Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kitay_2009 (2).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
676.86 Кб
Скачать

1924 Жылы Сунь Ятсен үш халықтық қағиданы жаңаша тұжырымдады.

Ұлтшылдық, енді, империалистік елдерге қарсы күрес пен елдің барлық ұлттарының арасында толық теңдікті орнатуды білдірді. Демокраіиялық — біріңғай демократиялық республиканы құру. Халықтық иелік — шаруаларға, жұмысшыларға жұмыс беруді және ірі капиталдық еріктілігін шектеуді қарастырды.

Үш қағиданы үш жаңа саяси нұсқаумен толықтырды:

— КСРО-мен одақтасу;

— Қытай коммунистік партиясымен одақтасу;

— еңбекшілердің қалың бұқарасына сүйену.

Сунь Ятсен 1925 жылы 12 наурызда, 1925 —1927 жылдардағы революцияпық соғыстар басталғанан кейін көп ұзамай көз жұмды.

Бірінші Гоминьдан конгресінін шеішімдеріне сәйкес жаңа революциялық қозғалысқа дайындықтың негізі қаланды. 1925 жылдың наурыз айында Пекинде Солтүстік Қытай топтарымен кездесу барысында Сунь Ятсен қайтыс болды. Коммунистер мен гоминьданшылардың арасындағы осал одақ Сунь Ятсен дүниеден өткеннен кейін әлсірей бастады.

60. ҚКП-ның аз санды ұлттарға автономиялы саясаттың қолданылуы.

Қытай Халық Республикасында 95% қытай (ханзулар) ұлты тұрады. Қытайдан басқа 56 ұлт бар. Осы 56 аз санды ұлттың 50-і толығымен қытайланып кеткен. Мәселен, Қытайды 7 ғасыр билеген Мәнзу ұлты, Қытайда автономиялы өлкесі бар, жер жаһанды дүр сілкіндірген Шыңғысхан ұрпағы монғолдар да қытайланып барады. Шыңжаңның Қашқар аймағында 1785 жылдан бастап, ұйғырлардың «Шығыс Түркістан өкіметі» неше рет құрылып, қытай өкіметі жағынан аударылып тасталған. Ол кезде қытайлар қазіргі Ұлы Қорғанның ішінде еді. Ал Шынжаң –Қазақ тілінде жаңа шекара деген мағынада. Сондықтан да осы өлке қытайлар жағынан жауланған территория болып есептелінеді.

Қазіргі күнде ұйғырлар қытайдан Тәуелсіз Шығыс Түркістан мемлекетін бөліп алуды қатаң талап етсе, Ұлы Тібет даласын бірлестіріп Тәуелсіз Тібет елін құруды тибеттер де талап етіп отыр. Бұл тартыста олар қаншама жан берісіп, жан алысқан қанды қырғын соғыстар жүргізді, қаншама боздақтарынан айырылды, бірақ қытай елі уысынан шығармауға тырысуда. Бұл екі ұлттың тәуелсіздік туралы күресі тарихтан бері жалғасып келеді. Қазір де, бұдан кейін де бола бермек. Тәуелсіздік әрқандай ұлттың асқақ арманы, бодандықты ешкім қаламасы - хақ. Дүңгендер Қытайда шашырай қоныстанған, ал олардың автономия алған өңірлері де Қытайда шашыраңқы. Ниңшя — Қытайдағы дүңгендердің өлке дәрежелі автономиялы районы (НДАР). Дүңген ұлтының аймақ дәрежелі автономия алған өңірлерінен Шинжяңда Санжы Дүңген автономиялы облысы (СДАО) және Гансуда Линшя Дүнген автономиялы облысы (ЛДАО) бар. Мұнан сырт тағы Шинжяңда Қарашәр (Янжи) Дүнген автономиялы ауданы және дүңген ауылдары бар.

