықтарының дамуын көздеген армия оның дамуына қатысты. Әрбір топ 20-30 адамнан тұратын. «Қызыл күзетшілерге» астаналық тәжірибені тарату ү. мем. есесінен елді аралау рұқсат етілді. 1966ж. күзінен 1967ж. көктеміне дейін темір жолмен 20 млн. хунвэйбинь қозғалысының мүшелері тасылды. 1966ж. күзінде Пекин елдің барлық жерінен жиналған хунвэйбиндіктерге толған еді.Мұнда көптеген митингтер орын алып, 10 млн. адам қатысты. 1966 ж. желтоқсанда қалаларда «қарсылық білдірушілер»(цзаофан) отряды құрыла бастады. Оған жұмысшы жастар кірді. Олардың негізіг мақсаты – «мәдени революцияны» бүкіл елдің оқу орындарына, мекемелерге, ұйымдарға тарату болып табылды. 1966 жылдың күзінде жергілікті билікті қолдаған қалалық өндіріс өнеркәсіптерінде жұмыс істейтін жұмысшылардың «қызылдар отряды» құрылды. Бұл кезде «экономизм» атты қозғалыс басталған болатын. Онда елдің барлық жерінен жиналған жұмысшы делегаттар мем. астанасына жиналып, экономикалық жағдайды, жалақының төленуін тұрақатандыруды талап етті. 1966жылы желтоқсанда хунвэйбиньдер Пэн Чжэны басып алудың жоспарын ойластырған болатын. Түнде оның үйіне басып кіріп, оны машинаға салып әкеткен болатын. 1967 жылдың басында елде дамыған қозғалыс бір жағынан, «солшылдар» жоғарғы партиялық органдарын бақылауды өз қолдарында құстап отырды, басқа жағынан, Сао Цзэдун курсына қарсылық білдірушілер аймақтық деңгейде азайған жоқ. «Мәдени революцияға» ешкім қарсы шыққан жоқ еді. Барлығы Мао Цзэдунге өздерінің адал екендігін білдіріп отырды. 1967 жылдың ақпанда «мәдени рев.» «билікті басып алуға» КПК жоғарғы топ өкілдері қарсы шыққан болатын. Пекинде болған жиналыста ОК политбюро мүшесі Тань Чжэньлинь «мәдени рев.» партияны талқандаушы күш ретінде , елде хаостың орын алуының ж\е экономикалық ыдырауына ықпал етеді дегенге келді. Ол Лю Шаоци мен Дэн Сяопиннен ж\е басқа да «прагматик» өкілдерден кіналарды алып тастауды талап етті. «Мәдени революцияның» бірінші активті

кезеңінің нәт. ҚХР басшылығында күштердің жаңартылуы көрініс тапты. Мао Цзэдун фракция арасында туындаған мәселерді шешетін арбитр рөлін атқарушы мем. басшысы болып қала берді. Бұл кезде олардың арасындағы ең беделділер болып орталықта ж\е басқа да жерлерді бақылап отыратын әскерилер танылды. 1966-1969 жж. олар Цзян Цин басшылығымен фракциямен күрескісі келді. Олардан басқа «мәдени революцияның» фракциясына Чжан Чуньцяо ж\е Яо Вэньюань кірген болатын. Үшінші кезеңде әлсіреген, бірақ әлі де болса күшті фракциялардың бірі болып «ескі кадрлер» табылды. 1973 жылдың тамызында КПК Х съезд өткізді. Бұл съезд «солшылдар» мен «прагматиктер» арасындағы уақытша компромиссті білдірген болатын. Съезде Чжоу Эньлай өз баяндамасын оқыды. Партияның жаңа басқармасында КПК ОК политбюросында «төрттік топ» (Цзян Цин, Ван Хунвэнь, Чжан Чуньцяо, Яо Вэньюань) пайда болды. Съездің негізгі нәт. – ҚХР Конституциясы қабылданды. 1976 жылы қаңтарда Чжоу Эньлай қайтыс болуы елдің саяси жағдайын әлсіретті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]