  1. Ли Цзычэн котерилисинин сатсиздикке ушырау себептери

ХV-ХVІІ ғғ. шаруалар тауар-ақша қатынастарының дамуына байланысты өз иеліктеріндегі меншік жерлерін сатып жерден айырылды. Жерді бұдан былай, жеке меншікке алушылар – жаңа помещиктер, буржузия өкілдері, саудагерлер және ауыл әкімшілігінің өкілдері болды. Миң им. өзі, 1456 жылы, мемлекет жерін таратып, императорларлық меншік жерлерінің көлемін өзгертті. ХVІІ ғ. императорлық жер меншігінің саны 300-ге жетті. Сондықтан, үкімет, мемлекет қазынасын басқа жолмен, яғни, ұсақ шаруалардың қолындағы жеке меншік жерлерге салынатын салықты көбейту есебінен толықтырмақ болды. Бұл жеке жер иеленушілер мен мемлекет басшылығы арасындағы жік туғызды. Сонымен қатар шаруалардың жағдайы өте ауыр халге ұшырады. Бірнеше жеңістерге жетіп, біраз жеңілістерге тап болса да, 40-жылдары халық көтерілістері өзінің шарықтау шыңына көтеріледі. Бұл кезде, көтерілісшілер лагерінде 2 орталық болды: біреуі – Хубэй-Шэньси провинцияларының шекарасы маңында (үкіметке қарсы болып тұратын дәстүрлі көтерілістер ошағы), 2- Сычуаньда болады. Хубэй-Шэньси ауданындағы көтерілісшілерге егінші отбасынан шаққан Ли Цзычэн (1606-1645жж) деген адам жетекшілік етеді. Көтерілісшілер өз қарулы күштерін тұрақты негізде қайта құрып, жаңа өкімет ұйымдарын құрмақ болды. Әрине, бұны Қытайдың бұрыннан келе жатқан сол дәстүрлі мемлекеттік басқару жүйесі негізінде іске асырды. Көтерілісшілердің негізгі талабы – билік етіп отырған миң әулетін құлату, шектен шыққан ауыр салықтарды қысқарту, өзінің қатыгездігімен және пара алғыш жемқорлығымен көзге түскен қызметкерлердің көзін құрту болды. Хубэй-Шэньси пров-ң көтеріліс көсемдерінің мақсаты – Пекинді басып алып, жаңа әулеттің билігін орнату болды. Көтерілісшілердің қолына қалай Сиань қаласы тиді, дереу 1643 жылы Хубэй-Шэньси орталығының жетекшісі Ли Цзычэн өзін император деп жариялады. Көтерілісшілер өз үкіметін Қытайдың дәстүрлі монархиялық билік үлгісімен құрады. Жаңа өкіметтің әскери құрамы әр түрлі болды. Астананы алған соң, жеңімпаздар қалада тәртіп орнатып, тыныштықты қамтамасыз етуге кіріседі. Ли Цзычэн өкіметі қалалықтардың сауда, қолөнер корпорацияларына тиіспейтіндіктерін, оларға қайта қолдау көрсетілетінін хабарлайды, түрмеден тұтқындар босатылып, қылмысқа қатысы бар дейтін миңдік әкімдерді түрмеге жабады. Жаңа өкіметке әскер мен мемлекеттік аппараты ұстап тұру үшін әрине елеулі қаржы керек болды, оны тек салық жинау жолымен ғана табуға болатын еді. Сондықтан Ли Цзычэннің үкіметі аз уақыт бұрын ғана жойылған салықтар мен еңбек міндеткерліктерін қайта қалпына келтіруге мәжбүр болады. 1628-1644 ж. Қытай тарихындағы ұзаққа созылған және орасан кең территорияны қамтыған, Ли Цзычэн бастаған шар. көтерілісі нәтижесінде , Миң им. өзінің өмір сүруін тоқтатады.

  1. ҚКП-ның оңшылдарға қарсы күресі 1958

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]